3 электр беріліс желілерінің конструкциясы



бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі132,73 Kb.
#185834
  1   2   3   4
Байланысты:
3 Дәріс


3 ЭЛЕКТР БЕРІЛІС ЖЕЛІЛЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ


3.1 Әуелік электр беріліс желілері (ӘЭБЖ)


Электр берілісінің электрлік әуелік желісі деп электр энергиясын ашық ауада орналасқан және инженерлік құрылыс тіректері мен тіреуіштеріне оқшаулатқыштар мен арматуралар көмегімен бекітілген өткізгіштер (сымдар) арқылы жіберуге арналған құрылғыны айтады.
Әуелік ЭБЖ негізгі элементтері:

  • Сымдар, электр энергиясын беру үшін қызмет етеді;

  • Нажағайдан қорғайтын арқан сымдар.Оларды тіректің жоғарғы бөлігіне монтаждайды ;

  • Тіректер, белгілі бір деңгейдегі биіктікте сымдар мен арқан сымдарды ұстап тұруға арналған;

  • Оқшаулатқыштар, желінің ток өткізгіш бөлігін тіректен оқшаулап тұрады;

  • Арматура. Оның көмегімен сымдар оқшаулатқыштарға, оқшаулатқыштар тіректерге бекітіледі.

Конструктивтiк орындалуы бойынша ЭБЖ бір тізбекті және екі тізбекті болып бөлінеді. Тізбекте бір желінің үш өткізгіші (үшфазалы тізбек) ұғындырылады.
Әуелік ЭБЖ құрылымдық бөлімі тiректердiң типтерімен, өткел ұзындығымен, габариттiк өлшемдермен, фазалар құрылымымен және оқшаулатқыштардың гирлянд типтерімен сипатталады.
Тіректердің типі бойынша әуелік ЭБЖ анкерлік және аралық болып бөлінеді. Анкерлік және аралық тіректер сымдардың салбырап тұру тәсiлiмен ажыратылады.

Аралық тіректерде сым оқшаулатқыштардың сүйемелдейтін гирлянд көмегiмен iлiнiп қойылады. Ал анкерлік тіректерде сымдар қатты бекітілген және бірнеше оқшаулатқыштардың (гирлянд) созылуы көмегімен белгілі жерге дейін тартылған (3.1 сурет).
Тағайындалу бойынша тіректер бұрыштық және соңғы болып бөлінеді.
Материалы бойынша тіректерді ағаш (220 кв дейiн), темiр-бетонды (35 – 330 кв) және металлдық ( 35 кв және жоғары) деп ажыратады.
Әуелік ЭБЖ ашық сымдар мен арқансымдар қолданылады. Ашық ауада тұра, олар атмосфералық әсерге ұшырайды. Сондықтан сымдардың материалы, жақсы өткізгіштіктен басқа, коррозияға төзімді, механикалық беріктілікке ие болу керек.
Сымдар үшін келесідей материалдар қолданылады:

  • мыс;

  • алюминий;

  • болат;

  • алюминий мен мыстың басқа металлдармен құйындылары (темір, магний, кремний).

Мыстың меншікті өткізгіштігі См·км/мм2. Механикалық беріктілігімен ерекшеленеді. Тотық қабықшасы оны коррозиядан және химиялық әсерден қорғайды. Түйіспенің тұрақтылығына ие.
Алюминийдің меншікті өткізгіштігі См·км/мм2. Механикалық беріктілігі сыммен салыстырғанда төмен. Сондықтан, тіректер қою керек. Тотық қабықшасы оны коррозиядан қорғайды. Химиялық әсерге қарсы тұруы төмен және түйіспенің тұрақтылығына ие емес.
Болат сымдар әлсіз өткізгіштікке ие .Жоғары механикалық беріктілігімен еркшеленеді. Коррозияға қарсы тұрақтылыққа ие емес. Активті кедергі ағынды токка тәуелді болады.
Сымдарды екі металлдан болат және алюминийден жасайды. Болат сымның ішінде орналасады және механикалық беріктіліктің өсуіне қызмет етеді. Алюминий сымның сыртында орналасады және ток өткізгіш бөлігі болып табылады.
Сымдардың маркалануында бірінші материалы, одан кейін көлденең қимасының ауданы, мм2 көрсетіледі. Мысты сымдар - М әрпімен, алюминийлі сымдар - А әрпімен, болатты сымдар - ПС және ПСО әріптерімен және болат-алюминийлі сымдар - АС әріптерімен маркіленеді.
Болат – алюминийлі сымдарда бірінші алюминийдің көлденең қимасының ауданы , одан кейін болаттың көлденең қимасының ауданы көрсетіледі. Мысалы, АС-120/19. АС маркалы сымдар алюминийдің әр түрлі көлденең қимасының ауданының қатынасымен және болаттың дәл алюминийдің көлденең қимасының ауданындай шығарылады. Осы қатынасқа тәуелділіктен жеңіл құрылымды, орташа, күшейтілген және ерекше күшейтілген беріктіліктегі сымдарды ажыратады.
АС маркалы сымдарды коррозиядан және химиялық әсерден қорғау үшін арнайы қорғаныш құралдарын пайдаланады.
Қорғаныш типі сымдардың келесі маркіленуінде айқындалады:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет