3 І – тарау. Бейбітшілік идея және құрал ретінде


Әлемдегі бибітшілік үшін күрестер



бет2/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,87 Mb.
#5924
1   2   3   4

1.2. Әлемдегі бибітшілік үшін күрестер

Біріккен Ұлттар Ұйымы

Біріккен—Ұлттар Ұйымы дүниедегі мемлекеттердің басым көпшілігінің біріктіріп отырған халықаралық ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945жылы 26 маусым айында 50 мемлекет тарапынан қол қойылған Сан-Франциско конференциясы шешімімен құрылған.

Біріккен Ұлттар Ұйымына 1Ш мемлекет мүше АҚШ, Жапония, Ресей, Франция, ҚХР, Австрия, Австраяйя, Азербайжан, Албания, Алжир, Ангола, Бразилия, Қазақстан, Корея, Италия және тағыда басқа мемлекеттер жатады.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіздік тұрғыдан рәсімдеді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымға әлемдік қоғамдастық қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі замаңның ең бір өзекті халықарарық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991ж Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992 жылы Лиссабанда ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде, ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады жэне Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблиясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моральдық құқық берді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбіт сүйгіш күштердің табанды күш салуы арқасында Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызды халықаралық мәселелер бойынша талай пайдалы шешімдер қабылдады [11]. Біріккен Ұлттар Ұйымының қызмет етуінің алғаш жолдарында мұндай шешімдердің қатарына Бас Ассамблиясының эскери қылмыскерлерді ұстап беріп, жазалау туралы, соғысты үгіттеуді айыптау жөніндегі қарарын жатқызуға болады. 1948 жылы Бас Ассамблия адам құқығының жалпыға бірдей декларациясын мақұлдады. Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысында бекітілген демократиялық құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың маңызды халықаралық құқықтың принциптерін дамытып нақтылады.Ол Египетке қарсы ағылшын Француз Израиль агрессиясын айыптады. Бас Ассамблиясының еншісінде нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою түрде конвенция жэне тағы басқа көптегендер бар.

Қауіпсіздік Кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелер "қауіпсіздік кеңесіне, халықаралық бейбітшілікті жүктеді" (БҰҰ жарғысының 24 бабы). Осы айрықша маңызды органға Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысымен үлкен және нақты айқындалған өкілеттіліктер берілген. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелерінің атынан қызмет жасайды. Ұйым мүшелері қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне бағынуға және олорды жарғыға сәйкес орындауға міндеттеме алды. Сөитіп қауіпсіздік кеңесі Ұйымының барлық мүшелеріне міндетті шешімдер қабылдауға өкілдік берілген Біріккен Ұлттар Ұйымының бірден бір органы болып табылады [12].

Қауіпсіздік кеңесі 5 - тұрақты және 10 - тұрақты емес 15 - ұйымының мүшесінен тұрады. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ҚХР, Ресей, Франция, Англия жэне АҚШ болып табылады. Бас Ассамблия әсіресе, бірінші кезекте ұйым мүшелерінің халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтау және ұйымның басқа мақсаттарға қол жеткізуіне қатысу деңгейіне сондай-ақ әділ географиясының бөліп беруге тиісті көңіл бөле отырып, қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде ұйымының басқа оң мүшесін сайлайды. (БҰҰ жарғысының 23 бабында).

Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық дауларды бейбіт реттеу жолдарымен құралдарын ұсыну қүқығына ие.

Әлемге қауіп қатердің төнуі халықаралық бейбітшіліктің бұзылуы және аргессия актілері жағдайында қауіпсіздік кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға өкілеттілік алады [13].

Бас хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының басты әкімшілік лауазымды тұлғасы Қауіпсіздік кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблиясы мен тағайындалады. Берілген өкілеттіліктер шеңберінде ол Қауіпсіздік Кеңесісінің назарын оның пікірінше халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қауіп төндіретін кез-келген жағдайға аудара алады. Бас хатшы Бас Ассамблеяға Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысы туралы жылдық баяндамалар береді. Бас Ассамблия, қауіпсіздік кеңесінің ЭКОСӨС қамқорлық жөніндегі кеңестің мәжілістеріне қатысады және оған осы органдар тапсырған өзге қызметтерді атқарады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл әртүрлі әлеуметтік эканомикалық жүйелері, ерекшеленетін көзқарастары, әртүрлі қамымен мүдделері бар мемлекет өкілдері тұрақты кездесе алатын белгілі мағынада қазіргі әлемдегі бірегей форум әрбір

Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы халықаралық қабылдаған нормаларын өзінде нақтылы көрсеткен соғыстан кейін тарихтағы өзінше бірден-бір құжат 1990 жылы басынан жалпыға бірдей бейбітшілікті қамтамасыз ртуге бағытталған Біріккең Ұлттар Ұйымының барлық қайырымдылық істерінде біздің жас республикамыз белсенді рөл атқарады. Біріккен Ұлттар Ұйымының "жұмысына қатысу әрбір мемлекетке өзінің ресми позициясын баяндауға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен бірге мемлекет басшылары, сыртқы істер министрлері, әр елдердің жауапты өкілдері арасында байланыстар орнатуға және ресми емес келіссөздер мен пікір алысулар жүргізуге мүмкіндік береді. Ал мұндай ресми емес кездесулер қазіргі заманғы дипламатияда маңызды мәнге ие. Олар қайсыбір мемлекеттің көзқарасы. мен ниетін жақсырақ анықтауға, күрделі және маңызды халықаралық мәселелері жөнінде оның ұстанымын түсінуге көмектеседі. Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың ұжымдық құралы ретінде қарастыра отырып, барлық бейбіт сүйгіш күштер Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметінің нәтижелі болуына ұмтылады, онысалмақты әрі беделді түрде көргісі келеді [14].



Еуропалық Одақ.

Еуропалық Одақ - халықтардың саяси және экономикалық бірлестігі. Жалпы саны 373миллион адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің Германия, Франция, Италия, Ирландия, Грекия, Испания, Партугалия, Австрия, Финляндия , Швеция, елдерінің қатысуымен құрылған (1993ж). Еуропалық Одақ еуразия қауымдастығын, атап айтсақ, Еуропа көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951ж, осы ұйым Еуропалық Одақтың құрылуына негіз қалады ), Еуропа экономикалық қауымдастығының (1957ж Рим келісім шарты бойынша құрылған бүл ұйым "Ортақ рынок" деп те аталады ), сондай-ақ. Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (1957ж құрылған) қарым-қатнастары негізінде жұмыс істейді Еуропалық Одақ аясындағы интеграциялық - ынтымақтастық басты мақсаттары бірегей Еуропалық актіде (1987ж) Маастрихт келісімшартында (1992ж ) Амстердам келісімінде айқыкдалған.

Соңғы жылдары Еуропалық Одақ қанадай бағыттарда қызмет етіп келеді:

-ортақ рыноктан экономиаклық және валюталық одаққа өту;

-кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру;

-бірегей саясат пен қауіпсіздік саласындағы тұтастық ахуалын қалыптастыру;

-Жерорта теңізі жағалауы мен Азия, Латын Америка, Африка құрлығы аймағындағы саясатты жандандыру;

-әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байданыстарды өрістету.

Еуропалық Одақ -әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995ж қаңтарында Еуропалық Одақ коммиссиясының штаб пәтері орналасқан Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан және Еуропалық Одақ өткен кезең ішінде Қазақстан көптеген беделді халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орната білді. Солардың бірі Еуропалық Одақ. Іргелі бұл ұйыммен берік қарым-қатынас орнату еліміз үшін барлық жағынан тиімді. Әсіресе, экономикалық жағынан. Өйткені, Одаққа мүше мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстарды дамыту осы елдердің рыногына Қазақстан тауарлары мен өнімдерін шығаруға жол ашады жәнеинвистиция тартуға мүмкіндік береді.



Еуропалық Одақтың қалыптасуы.

Еуропалық Одақ - Еуропадағы 25 мемлекет - Австрия, Белгия, Венгрия, Ұлыбритания, * Германия, Грекия; Данйя, Ирландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Малвта, Нидерланды, Польша, Партугалия, Славения, Славакия, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония қатысатын саяси -экономикалық бірлестік болып табылады. Ол 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы ретінде құрылды. Құрамында үш мемлекет Бельгия, Нидерланды және Люксембург бар бұл ұйым Бенилюкс одағы деп аталада. Бір жылдан соң Еуропа кеңесі деген атқа ие болды. Ал 1958 жылдың сәуіріндегі Париж шартына сәйкес көмір мен болат жөніндегі еуропалық бірлестік болып қайта құрылды. Оған жоғарыдағы үш мемлекетпен қатар Италия, ГФР жэне Франция кірді.

Еуропалық Одақпен ынтымақтастық

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипламатиялық қатынас 1993 жылы 2 ақпанда орнады. Байланыс содан бері жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұған 1995жылдың 23 қаңтарында Брюссельде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық Одақ кеңесінің төреғасы А Жюпенің Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ асындағы ынтымақтастық және әріптестік туралы келісімге сондай - ақ 2002ж/ июлдың қарашасында Қазақстан үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық кеңестік арасындағы термоядролық синтезді басқару ынтымақтастығы мәселелеріне қатьшты келісімге қол қойылуы ерекше үлес қосты. Қазақстан мен Еуроодақ делегациялары бұдан кейін де бірнеше мәрте кездесіп, ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады . Қазіргі кезде ол өз нәтижесін беріп отыр



Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастыққа өңірлік жэне халықаралық қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік жэне мәдени даму салаларында зор мазмұн беруге мүдделі. Біз өзіміздің еуропалық серіктестіктерімізге инвестициялық қызмет, ірі халықаралық жобаларды іске асыру, біздің елімізге озық технологиялар мен білімді тарту үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.

ЕҚЫҰ-мен осы заман проблемалары мен қыр көрсетулерін шешу, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, адамның негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты нығайту орында болмақ.

Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық Одағының өсе түсіп отырған рөлі Еуропалық Одақтарға қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету эрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. ҚР мен ЕО арасындағы ресми дипламатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды.



Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы 15 маусымда ҚХР- ның Шанхай қаласында "Шанхай бестігі ұйымының"мирасқоры ретінде құрылды. Оған дейін ұйымның атауы "Шанхай бестігі" деп аталатын. Шанхай бестігі ұйымы Ресей, ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан жэне Тәжікстан елдерінің мемлекет басшылары тарапынан 29 сэуір 1996 жылы құрылған еді. 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда өткен мемлекет басшыларының кеңесінде Өзбекстанның ұйымға толыққанды мүше ретінде қабылдануына байланысты "Шанхай бестігі ұйымының" атауы "Шанхай Ынтымақтастық ұйымы" деп өзгертілді Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің жалпы территориялық көлемі Еуразия аймағының 61% қамтитынын ескеркен жөн.

Мүше мемлекеттер: Ресей, ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан Өзбекстан және Тәжікстан. Бақылаушы елдер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында бақылаушы статусына Манғолия 17 маусым 2004жылы (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ташкент саммитінде) Иран Пәкістан Үндістан 5шілде 2005 жылы (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Астана саммитінде ) еленді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының басты мақсаты:

- мүше мемлекеттердің өзара қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге көмектесу;

- саяси, экономикалық және мәдени, гуманитарлық салалардағы сенім

шараларын нығайтуға ұмтылу болып табылады.

Ұйым төмендегідей мақсаттар бойынша жұмыс істейді:

-әскери стратегиялық қауіпсіздікті дамыту мен сенім шараларын нығайту;

-ланкестік пен экстремизмге, заңсыз миграция мен есірткі таралымына басқа да трансшекаралық қылмыстық істерге тосқауыл қою;

-экономикалық ынтымақтастық стандарттарына біртіндеп жақындау;

-табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан бірлесіп сақтану жэне олардың алдын алу;

-мәдени- гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту;

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымыға қатысушылар мемлекеттер Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны Қазақстанда бөліседі, ал азаптан көз ашпаған осы мемлекеттегі жағдай бейбіт реттеудге жәрдемдесу үшін келісілген саясатты жүзеге асыру талап етіледі деп есептейді. Бұрынғысынша бейбітшілікпен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті әмбебап ұйым болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының консультациялар жүргізуінің зор маңызы болар еді [15].

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының, оның барлық органдары мен тетіктері жұмысының тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру мақсатында мемлекеттер басшылары 2006 жылғы жоғары деңгейдегі келесі кездесуге Ұлттық үйлестірушілер кеңесі Хатшылықтың ролін күшейту жөнінде және оның жетекшісінің лауазымын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы деп уағдаласты. Мемлекеттер басшылары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 2005 жылғы 2 маусымда Астанада болған екінші кездесуінің барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

ӨАТҚ-ға Терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясын іске асыруда жәрдем көрсету үшін мемлекеттер басшылары Хатшылық жанынан мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері қызмет етіп келе жатқан қағидаттарға сәйкес негізде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері институтын белгілеуге келісті.

Мемлекеттер басшылары саммит барысында қабылданған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымға мүше мемелекеттердің терроризммен, сепаратизммен және экстримизмме күрестегі ынтымақтастық айқындамасы мұндай ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, ӨАТҚ қызметіне бұрынғыдан нақты мақсаткерлік сипат беруге мүмкіндік туғызатынына сенім білдіреді.


ІІ – тарау. Қазақстанның бейбітшілік үшін саяси әріптестігі

2.1. Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуы.
Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.

Біз, қазақстандықтар ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз.

Қырық жылдан астам уақыт бойы әлемдегі ең ірі екі державаның теке тіресінде аса бай ядролық арсеналдар талас – тартыстың негізгі тіреніші болып келді. Ол кезде ядролық қауіпсіздікке қол жеткізу бәрінен бұрын ядролық әлеуетті арттырумен байланысты қарастырылатын.

Он жылдан бері әлем блоктарға бөліп омір сүруін тоқтатты. Алайда ядролық қауіпсіздік проблемасы тарап кеткен аса қуатты державалардың бірінің ядролық арсеналының едәуір бөлігі жойылғаннан кейін де өзінен - өзі шешіле қалған жоқ [16].

Өкінішке қарай мыңжылдықтар межесінде біздің планетамыз кәдімгі қару – жарақ жағынан да, ядролық қару – жарақ жағынан да бұрынғысынан қауіпсіздеу бола түспеді.

Оның есесіне ядролық қатер өзінің бұрынғы қос өлшемдік ауқымынан асып, ағзаны жаулап алған радиациясынды жаңа түрлерге ауысып, тіпті, құбыжыққа айналып барады.

Бүгінгі таңда біз соңғы он жылдың ішінде іргелі ілгерілеуіміз ауқымды ядролық қақтығыс тұрғысынан алғанда қатерді азайта тұра, «ядролық болмыстың» жаңа өлшемдері пайда болуына қалайша септігін тигізгенін пайымдап алуға тиіспіз.

Біріншіден, ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді.

Күштердің ара салмағы бұзылды, ядролық қару «үлкен» бестіктің ғана меншігі болудан қалды. Бұл қаруды таратпау жөніндегі жұрттың бәрі қабылдаған, енді бұзылмастай көрінетін тәртіпке қарамастан, ядролық қаруға ие елдердің саны арта түсті. Әлемде жаңа геосаяси полюс — «үшінші ядролық әлем» пайда болды [17].

Планетаның адам ең бір тығыз орналасқан өңіріндегі тұрақсыздық қазірдің өзінде Азияның екі ірі елі — Үндістан мен Пәкстанның арасында пайда болған қатерлі ядролық меже арқылы анағұрлым шиеленісе түсті.

Егер бүгінгі әлемнің сан қилы қауіп – қатерлі аймақтарында ядролық қаруға ие болудан нақты дәмелі бірқатар елдердің бар екенін ескерсек, жағдай аса бір қатерлі сценарий бойынша өрбіп кетуі де мүмкін. Өйткен жағдайда әлем аса ауқымды ядролық қақтығыстың бұрынғы қатерінің орнына атом қаруын тактикалық мақсат үшін қолдана беретін аймақтық соғыстар келетіндей күй кешуі ғажап емес.



Екіншіден, қазіргі әлемде ядролық қаруға бұрыннан ие болып келе жатқан державалар мен ол қаруға қол жеткізудің «табалдырығында» тұрған елдердің арасындағы теке тірес белгілері барған сайын айқын біліне бастады. Осының салдарынан ядролық қаруды жанталаса көбейтудің жанкешті жарысына ядролық державалармен қатар әлгі «табалдырықта тұрған» елдер де қосылатындай қауіп нақты төнуде.

Үшіншіден, аймақтық тұрақсыздықтың ұшынып кетуінің салдарынан қауіпсіздікке қатердің жаңа түрлері кеңінен өріс ала бастады.

Бүгінде ядролық материалдардың контрабандалық жолмен тасылуына, сондай – ақ бірқатар терроршыл топтардың ядролық қару – жарақты жасап шығаруға және оны тасымалдауға қажетті компоненттерге, технология мен мамандарға қол жеткізуге жанталаса ұмтылып жатқаны қатты алаңдаушылық туғызуда.

Ядролық қарудың террористердің қолына түсуі бүкіл адамзат баласы үшін қандайлық ауыр зардабы болатынына. Әлем ядролық қауіп ядролық арсеналдың санымен емес, ядролық қаруы бар болуы фактісімен өлешенетін шекке жетіп отыр [18].

Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді.

Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 90 -жылдарындағы аталған күрделі геосаяси жағдайда өтті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қауымдастықтың алдындағы айрықша жауапкершілігін сезінгендіктен де Қазақстан жалғыз дұрыс шешім екендігін кейіннен өмірдің өзі көрсетіп берген күрделі қадамға барды.

Осыдан дәлме - дәл он жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда мен Қазақстан жерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы азапқа салып келген Семей ядролық полигонын жабуы.

Бұл шешімнің сол кез үшін өте күрделі жағдайда қабылданғанын анық айтпақпын. Өйткені тоталитарлық қоғамда еркін ой айтудың кез келген көрінісі, халықтың кез келген шеруі қатаң жұдырыққа тап болатын, мұны біз талай рет көргенбіз.

Ол кезде, әрине Қазақстан әлі тәуелсіз мемлекет еместігін, барлық басқа да республикалар сияқты орталықтың қатаң тәртібіне, әсіресе, әскери-өнеркәсіптік кешен сияқты саладағы қатаң тәртіпке бағынышты болатын. Мәскеу либерализация әскери - өнеркәсіптік кешенге жүрмейді дегенді ашық мәлімдеді. Бұл саладағы мәселелерді шешуге республикалардың, тіпті бірінші басшылары да жолатылмайтын.

Сондықтан да Қазақстанның Семей полигонын жабу жөніңдегі ой-ниеті қатты қыспаққа алыңды. Сол жылдардың аттап бассаң алаңдаушылыққа толы ауанын ұмыта қоймаған адамдардың бәрі де осынау бұрын - соңды болып көрмеген қадамның қандайлық тәуекелге бел буу екендігін анық біледі, өйткені оның мән – маңызы бар елдің ауқымынан анағұрлым асып түсетін...

1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару - жарақ (СНВ-1) Шартына Лиссабо хаттамасына қол қойып, ядролық қару – жарақты таратпау жөніндегі өзінің міндеттемесін қуаттады.

1993 жылы Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қару – жарақты таратпау жөніндегі Шартқа қосылды, ал 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары біздің еліміздің қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды.

1994 жылы еліміздің аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталды.

1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.

1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қосылды.

1997 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдады.

2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізетін ең ақырғы штольня жойылды.

Біз сондай – ақ шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін Ақтау ядролық реакторын жауып, ондағы ядролық отынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдады.

Осы қадамдардың әрқайсысында тұтас елдің ядролық қарусыз жолмен жүруіне қатысты жүз мыңдаған адамдардың тағдыры жатыр.

Бұл — жүздеген сағаттар бойы қинала толғанудың, айлар бойы екі жақты және көп жақты кездесулердің, келіссөздердің жемісі.

Бұл — саясаткерлердің, әскери қызметшілер мен ғалымдардың 10 жыл бойы ыждаһатты еңбегі.

Осы жайында замандастарымызға айтуға болады, айту қажет те, егер оны мұның бәрін тікелей басынан кешірген адам айтса, тіпті орынды.

Қазақстанның ядролық қарусыз ел статусына ие болуына байланысты болып өткен оқиғаларды еске түсіре келгенде, ядролық қаруды аламыз ба, әлде сол қарусыз қаламыз ба деген проблеманы шешудің қандайлық қиындыққа түскенін бағамдаймыз.

Тарап кеткен КСРО – ның әскери машинасы Қазақстанда құрлықаралық баллистикалық зымырандармен бомбалаушы ауыр ұшақтарға арналған 1216 боеголовка қалдырған еді. Ядролық стратегиялық күштер кешені жаппай қырып – жоятын құралдардың және ядролық зарядтарды жеткізудің ең осы заманғы түрлерімен жарақтандырылған болатын, олардың арасында Ту-95 МС стратегиялық көп мақсатты бомбалаушы ұшақтары мен СС – 18 құрлық – аралық баллистикалық зымырандар.

Бұл әлемдегі төртінші ядролық арсенал еді. Атуға дайын тұрған ядролық қару – жарақты қоса Қазақстан оны өндіру мен сынақтан өткізу үшін қажетті тұтас индустрияға да ие еді, бұл орайда елдің ядролық қару-жарақты жасау мен жетілдіру үшін тиісті ғылыми – зерттеу базасы болғанын да айдан анық [19].

Семей полигоны аса маңызды стратегиялық нысан еді. Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде ол жерде ұзын саны 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалған. Соған жұмсалған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түседі. Қазақстан оған қоса, ядролық қарудығы белсенді компоненттерін өндіру үшін қажетті ауқымды ресурстарға ие еді, еліміз оған қазір де ие. Әлемдегі уран қорының ширек бөлігі қазақ жерінде жатыр. Қазақстан аумағында табиғи уранды өңдеу мен байытуға мүмкіндігі бар атом өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары орналасқан. КСРО тарап кеткеннен кейін Қазақстан өзінің ядролық қаруын жасап шығару үшін қажетті ғылыми – зерттеу, өндіру және өнеркәсіптік инфрақұрылымның барлығына дерлік ие болып қалды. Мұншалықты қуат пен ықпал әлеуетіне қол жете тұрып, одан бас тарту жөнінде шешімге келу өте - мөте қиын еді. Аймақтық ірі державаға айналу мүмкіндігі біздің, қоғамымыздың белгілі бір бөлігі үшін тым тартымды болып көрінді. Елдің ядролық статусын сақтап қалуды қолдаған нақты уәждер көлденең тартыла бастады. Өзіміздің ядролық қолшатырымыз болса, бұл елдің қауіпсіздігінің кепіліне, ықтимал қарсыластың кеудесі басылып тұратындығының кешліне айналар еді деген ойлар да ортаға салынды. Мұндай уәжді қолдайтындардың пікірі бойынша, ядролық қару – жарақты сақтап қалу Қазақстанның сол кездегі кәдімгі қару – жарақ түрлері бойынша сандық және сапалық тұрғыдағы олқылықтарының орнын жабатын көрінеді. Ядролық қару Қазақстанды аймақтағы ірі державаға айналдырар еді деген әңгіме де айтылмай қалған жоқ. Оның үстіне ядролық кешенді сақтау ғылыми – техникалық әлеуетті арттыру, іргелі және қолданбалы ғылымды өркендету үшін де маңызды екендігі атап өтілді. Қысқасы, «ядролық азғыруға» елітушілердің де елеулі негіздемелері әрі кәдімгідей қарақұрым қолдаушылары болған еді.

Алайда Қазақстан өзінің ерік қалауы бойынша ядролық қарусыз мемлекетке айналды. Осынау тарихи қадамды жасай отырып, біз бірқатар принципті сәттерді басшылыққа алдық [20].



Бірінші. Бұл, ең алдымен, қазақстандықтардың өздерінің мүдделеріне жауап беретін шешім болды.

Елу жылдайғы дерлік Қазақстанда өткізілген ядролық сынақтар біздің халқымыздың денсаулығына және айналадағы ортаға орны толмас залал келтірді.

Тек Семей полигонына жапсарлас аумақтағы экологиялық апат аймағы 300 мыңнан астам шаршы километрді алып жатыр. Бұл Германияның немесе Италияның аумағымен шамалас.

Мамандар белгілі бір өлшемде радиациялық сәуле алған қазақстандықтардың жалпы саны жүз мыңдаған адам болады деп санайды. Ядролық сынақтардың салдарлары біздің болашағымызды — біздің балаларымыздың денсаулығын зақымдауда.

Қазақстандықтардың туған кезде Семей полигоны дегеннің не екенін білмейтін әлі талай ұрпағы өздерінің денсаулығында ядролық сынақтардың ауыр салдарының азабын тартатын болады. Адамдар ғана емес жердің өзі де азап тартуда. Семей жерінің бүлінуіне ұрындырды. Ядролық жарылыстардың орнында ластанған радиациялық суға толы тұтас көлдер пайда болды. Мамандардың бағалауы бойынша жер өзінің өнімділік әлеуетін толық қалпына келтіру үшін кем дегенде 300 жыл қажет!

Адамдардың төзімі шексіз емес. 1989 жылы Қазақстанда ерісті «Невада - Семей» халықтық қозғалысы құрылды. Ол Семей ядролық полигонын жабуды жақтаған, әлемнің басқа да полигондарында сынақтарды тоқтатуды жақтаған ұлты, жасы мен мамандығы әр түрлі адамдарды біріктірді [21].

Халықтың ерік - жігерін білдіріп, оның қолдауына ие бола отырып, біз Қазақстан аумағыяда ядролық қару сынақтарын мәңгілікке тыю шешімін қабылдадық, ал содан кейін елдің ядролық қарусыз мәртебесі туралы жарияладық.

Екінші. Ядролық қарусыз мәртебені таңдау — бұл Қазақстанның 90 -жылдардың басында қауіпсіздіктің дүниежүзілік жүйесіндегі баланс бұзылуының қатерлі салдарын түсінуінің нәтижесі.

Атомдық арсеналды сақтау ондағаң жылдар бойы қалыптасқан ядролық қаруды таратпау жүйесіне шабуыл болып шығар еді.

Әлемнің саяси картасында соидайлық қуатты жаңа ядролық мемлекеттердің пайда болуы әлемдік ядролық баланстың бұзылуына қатерлі түрткі болар еді.

Үшінші. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанның өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бейбітшіл сыртқы саяси бағытты таңдап алуымен де байланысты [22].

Осы акт арқылы біз халықаралық қауымдастыққа өз сыртқы саясатымыздың ашықтығын, өзіміздің зорлық - зомбылық пен әскери қатерден азат бейбітшілікті жақтайтынымызды көрсетіп бердік.

Қазақстан ядролық қарудан бас тартуымен жай халықаралық бедел алып қана қойған жоқ. Біз ядролық державадардан — АҚШ – тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франция мен Қытайдан аумақтық тұтастығымыз бен біздің егемендікті қүрметтеудің берік кепілдерін алдық.

Бүгінде Қазақстанның ядролық қарусыз мәртебесі — бұл біздің шекарамыздың бүкіл өлшемдері бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізі болып табылады [23].

Бұл Қазақстанның басқа елдермен жемісті ынтымақтастығының нақты мүмкіндігі.

Сондықтан да осы ынтымақтастықты біз еліміз аумағындағы ядролық сынақтардың салдарын жою саласында да кеңейте түскіміз келер еді.

Бүгінде Қазақстан ядролық сынақтардың салдарын жою проблемасын негізінен дербес шешуде. Іс жүзінде біз полигонга байланысты өз проблемаларымызбен бетпе – бет қалып отырмыз.

10 жылдың ішінде біз ядролық сынақтардан залал шеккен адамдарға өтем төлеуге, халықтың арасында емдеу – алдын алу шараларын жүргізуге, полигонмен жапсарлас аймақтардың экологиясын қалпына келтіруге жүздеген миллион теңге жұмсадық.

Осы жылдары өз аумағының радиоактивтік ластану проблемаларын шешу үшін Қазақстан алған тегін көмектің жалпы көлемі бар – жоғы 20 миллион доллар болды. Ал енді залалданған аумақты дезактивациялау және рекультивациялау жөніндегі жұмыстардың ғана құны 1 миллиард доллардан асады.

Ғаламдық мәні бар проблеманы шешу жөніндегі осындайлық шығынды жалғыз көтеру бізге айтарлықтай қиын тиеді.

Бүгінгі таңда бейбітшілікті нығайту және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне, біздің еліміздің ядролық қарусыз мәртебесінің қалыптасуына зор үлес қосқан көптеген елдердің беделді өкілдері жиналып отыр. Қазақстандағы ядролық сынақтардын салдарын жою мәселесінде де сіздердің қолдауларыңызға үміт артамын [24].

Ядролық мәртебеден бас тарта отырып, біз, солай болсадағы, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесінің сырттай бақылаушысы болып қала алмадық.

Өткен он жылда ядролық қарусыздану және таратпау процесіне қатысудың біз жинақтаған тәжірибесі бізге ғаламдық қауіпсіздік проблемасына деген түсінігімізді айтуға мүмкіндік береді.

Оның мәні неде?



Бірінші. Бүгінде ядролық қаруға ие болу негізінде стратегиялық тежеу принципі халықаралық қауіпсіздік жүйесінде тиімді рел атқармайтын болуын көрмеу мүмкін емес.

«Бейбітшілікті қаласаң — соғысқа дайындал» дейтін қашанғы принцип жаңа ғасырда енді талассыз емес. Сондықтан да қауіпсіздікті, ең алдымен, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмін жетілдіру қажет [25].

Ядролық державалар деңгейлік таратуды тыюға күш – жігер жұмсап бағуда, ал тіктеп тарату саласында өздерін ешқандай шектейтін емес. Яғни қолданыстағы шарттар жүйесі ядролық қаруға жаңадан ие болушылықты шектейді, бірақ оған бұрыннан ие болып отырғандардың: ядролық әлеуетінің ұлғаюын шектемейді.

Елдердің барған сайын қорланып өсе түскен соғыс арсеналдары, соның ішінде, ядролық арсеналдар қазіргі кезеңде шектеушіден гөрі қарулануды қамшылаудың үдеткіші болып табылады.

Жалпыға ортақ тыйым салуға қарамастан, дүние жүзінде іс жүзінде Семей полигонынан басқа бірде – бір ядролық полигон толық жойылмағандықтан, ядролық державалардың, полигондары «отсыз» режимде жұмыс істеуін жалғастыруда.

Принципінде кез келген елдің кез келген уақытта сынақтарды жаңғыртуға мүмкіндігі бар.

Ядролық державалардың әлемдік саясатта пайда болатын мәселелерді шешудегі мінез - құлықтарының өзі басқа бірқатар елдер үшін оған сыртқы саясаттағы күшті аргумент ретінде өзіндік бір ықылас қоюшылық болып көрінеді.

Сондықтан да біздің ойымызша, таратпау саласында ядролық та, сондай – ақ ядролық қарусыз елдердің міндеттілігін, сондай – ақ ядролық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі олардың өзара міндеттілігін арттыру мақсатында қолданыстағы уағдаластықтарды жаңарту жолымен жүру қажет [26]. Екінші. Қазіргі уақытта ядролық қауіпсіздік проблемаларын, сайып келгенде ядролық қаруға ие елдердің тобы ғана шешуде, ал енді олардың адамзатты әлденеше рет — 1962 жылы саяси, ал 1974, 1983 жылдары техникалық себептер бойынша қатерге тіккені ақыр – тақырына дейін мәлім болып отыр.

Сондықтан да проблема бұл процеске Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойған барлық мемлекеттердің белсенді қатысуы жағдайында ғана шешіле алады.

Үшінші. Біз ядролық державалардың ракетаға қарсы қорғаныс мәселесі бойынша сындарлы диалогын жалғастыруды жақтаймыз.

Ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша бұл елдердің арасындағы базалық көзқарастағы тұрақтылық, түсіністік пен ынтымақтастықтың бүкіл әлем үшін ғаламдық мәні бар.

Бүгінгі жағдайда түтастай алғанда, тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті, соның ішінде, ядролық салада да қамтамасыз етудің аса маңызды аспектісі сенімді кеңейту мен нығайту болуы керек деп санайды.

Нақ осы сенім принципі қақтығысты аймақтарда осы кезге дейін үстемдік етіп тұрған әскери тежеу принципін алмастыруы керек.

Сенім доктринасының нақты да айқын іске асыру тетіктері бар.

Бұл: әскери, саясаттың транспаренттігі, шекаралар ауданында әскери күштерді қысқарту, қарусызданған аймақтар құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара консультациялар, бірлескен әскери жаттығулар және с.с.

Араласу көп болған жерде сенім де көп. Сенім бар жерде қарсы тұрушылыққа орын жоқ. Бұл қарапайым, алайда өте құнды ақиқат.

Бүгінде бұл принцип «Шанхай бестігі» шеңберінде ойдағыдай байқап көруден өтті және Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметінде іске асырылуда.

Жапсарлас шекаралар ауданында сеиімді нығайту және қару – жарақты қысқарту шараларынан бастап, бүл бірлестікке қатысушылар терроризмге жене есірткі бизнесіне қарсы бірлескен күресті қоса алғанда, қауіпсіздіктің жаңа салаларын белсенді түрде игеруде. Уақыт өте келе ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық біздің мемлекеттердің ядролық қауіпсіздігі саласына да көшірілетін болар [27].

Осылайша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үлгісі Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жүйесін құрудың және кейбір элементтері бойынша басқа да аймақтарда негізге алынуы мүмкін.

Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне біздің көзқарасымыздың ендігі бір бастау сәті оған XXI ғасырда тек қана ұжымдық күш – жігер арқылы қол жеткізілетініне сенімділік болып табылады.

Қазақстанның өзінің ядролық қарусыз мәртебесін жариялаумен бір мезгілде Азияда қауіпсіздіктің жаңа моделін құру бастамасын көтеруі — бұл кездейсоқтық емес және жай ғана қатарласа келушілік емес.

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 47 – сессиясының мінберінен айтылған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөнінде Кеңес шақыру бастамасы бүгінде Азиядағы кептеген мемлекеттердің және бірқатар халықаралық форумдардың қолдауына ие болды.

Үстіміздегі жылдың қарашасында құрлықта қауіпсіздікке төнетін қатерлерді жою жайттарындағы сенім шаралары мен өзара ықпалдастық туралы мәселелерде келісілген көзқарасты білдіретін құжаттарға қол қою үшін Азия мемлекеттерінің мәртебелі басшылары алғаш рет Алматыға жиналады.

Жаңа ғасырда ғаламдық қауіпсіздік жүйесін түзетуге деген осынау екі әмбебап көзқараста — барлық елдердің сенімін және ұжымдық күш – жігерін — ядролық қатерді жою туралы сөз етілетін жағдайларда да қолдануға болады.
Адамзат қашан да бейбіт күнге ынтық. Планетаның тебесінен Дамокл селебесі теніп тұрған жарты ғасыр ядролық қарудан ада әлем үшін толас таппаған күреспен өтті.

Егер адамзат ядролық ессіздіктің құрдымына құлап кетпей аман тұрса, мұның өзі сол қаруды таратпауды жақтаушылардың қуатты үнінің, ғалымдардың ядролық апаттың қатері жөніндегі пайымдауларының, адамдардың бейбітшілікке ұмтылуының арқасы [28].

Алайда XXI ғасырды адамзаттың ядролық қатерден құтылатын ғасырынаайналдыру мақсатын көздейді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет