3 і-тарау. ОҚушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудің теориялық негіздері



бет20/20
Дата14.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#126475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Мінез бітістерін тәрбиелеу

ҚОСЫМША

4 сынып

Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлғаны қалыптастыру

Міндеті: Ұлттық және адамзаттық құндылық

Мақсаты: Ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды дамыту ға жағдай жасау.

- Білім беру бағдарламаларын меңгерту, жеке адамның шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамыту.

- Ізгілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін дамыту .

- Балалардың жеке басының дамуына шығармашылық еңбегіне, рухани жеке тұлға болып қалыптасуына, олардың қабілеттерін іске асыруына, қоғам өміріне бейімделуіне, азаматтық сана-сезімінің, жалпы мәдениетінің, салауатты өмір салтының қалыптасуына жағдай жасау.

Балалардың ішкі жан дүниесінің рухани баюын қамтамасыз ету, тәрбиелеу. Жаман, жиіркенішті нәрседен өзін тежей білу – табандылық, төзімділік белгісі. Өз ішкі сезімін қажетсіз нәрседен шектей білу баланың ой түйсігінің жақсы жақтарын дамытып, жақсылыққа ынталандырады. Осындай рухани мәдениетті азаматты тәрбиелеу үшін мынандай оқыту әдістерін ұсынар едім:

- ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ертегілер, жырлар, аңыздар, жұмбақ – жаңылтпаштар, ұлттық салт-дәстүрлер, рәсімдер, үлгі-өнегелер халықтың құнды мұрасы – тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.

Бастауыш сыныптарда ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың маңызы зор. Баланы қызықтырады, ал көбінесе қаншама қиыншылықты көрсе де, оны қалай жеңіп шығатын ақыл-айлалы, алпауыт батырларды, халық ерлігін қызықты баяндайды. Баланы оқи отырып, тыңдай білуге үйретеді. Қиялын дамытып, ізгілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады. Дарын нышандарын өрнектейді. Мысалы, екінші сыныптағы Ана тілінен “Күй құдіреті” деген тақырыптағы аңыз-әңгіме сабағына тоқталайын:

Аңыз әңгіменің мазмұнын түсіндіру арқылы шәкірттердің ой-өрісін кеңейтіп, мәнерлеп, сауатты оқуға жаттықтыру.

Баланы сұлулықты, әсемдікті көре, түсіне білуге, армандай білуге, ойлана білуге, басқа адамның ой-арманын түсіне білуге дағдыландыру.

Ұлы ғалым Әл-Фарабидің кім екенін таныстыру. Аңыз - әңгімеден ғалымның тапқырлығы мен кішіпейілдігін, күй құдіретін түсіндіру. Ол күйдің құдіретін жеткізген аспап, күй – саз аспабы домбыра екенін ашып түсіндіру. Домбыраның сурет салу арқылы балалардың өз халқының өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, аспаптың ерекшелігін түсіндіру, тыңдау және сезіне білу қабілетін дамыту.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет