3 ІІ. Физика сабағына оқушыларды қызығушылығын арттыру жолдары



бет1/6
Дата25.08.2017
өлшемі5,55 Mb.
#27009
  1   2   3   4   5   6



М


АЗМҰНЫ

бет


І. КІРІСПЕ..............................................................................................................3

ІІ. Физика сабағына оқушыларды қызығушылығын арттыру жолдары

1.1. Жаңа оқыту технологиялар көмегімен физика сабағына қызығушылығын арттыру мәселесі…………………………………………………………………..6

1.1.1. «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбын деңгелеп саралап оқыту.......................................................................................................................13

1.1.2. «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына модульдік технологиясын қолдану...................................................................................................................15

1.1.3. Эрудиттер сайысы сабағы...........................................................................18

1.2. Физика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда эксперименттің ролі............................................................................22

1.3. Физика пәніне компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.....................................................................................30

ІІІ. Қорытынды....................................................................................................32

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................33

К


ІРІСПЕ

Соңғы 10 жыл ішінде елімізде қоғамды демократияландыру және ізгілендіру саласында жүргізілген біраз реформалар, экономикалық өзгерістер жалпы орта білім беретін мектептегі оқу процесін оқушының қабілеті мен қызығушылығына сәйкес дербестендіру қажеттігін алға қойып отыр.

Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс – тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушылардың ой -өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс - әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады. Осындай өзекті мәселелер қатарына мектепте физиканы оқыту процесінде түрлі формадағы және мазмұндағы есептерді жүйелі түрде әрі ұдайы орындау арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру мен дамытуды қоюға болады.

Ғылым мен өндірістің дамуына математиканың қажеттілігі, математикалық білім мен біліктіліктің қолданылу аясының кеңейуі еліміздегі әрбір оқушының математикалық білімінің толық болуының мәнін және маңызын күшейте түсті. Бұл еліміздің әрбір азаматына орта білім алуға міндет арта отырып, мұғалім қауымынан ертеңгі күні мемлекет сенім арта алатындай оқушылардың математикалық дайындығының сапасын көтеруді және білімнің қандайда бір деңгейіне кепілдік беруін қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күні мектептің алдына білім берудің және тәрбиелеудің сапасын жоғарылату, әр пәнді жоғары ғылыми дәрежеде оқыту талаптары қойылған. Осыған байланысты оқылатын материалдар тізбесін және көлемін нақтылау, оқулықтар мен оқу бағдарламаларындағы артық жүктемелерді алу, оқу пәндеріндегі жетекші идея мен негізгі ұғымды нақтылай сипаттауды қамтамасыз ету, әрбір пән үшін іскерлік пен дағдының тиімді көлемін анықтау қажеттігі туып отыр. Бұл мәселелерді шешудің негізгі бір жолы мұғалімдердің теориялық және әдістемелік шеберліктерін жетілдіру екені айқын [10].

Осы мақсатта, ең алдымен қазіргі жұмыс істеп тұрған мектептер жұмыстарына бірлесе отырып педагогикалық, әдістемелік ғылымдардың соңғы жылдардағы жаңалықтарын енгізуге күш жұмсауы қажет. Ал бұл жұмысты жүзеге асыру мектеп мұғалімі қауымының өз іскерліктерін арттырумен қатар олардың әдістемелік ғылым жетістіктерін меңгеруге бел шеше кірісулеріне тікелей байланысты.

Мектепте осы бағытта жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен пайдалылығына қарамастан кез келген жаңалықты оқу процесіне енгізу қиындықсыз болмайды. Демек, бұл қиындықтан шығудың алғашқы қадамы, ол көптеген ғалым педагогтар алдыға тартып отырған орта мектеп үшін қажетті ең төменгі білім деңгейін анықтап, оны қалыптастыру ісін жүзеге асыру және осыған байланысты орта білім стандартының талаптарын мүлтіксіз, тез арада жүзеге асыру қажеттілігі туып отыр.

Кейінгі жылдары мемлекетіміздің білім беру кеңістігінде жалпылама стандарттау процесі жүріп жатқаны белгілі. Бұл өте күрделі жауапкершілігі зор іс.

Білім беру стандартының оқу процесінде іске асырылу міндеттілігі мектепте еңбек етіп жатқан педагогтар жұмысын күрделендіруі шындық, тіпті олардың оқу процесіндегі күнделікті жұмысын күрт қиындатып жіберетіні хақ, өйткені осы стандартқа қол жеткізерлік және мұғалім жұмысының жоғары сапасына кепілдік берерлік тиісті педагогикалық технологияны таңдап білікті түрде оны оқу процесіне енгізу мақсаты туындап отыр. Бізге белгілі көптеген оқыту технологияларының қайсысы жемісті және ұтымды екенін орта мектепте мұғалімдеріне ешкім негіздеп, айқындап бермеді. Оқушы білімінің стандарт талабының деңгейіне жеткізу үшін орта мектептерде дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық жаңа іс - әрекеттерді анықтап, оны теориялық және практикалық жағынан ұқыпты түрде дайындап алу қажет.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі көбіне – көп оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен қағидалар жиыны болса, ал педагогикалық технологияны принциптік маңызды екі жағдай ерекшелендіреді:



  1. Технология көзделген нәтижеге жетудің кепілдігі;

  2. Технология болашақ оқу процесінің жобасы.

Сонымен, қорыта келгенде педагогикалық технология:

- сатыланған және тәртіптелген іс - әрекет жүйесі. Мұны мүлтіксіз орындау белгілі бір тарау немесе курс көлемінде мемлекеттік білім беру стандарты жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік береді;

- мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған қорытынды нәтижеге жетуге кепілдік берерліктей іс - әрекеттер жиынтығы. Демек, дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық технологияның оқу процесіне ендірілуі оқу процесінің тиімділігіне оңды жағдай жасайтындығы сөзсіз.

Педагогикалық технологиядағы басты мәселе, біріншіден, оқушының оқу – танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұны. Екіншіден, технологияландырудың түбегейлі проблемасы ретінде мақсат құрудың әдіснамасы алынады, ал мақсат - кез келген технологияның оқу процесін басқаруының негізі болып табылады. Педагогикалық технологияның басты мәні алдыға қойылған мақсатқа толықтай жету, осыдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.

Білім берудің сапасын арттырудың негізгі бағыттарының тағы бірі – оқыту процесін жан – жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру. Оқыту процесін компьютер көмегімен оқытудың нәтижесінде зерттеудегі проблемаларды шешу аса маңызды орын алады. Бұған себеп оқу процесін компьютерлендіру психологиялық – педагогикалық іс - әрекеттердің негізгі бағыттарын жан – жақты қамтуы болып табылады.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғанындай, мектеп пәндерін оқыту барысында компьютерді қолдану мұғалім мен оқушының қарым – қатынасы жүйесін, олардың іс - әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып түрлендіреді және олардың ынталылық сезімінің өсуіне әсер етеді.

Оқу процесін технологияландыру және оқытуда компьютерді қолдану жөніндегі зерттеу жұмыстары тәжірибе арқылы нақтыланып оң пікір алғанына қарамастан оқу процесінде педагогикалық технологияны қолдану, сабақтың тиімділігін арттыру мақсатындағы компьютерлік оқыту іс жүзінде көп кездесе бермейді. Бұның себебі сабақты технологиялық тұрғыдан жобаланудың бастапқыда қиындық келтіруі (тақырыпты оқытуды жоспарлау), технологияны қолдану әдістерінің кейбір сатыларының жеткілікті түрде зерттеліп өнделмегендігі және технология жөніндегі мақалалардың аз мөлшерде жариялануы [17]. Сонымен қоса оқыту барысында ЭЕМ – ді тиімді және компьютердің мүмкіндігін толық пайдалану сабақты жоспарлаудың жаңа технологиясын қажет етеді. Бұндай әдістеменің сабақты әдеттегі дәстүрлі әдістеме негізінде өткізуден ерекшелігі оқушыларды зерделік мүмкіндіктеріне сай деңгейлеп оқытуға жағдай жасайды, сондықтан да бұл әдістемені компьютерлік технология бойынша оқыту әдістемесі деп атауға да болады.

І тарау. Физика сабағына оқушыларды қызығушылығын арттыру жолдары


    1. Оқушыларды физика сабағына қызығушылығын арттырудағы жаңа технологияның ролі

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарына арналан мемлекеттік бағдарламасында мына мәселелерге баса назар аударылды:

-комьпютер техникасын қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткішіне жету үшін орта білім ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;

-білім беру ұйымдарын интернет желісіне қосу;

-білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан технологиясын әзірлеу мен енгізу;

-оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру;

-ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны бастауыш және кәсіптік білім саласында қолдана алатын мамандар даярлау;

-оқыту технологиясының аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуін қадағалау т.б.(1)

Білім беру жүйесіндегі соңғы өзгерістердің, жаңа реформалардың мақсаты-қоғамды ақпараттандыру, жаһандану кезінде қажетті ақпаратты лезде алып, өңдеп, пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютер желісі, электрондық және телекоммуникациялық құралдар, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім санасын жақсарту, олардың таныьдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру (2).

Қазіргі таңда бүкіл дамыған елдердегі сияқты Қазақстанда «ақпараттық» деп аталатын қоғамға өту басталып та кетті.

Компьютер техологиясын жаппай пайдалану ақпараттық іс-әрекет түрлері мен көлемін үнемі кеңейтіп отырады. Бұл сфера тез даму мен ақпараттық ресурстардың және ақпараттық технология қорларының үнемі жаңарып орырына алып келуді. Бұл ақпаратты өңдеумен байланысты жаңа мамандардың (Web-дизайнер, жергілікті компьютер желілерінің админстраторы, дербес компьютерде жұмыс істей алатын іс-жүргізушілер т.б.) пайда болуына ықпал етуде.

Бұған қоса, қоғамның барлық ғылым,өндіріс, транспорт, байланыс салаларына информатиканың әсері анықталуда,яғни информатиканы оқыту күннен-күнге өсуде, келешек ұрпақты еңбекке дайындауда рөлі жоғары екені түсінікті болып отыр. Бұл келешекте қай жерде қандай жұмыс болмасын ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дайын болып табылады.

Білім беру үрдісін ақпараттандырудың негізгі мақсаттары:

-Жалпыға бірдей компьютерлік мәдениетті қалыптастыр;

-Балаларға әртүрлі қолданбалы есептерді шешу үшін компьютерді сауатты пайдалануды үйрету;

-Қызықты және түрлі сабақтарды жүгізу;

-Құжаттарды дайындауда жұмыстарды жылдамдату;

-Білім сапасының деңгейін объективті қамтамасыздандыру;

-Қашықтықтан білім беруді жүзеге асыру;

-Білімгерлрдің қызығушылығы мен мотивациясын арттыру.

Ақпараттық технологиялар құралдары көмегімен – ақпаратты іздеу, сақтау, түрлендіру, өндіру(модельдеу, талдау және жаңасын шығару), үлкен көлемді ақпараттарды қалаған түрде кез-келген қашықтыққа беруге болады. Сондай-ақ компьютер технологиясының ерекшеліктеріне тоқталсақ:

-Интерактивтілік (компьютер-адам немесе адам-компьютер-адам шынайы уақыт режмінде өзара әрекеттестік);

-Модельдеу(шешуі қиын есептер үшін виртуалды модельдеу);

-Коммуникативтілік (байланыс құралдары ретінде ақпараттық- коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану).

Оқу үрдісінде компьютерді қолдану бүгінгі білім берудегі айтарлықтай нәтижеге жету құралы болып отыр.

Оқыту үрдісінде компьютер мен мультимедиялық технологияларды қолдану тәжірибесі мынадай мүмкіндіктерді береді:



  • мультимедиялық технологиялар оқыту үрдісін жеделдетеді;

  • пәнге деген білімгердің қызығушылығының бірден өсуіне мүмкіндік береді;

  • өтілетін материялды меңгеру сапасын жақсартады;

  • оқыту үрдісінде жеке тұлғаға мүмкіндік береді;

  • дұрыс бағалауға жағдай жасайды.

Олай болса, компьютерлік оқыту технолгиясын ендіру,білімгердіңөзіндік жаңа білім іздеуіне, меңгеруіне жол ашады.

Сонымен қатар, білім алушының өзіндік тұлғалық дамуына, іздемпаздыққа, еркін сезінуіне, ашылуына мүмкіндік жасайды.

Ақпараттық білім беру ортасының негізгі кілті(мұғалім). Білім беру үрдісінде

компьютер технолгиясын қандай көлемде, қандай түрде және қандай мақсатқа қолдану қажеттілігін оқытушы(мұғалім)шеше алады. Ақпараттық білім беру ортасынының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін, оқытушы(мұғалім) келесідей талаптарға сай болуы тиіс:



  • компьютерде жұмыс істеуді, сондай-ақ ақпараттық білім беру кеңістігіне кіруді және қолдануды білу;

  • мультимедиялық бағдарламалармен жұмыс істеуді;

  • Интернетте жұмыс істеуді білу, білімгерлерге Интернетті үйрету және өз бетінше білім алуы үшін ақпараттық ресурстарды қолдануды оқыту.

Білім беруде жаңа ақпараттық технология-бұл ақпаратты білімгерге беру, жеткізу және дайындау үдерісі, яғни осыны жүзеге асыратын компьютер болып табылады. Егер информатика сабағында компьютерді пайдалануды үйретсе, басқа сабақтарда компьютерді пайдалану оқу мақсатына жету құралы болып отыр. Бұл оқыту құралы оқу үрдісін байытуға және білімгердің жеке тұлғасының дамуына және оқытушының кәсіби шеберлігінің артуын дамыта түсуде.

Компьютерлік оқыту технологиясына мультимедиялық технологиялар-интерактивті оқыту құралдары жатады.

«Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) деген сөздерінің бірігуінен құралған (3).

Мультимедияны пайдаланудың артықшылығы-кескін немесе сурет адамның ой-санасында белгілі бір бейнені,ұғым-түсінікті қалыптастыруға, мәтін және дыбыс-қозғалыстағы бейнелік әрекетті онан әрі дамыту негізіне әсер етеді.

Интерактивті тақтаны пайдалану-компьютердегі мәліметтерді тақтаның экранына көрсете алады, яғни суреттер,карта,сызба,объектілерді құру және орын ауыстыру, видеоны қосу, анимацияларды көрсету, маңызды жерлерін түсті маркерлермен ерекшелеу, компьютердің кез-келген бағдарламаларында жұмыс істеу, сабақта көрсетілген жұмыстарды сақтап,келесіде көруге және талдауға да болады.

Оқу үрдісінде мультимедиялық технологияларды пайдалану Б.А.Досжановтың (3) еңбектерінде көрініс тапқан.

Мультимедиялық технологияларды қолдану әдістері мыналарды ұсынады:


  1. Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқытуды басқару жүйесін жүзеге асырады.

  2. Білімгерлердің мотивациясын арттырады.

  3. Білімгерлердің ақпараттық мәдениетін жоғарылатып, оқыту сапасын жақсартады.

  4. Жаңа ақпараттық технологиялар аумағында білімгерлерді дайындау деңгейін көтереді.

  5. технологиялар мүмкіндіктерін демонстрациялайды.

Сонымен қатар, мультимедиялық сабақтар келесідей дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі:

  1. Пән бойынша білім қорын меңгеру;

  2. Алынған білімді жүйелендіру;

  3. Өзін-өзі басқару дағдысын қалыптастыру;

  4. Білімгерлердің оқу материалдарымен өзіндік жұмыс жасауға мүмкіндік беру.

Қазіргі таңда мультимедиялық технологиялардың дамуы Интернет технологияларының дамуына тікелей әсер етуде. Телеконференциялар, электрондық пошта, агент, чат арқылы дыбыстық және бейне хабарды жіберу,қабылдап немесе байланысып отырған адамның бет-бейнесін компьютер мониторынан көріп отыру мультимедияның жемісі болып табылады.

Компьютерлік оқыту технологиясы арқылы оқу үрдісін тиімді ете отырып,ақпараттарды әртүрлі үлгіде ұсынуға болады. Уақытты үнемдей отырып,естігеннен көру арқылы есте сақтау қабілеттеріне әсер ете отырып, меңгерген материал көлемі бірнеше есе артады.

Оқыту əдістемесі дегеніміз- ережелер, тəсілдер мен амалдар жиынтығы, олардың көмегімен көп жылдық тəжірибе бір буыннан екіншіге беріліп, адамдардың өмір тіршілігінің тəжірибесі қалыптасады. Бірақ та бұл жиынтық тек бағдар ретінде қызмет атқарып, өз кезегінде əлі де шақтылыққа айқын əдістемені керек етіп, адам тіршілігіндегі «байланысты» олардың білім алуына, қажеттілікке, мотивке итермелейді. Қилы пəндер бойынша оқыту методикасы негізінен алты түрлі долды қабылданған идеяларға жинақталады: тəжірибелік – практикалық, фронтальдық, түсіндірмелі-иллюстративтік, бейімдеушілік, дамытушы жəне мəдениеттанушылық оқыту. Технологиялық оқыту немесе білім беру технологиясы дегеніміз-нақты жағдайға байлауы əдістеме, уақыттың, орынның, нақты білім беру субъектілерінің, ұйымдастыру жағдайының жəне жасалған ережелердің қолданылу жүйесі болып табылады. Сондықтан технологияның тиімділігі туралы сөз еткенде біз оны жалпылай емес, тек қана белгілі бір оқушыны мұғалімге қарата айтамыз.

Технологияға қарағанда əдістемелік оқыту өте тұрақты, олар оқыту идеясының ауысумен бірге өзгереді. Технология көп вариантты тіпті бір əдістеменің ішінінің өзінде де. Бүгінгі таңда пайдалануға ұсынған жүзден аса білім беру технологиясы бар. Осылардың ішінде негізгі қозғаушы пайда болу себебі жағынан жаңа психо-педагогикалық технологияларды төмендегідей бөліп атауға болады:

• Ең терең есеп білім алушының психофизиологиясын жəне тұлғаның ерекшелігін пайдаланудың қажеттілігі;

• Білім берудің эффектілігі вербальды тəсілін жүйелі-əрекетті əдіспен ауыстырудың кезек күтпейтін қажеттілігін түсіну;

• Оқытудың кепілділігінің нəтижесін қамтамасыз ететін оқу процесін

оқушы мен ұстаздың өзара байланысын ұйымдастыру формасын жобалау мүмкіндігі;

• Біліктілігі аз педагогтың жұмысындағы негативтік салдарының

азаюына қажетілігі;

Бүгіндері мына бір сұрақ: «Неліктен ешбір инновация соңғы жылдары күткен тиімділікті бермеуде?» - деп жиі қойылады. Бұл құбылыстың себебі аз емес. Оның бірі таза педагогикалық –педагогтың төмен инновациялық біліктілігі, атап айтар білмеуі, енгізбелі эксперимент жүргізу, өзгереске диагноз жасау. Бір жерде мұғалім мен əкімшілік-инновацияға –методикалық жағынан, екіншісінде – психология жағынан, үшіншінде - технологиялық жағынан дайын емес.

Білімді реформалаудың бағыттары. Маңызды ұйғарылым:

• Білім берудің екі стандартарын енгізу: əр оқушыға міндетті дайындық пен қосымша;

• Ерте дайындық өте қабілетті оқушыларға;

• Дарынды балаларға арнап олардың қабілетін дамыту үшін лайықты

жағдай жасалуға тиіс;

• Барлық оқушылардың эстетика, бейнелеу өнері, музыка, ретмика, əн,

қарым-қатынас пəндерінде барлық оқушылардың табиғи келешегін дамыту;

• Оқушылардың əлеуметтік-имандылық дамуы турасында қамқорлық

жасап, социумдаға бейімделуін жеделдетуде арнайы сабақ бағдарламасын

жасау жолы жəне сабақтан тыс əрекетте түрлі өмір жағдайларын «ойнату».

Ұйымдастырушылық оқу сабағының, күнінің, аптасының ұзақтығы созылуы туралы мəселені шешумен байланысты. Міндетті түрде артық

жүктемесе жол бермеу принципі ұсталып, міндетті оқу еңбегінің уақыттық қысқартылуына қол жеткізілуде, ең алдымен оқу материалының көмегімен мазмұны қатаң таңдалынуы ескеріліп, сондай-ақ интегративті курстар жүргізіліп, ал жоғарғы сыныптарда пəнді таңдау білім алушының кəсіби бағдарына лайықталады.

Оқу процесін ұйымдастырудың жаңа тəсілі жас ерекшелігін ескеруді сабақты ұйымдастырудың өнімді формаларын іздеуді сыйдырады. Процессуальдылық барлық педагогикалық жүйелердің ішкі көрсеткіштері

тұлғалық дамуға байланысты қайта бағдарланады. Оқу процесінде ең жетілген оқыту технологиясы, студенттердің танымдық қажетілігін қанағаттандыруды толық қамтамасыз ете пайдаланылуға тиісті, онда олардың ынтазарлығы бейімділігі, қабілеті, индивидуалдық ерекшелігі жан-жақты ескеріледі. Реформа жасау педагогикалық қызметтің ішкі қабаттарын қамтып, педагогтың іс-əрекет етуіне. Оқушымен қарым-қатынасына өзгеріс енгізеді.

Жаңа материалды презентацияиялау жаңа тақырыпты түсіндірудегі ең басты оқытушы монологы. Себебі онсыз оқушы оның мазмұнын мүлде игере алмайды. Жаңа материал үлкендетілген блоктар негізінде ұғындырылады да, оның бойында негізгі мағлұматтар шоғырланады. Бейімделу жүйе жағдайында оқытуда баяндау уақыты шектеулі болып келіп, оқушылардың тоқсан бойы істеуге тиіс өздік жұмысына ара - кідік көшіп отыруы орын алады .

Презентация кезеңі. Оқытушы материалдағы негізгі мағлұматтарды

құрылымдастырып, негізін түсіндіреді, себебі ол оқушыға оңай түсінуге, əрі жеңіл есте сақталуы үшін қажет. Оқытушы оқушы ойын белсенді əрекетке көшіре алатын амал-тəсілдерді қолдануға тырысады. Мағлұматтардың айқындығы мен қарапайымдылығы, түсіндіру кезінде тəсілімен ұқсастықтардың диаграммалармен т.б. ұсынылуы оқытушы дəріс оқу кезінде көмек қажет ететін оқушыларға тақырып бойынша туындаған проблемаларды шешудің вариантивтік жолдарын көрсетіп отырады. Осы этапқа байланысты дəрісте сақталуға тиіс жағдайлар:

- қысқаша шолуда тақырыптық жоспарды толықтырып, оқушықұмарлығын оятатын қызғылықты сауалдар қойып, көрнекі материалдар т.б. негізінде оқушылар назарын дəріске басы бүтін аударуға жағдай жасау;

- материалды оқушыға жеткізуде олардың тақырыпқа қызығушылығын дəріс аяғына дейін сақтай білу;

- оқушыларға керекті жерін конспекті жасай отыруға жағдай туғызу.

Сұрақсыз дəріс оқушылардың құлықсыздығын туғызып, тақырыпты түсінуге деген ынтызарлығын кемітеді. Сол себепті аудиториядағылардың бəрі дерлік дəрісті жылдам ұғынады деген ойдан аулақ болып, бəрі ұғына алатын дəріс оқу əуезін, түсіндіре кетумен ұштастыра білген абзал. Оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін практика. Жаңа материалды

түсінудегі кері байланыспен туындаған қиындықтарды дер кезінде аңғара білу үшін жүргізіледі.

Тəжірибелік сабақта оқытушы сауалдар қояды, əрі оған берілетін топ жауабын ұсынады; қателерді нақтылай түзеу немесе уақытын пайдаланып материалды қайтадан өтеді. Сонда, егер оқушылардың басым көпшілігі дəрістің кейбір тұстарын түсінбесе, жауап беруде жіберілген қателіктермен дəлелдеу жеткілікті. Осының бəрін қорыта келе, оқытушы жазба жұмысын жүргізудің қажеттілігінің не керек, не керек еместігін айырып, тақырыптың дұрыс жəне бұрыс ұғынылған тұстарын ескереді.

Оқушының тəуелсіз жасайтын практикасы. Бұл - өтіліп жатқан тараудың

проблемаларына арналған топтың дискуссия. Пікірталас барысы мынадай

болып келуі де мүмкін: оқытушы қоятын сауалды құрастырып, екі жақтың біріне ұсынады да, қарсы жақ оған жауап беруге тырысады, сұрақ қоюшы жақ оны бағалайды.

Топтық пікірталас. Оның көздеген көптеген мақсаты бар. Мəселен белгілі

бір сауал бойынша оқушылардың көзқарасын анықтап, əр қилы пікірлерді жинап, əрі талқылайды; ұжымдық шешім қабылдап, оқушыларға өз бетімен пікірін құрастыра алуына көмектеседі.

Пікірталас қалай өрістемесін оқытушы өтіліп жатқан материалдың игерілу деңгейімен туындаған түсініспеушілікті аңғарады. Тап осы аңғару оған келесі сабақтар мазмұнын дəл аша білуге септігін тигізеді. Оқытушының негізгі міндеті – пікірталасты тақырыптық шеңбер аясында ұстап, əр түрлі амал-тəсілдермен оқушылардың басым көпшілігін қамти алу. Ең бастысы, топтық пікірталастың методикалық ұйымдастыруымен оқытушы ғана айналыспай, оған оқушылардың да белсене араласуын қалыптастырып, оны қолдап, нақты сауал қоя білуге, басқалардың пікірімен санасуға, дұрыс ой қорыта білуге үйретеді.

Жұмыс нəтижелеріне өздік бағалау мен тексеру. Бейімделген

технолониямен оқытуға көшкен кезде ең басты міндет міндеттеудің ерекше формасы кемсітуді болғызбау. Бұл проблема өз шешімін оқытушы оқушының əрекеттестігіндегі өзгеріс есебінде табады. Ең басты бағдарлау – оқушы еңбегін бағалауда индивидуальдық этолонын қолдану оқушылар өз білімін өздері бағалауға міндетті, ал педагогпен келісе отырып қол жеткізген өздік бағалаудың нəтижелері. Өздік тексеру мен бағалау кезеңдері əрбір оқу міндетін шешуге тиісті болып келіп, барлық тақырыпты өту барысындағы дəрістер үстінде міндеттер бірнешеу болып келуі де мүмкін.



Қорытынды шығару. Белгілі бір білім беру кезеңінде алға қойылған мақсаттармен тығыз байланысты болуға тиісті. Алынған нəтижелердің мақсатын салыстыру өз кезегінде оқушылардың атқарған жұмыстарының қорытындысын шынайы бағалай білуге көмектеседі. Үй тапсырмасы. Оқушының сабақ үстіндегі белсенді позициясы оның семестр кезіндегі танымдық талпынысына алып келеді. Бұндай жағдайда үй тапсырмасының көлемі азайып, үйге берілетін жұмыс сипаты ассоциативті болып келіп, тапсырманы орындау түрлі таңдауға негізделеді.

Арнайы қайталау. Негізгі ойды айырып көрсетуде, тақырып бойынша жетекші түсініктің тұтас жүйесін қалыптастыруда, білімді жалпылау мен жүйелеу үшін қажетті қайталаудың бірнеше түрі бар:

- айталық-мысалға, əр аптаның бірінші дəріс күні оқытушы өз оқушыларымен 20 минут төңірегіңде өткен аптада өтілген негізігі түсініктер мен ұғымдарды бір қайталап өтеді.

- айталық, оқытушы соңғы сабақтарының бірінде өздерінің сол айда өткен тақырыптарын бір нақтылап, шолу жасап шығады.

Білім игерілуін бақылау. Күнделікті тексеру күн тəртібінде жоқ. Сол

себепті оқу сабақтарының барысында оқушылардың түрлі тесттерді – жеке жəне ұжымдық - өздік бақылау негізінде орындап отырады. Осы тесттер оқу материалының игерілу деңгейін көрсетеді əрі туындаған проблемалар мен қиындықтардың бетін ашып беруді дəрісте үлкен тарауларды оқып бітісімен, оқытушы тексеру жасайтын бақылау жұмыстары алынады.



Аудиториядағы өздік жұмыс. Ол тəжірибелік сабақтардағы оқушы біліктілігіне негізделеді. Жақсы ойластырылған өздік жұмыс оқушылардың бір қатар дағдыларды – қарапайым ережеден, өзіндік ой түюге дейінгі аралықта игеруге септігін тигізеді. Егер оқытушы осы мақсатта алдын ала қажетті материалдарын дайындаса, барша оқушының қолынан келетін тапсырманы таңдайды да, қателер түзетіліп, нəтижелер сабақ соңында бірден шығарылып отырады. Ең бастысы оқушылар өздік жұмыстың орындалуына қызығушылық танытып, оның маңызын түсіне білуі шарт. Кейбір тəжірибелік сабақтарда жекелеген оқушылардың пəнге деген қызығушылығына сай жеке тапсырма түрін арнайы беріп отыруға да болады.

1.1.1. «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбын деңгелеп саралап оқыту

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты

Сабақтың мақсаты: 1. Электр тогының жұмысы мен қуатын есептеу формулаларын қортып шығару.

2. Өлшем бірліктерін өлшеу.

3. Олардын қолданылуын түсіндіру.

4. Экономикалық, экологиялық тәрбиеге көңіл бөлу.

Сабақтың түрі: Шығармашылық іздену арқылы өз бетімен білім алу.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.

Көрнектіліктер: есептегіштер, электр шамдары, ток көзі, жалғагыш сымдар, вольтметр, амперметр, сағат, кодопозитивтер.

Пәнаралық байланыс: география, математика пәндері.

Сабақты жүргізу жоспары:


  1. Өткен материалдарды топпен жұмыс істеу арқылы қайталау: өткізгіштерді тізбектей қосу, өткізгіштерді параллель қосу

  2. Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту

  3. Бекіту

  4. Қортындылау

  5. Үйге тапсырма беру

Сынып оқушыларын 5 топқа бөлу.

Топтарға берілетін тапсырма:

Кодопозивтердегі электр схемалары бойынша тізбекті жинап, анықтауға мүмкін болатын физикалық шамалардың байланысын түсіндір.

Жаңа сабақты түсіну үшін қажетті сұрақтар



  1. Тізбек бөлігі (үшін) ұщындағы кернеу неге тең? Формуласы қалай жазылады?

Кернеу өткізгіш бөлігі бойымен 1Кл заряд өткенде атқарылатын жұмысқа тең болады:

U = A/q


2. Кернеудің формуласын пайдаланып, электр тогының жұмысын қалай табуға болады? Ол қалай айтылады?

Электр тогының тізбек бөлігінде істейтін жұмысын анықтау үшін тізбектің осы бөлігінің ұштарындағы кернеуді сол бөлік бойымен өткен электр зарядына көбейту керек.

A = q*U

3. Электр зарядына талдау жасай отырып, электр тогының жұмысын есептеу фомуласын қортып шығар және оның айтылуын жаз.



q = J*t

A = J*t*U

Электр тогының тізбек бөлігіндегі жұмысы осы бөліктің ұштарындағы кернеуді ток күшіне және сол жұмысты орындауға кеткен уақытқа көбейтіндіге тең.

4. Электр тогының жұмысын есептеу формуласын пайдаланып, жұмысты қалай өлшеуге болатындығын түсіндір.

1Вт (Ватт) = 1В*1А...

5. Қуатты қандай құралдармен өлшеуге болады? Ваттан басқа қандай қуат бірліктерін білесің?

Қуат ваттармен өлшенеді:

1гВт = 100Вт, 1кВт = 1000Вт, 1Мвт = 1000000вт

6.Электр тогының жұмысы есептегіштер арқылы қандай бірліктермен өлшенеді.

1КВт*сағ


7. Электр энергиясын өндіретін аймақ туралы не білесің? Электр энергиясыэлектр станцияларына өндіріледі. Ол ірі өзендер бойында салынады. Ертіс – Солтүстік мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248км, тек 1700 км – ге жуығы ғана Қазақстан жерінде. Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма СЭС і салынған, одан төменіректе Өскемен мен Семей қалаларының аралығында Шүлбі СЭС – інің бөгеті тұр. Іле өзенінде Қапшағай ірі СЭС – і салынып, Қапшағай «теңізі» пайда болды.

Қортындылау:



  1. Электр тогының жұмысы

  2. Қуаты

  3. Бірліктері

  4. Джоуль мен кВт*сағ арасындағы байланыс.

Бекітуге байланысты деңгейлік тапсырмалар

ПӘК – і 92 % болса,ток күші неге тең? ( таңдауы бойынша, міндетті емес) ( 7 ұпай).

III деңгей


  1. ПӘК – і 80% болған жағдайда 10 мин. Ішінде 2л. Суды 20 С – ден қайнағанға дейін қыздыруға болатындай, 220В кернеуге есептелген қыздырғыш жасау үшін қимасы 0,84 мм^2 никелин сымның ұзындығы қандай етіп алу керек ?(7 ұпай)

Қортындылау: Деңгейлік тапсырмаларды тексеру нәтижесін шығарып, бағалау.

Үйге тапсырма: 21 – жаттығу

I деңгей

1) Неліктен электр қыздырғыш приборлардың қысылымдарын меншікті кедергісі көп материалдан жасайды.(2 ұпай)

2) Электр энергиясын үнемді пайдалану жөнінде не айта аласың? (2 ұпай)

II деңгей



  1. Кернеу 40В, ток күші 500А дәнекерлеуші ақпараттың 3 мин ішінде тұтынатын қуатын және жұмсаған энергиясын есепте.( 2 ұпай )

  2. Кернеуі 220В ,ток күші 3А болатын сегіз мұнай мұнарасынның электр қозғалтқыштарының бір стаканға жұмсайтын электр энергиясы шығынын анықтаңдар.

III деңгей


  1. Электр үтігінің паспортында «220В, 600Вт»деп жазылған. Кернеуі 220В желігеі 3 сағ бойы қосылған үтік қанша жылу мөлшерін бөледі?


Каталог: uploads -> doc -> 1384
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1384 -> Қазақ тілі пәні бойынша тест жұмысы Әдебиеттік оқу пәні бойынша тест жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет