«№3 мектеп- гимназиясы» мм тәрбие сағаты «Дәуірдің дара тұлғасы»


-көрініс.Сахна ерте заманға сай безендірілген. Сахнаның ортасында қобызын тартып Нысанбыз отырады. Автор



бет2/7
Дата30.11.2022
өлшемі38,43 Kb.
#160499
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мұхтар Әуезов Дәуірдің дара тұлғасы сыныптан тыс іс-шара

1-көрініс.Сахна ерте заманға сай безендірілген. Сахнаның ортасында қобызын тартып Нысанбыз отырады.
Автор: Он бесінде Кебектің аты шықты,
Атты, жаяу бәріне бірдей мықты.
Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.
Ел қамы үшін өлуге жанын сайлап,
Соғыс десе тұрмайды қой сабайлап.
Жауға батыл, жақынға және әдепті,
Кіші іні, үлкенді ағатайлап.
(Осы кезде сахнаға иығына садағы насынған Кебек батыр шығады.)

Автор: - Ол кезде балгер болған Нысанабыз,
Шын даулескер бақсының өзі нағыз.
Жыны айта ма, кім білсін, шын айта ма,
Айтқаны келеді деп қылады аңыз.

Кебек: - Ассалаумағалейкум, Нысанабыз!

Нысанабыз: - Уағалейкумассалам, Кебек батыр. Жолың болсын!

Кебек: - Ей, Абыз, қобызыңды қолыңа алып маған балашып бергеніңді қалаймын. Тағдырымның қалай боларын білмекке әдейі іздеп келдім. Не айтсаң да естуге дайынмын, нар тәуекел! Қандай ақы сұрасаң да мойныма арт, балыңа не түссе де жасырмай айт! 

Нысанабыз: - Шырағым, бал аштым деп мал алмаймын. Ол үшін сенен ақы сұрамаймын. Жаман айтсам жабығып қаларсың. Ал мен жынның сөзін жасырып қала алмаймын.
(Осыны айтып Нысанабыз қобызын қолына алады.Сахнада «Қорқыттың күйі естіліп тұрады.)

Нысанабыз:-Кебек батыр, ажалың биік қабақ сұрлау қыздан болады. Ондай қызға көңіл бөлме. Қаражартастың түбінде кез келеді. Әдейі бармассың, ойда-жоқта кез боларсың. «Сақтықта қорлық жоқ деген» бар ғой, сақтанып жүрерсің. Сақ болғай сың.

Кебек: - Жынның сөзін тыңдап қайтем. Қош боп тұр, Абыз.

2-көрініс.Сахнада киіз үйдің ішінде шал мен кемпір және қызы бар. 
Боранда адасып Кебек батыр осы үйге келеді.
Автор:
Мұнан кейін азырақ заман өтті,
Салқын түсіп, қар жауар мезгіл жетті.
Қарашаның алғашқы кары жауып,
Кебек батыр құс алып аңға кетті.
Бораннан байқай алмай барар бетті,
Түн ішінде адасып Кебек кетті.
Осы Хақанөзеннің, аяғында
Қыстаған бір Матайға келіп жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет