1-жүргізуші: Осымен «Дәуірдің дара тұлғасы» атты Мұхтар Әуезовке арналған кешімізді аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет!
Ұлы адамдардың естеліктері Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау»
Н.Ә. Назарбаев
Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді.
Н.Погодин
Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы.
Дінмұхамед Қонаев, мемлекет қайраткері
Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқатата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек. Шығыс Айтматов, жазушы
Мұхтар Әуезов – ақын. Ол өз елінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнелейді. Сонша ұлылықпен, сонша суреткерлікпен және Әуезовтей кісі жырлаған халық шын бақытты ғой.
Бержерон, француз жазушысы
«Мұқаң - әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрінде қатар және тең ұстаған адам.» Абайша айтқанда, «Қас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің үлгісі болатын.»
Зейнолла Қабдолов
Жүргізуші:Ақындар арнаулары Жазушыға талай ақындар жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған.Мысалы:Қасым Аманжолов «Мұхтар аға!», Сырбай Мәуленов «Мұқаңа», Расул Ғамзатов «Мұхтар аға», Әбдіраштың Жарасқаны «Тарих заңы», Мұхтар Шаханов «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?».
Бұл оқылған дүниелердің бәрі біз үшін құнды. Өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет еткен, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырған әлемге әйгілі жазушыны дәріптеу - біздің абыройлы міндетіміз деп танимыз.