3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет23/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47

Жарияланды 30.11.-0001 00:00
1916 жылы 29 тамызда Меркі жерінде Ақкөз Қосанов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете қалды. Меркі, Шу, Қарабалта, Сусамыр өңірінің жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығына қарсы көтеріліске қатысқан қазақтар мен қырғыздарды жазалаушы отрядтар аяусыз жаншыды, адам шошырлық қылмыстарға барды.(Бүгінгі оқырманға түсінікті болуы үшін мына жағдайды да айта кетейік: 1925 жылдың сәуір айына дейін алдымен патшалық, одан кейін советтік билік қазақтарды «киргиз», қырғыздарды «каракиргиз» деп атап келген. 1925 жылға дейін Қырғызстанның біраз болыстықтары Әулиеата уезіне қарасты болған. Авт ).

 


Осы көтеріліске қатысқан Тұрар Рысқұлов көтерілісшілерді аяусыз жазалағаны жөнінде біраз мәліметтерді жазған. Жазалаушы отрядтың бірін басқарған Бундиров деген прапорщик қолға түскен 150 көтерілісшіні Ново-Троицкіден (қазіргі Шу ауданының орталығы Төле би ауылы) Меркіге дейінгі аралықта жол бойы атып, өлтіріп келген. Тұрардың айтуынша, осы Бундиров 1918 жылы Ташкентте эсерлер партиясының құрамында советтер съезіне қатысқан. 1918 жылы 14 қазанда Тұрар Рысқұлов Түркістан Халық Комиссарлар Советінің Денсаулық сақтау халық комиссары болысымен, әлгі жендет қашып, тығылып, жоғалып кетеді. Ол басқарған отряд қазақтардан 4340 қой, 23 түйе, 225 сиырын тартып алған. Оны келімсектерге таратып берген және солдаттардың асханасына жіберген. Жазалаудың бұдан да басқа сойқан түрлері болған. Мәселен, Алматы облысының мемлекеттік архивінің 519-қорында Қордай ауданынан 1928 жылы тәркіленген байлар туралы құжаттардың бірінде көтеріліске қатысқан 72 адамды су толтырылған ұрада атқаны, екіқабат әйелдің қарнын жарып жібергені туралы дерек келтірілген. Сол сияқты осы Қордай ауданының аумағында Асан Тасболатұлы бастаған көтерілісшілерді де Пішпектен жеткен жазалаушылар отряды аяусыз қырып-жойғаны туралы әңгіме ел аузында. Асанды өлтірген жазалаушы отряд көтерілісшілерді Қызылсай деген жерде қырған. Сондықтан да көтерілісшілердің қаны судай аққан сай «қызыл» деп аталып кеткен. Бұл көтерілістен шет қалған көзі ашық азаматтар болмады. Мәселен, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің 6-қорының 1-ші ісінде халық ақыны Кенен Әзірбаевтың 1916 жылғы көтеріліске белсене қатысуы осы сөзімізді айғақтайды. Ол Қордай жерінде Әли батыр бастаған көтеріліске қатысқан. Ақын жалынды сөзімен, азаттықтан артық ешнәрсе жоқ екенін айтқан. Әли батыр бастаған 17 көтерілісшіні бір жерде, енді бірде №11 және №6 ауылдардан атылған 13 адамның арасында оның бауыры да болғандығы туралы архивте құжаттар сақталған. «Орыс келе жатыр!» деп қазақтардың балаларын қорқытуы – осы қырғыннан кейін қалған сөз!
Көтеріліс барысында және одан кейін Меркі өңірінде ұлт араздығы лаулап тұрды. Қазақ-қырғыз ауылдары келімсектер тарапынан, олардың селолары қазақ-қырғыз тарапынан шабуылға ұшырап жатты. Бір-бірін тонау, шаруашылықтарын өртеу белең алды. Шын мәнінде, бұрын-соңды бұл өлкеде мұндай дәрежеде ұлттардың бір-біріне деген өшпенділігі болған емес. Көтеріліске қатысқандарды атты, асты, соттады. Мал-мүлкін, жерін тартып алды.
Сол уақытта қалыптасқан жағдайды саралай келе, мынандай ойға амалсыз келесіз: 1917 жылғы Ақпан төңкерісі болмаған жағдайда халықтар арасында үлкен қақтығыстар болатыны анық еді. Қазақты сол кезде қырғыннан сақтап қалған Ақпан төңкерісі! Егер бұл төңкеріс болмағанда, қазақты жазалау жалғаса беретін еді. Түрмеге жабылған, іздестіруде жүрген көтерілісшілерге рақымшылық жасау көп жеңілдік болғанын жоққа шығаруға болмайды.

  Мұрағат құжаттарында 1916 жылғы 8 қазанда Меркі аймағындағы көтеріліске қатысқан 54 адам жазаланғаны айтылады. Олардың тең жартысы қазақтар, екінші жартысы қырғыздар болды. Қазақтың біртуар азаматы, осы көтеріліске белсене қатысқан Тұрар Рысқұлов Мәскеу қаласының партия мүшелерін тазалау жөніндегі комиссиясына жолдаған өмірбаянында ұлт-азаттық көтерілісінен кейінгі оқиғалар өте жақсы айтылған. 1917 жылға Ақпан төңкерісі кейінгі Уақытша өкімет жергілікті халыққа деген қысымын бұрынғыдан да күшейте түсті. Уақытша биліктің құрамына бұрынғы патша чиновниктері мен орыс кулактары енді. Олар әрбір қырғыз (қазақ) болыстығына көтеріліс кезінде келтірілген зиянға өтемақы төлеуді міндеттеді. Әрбір болыстыққа 400-500 мың рубль өтем төлеуді (контрибуция) міндеттеді. Қазақтарды Уақытша өкіметтің атынан жаншу осылайша жалғасқанын Тұрар Рысқұлов ашына жазды. Сондықтан да оларды қорғау мақсатында «мен айналама жігерлі жастарды топтастыра отырып, халықты контрибуция төлеу міндетінен құтқару бағытында жұмыс істедім. Сол үшін мені, – деп жазды өмірбаянында Тұрар Рысқұлов, – орыс кулактары бірнеше рет өлтіруге әрекеттенді. Алайда мен қашып құтылдым. Уақытша өкіметтің комитеті мені тұтқындауға да әрекеттенді. Алайда жергілікті халық пен солдат депутаттарының советіне арқа сүйеген мені олар тұтқындай алмады».



  1917 жылғы төңкерістер, шын мәнінде, тек қоғамға ғана емес, адамның санасына да ықпал етті. Буржуазиялық-демократиялық Ақпан төңкерісі Ресейдің боданындағы елдерді бұрын кигізілген темір ноқтадан босатпағанымен, Алаштың құрылуына, ұлт қамын ойлаған тұлғалардың қалыптасуына ықпал жасады. Сондықтан да қазақ интеллигенциясы бұл кезеңді әртүрлі қабылдады. Бірі жаңа құрылымды қолдаса, екіншісі оған қарсы шықты. Солардың бастамасымен Омскіде «Оқушы-студент жастардың демократиялық кеңесі», Ақмолада «Жас қазақ», Спаскіде «Жас жүрек», Петропавловскіде «Талап», Семейде «Жанар», Меркіде революциялық қазақ жастарының «Бұқара» одағы атты қазақ жастарының одақтары мен бірлестіктері құрылды. Солардың бірі әрі бірегейі Тұрар Рысқұлов құрған одақ болды. Олардың барлығы да алғаш алдарына мәдени-ағарту мәселелерін басты міндет етіп қойса, көп уақыт өтпей жатып таптық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешу бағытында күрес жолына түсті. Сәкен Сейфуллин мен Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Жас қазақ» пен «Бұқара» советтердің жетегінде кетсе, басқалары ұлтшыл-либерал интеллигенция лидерлеріне ілесті.

  Тұрар Рысқұлов большевиктердің ақылымен жастар одағын құру үшін Ташкенттен жедел түрде Меркіге келді. Меркідегі большевиктермен танысып, олармен қоян-қолтық араласты. Олар халықтың ауыртпалығын жеңілдету бағытында атқарылуға тиісті жұмыстар туралы ақыл-кеңестерін берді. Осының нәтижесінде Тұрар Рысқұлов Меркіде 1917 жылы наурыз айының соңғы күндері қазақ-қырғыз жастарының «Бұқара» деп аталатын революциялық одағын ұйымдастырды. Одақтың бағдарламасы мен жарғысы қабылданып, міндеттері айқындалды. Онда Уақытша өкімет жергілікті тұрғындарды қанауды одан әрі жалғастыра беруге жол берді. Ақ патшаның құйыршықтары – болыстар мен старшиналар, билер мен тілмаштар, уезд басшылары мен приставтар ірі байлармен біріге отырып халықты қанауға, қалай да болса пара алып, орыс кулактарының жергілікті халықты аяусыз қанауына мүмкіншілік жасады (Құжатта осылай жазылған. Авт.). Көкірегі қараңғы, сауатсыз халық айналасында қандай жағдай болып жатқанын білмей дал болды. Сондықтан да жергілікті халықты қанаудан, өлімнен сақтап қалу үшін «Бұқара» одағын құрғаны туралы қазақтың біртуар азаматы толғай баяндады. Одақтың алдына Уақытша өкіметтің жергілікті комитетімен және орыс кулактарымен күресте жұмысшы-солдаттарымен бірлесе отырып жүргізуді басты міндет етіп қойды. Барлық ауылдарда жандайшаптарға, атқамінерлерге қарсы күресті күшейтіп, еңбекші халықтың белсенділігін арттыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді. Бұл істе қазақ жастарын алдыңғы лекте болуға шақырды. Әсіресе, одақтың қаржысына газеттер жаздырып алып, оларды халық арасында тарату, насихаттау жұмысы міндеттелді. Елді мекендер мен орталық базарларда оқу залдары мен кітапханалар ашу қажеттілігі айқындалды. Әр базар жұмысы аяқталғаннан кейін митингілер мен жиналыстар өткізіп, қазақ халқының алдында тұрған міндеттерді айту мен түсіндіру аса маңызды екенін атап көрсетті. Саяси жағдайларды түсіндіре отырып, ашаршылыққа қарсы күресті ұйымшылдықпен жүргізу керек екендігі де айтылған.

  «Бұқара» одағы, шын мәнінде, 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Меркі өңіріндегі негізгі саяси күшке айналды. Бұл қазақ жеріндегі жастардың ең алғашқы революциялық саяси одағы болатын. Бұл одақ көтерілген биікке басқалар көтеріле алмады. Одақ көп ұлттылығымен және білімділігімен ерекшеленді. Олардың арасында бай-манаптардың өкілдері де болды. Тап осы жерде Тұрар Рысқұловтың интернационалдық көзқарасы қалыптасқанын ерекше қанағат сезіммен айту қажет. Егер осы одақ құрылмағанда, Меркідегі тыныштықты орнату мүмкін емес еді. Бұған дейін ұлтаралық араздық күннен-күнге өрши түскен болатын. Сондықтан да халықтың басына қара бұлтты үйірілтпей, ашаршылықтың ауыртпалығын жеңілдету үшін жалындаған жас Тұрар айналасына қазақ-қырғыз жастарымен бірге өзге ұлт өкілдерін де топтастыра білді. Бұл одақ Тұрар Рысқұловтың ғана емес, оған мүше болған барша жастардың шыңдалу мектебі болды.

  Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының 1111-қорында Үсіп (Шәу) Сатыбалдиновтің төрт парақтық естелігіндегі, Меркі ауданының Құрметті азаматы, өлкетанушы Нұрғали Омаралиевтің, тарихшы-ғалым, тұрартанушы Ордалы Қоңыратбаевтың архив құжаттары негізінде осы одаққа мүше болған жастар туралы жинаған деректерінде олардың біразының аты аталады. Біз де іздестірдік, зерттедік, сараладық, соның нәтижесінде анықтадық. Анықталған одаққа мүше болғандар: Қабылбек Сарымолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Тороқұл Жанұзақов, Иван Андреев, Кенебай Бармақов, Ысқақ Әсімов, Әшімжан және Үсіпәлі Нұршановтар, Қалыш Қожабергенов, Әбдіразақ Каденов, Сәдуақас Жамансартов, Жақаш Мамыров, Рахманқұл Орынтаев, Әбен Әсілов, Үсіп Сатыбалдинов, Тұрдалы Тоқбаев, Сыдық Абланов, Жүзбай Мыңбаев,


Каталог: kaz -> images
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!
images -> Сабақты жоспарлау Сабақ жоспарының мазмұны Сабақ жоспарына қойылатын талаптар Ағылшын тілі сабағының құрылымы
images -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2/11. 41 тобының «Педагогика»
images -> №і-б (жоо) жылдық статистикалық есеп кімге жіберіледі: Алушының мекен- жайы: Жіберушінің мекен-жайы
images -> Бюллетень 2016 ж. (шілде-желтоқсан) Ақпараттық бюллетень
images -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
images -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет