3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет24/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Қарымбай Қошмамбетов, Әлімқұл Жұмағұлов, Қожомұрат Сарықұлов және тағы басқалар. Кейбір тұлғалардың есімдері әртүрлі жазылғандығын да айта кету орынды. Мәселен, Нұрғали ақсақал өз деректерінде ағайынды Нұршановтың есімдерін Нүсібәлі, Әшімәлі, Сатыбалдиновтің есімін «Шәу» деп жазады. Мұндай деректер Ордалының материалдарында да кездеседі. Ал облыстық мемлекеттік архивтің 10-қорында сақтаулы, олардың өздері толтырған анкетада «Юсип-Али», «Ашимжан» деп жазған. 1937 жылы атылған азаматтардың қаралы тізімінде де «Юсуп-Али Нұршанов», Сатыбалдиновтің өзі жазған өмірбаянында «Юсуп» деп жазылған.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында осы азаматтар туралы үзік-үзік материалдар жарияланған. Алайда олардың кім екендігі жөнінде толыққанды нақты деректер бүгінгі күнге дейін топтастырылған емес. Сондықтан да біз бүгінгі мақаламызда «Бұқара» одағының құрылғанына 100 жыл толуына орай одақ мүшелері туралы деректерді ортаға салуды жөн санадық. Осы одақтың мүшелері, алдымен, Әулиеата, Меркі, Құлан, Шу, Қордай, Шалдавар, Сусамыр, Қарабалта өңірлерінде ұлт араздығын тудырмау бағытында және халықты аштықтан сақтап қалуда аянбай еңбек етті. Олар байлар мен кулактарға қаймықпай барып, ашаршылыққа ұшырап жатқан жергілікті халыққа азық-түлік, қаржы жинады. Бұдан кейін бұл үрдіс Әулиеата жерінде жанданды. Сондықтан да 1918 жылдың сәуір айында Тұрар Рысқұлов Әулиеата уездік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Аз уақыт өткеннен кейін ол осы комитетті басқарды. Осы жылдың қыркүйек айында Ташкентке қызметке шақырылуына, тіпті, кейінірек Мәскеуде бүкіл елдің ұлт саясатымен түбегейлі айналысуына Т.Рысқұловтың Меркі мен Әулиеата жерінде ұлт араздығын тудырмау және ашаршылықтың ауыртпалығын жеңілдету бағытында атқарған жұмыстары ерекше назарға алынғаны анық. Қазақтың біртуар азаматы жанындағы сенімді серіктерімен бірге Әулиеатада, одан кейін бүкіл Түркістан өлкесінде тұрғылықты халықты жазалаудан, аштықтан аман алып қалу үшін шаршамай-шалдықпай, биліктен қаймықпай, бел шешпей еңбек етті. Оған мұрағаттарда сақтаулы сарғайған тарихи құжаттардағы деректер мен дәйектер куә.

  1917 жылы наурыз айында құрылған жастардың «Бұқара» революциялық одағының мүшелерінің басым көпшілігі 1937-1938 жылдары саяси қуғын-сүргіннің кезінде атылды, сотталды, жер аударылды. Олардың барлығына «ұлтшыл-фашист Тұрар Рысқұловтың құйыршықтары» деген айып тағылды. Бір қуаныштысы, олардың барлығы кейін ақталып, еңбектеріне қарай құрмет көрсетілді. Бізді әр кез олар кімдер еді, қандай қызметтер атқарды, халқына еңбегі сіңді ме деген сауалдар толғандырды. Сондықтан да мұрағат құжаттарын парақтап, интернет желілерін қарап, бұқаралық ақпарат құралдарын ақтарып, зерделеудің нәтижесінде одаққа мүше болған бірнеше азаматтың өмірлері мен еңбектері туралы деректерді таптық.

  Тұрардың сенімді серіктерінің әрқайсысы – жазылмаған дастан, кітап, тағдыр, толғауы тоқсан тіршілік... Бұлардың барлығы да әділетті, ұлттар теңдігін ұрандап келген жаңа биліктен халқының болашақ бақытын көргендей болған. Сол үшін Әулиеата өңірінде ғана емес, республикада, бауырлас қырғыз елінде жаңа биліктің орнауына белсене араласты. Олар әділдік пен теңдіктің күні туа қалғанда еңбек ететін халықтың өмірлік белсенділігін қалыптастыруға, өңірдің экономикасы мен мәдениетін көтеруге белсене ақылы мен еңбегін жұмсады. Олар бай мен кулакты жағалап, тілмаш немесе көркем жазушы қызметтерін атқаруға ұмтылмады. Көзі қарықты, қара танитындығын, орыс тілін жетік меңгергенін пайдаланып, пара алмады, халықты бір-біріне айдап салмады, дүние жинап, бай болуды мақсат етпеді. Олар рухы мықты елдің азып-тозбайтындығын білді, сол үшін халықтың рухын көтеру бағытында талмай, қажымай еңбек етті. 1917-18 жылдары жастар одағының мүшелері Әулиеата өңірінің халық көп жиналған жерлерінде саңқылдап, бар дауысымен сөйлеп, қалыптасқан жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, саяси жаңалықтардан хабардар етумен бірге елдің ерік-жігерін қайрай білді.



  Меркіде ұйымдастырылған «Бұқара» одағының өзегі мықты болғанын, оның мүшелерінің көп іс-әрекетінен байқауға болады. Солардың бірін ғана айтайық. Одақ мүшелері өсе келе ауданды, қаланы, облысты, халық шаруашылығының жекелеген салаларын басқарды. Бүгінгі министрдің деңгейіндегі билік – Халық қомиссары болды. Бұл аз десеңіз, мемлекетті басқарды. Одақты ұйымдастырған Тұрар Рысқұлов Түркістан Республикасын басқарса, оның кластасы Тороқұл Жанұзақов оның орынбасары болды. Тороқұл жасындай жарқырап биік шыңдарға көтеріліп келе жатқанда мерт болмағанда, оның шығар биігі әлі алда еді. Ал Тұрар Рысқұлов бүкіл Совет елі Үкіметі басшысының орынбасары болды. Екеуі де халқының болашағы үшін сіңірген еңбегіне орай екі елдің біртуар азаматына, асыл ұлдарына, ұлы тұлғаларына айналды. Егер саяси қуғын-сүргін болмағанда, олар халқына қызмет көрсетудің биігіне шығары анық еді.

  Олардың барлығы да халқының жарқын болашағы үшін өмір сүрді, азапты күндер мен түндерді өткізді, тағдырдың ауыр тауқыметін көрді, тіпті, жандарын да берді. Олардың басына түскен ауыртпалықты отбасы мен ағайын-туыстары да көтерді, азап көрді, жазықсыз жазаланды. Қайран заман-ай...

  Бүгінгі ұрпақ олардың кешегі аумалы-төкпелі заманда «совет билігінің шоқпарын соқты» деп кінәламай, «ұлтшыл-фашист Тұрар Рысқұловтың құйыршықтары» деп айып тағылғанын еске алып, олардың халықтың рухын, саяси, өмірлік белсенділігін көтергенін ұмытпай, құрметтеуі керек. Осыны жадымыздан шығармайықшы!

 
Мақұлбек РЫСДӘУЛЕТ, 
публицист-мұрағаттанушы.

 

http://z-taraz.kz/index.php/kz/2014-04-15-15-47-57/5495-golos-i-sovest-epokhi




Каталог: kaz -> images
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!
images -> Сабақты жоспарлау Сабақ жоспарының мазмұны Сабақ жоспарына қойылатын талаптар Ағылшын тілі сабағының құрылымы
images -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2/11. 41 тобының «Педагогика»
images -> №і-б (жоо) жылдық статистикалық есеп кімге жіберіледі: Алушының мекен- жайы: Жіберушінің мекен-жайы
images -> Бюллетень 2016 ж. (шілде-желтоқсан) Ақпараттық бюллетень
images -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
images -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет