3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет25/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Шерхан Муртаза.

Кызыл жебе. Екінші кітап: Қызыл жебе. - II кітап
Кітапханаға қайту

Қызыл жебе. II кітап -> 
Апторы: Шерхан Мұртаза роман
Қызыл жебе. II кітап- Көрілім: (574)
: - ءتۇسىرۋ

Қойларға су беріңдер, ұмытып кетпендер! – деп ескертті. Мал қорадан еш уақытта қой баласы үзілмейді. Сәбден оларды қолдан жемдеп, бордақылап, қауын сойғандай шетінен бір-бірлеп жеп отырады.

Шандақ көшеге шыққанда Сәбден қапшығын арқалап алып, Тұрардан қалмай құлдыраңдап келе жатты. Тұрармен қатар жүруінде де есеп бар: қисық-кисық көшенің домбаздап соққан дуалдарының ар жағынан махалла тұрғындары мойындарын қылқыңдатып созып-созып қарайды.

– Оһо, Сәбден ақаны қараңдар, Кеңестердің бастығымен бірге келе жатыр!

– Тұра тұр бәлем, Кеңеспен бірте мойны астына қайырылып түсер. Сонда Сәбден қайтер екен...

– Кеңес деген не өзі?

– Ойбай большевиктер ғой. Мал-мүлкіңді тартып алып, екі қолыңды төбеңе қойып, қоңыз тергізіп қаңғыртып жібереді әлі. Әне, ана Сәбденнің қасындағы большевик өткен жұма базарда дүйім халықтың алдында сөз сөйлеп, байларды, саудагерлерді көнпіскелеп, дүниелерін кедейлерге таратып беру керек депті. Уақытша үкіметтің бастығын балағаттап, әбден жер-жебіріне жетіпті. Өзі жанып тұрған шешен дейді.

– Е, онда алдымен Сәбденнің малын, мүлкін неге алмайды? Содан бастасын, одан кейін көре жатармыз.

– Ой, қызық екенсің, Сәбден бойжеткен қызын сол большевикке бермекші дейді. Ал қайтесің? Үйіне неге кіргізіп алды дейсің? Бұл Сәбден мен Әбденнен амал артылған ба?

– Өлә, онда қалай: большевик күшік күйеу болғаны ма?

– Е, оларға бәрібір емес пе, әйтеуір шүберек бас табылса, қайын атасының қолында да тұра береді.

Өзбек, қазақ, орыс, татары аралас қисық-қыңыр көшенің тоғышарларына осылайша жаңа бір өсектің өзегі табылды. Көбінесе ұсақ сауда-саттықпен күнелтетін бұл қауымға әсіресе «Шуро-и-Исламияның» ықпалы күшті. «Шуро-и-Исламия» большевиктерді қарапайым халыққа құқай етіп көрсетуге ұста.



Сәбден әрнені айтып, құлдыраңдап, Тұрардың о жағына бір, бұ жағына бір шыға берді. Тұрар шыдай алмай:

Сәке, жүріп келе жатқан көшең қисық болса да, жүрісің түзу болсын. Әне, бүкіл махалла бізге қарап тұр. Түзу жүріңіз, – деп тастады.

Қаланың қотырын жасырып тұрған жасыл жапырақтар сары ала тартып шаршаған көбелектей қалбаңдап барып, жерге бір-бірлеп құлап түсіп жатыр. Тұрардың әлгіде ғана жалтырата тазалап шыққан қара туфлиін демде тозаң тұтып қалды. Әулие-Ата жарықтықтың шаңы биыл ерекше. Оны тазартуға ұлы нөсер керек-ақ...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет