3. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстың түрі мен формалары Сағат саны: Тақырыптың негізгі сұрақтары



Дата26.04.2020
өлшемі16,05 Kb.
#64802
Байланысты:
Менеджмент апта Асқаров


13. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстың түрі мен формалары

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстың түрі мен формасы

2.Қазіргі мектеп жағдайындағы қақтығыстың басымдылығының себебі мен сипаты

3. Педагогикалық ұжымдағы қақтығысты басқарудың ерекшеліктері: болжау, ескерту, шешу жолдары

4.Қазіргі мектептегі қақтығыс басқарудың қиындықтары.

Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин – конфликт қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.

Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұмытпаған жөн.

Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып, қақтығыс мынадай түрлерін атауға болады: тұлға аралық қақтығыстар, отбасындағы қақтығыстар, басшы-бағынушылар арасындағы қақтығыстар, әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т.б.

Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты педагогикалық еңбек, қызметтегі қақтығыстар, инновациялық қақтығыстарды өз алдына бөліп жеке қарастыруға да болады.

Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз.



Психолог-ғалымдар тұлға аралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:

  • «Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың қақтығысуы, тартысы» (А. Лурия);

  • «Тұлғаның терең және өзекті себеп (мотив) және қатынастардан қанағаттанбау нәтижесі» (В. Мерлин);

  • «Санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоқтығысуы» (Ф. Василюк және т.б.);

Сонымен, қорыта айтқанда, қақтығыс дегеніміз – «Адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі» (А. Я. Анцунов, С. Б. Баклановский «Конфликтология» Питер, 2007, 127 бет)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет