3 сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту



бет1/7
Дата03.02.2023
өлшемі77,23 Kb.
#167358
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КТП МАТЕМ ДҰРЫС 4 сынып-1



Түсінік хат
«Математика» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (6-қосымша) «Математика» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту арқылы математикалық білім негіздерін қалыптастыру.
Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәнінің келесі міндеттері іске асырылады:
1) логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
2) оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
3) сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
4) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; 5) тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту;
6) түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
7) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
8) ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.
«Математика» пәнін оқытудың биылғы ерекшеліктері «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
4-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 180 сағатты құрайды.
«Математика» пәнін оқытуда мұғалім төмендегі жұмыс түрлерін ұйымдастырады:
1) оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету;
2) ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;
3) математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды жасау);
4) өздігінен жоспар мен графиктер құру.
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Математика» оқу пәнінен өткізілетін бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

4 сынып

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Әр тоқсанда

3

3

3

3

1





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет