3 сынып Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған
№4 ТЖБ тапсырмалары
Оқылым. 1. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында [5]
Атасы мен немересі орман ішімен келе жатты. Күн ыстық болатын. Олар мөлдір бұлақтың басына келіп тоқтады. Бұлақтан су ішіп, шөлдерін басты.
Рақмет саған, мөлдір бұлақ, - деді атасы.
Бұлаққа несіне рақмет айтасыз? Ол сіздің сөзіңізді естімейді, түсінбейді де ғой, - деді немересі күліп.
Иә, солай,- деді атасы. - Егер бұлақтан жануарлар су ішсе, олар алғыс айтпас еді. Ал біз - адамбыз. Сен адамдардың не үшін «рақмет» айтатынын білесің бе? - деді жай ғана.
Немересі ойланып қалды.
1. Атаның сұрағына сен қалай жауап берер едің? Адамдар не үшін «рақмет» айтады?
2. Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастырып жаз және жауабын жаз.
3. Мәтінге ат қой.
Мәтіннің негізгі ойын анықта .
Достарыңызбен бөлісу: |