Дихан Әбілев туған тілін қаншалықты жақсы көретінін көріп тұрмыз.Туған тілім – баба, ана, дала, адам тілі дейді. Сендер де осылай айта аласыңдар ма? Неге?
Табиғатта құстардың да, жануарлардың да өз тілдері бар. Сол сияқты адамның да туған тілі бар.
Сарапшы:
Ақын егер тілім жоқ болып кетсе, жүрегімді суырып алыңдар деген. Сонда тілдің адам үшін қаншалықты маңызды екенін айтқысы келіп тұрғаны ғой.
Мұғалім:
Сендер қалай ойлайсыңдар Әблілевтің «туған тілде сыры терең жаным бар» дегені, не айтқысы келгені? (Адам өзінің жүрегіндегі терең жатқан сырын, сезімін тек қана туған тілі арқылы жеткізе алатындығын айтып тұр)
Сарапшылар бізді бүгін екі тамаша өлеңмен таныстырды, енді талқылауға кірісейік. Бұл екі өлеңнің негізгі ойлары ұқсас па?
Екі өлеңнің айырмашылығы неде? ( «Үш бақытым» өлеңінде Халқы, Отаны, Тілі туралы айтса, «Туған тілім» өлеңінде ақын барлық тіршілік иесінің өз тілі бар екендігін айтады)
Балалар, сендер қазақ тілінде сөйлескенде сүйсініп, әр сөздеріңді жақсы көріп сөйлейсіңдер ме? Жоқ әлде осы сезімдер өзге тілдерде сөйлескенде ғана пайда бола ма?
Оқушы:
Өз тілімде сөйлескенді ұнатамын.
Мұғалім:
Балалар, сендер үшін бұл өмірде не артық? Алтын ба, тіл ме? Неге? (Мысалы, біреу келіп сендерге «бір уыс алтын берем, бірақ өз туған тіліңді ұмыт» десе, сен не істер едің?)
М.Мақатаевтың өлеңі неге «Үш бақытым» деп аталған?
Сендер туған тілдеріңді немен салыстыра алар едіңдер?
Кімге қай өлеңнің қай жолы ұнады? Оқып беріңдерші. (2-3 оқушы)
Ал сендердің болашақ балаларың тек өзге тілде ғана сөйлескенді елестете аласыңдар ма? Ол дегеніміз – қазақтың халық ретінде жойылуы емес пе.
Ондай жағдайды болдырмау үшін біздің әрқайсымыз не істей аламыз?
Балалар, біз бүгін Мұқағали Мақатаев туралы үлкен презентация көрдік. Сендерге Мұқағали кім десе, сендер қалай жауап берер едіңдер? (Мен былай дер едім: Мұқағали-ақын, патриот, жазушы, аудармашы)
Мұғалім:
Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді эссе (қысқаша шығарма) арқылы жазып беріңдерші. (1-2 мин)
Кім оқып береді?
Сонымен, бүгінгі сабақтан түйгеніміз: өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілінде сөйлеп, оны келесі ұрпаққа таза күйінде қалтыру. Тіл – адамның бақыты екенін естен шығармай жүруге тырысайық.
Сабаққа белсенді қатысқан барлық оқушылар өте жақсы деген баға алады. Барлықтарыңызға рақмет!