Ситуациалық есеп № 5
20 жасар студент клиникаға келесі шағымдармен түсті: басының ауыруы, айналуы, шулауы, әсіресе физикалық күштен соң, жүрек аймағының мезгіл-мезгіл ауыруы, жүрек қағуы, аяқтарындағы әлсіздік.
Анамнезінде: бала шағында дәрігерлер туа біткен ақаудан күдіктенген, себебі жүрегінде шу естілген. 17 жасынан бастап басы ауырып, айналып, басында, жүрегінде тамыр соғысын сезу мазалайды. Гипертониялық ауру қойылып‚ АҚ 170/100-180/100‚ гипотензиялық дәрмектермен емдеген, нәтиже болмаған. Кейін келе аяқтарында әлсіздік пайда болып, жүргенде
күшейетін болған.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Буындары өзгермеген, иық белдеуі мен қолдарының бұлшықеттері жақсы дамыған. Ұйқы артерияларының пульсациясы көрінеді. Өкпесінде патологиялық өзгеріс жоқ. ІІ-ІІІ қ/а сол жағынан систолалық діріл сезіледі. Жүректің сол шегі бұғана орта сызығынан 4 см-ге ығысқан. ІІ-ІІІ қ/а дөрекі систолалық шу естіледі, шу жауырын аралығына, жүрек ұшында, мойын тамырларына тарайды. Пульс кернеуі мен толуы жоғары, ырғақты, минутына 72 рет. АҚ 180/120 мм сын.бағ.
Синдромдарды анықтаңыз
Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
Қандай ауру деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |