3. Түрік қағанатының Қазақстан аумағындағы этногенезге әсерін көрсетіңіз


Қазақстандағы индустрияландырудың себептері, негізгі кезеңдері



бет8/15
Дата20.11.2023
өлшемі37,44 Kb.
#192357
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖАУАПТАРЫ

17. Қазақстандағы индустрияландырудың себептері, негізгі кезеңдері
1925 жылы желтоқсанда ВКП(б)-ның 14-съезі елді индустрияландыру бағытын жариялады. Съезде КСРО-ның машина жасауда, станок жасауда, металлургияда, химия және қорғаныс өнеркәсібінде экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін өнеркәсіптің өзіндік жүйесін құру қажет екендігі айтылды. Қазақстандағы индустрияландыру жылдарында ең көп еңбекті қажет еткені Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы болды. Жолдың құрылысы 1927 жылы басталған. Бірінші бесжылдық (1928–1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып, жаңалары салынды. Пайдалы қазбалар кен орындары Қазақстанның ауыр өнеркәсібінің дамуының негізі болды. Екінші бесжылдық (1933-1937) жылдарында Қазақстанның өнеркәсібі қарқынды дамыды. Қазақстан металлургия бойынша КСРО-да екінші орынға шықты. Сондай-ақ Қазақстан көмір өндіруден Одақ бойынша үшінші орынға, қорғасын өндіруден бірінші орынға шықты. Химия өнеркәсібі қарқынды дамыды. Урбанизация республиканың барлық дерлік аймақтарын қамтыды. Өнеркәсіптік құрылыс қарқынының өсуі жұмыс күші тапшылығына әкелді. 1940 жылы Қазақстан экономикасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 41,1%, ал өнеркәсіптікі 58,9% болды. Республика аграрлы-индустриалды елге айналды. Қазақстан КСРО-ның негізгі дамып келе жатқан өнеркәсіптік аймағына айналды

18. Қазақстандағы күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастырудың себептері, негізгі кезеңдері
1927 жылы желтоқсанда ұжымдастыру съезі деп аталатын ВКП (б) 15 съезі болды. Оның шешімдеріне сәйкес, аз уақыттың ішінде 1932 жылдың көктеміне қарай еліміздің ауыл шаруашылығы жеке тұлғадан колхоз-колхозға айналуы тиіс еді. Ұжымдастыру жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерін ескермей, зорлық-зомбылық әдістерімен, жеделдетілген қарқынмен жүргізілді. Оның жедел қарқын алуының басты себебі, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдеріне төмен баға белгілеу арқылы ауылдан өнеркәсіпке қаржы аудара алмауында болды. Қазақстанда күштеп ұжымдастыру барысында 372 жаппай толқулар мен көтерілістер болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет