30. Ядролық бөлшектердің затпен әсерлесуі. Зарядталған бөлшектердің ортамен әсерлесуі, Энергияның шығыны


Яролық сәулелердің дозиметриясы және қорғану



бет4/4
Дата23.12.2021
өлшемі61,05 Kb.
#127946
1   2   3   4
Байланысты:
31-34

32.Яролық сәулелердің дозиметриясы және қорғану.

Дозиметрия - бұл иондаушы сәулеленуді, радиацияның затпен әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шамаларды, сондай-ақ осы шамаларды анықтау принциптері мен әдістерін қарастыратын қолданбалы ядролық физика бөлімі

Затқа әсер ететін радиацианы сипаттау үшін сипаттау үшін – сіңірілген доза деген шама қолданылады. Сіңірілген доза  —  затқа берілген иондаушы сәулелену энергиясының шамасы. ​           - элементарлық көлемдегі затқа иондаушы сәулелену арқылы берілген орташа энергия;​

dm – осы көлемдегі заттың массасы.



Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірліктерде сіңірілген доза килограммға бөлінген джоульмен (Дж/кг-1) өлшенеді және Грей деген (бұдан әрі – Гp, халықаралық -Gy) арнайы атауы бар. Бұрын қолданылған жүйеден тыс рад  (rad – radiation absorbent dose) бірлігі 0,01 Гр тең;​ Сіңірілген доза радиацияның өзін сипаттамайды, оның қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін сипаттайды. Мысалы, әр түрлі ортадағы бірдей берілген радиация сіңірілетін дозанының әр түрлі мәнін көрсетеді. Сондықтан, сіңірілген доза туралы айтқанда, ол қай ортада пайда болғанын көрсету керек: ауада, суда немесе жұмсақ биологиялық тіндерде.​ Сәулеленудің әртүрі (альфа, бета, гамма) объектіге өзіндік биологиялық әсері мен зақымдау қабілетіне ие. Себебі, шамасы мен әсер ету уақыты бірдей болған жағдайда, объектіде сіңірілген энергияның таралу сипаты әр түрлі болады, яғни, радиоактивті заттың бөлшегі объектімен әрекеттесу ңәтижесінде қанша ион пайда болса, соғұрлым биологиялық эффект соғұрлым жоғары болады. Осы айырмашылықтарды ескеретін және сәулеленудің биологиялық әсерінің көрінісі болып табылатын ұғым ол – эквивалентті доза. Эквивалентті доза (бұдан әрі – HT,R ) – сәулеленудің осы түрі үшін тиісті өлшеу коэффициентіне көбейтілген ағзадағы немесе тіндегі сіңірілген доза, WR: Халықаралық бірліктер жүйесінде  эквивалентті дозаны өлшеу бірлігі – Зиверт (Зв, Sv). Бұл радиацияның организмге әсерін зерттеген швед физигі Рольф Максимилиан Зиверттің есімімен аталады. ​

1979 жылы енгізілмес бұрын, эквивалентті дозанының өлшем бірлігі ретінде -  бэр (терминінің аббревиатурасы «биологический эквивалент рентгена»)  қолданылған. ​

1 Зв = 1 Дж / кг. ​

1 бэр = 0,01 Зв.​



Сәулеленудің тиімді дозасы - техногендік сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар үшін немесе олардың әсер ету аймағында (кәсіби қызметке немесе өмірге байланысты) белгіленген иондық сәулеленуді гигиеналық реттеуде қолданылатын негізгі шама.

Тиімді доза (бұдан әрі – Е) – олардың радио сезімталдықты ескере отырып, адамның бүкіл денесінің және оның жекелеген ағзалары мен тіндерінің сәулеленуінің кейінгі салдарларының пайда болу тәуекелінің өлшемі ретінде қолданылатын шама. Ол осы ағзалар мен тіндердегі эквивалентті дозаның тиісті өлшенетін коэффициенттерге қосындысын білдіреді:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет