34 орта мектебі Смайлова Ақкенже Жылқыбайқызы бастауыш класс мұғалімі



Дата25.12.2016
өлшемі47,28 Kb.
#4825
34 орта мектебі

Смайлова Ақкенже Жылқыбайқызы

бастауыш класс мұғалімі
Пәні:дүниетану

Тақырыбы:Отбасы берекесі Сабақтың мақсаты:Оқушыларға отбасының шағын қоғам екендігі жайлы әңгімелеп түсіндіру,тақырып бойынша білімдерін тереңдету. Сабақтың міндеттері:а)білімділік:Қазақтың әдеп-ғұрыпын оқушылардың бойына сіңіру. ә)дамытушылық:Адамның отбасындағы алатын орны туралы түсінік беру. б)тәрбиелігі:Эстетикалық таным қабілеттерін жетілдіру. Ата-аналарын құртеттеуге,сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:пікірталас . Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ жауап,көрнекілік,ойын. Сабақтың көрнекілігі:оқулық,слайдтар,дидактикалық материалдар . Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі.



Психологиялық дайындық
Әкем,анам-қамқорым,

Көздерінің нұры-біз.

Ағатайым екеуіміз,

Өмірінің гүліміз

Біздің үйде бәрінің

Міндеті бар атқарар.

Татулық пен сый-құрмет

Осындайдан басталар.

Үй жұмысы.

Үйге берілген тапсырма ауызша орындалады.(4 оқушыдан ауызша сұралады)

Үй жұмысын бекіту.

Тест жұмысы.Өзін-өзі бағалау әдісі арқылы орындалады. (Тақтадан жауабы көрсетіледі)

1.Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?

а)Жануарлардың мінез-құлқы

ә)Жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы жер

б)Жануарлардың сыртқы түр-келбеті

2.Ұлудың денесінде «үккіш» деп нені атайды?

а)Бақалшақ

ә)Мүйізі

б)Тістері мен тілі

3.Төмендегі өрмекшітәрізділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіп төндіреді?

а)Өрмекші

ә)Бүйі мен қарақұрт

б)Қанқыз


4.Жауынқұрт табиғат пен адам өмірінде қандай рөл атқарады?

а)Топырықты ылғалдандырады

ә)Өсімдіктерге зиян келтіретін зиянкес жәндіктерді құртады

б)Топырақты қопсытып,оны оттегімен байытады

5.Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың аты.

а)Қара кітап

ә)Жасыл кітап

б)Қызыл кітап

6.Жануарларды қорғау мақсатында құрылған аумақтар қалай аталады?

а)Қорғау орындары

ә)Қорықтар

б)Бақтар


7.Аталғандардың қайсысы көпжылдық өсімдіктер тобына жатады?

а)Орамжапырақ,бұршақ ә)Емен,қарағай б)Құлпынай


Жаңа сабақ

-Оқушылар тақтаға назар аударайық.Осы туыс атауларын қалай атаймыз. О: Отбасы

Әке

Әже Ана


Ата


Отбасы

Аға

Апа

Сіңілі


Іні Қарындас
Ендеше оқушылар,бүгінгі біздің жаңа сабағымыз Отбасының берекесі деп аталады.

Пікірталас:

-Отбасы дегеніміз не?(Отбасы-бұл бірге тұратын бір-біріне жақын адамдар) 1-слайд

2-слайд:Отбасының да басшысы бар.

Кімнің отбасында кім басшы?Неліктен?Себебі неде? (Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады.Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп,бастарын біріктіреді.)

3-слайд:Отбасының әрбір мүшесінің белгілі міндеттері болуы керек.Мысалы,қандай?

4-слайд:Отбасы табысы да барлығына ортақ.

-Отбасы қоры неге керек?

-Бұл қор қайдан жиналады?(жұмыс істеп,табыс табу арқылы отбасы қоры жиналады) Әрбір отбасының қажетін қанағаттандыру оның табысына байланысты.


Туған туысқандармен қарым-қатынас жасау.
Сурет Ауырып сырқағанда көмектесу

Қонаққа бару

Қуанышпен бөлісу
Тойға бару қонаққа шақыру
Оқулықпен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.Тиісті азатжолдан кейін сұрақтар қойылады. (Сұрақтар мәтінде берілген.)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы,ана,әке және бала мемлекеттің қорғауында болады»деп көрсетілген.

Сөздік жұмыс.

Дәстүр-ата-бабамыздан қалған асыл мұра.

Негештің сұрағы:Отбасында бірін-бірі құрметтеу,жақсы көру не үшін керек?

Дәптермен жұмыс.

1.Балалар отбасындағы адамдарды атап,жазып шығады.

2.Өз ата-аналарына шағын сипаттама береді.


Тапсырмалар:
1-қатар:Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталады?

2-қатар :Қарға баласын «аппағым»дейді,

Кірпі баласын «жұмсағым»дейді.

3-қатар:Отбасы татту-тәтті болуы үшін өзіңді қалай ұстауың керек?


С уретке қарап,әңгіме құрастыру. «Кешкілікте отбасымен бірге»тақырыпта әңгіме.

Сабақты бекіту.

Мақал-мәтелді жалғастыр.

1.Әкені көріпұл өсер,(ананы көріп қыз өсер)

2.Ата көрген оқ жонар,(ана көрген тон пішер)

3.Балапан ұяда не көрсе,(ұшқанда соны іледі)

4.Ата-асқар тау,(ана –бауырындағы бұлақ,бала-жағасындағы құрақ)



5.Ағайынның алтын сарайынан,(ананың жыртық лашығы артық)

Бағалау

Үйге тапсырма:Оқулықтағы мәтінді оқу. «Менің отбасым-менің мақтанышым»тақырыбында өз пікірлерін қорғау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет