Жұмыстың мақсаты. Киіктердің Қазақстандық попульяциясының қазiргi таралу аймағын және олардың мүмкін санын анықтау, баға беру. Бүгінгі таңда киіктер негізiнен он әкiмшілiк облыстың: Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және iшiнара Ақмола мен Алматы облыстарының шөл және шөлейттi аймақтарын қамтиды. Түрдің таралу аймағына сондай-ақ Өзбекстанның (Қарақалпақстан), аздау мөлшерде (жекелеген жылдары) Түркменстан мен Ресейдің көршілес облыстары енедi.
Мақсатқа жету үшін Қазақстан аумағындағы киіктердің Торғай, Бетпақдала, Орал (Жайық) популяциясы мен олардың таралу ареалына шолу жасалынды. Сонымен қатар киіктердің табиғаттағы санын реттеу мақсатындағы жұмыстарға талдау жасалынды.