35 Тақырып: "Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары. Оқу мақсаты



бет3/3
Дата25.01.2022
өлшемі247,5 Kb.
#114386
1   2   3
Байланысты:
35зар-заман окілдері тақырып

«Зар заман» – ХІХ ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталып, патша үкіметі бұрынғы ел басқару тәртібін жойып, 1867–1868 жылдары қазақтарды басқару жөніндегі ереже бойынша жаңа тәртіп орнатқан кезде туған ағым.

Этноаумақ – бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы этникалық қауымдастық тұратын аумақ.
Мұрат Мөңкеұлы (1843–1906) – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, айтыскер ақын, жырау.
Шортанбай Қанайұлы (1819–1881) – ақын. ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ халқының тарихындағы ірі тұлғалардың бірі.

Мәтінмен жұмыс.
INSERT кестесі арқылы «Зар заман» ағымы өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастарына тұжырымдама жасаңдар.



Шығармашылық тапсырма. «Зар заман» өкілдері бірінің шығармашылығы жайлы эссе жазыңдар.
Мұрат Мөңкеұлы
«ҮШ ҚИЯН»

Замана қайтіп түзелсін:


Қоңсыдан туған би болды,
Бұ сықылды күй болды,
Көрген жұртқа таң болды.
Азамат ердің баласы
Айдарына малы жоқ,
Топ көрерге зар болды.
Қара кісі хан болды,
Қоспақтан туған қортықша

Қатарға шығып нар болды.


Асылзада баласы,
Дәулеті кетіп қолынан,
Қоңсысына құл болды.
Асылсыздың баласы,
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі пұл болды.
Замананың адамы,
Заманың мұндай сұм болды!

***


Мен қауіп еткеннен айтамын:
Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,

Шашын, мұртын қойдырып,


Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!..

 

  Қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 8-сыныпқа арналған. – Алматы, 2018, 46–47-беттер.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет