Түскен кездегі шағымдары:ішінің жоғарғы бөлігіндегі тұрақты ауыру сезімі, ол іштің барық аймағына таралады; ішінің кебуі, лоқсу және бірнеше рет құсу.
Анамнезі:ауырғанына 5-6 сағат болған. Пациенттің айтуынша, үйінде түскі ас ішкеннен кейін эпигастрий және кіндік аймақтарында ауырсыну сезімі пайда болған, біраз уақыттан кейін ауыру сезімі іштің барлық аймағына таралып, оның интенсивтілігі артқан. Жүрегі айнып, бірнеше рет құсқан, ол жеңілдік әкелмеген. Осындай жағдай бұрындары болмаған. Науқас жергілікті емханада артериалды гипертония, постифарктті кардиосклероз бойынша «Д» есепте тұрады. Былтыр оған аорта-коронарлы шунттау (АКШ) операциясы жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |