Түскен кездегі шағымдары:солжақ балтырындағы веналардың кеңеюі, аяқтарының тез талатындығы, ауырлық және кернеп тұрған сияқты сезім, көп жағдайда – солжақ аяғында, анда-санда балтыр бұлшық еттерінің тырысулары, кешке қарай балтырлары мен аяқ ұштарының ісіп кетуі.
Анамнезі:Ауырғанына 4-5 жыл болған. Өзінің ауруын мамандығымен байланыстырады, ол шаштараз болып жұмыс жасайды. Ауруы басталған кезде кешке қарай екі балтырының артқы жағында майда веналар пайда болған, таңертең тұрған кезде веналар көзге көрінбей жоғалып кетіп жүрген. Уақыт өте келе солжақ балтырындағы веналардың көлемі ұлғайып, таңертең ұйқыдан тұрған кезде де жоғалмайтын болған және бірте-бірте жоғарыда аталған шағымдар қосылған. Дәрігерлер мен халық емшілерінде емделгеннен кейін жағдайы жақсармаған.