Объективті тексеру:Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, пациент гиперстеникалық дене бітімді. Терісі мен ауыз қуысының шырышты қабығының түсі қалыпты, t0-36,30C. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Сүйек-буындық жүйесі деформацияланбаған, барлық буындардағы қозғалыс толық көлемде. Іші шамадан тыс теріасты клетчаткасына байланысты ұлғайған, тыныс алуға симметриялы түрде қатысады. Пальпация кезінде іші жұмсақ, ауырмайды. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, ішектің перистальтикасы естіледі. Ps–78 соққы 1 мин., ырғағы дұрыс. АҚ–130/90 мм.сын.бағ. Үлкен және кіші дәреттері қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |