Анамнезі: ауырғанына 12-13 сағат болған. Науқастың айтуынша, кеше кешке жақын майлы тағамдарды жегеннен кейін оңжақ қабырға асты аймағы сыздап ауыра бастаған. Уақыт өте келе ауру сезімі күшейіп, науқастың жүрегі айныған және бірнеше рет құсқан, құсық жеңілдік әкелмеген. Осындай ұстама тәрізді ауру сезімі 1 жыл бұрын болған екен, сол кезде ауру сезімі анальгин мен но-шпа таблеткаларын ішкеннен кейін өзі басылған. Науқас дәрігерге қаралмаған.