Объективті тексеру: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі, склерасы және ауыз қуысының шырышты қабығының түсі қалыпты, t0-38,20C. Тері асты қабатының шамадан тыс дамуына байланысты ішінің көлемі ұлғайған, симметриялы, тыныс алуға қатысады, бірақ оң жақ қабырға асты аймағы тыныс алудан қалып отырады. Пальпация кезінде оң жақ қабырға асты аймағында бұлшық еттердің резистенттілігі және ауыру сезімі анықталады. Бауыр оңжақ қабырға доғасының тұсында, өт қапшығы, көк бауыр және бүйректер пальпацияланбайды.Щеткин-Блюмбер және «ұрғылау» симптомдары теріс. Кер, Мерфи және Ортнер-Греков симптомдары оң. Аускультация кезінде ішектің баяу перистальтикасы естіледі. Ps-92 соққы/1 мин., АҚ-130/90 мм.сын.бағ. Үлкен дәреті бүгін болмаған. Зәр шығаруы қалыпты.