Анамнезі: таңғы 4 шамасында ішінің ауырғандығына байланысты ұйқысынан оянып кеткен. Ауру сезімі эпигастрий аймағынан басталған. Науқас «асқазаным ауырып тұрған шығар» деген күдікпен 2 таблетка но-шпа ішкен, алайда ішінің ауырғаны басылмаған. Біраз уақыттан кейін эпигастрий аймағының ауырғандығы толық басылып, ауру сезімі оң жақ мықын аймағына ауысқан. Ауыру мезімінің интсивтілігі уақыт өте келе күшейе түскен, ешқайда иррадиацияланбайды. Үйінде бір рет құсқан, бірақ құсық жеңілдік әкелмеген. Осындай жағдай өмірінде бірінші рет екен.