4. ДӘрістер тезистері


Байланыстырып сөйлеу әдістемесі. Мазмұндама және шығарма жұмыстары



бет6/10
Дата03.06.2020
өлшемі211,5 Kb.
#72141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
адебиет дарис

Байланыстырып сөйлеу әдістемесі. Мазмұндама және шығарма жұмыстары.
Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізі бастауыш сыныптарда қаланады, яғни бастауыш сынып оқушылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп, істі шығармашылықпен ұтымды орындауға үйренеді.

Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – логика мене грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты азды-көпті бөліктердін тұратын тұтастық. Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеудің пікірлесу ретіндегі әрекетінің әр түрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны үлкен екі топқа сырттай және іштей сөйлеу деп аталатын толтарға, бөліп қарастырады. Сөйлеудің бұл түрлері бір бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені сырттай сөйлеу (ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір − ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негіздерінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.

Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу оқушылардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді.

Психологтардың анықтауынша, бастауыш сынып оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы әртүрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл ерекшелігін шығармашылық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар.

Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама мен шығарманы да осы кезден, екінші сыныптан бастап жүргізуге толық мүмкіндік бар екені зерттеулер бойынша анықталған-ды. Шығарма мен мазмұндама жұмыстары: 1. Балалардың психикалық процестері ( түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял) мен сезімін, еркін күшейтеді, әсіресе,ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығындағы өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін тездетеді. Шығарма мен мазмұндамаға дайындалу барысында, әсіресе ІІ сынып оқушыларының психикасында І сигнал системасының қызметі мен эмоция басым болғандықтан, оқушылардың өмірде көрген-білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп, сол өңінде қабылдауларына, уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену керек. Психология оқулықтарында1 бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады.

Сондықтан мазмұндамаға алынатын мәтіндер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік, сенгіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс. Алайда қандай әсерлі шығарма ұсынылғанымен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жарымас еді. Өйткені мазмұндамаға ұсынылған мәтіндерді балаларға оқып беруде болсын, шығарма жаздыру үшін материал жинау барысында оқушыларға айтылатын әңгімеде болсын, мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді анық айтуының маңызы зор.

Оқушыларды мазмұндама мен шығарманың жазылуына үйретуде біз дидактиканың негізгі талаптарына сүйенеміз. Бастауыш мектептерде мазмұндама мен шығармаға үйрету жұмыстарында, басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысы, көрнекілік, саналылық, оқушылардың белсенділігін арттыру және жүйелілік пен беріктік принципі ескеріледі.

Оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазу үйрету барысында оларға қандай білік, дағдылар берілетіні белгіленеді. Өйкені оқушының бойында бар білік пен дағдыны қалайша пайдаланып, оларды жаңадан қандай дағдыларға төселдіріп, білікке үйрететінімізді біліп алмайынша, жұмыстан белгілі бір нәтиже күту қиын.

Бастауыш сынып оқушылары мазмұндама мен шығарма жазу барысында мынандай педагогикалық білік, дағдыларға үйренулері тиіс:


  1. Мазмұндамадан оқушылар оқылған мәтін қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғырта алуға тиіс және естерінде қалған мәліметерді өз сөздерімен жазып беруге дағыдаланды, сөз тіркесін құрау, сөйлем құрау шеберліктеріне жаттығады. Осы жұмыстың барысында бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер автоматталып, оқушының есінде қалады. Оқылған мәтінді қайта жазып беру үшін сөздер сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады. Мұндай процестерге жаттығу балаларды шығарма жазуға дайындайды.

  2. Шығармада ұсынылатын тақырыпқа түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы мен шеберлігі қалыптасады

3) Шығарма жазу үшін материал жинау дағдысы мен шеберлігі. Яғни материал жинау барысында бақылаудың кейбір тәсілдеріне дағдылану, оны меңгере білуге үйрену. Мысалы, “Үй қалай салынды?” тақырыбы бойынша материал жинау барысында балалардың кейбіреуі үй ішінен сұрауы, енді біреулері кітап оқу арқылы, біреулері егер жақын жерде құрылыс болса, соның басына барып, көзбе-көз бақылау арқылы т.б. тәсілдермен бақылаулары мүмкін. Оқушылар қандай тәсілмен болса да берілген тақырып бойынша материал жинауға дағдылануда қажет. Егер оқушы материал жинау дағдысына жаттықтырылмаған болса, ол шығарма жұмысында талай-талай сәтсіздіктерге ұшырайды..

4) Білетін, яғни жинаған материалдарын жүйелей білу білігі мен дағдысы. Бұған бастауыш сынып оқушылары алғашқы кезде мазмұндама арқылы үйретіледі. Өйткені материалдың жүйесін белгілеу, оны бөлікке бөлу, ат қою және керісінше, әңгімеде айтылатын ой жүйесіне сәйкестендіре, әр бөлікті бір-бірімен жалғастыру немесе шығарма мен мазмұндаманың жоспарын жасау кішкене балаларға оңайға түспейді. Бұл қиындықты жеңу үшін балалар алдымен дайын мәтіннің жүйесін байқап дағдыланады, яғни қандай да болмасын, мәтіннің белгілі бір жүйемен құрастырылатынын ұғынады, сонан соң бірте-бірте өздері көрген білгендері жөнінде әңгіме құрастырғанда да, оны әуелі жүйелеп алуға дағдыланады.

5) Оқушылардың өз ойын дұрыс және түсінікті білдіру дағдысы. Ойын дұрыс білдіру деген шығарма яки мазмұндама жазғанда белгілі тілдік норманы сақтау, әдеби тілдің ең шұрайлыларын пайдалану білігі, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып, жатық тілмен жеткізе алу шеберлігі, ал ойын түсінікті білдіру дегеніміз оқушының ойының дәл, анық көкейге қонымды болуы. Шығарма мен мазмұндама жазу барысында оқушылар көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Мұғалім оқушылардың түсінігіне қиындық келтіреді-ау деген сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіріп, тіл дамыту жаттығуларын жүргізіп отырады.

6) Жазғандарын тексеру, түзету, жақсарту білігі мен дағдысы. Бұл да біраз қиындық келтіретін күрделі жұмыс. Оқушылар мазмұндама, шығарма жазғанда көбінесе бұрын бітіріп, мұғалімге бірінші болып тапсыруға асығады да, жазғандарын қайта оқымайды, сөйтіп жазған жұмыстарының бірде-бір сөзін, не тыныс белгісін, не әріп қатесін түзетпестен тапсырады. Мұндай білік пен дағдыға оқушыларды үйрету мұғалім қанша қиын болғанымен, жазғандарын сын көзімен қарап оқып шығып, жазу барысында түрлі себептермен (асығыстық, ойланбаушылық, ережені ұмытып қалушылық т.б.) жіберген қателерін батыл түзете алу білігі мен дағдысын бастауыш сыныптарда үйренуге тиіс.

7) Оқушы жазған әңгімесін белгілі бір тұлғада (бастауыш пен баяндауыштың белгілі бір жақта қиысып, бір шақтық тұлғада келуі) баяндай білуі мен дағдысы.

Осы біліктер мен дағдыларға оқушыларға қалай үйрету керек? Балаларды орфогорафиялық, пунктуациялық, морфологиялық, синтаксистік дағдыларға бірден үйрете алмайынымыз сияқты, бұл көрсетілген дағдылардың барлығын бірден үйрете алмаймыз. Сондықтан бұл дағдыларды қалыптастыруда бірте-бірте бір дағдыдан екінші дағдыға сатылап көшіп отыру әдісін қолданған жөн. Мұнда тілдік дағдылар белгілі бір жүйемен грамматикалық сабақтарда қалыптасады, ал өзін жүйелі баяндау дағдысы көбінесе оқу сабақтарында қалыптасады.

8) Қабылдаған таныс заттары мен құбылыстарды бір-бірімен байланыстырып, бір жүйеге келтіре алу дағдысы. Мұндай жаттығулардың мақсаты – заттардың жалпы және жеке белгілеріне қарай оларды топтауға, белгілеріне қарай атауға т.б. үйрету. Мысалы, кейбір оқушылар сөздердің арасында мәндік ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айыра алмайды (пышақ, еттартқыш т.б. ыдысқа жатқызады.).

Жұмыстың бұл түріне жаттығудың мына сияқтыларын ұсынуға болады: а) құбылыстар мен заттың суреттерін топтау (құстардың суреттерін іріктеп шығар. Балықтың, үй жануарларының т.с.с. суреттерін іріктеп ал).

Мұғалім, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне сай, педаогогикалық талаптарды басшылыққа ала отырып, оларды шығарма мен мазмұндама жазуға үйретуде қандай лингвистикалық негіздерге сүйенеді?

Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының әдістемесі үшін грамматиканың, әсіресе жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің синтаксисінің маңызы зор. Өйткені жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін сөздердің тіркесін сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесін құрмалас сөйлем болуын тексереді.

Алайда мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету үшін, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің синтаксисін біліп қою жеткіліксіз. Өйткені жұмыстың бұл түрінде жеке-жеке сөйлемдер құрастырылып қана қоймайды, сонымен қатар, тұтас мәтін жасалады.

Мәтін белгілі бір оқиғаны баяндайды. Сондықтан ондағы әр түрлі жағдайларға, мақсатқа, айтушы яки жазушының көңіл-күйіне қарай, әр сөйлемнің құрылысында сөз қолданылуында ерекшеліктер болады. Осыған олай, тұтас мәтін синтаксисі келіп шығады. Стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейді. Стилистиканы білу сөйлеуде яки жазуда кеткен қателерді байқап, оларды болдырмау шараларын жасауға көмектеседі, жазуға дайындалу барысында сөздер мен сөйлемдер және тұтас мәтіндермен істелетін жұмыстарды дұрыс жолға қоюға септігін тигізеді. Мұнда дұрыс құрылған сөйлемдердің арасында өзара толық байланыс болуы қатты қадағаланады. Өйткені сөйлемдер қатары сындарлы тізіліп, әрі мағыналық әрі синтаксистік сымбаттылығы сақталмаса, жазылған мәтінде көрік те түсінік те болмайды.

Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде мынадай түрлерін көрсетуге болады: дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет