4 I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір


Математика сабағында халықтық педагогиканы оқыту іс -



бет4/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,01 Mb.
#7120
1   2   3   4   5

2.7. Математика сабағында халықтық педагогиканы оқыту іс - тәжірибесі.

1 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау. Сабақтын білімділік мақсаты:

а) Математикадан өткен сабақтарды пысықтау;

б) Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып оқушылардың білімін
тексеру.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлей білуге, ұжым намысын қорғай білуге, өз халқының салт - дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыруға, дәлдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Ұлттық салт - дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушының ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Көрнекілігі: Әйтеке би ауылының, Қазыбек би ауылының киіз үй сызбалары: ұлттық ойындардың жеке - жеке суреттері: қыз қуу, көкпар, тай жарыс, дастарқан, әр түрлі ұлттық тағамның жеке - жеке суреттері.

Істелінген заттар: Кішкентай киіз үй, бесік (жабдығымен), сандық, домбыра және қамшы, ер - тұрман.

1. Сабақтың жұру барысы: - Балалар, сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені қайталау сабағы болғандықтан, қазір «Наурыз тойын» тойлау арқылы білімімізді көрсете аламыз.

- Наурыз тойын тойлау үшін қандай дайындықтар жасау керек?

а) киіз үй құру;

ә) дастархан жасау;



б) ұлттық ойындарға дайындалу.

Ендеше 1- топ оқушылары Қазыбек би ауылының той дайындығын, 2 – топ Әйтеке бй ауылының той дайындығын жасайсыңдар-. Тале би ауылы киіз үй құрмайды. Олар қонақтар - сабаққа қатысқан ұстаздар. Сендердің математика пәнінен білім дәрежелерің арқылы той қалай өткендігін бағалайды.

1. Екі топ кезек - кезек ауызша жауап беру арқылы киіз үйлерін құрады. Сұрақтар киіз үй суреті сыртындағы сандар, өрнектер және геометриялық фигураларға байланысты қойылады.


  • Шаңырақтағы өрнектерге қарап азайтудың және қосудың компоненттерін
    атау.

  • Қосындының мәні 7 болатын өрнек құр-

  • Айырманың мәні 4 болатын өрнек құр.

  • Шаңырақ геометриялық қандай фигура болады? (Дөңгелек)

  • Киіз үй құрған арқандар қандай сызықтар? (Тұзу және қисық сызықтар)

  • Киіз үйдің есігі қандай геометриялық фигура? (Төрт бұрыш)

  • Ең үлкен бір таңбалы сан қандай сан?

  • Басқадай киіз үй сыртында қандай геометриялық фигуралар бар?
    (Үшбұрыштар)

2. Дастархан жасау.

Екі ауыл да дастарханына тоғыз түрлі ұлттық тағам қояды. Екі ауылдан да тоғыз бала өз - өз карточкасына берілген екі өрнекті шешіп, азайту, қосу компоненттерін ауызша айтып дастархандарына суреттерді жапсырады. Осылайша дастарханда әсем салынған тағам суреттерімен жасалып болады.

3. Ұлттық ойындар ойналады.

Қазыбек би аулынан ер бала шығады. Әйтеке би ауылынан кыз бала шығады. Қыз қуу ойыныныңтәртібі таныстырылады.

Кітаппен жұмыс № 1.

Азайғышы 10 болатын айырмаларды жаз және мәнін тап. Ер бала айырма мәндерін өсу ретімен, қыз бала кему ретімен шешеді.

I. 10- 1 II. 10- 10

10-2 10-9

10-10 10-1

Айырма мәндерінің шешілгеніне қарап ұпай беріледі.

Ал, балалар, киіз үй құрып, дастархан әзірлеп, ойындар ойнап біраз шаршадық.

Енді сергіту сәтін жасайық.

- Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек. Бас бармағым - үйде қал, Балалы үйрегім - жылқыңа бар. Ортан терегім - сиырыңа бар, Шылдыр шүмегім - түйеңе бар, Кішкене бөбегім - қойыңа бар - деп үйге тапсырма беріп, қорытындыладым.

Қазақ халқындағы ұлттық ойындар кезінде кездесетін заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу секілді жолдарын

пайдалану.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Шәкірттер бойына халқымыздың қадір -қасиетін сіңіртіп ата - бабаның тыныс тіршілігінен хабардар етіп, есте сақтау.

Көрнекілігі: Қазақша ұзындық, сыйымдылық өлшемдерін өлшеу үшін пайдаланған әдістерді бейнелейтін суреттер: метірлік, литр ыдысы. Тұз, бидай, күріш.

Тәрбие сағатының барысы: 1. Ұйымдастыру.

Балалар, бүгін біз бұрынғы аталарымыздың өзі өмір сүрген дәуірде, өздерінің күнделікті тұрмыс - тіршілігіндегі заттарды алып, беру және қажетіне пайдалану үшін ұзындылықты, сыйымдылықты қалай пайдаланғанымен танысамыз.

Бұрын қазіргідей ұзындықты өлшейтін дайын метрлік, сыйымдылықты өлшейтін кг., метр өлшеуіш құралдары көп болмаған, болса да көп адамдар түсіне білмеген. Сондықтан көз қол, саусақ мөлшерімен заттарды дәл өлшеп отырған. Қазақ халқында ортақ өлшеуіштерге жалпы халық сенген және түсінген. Біз сол өлшемдерге көз жеткізуіміз керек. Мысалы: Үлкендер бес саусақты қалай атаған? Бір оқушы саусағын көрсете отырып атайды.

Оқушы: 1) Бас бармақ, 2) Сұқ саусақ, 3) Ортан саусақ, 4) Аты жоқ саусақ, 5) Шынашақ.



  • Дұрыс

  • Ал, саусақтар бірдей ме?

  • Жоқ

  • Here?

  • Білмейміз

Ендеше бес саусақ туралы халықтың аңызын әңгімелеп берейін. Ең алғашқыда саусақтар бірдей болып жаратылыпты. Бастары бір қосылғанда бас бармақ басқаларға қарап:

- Ұрлық жасаймыз ба? - депті.

Сұқ саусақ оның сөзін қолдап, - Жасасақ жасайық - депті Ортан саусақ:


  • Құдайдан қорықпайсыңдар ма? - депті.
    Аты жоқ саусақ:

  • Құдай не қылар дейсің? - депті.

Сонда шынашақ: - Алайық та қашайық, ұрлайық та сояйық - деп шыдамсызданады.

Содан саусақтардың осы айтқандарын жаратушы құдай естіп, оларды әр түрлі етіп жаратқан екен деседі.

Кейде өмірде адамдардың іс - әрекетін, қадір - қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда «бес аусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде үлкендер жиі айтып отырады.


  • Балалар, математика сабағында ұзындық өлшемдерін өттіңдер,
    атандаршы.

  • Миллиметр, сантиметр, метр, дициметр.

  • Дұрыс, ал салмақ өлшемдері қандай?

  • Грамм, килограмм, центнер, тонна.

- Балалар, ертеде көшпелі қазақ халқының тұрмысында сызғыш, метрлік,
таразы әрбір үйде болмаған.

Міне, сондықтан олар өлшем бірлік ретінде саусақтарды пайдаланған.


Қазақша ұзындық өлшемдерін былай атаған.
1 Елі 4. Қарыс сүйем

  1. Сүйем 5. Қарыс

  2. Сынық сүйем 6. Түтам.

Қазақша ұзындық өлшемдеріне жеке - жеке тоқталайық. 1 - оқушы: Елі - саусақтың көлденең қалындығы.

2- оқушы: Сынық сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақтың буыны бүгіліп


барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.

  1. - оқушы: Сүйем - бас бармақ өлшем.

  2. - оқушы: Қарыс сүйем - бас бармақ пен ортан саусақтың аралық өлшемі.

  3. - оқушы: Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.

  4. - оқушы: Түтам бес саусақпен түтқандағы көлемге шамалас төрт еліге тең
    ұзындық.

- Дұрыс. Мысалы, пісіп тұрған сүтті мүздай жерге қойса, қаймак бетіне жиналады, үлкендер оны бір елі қаймақ жиналды дейді.

Ал, математикадағы ұзындық өлшемі бойынша айтсақ 1 см қаймақ жиналды дер едік.

Кішкентай аласа бойлы адамды бойы бір қарыс деп тілге тиек еткен. Сонымен бірге тәжірибеден сыйымдылық өлшемдерін былай атаған:


  1. Шымшым.

  2. Шөкім.

  3. Бір уыс.

  4. Қос уыс.

Осы өлшемдерге түсінік берейік.

  1. - оқушы: Шымшым - үсақ затты бас бармақ және сүқ саусақпен қосып
    алғандағы өлшем.

  2. - оқушы: Шөкім - үсақ затты үш саусақтың үшымен кысып алғандағы
    өлшем.

  1. - оқушы: Бір уыс - қол саусақтарын жымдастыра бүккендегі өлшем.

  2. - оқушы: Қос уыс - қос қолдың саусақтарын бірге жымдастарғандағы
    өлшем. Кеседегі тұрған тұзды өлшеп көрсету.

Тамақтың бір шымшым тұзы кем. Бір шөкім тұзы кем.

Бидай: Бір уыс бидайды тауыққа шаш. Қос уыс бидайды тауыққа шаш.

Сыйымдылық өлшемдерін сурет бойынша балалардың өздеріне орындату.

Қорытындылау.

- Балалар, бүгін сендер ата - бабалардың тыныс - тіршіліктері және

сыйымдылық өлшемдері қалай пайдаланғандығымен таныстыңдар.

1 - оқушы:

Бес саусақ

Бас бармағым бауға барды,

Сұқ саусағым суға барды,

Ортан саусақ орақ орып,

Аты жоғым ағаш жарды.

Жүмсамапты алақаным

Тек шынашақ балапаным.

(Он саусақ).



«Зеңгір көктем» әніне салып төрт оқушыға орындату.

1. Жалғыз саусақ тіпті де


Ұстай алмас жіпті де.

2. Екі саусақ бірікті


Ине қолға ілікті.


  1. Үш саусағым орамды
    Жүгіртеді қаламды.

  2. Өнерлі екен он саусақ

  3. Қала салсақ, жол салсақ.






Сөзжұмбақ шешу.



















ш

Ө

к

I

м







Е

л

I







ш

ы

м

ш

ы

м




С

Ү

и

Е

м







т

ұ

т

A

м
















Қол, саусақтың адам үшін атқаратын қызметі өте көп. Оны жоғаргы сыныпқа барғанда кеңірек тоқталасындар. Әзірге бүгінгі үйренгендеріңді үйдегі отбасыларыңа, достарыңа айта жүріңдер. Келесі қазақ халқының ұлттық ойындарын пайдалана отырып сабақ өткізсе болады.

Сабақтын такырыбы: «Оқушылардың білім деңгейін анықтау»

Сабақтын мақсаты: Балардың білім дәрежесін анықтау, есептер шығарып, сол арқылы балардың білімін, қызығушылығын, ойындар аркылы тапқырлығын, шапшандығын, мәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, кеспелер, ребустар мен сөзжұмбақтар, сағат.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалардың сабаққа қажетті оқулықтары мен жазу құралдарын алғызып, олардың зейінін жаңа сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау:



Үйге берілген тапсырманы балалардан сұрап, тексереді. Үйге қандай тапсырма берілді?

3. Жаңа сабақ.

Балалар, бүгін біз тақырыпты қайталаймыз. Бұл қайталауды дидактиқалық ойын арқылы өткіземіз.

Мұғалім: Балалар мен жақсы білем, сендер математиканы жақсы көресіндер. Сондықтан, біз бәрін «математиқалық поезд» деген ойынды өткіземіз. Бұған бізге 2 команда керек. Қазір екі команда өздерінің атын, эмблемасын көрсетеді және айтады.

1 - команда. Үшбұрыш.

2- команда. Төртбұрыш.

Ойынның шарты: Біздің «математиқалық поезд» Цифр қаласынан шығып, Математиқалық қалаға жету керек. Математиқалық қалаға жету үшін 5 станциядан өтуіміз керек. Әр станциядан өту үшін өзінің шарты бойынша есептер, ребустар, сөзжұмбактарды шешу керек. Міне сонда ғана математиқалық қалаға жетеміз. Ең көп ұпай алған команда математиқалық қалаға жеткенде жеңімпаз атанады.

Ал ойынды бастадық.



1 - станция - Логиқалық станция: Бұл станцияда сөздерді оқу керек. Бірақ бұл сөздер жай сөздер емес цифрлардан да әріптерден де тұрады.







Дұрыс оқылған ребус сөз командаға 1 ұпай беріледі. Бұл сөздерді оқуларың керек, одан соң жазуларың керек, соңында жюриге берулерің керек. Жылдам орындаған командаға қосымша 1 ұпай беріледі. Сөзжұмбақтар шешеді, оған да 1 ұпай беріледі.




Ы

Он + домбыра + ы + қарлығаш + тарак = Ондықтар










Ұзақ + орындық

Ұзындық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет