4 сыныпқа арналған ертеңгілік сценарийі Бастауышпен қоштасу мерекесі Мақсаты: 1


ТЕМА: «Никто не забыт, ничто не забыто» ЦЕЛИ



бет6/7
Дата31.12.2019
өлшемі2.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
ТЕМА: «Никто не забыт, ничто не забыто»

ЦЕЛИ: Воспитание казахстанского патриотизма, чувства гордости за победу советского народа и уважения к участникам Великой Отечественной войны.

Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың

суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер,

белгілі даталар, слайд.

Тәрбие сағатының барысы:

Жүргізуші:

Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.

Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.

Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!



ВЕД: В теплый майский день 9 мая 1945 года весь мир узнал о победе советского народа в Великой Отечественной войне над фашисткой Германией. И сегодня, так же, как в далеком сорок пятом, этот день остается радостным и трагическим: никогда не исчезнет из памяти народной гордость за великую победу, память о страшной цене, которую мы за нее заплатили.

С каждым годом все дальше от нас уходят те кровавые дни и ночи войны, объятые огнем города и села, слезы матерей, вдов, сирот, беспримерный героизм и мужество народа на полях сражения и в тылу. Но мы никогда не забудем тех, кто защищал нас и отстоял мир на земле.



Жүргізуші:

Ашу мен кек оятты ел намысын,

Отан үшін жан пида болды үлкен сын.

Ер азамат жауменен арпалыста,

Әйелдер терін төкті майдан үшін.

Қамықпаған қиындықтың түбіне

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!

Вед: Помните!

Через века, через года,-

Помните!

О тех, кто уже не придет никогда,-

Помните!

Не плачьте!

В горле сдержите стоны,

Горькие стоны.

Памяти павших будьте достойны!

Вечно достойны!

Хлебом и песней, мечтой и стихами,

Жизнью просторной,

Каждой секундой, каждым дыханьем

Будьте достойны!


Айнұр:

Адам –тарих! Адам кешкен жолын ұқ,

Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық.

Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Шайхеслям :

Сұрапылдан дауа таппай шерленген,

Әлем демін әрең алды шеңберден,

Ажыратып қанды қара шеңгелден,

Жарып шықты қарғыс пенен тозақтан.

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,

Ерлік даңқы - жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.
1-ЧТЕЦ: Еще тогда нас не было на свете,

Когда гремел салют из края в край.

Солдаты, подарили вы планете

Великий май, победный май!

Такою все дышало тишиной,

Что вся земля еще спала, казалось,

Кто знал, что миром и войной

Всего каких – то пять минут осталось.




2 – ЧТЕЦ: Сквозь кровь и пот, через огонь и воду,

Сквозь дым пожарищ, через трупный смрад,

Отстаивая право на свободу,

К победе шел, твой, Родина, солдат.

И не сломила сердце, не сгубила

И душу не растлила им война.

Видать, нечеловеческая сила

Ему, солдату нашему, дана.


Алуа: Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.

Теміржан: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары майданға аттанды.
- 22 июня 1941 года. Предрассветную тишину разорвали залпы тысяч орудий. Фашистские самолеты и танки ринулись на восток. Мирный труд людей оборвала война.

- За родину поднялся весь многомиллионный и многонациональный народ. Казахи, киргизы, русские, украинцы, люди разных национальностей защищали Москву, как свою столицу, ценой своей жизни.

- Страшные годы Великой Отечественной войны остались далеко позади, в прошлом 20 веке, но они неотъемлемая часть нашей истории.
Алтынбек: Еңкейген кәрі , өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, Отаны үшін арпалысты.Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Жанель:

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен,ата-бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып,еске алып,оларға бас иеміз.


- И в эти майские дни, в знак глубокой благодарности и признательности мы низко склоняем головы перед героями фронта и тыла, живыми и павшими, кто защищал и отстоял родину.

- Никогда не завянут цветы у подножия обелисков, над могилами героев. Цветущая земля, мир и дружба народов – лучший памятник тем, кто не дожил до победы.


Думан:

Сүйінші, халқым, сүйінші!

Беліңді бекем буыншы,

Жеңдік жауды күйрете,

Жасалған той мереке!

Айгерім:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұл әні.

3 – ЧТЕЦ: Мужчины крови пролили немало,

Но на любых фронтах тогда с врагом

И юная казашка воевала.

Привыкла к изнурительным походам,

К опасностям привыкла и к невзгодам.

Отчизна не забудет никогда

Маметову Маншук за пулеметом.

4 – ЧТЕЦ: Была на фронте снайпер Алия,

Без промаха стрелявшая по цели.

Так две звезды шагают в вышине,

Вы не забыты, юные казашки.



Айғаным:

Бақыт деген келер дәйім күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты аталар,

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.

Жауынгер біздің саңлақтар,

Жауды жеңген солдаттар.

Ардақты Отан – ел үшін,

Бақытты туған жер үшін.

Салтанат:

Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Азаттықтың жемісін.

5 – ЧТЕЦ: Как тяжело, когда идет война.

Солдаты гибнут, умирают дети.

Я не хочу, чтобы была она

Ни в телевизоре, не на планете.

Пусть войны на Земле тотчас замрут

И никогда не запылают снова.

И в каждом доме будет счастье и уют,

И люди знать не будут слез и горя.



6 – ЧТЕЦ: Я очень мало знаю о войне

По фильмам и рассказам ветеранов,

Но этого хватает мне вполне,

Чтоб ненавидеть палачей – тиранов,

Они пытали женщин, стариков,

Считая себя главными на свете.

Но наш народ не стал носить очков!

Все на защиту встали, даже дети.


Дариға:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Жеңіс келді ән көріп,

Келді ауылға сән болып.

Жомарт:

Сол сұрапыл қанды ұрыста,

Біздің ерлік танылған.

Әрбір көше,әр бұрышта,

Жеңіс дабылы қағылған.

7 – ЧТЕЦ: Нам нужен мир на голубой планете!

Его хотят и взрослые и дети.

Им хочется, проснувшись на рассвете,

Не вспоминать, не думать о войне.

Нам нужен мир, чтоб строить города,

Сажать деревья и работать в поле.

Его хотят все люди доброй воли-

Нам нужен мир навеки! Навсегда!


Жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басыңды иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухана бас иіп 1 минут еске алайық.


Вед: В честь всех погибших в годы Второй мировой войны объявляется минута молчания.
Жүргізуші:

Адамдардың тыныш өмірі бұзылды. Арман, махаббат, бақыт – бәрі өртке өртенгендей бір сәтте сөнді де қалды.

Аналар қоштасқанда асылымен,

Арулар қош айтысты ғашығымен.

Балалықтың базарын ерте жауып,

Талай жұмыс істеді бала-өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,

Төрт жыл өтті,соғыс әлі бітпей қойды.

Кемпір-шал,әйел-бала ауылдағы,

Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.


Қойылым «Жауынгердің қоштасуы» 4 Б сынып

Анасы:


О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!

Баласы:

Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам!

Қыз:


О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ. Тығылмаңыз! Биік боп, еш оқ пен гранатты аямай жауды

жеңіп оралуға тырысыңдар! Қайта оралуға тырысыңдар! Сау бол!!! (Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады)

Жігіт: «Күт мені»

Күтші мені! Мен оралам,

Тек қана күт.

Көңілің түскен

Жаңбырлы күндері күт!

Қарлы борандарда күт,

Қапырық ыстықта күт!

Кешке ұмытып

Басқалар күтпегенде күт.

Алыстан хат келмегенде күт,

Барлығы күтуден шаршағанда күт.

Күтші мені, мен оралам!


Вед: Уходили на священную войну наши деды и отцы, уходили мальчишки и девчонки сороковых годов, уходили наши сверстники. Земля горела под ногами лютого врага. Миллионы людей томились и гибли в лагерях смерти, погибли с твердой уверенностью в победе своей матери – Родины.

2 «А» Песня «Орленок»
Жүргізуші:

Туын жықпай қолдағы,

Опат болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады

Азаттықтың жемісін.

Соғыс.....сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөніп,боздақтар өмірден өтті.Солардың ішінде жалынды жас қыздарымыз Әлия мен Мәншүк те бар. Олардың ерлікке толы өмірі кейінгі ұрпаққа өнеге. Шығыстың қос шынары өмірден ерте кеткенмен өшпес ерліктері қалды.



Ләйла: 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды.
    Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.


Алтынай:Әлия Молдагұлова (1925-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып,олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.
«Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды.
        Әлия соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

-Біз батыр апаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз,ұмытпауға тиіспіз!

Вед: Все спешили на фронт. Артисты выступали на передовой, иногда под свист пуль и огня пели для своих солдат их любимые песни, танцевали, читали стихи.

4 «А» Сценка
Жүргізуші:

Жас ұрпақ, асыр сап

Шырқайды Ерлікті ән қылып,

Небір заңғар таулар құлазып шөксе де

Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік!
Ән «Соғыс енді болмасын» 2 Б сынып
Жүргізуші:

«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінде қашалып жазылған.



Оқушылардың мәнерлеп өлең оқуы

Жүргізуші:

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді,қуандық көңіл тасып.

Жауды жойып батырлар елге оралды,

Ата-анамен қуанышты құшақ ашып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың,

Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқылдап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,

Қара күнді қайғысымен ұмыттырды.

Вед: Победа! Какое крылатое слово,

Оно, как огонь, зажигает сердца.

Оно трепетать заставляет любого,

Оно поднимает на подвиг бойца.

Сдувает усталость и дух веселит,

Победа! И звезды лучистые светят,

Победа! И солнце светлее горит.
Жеңіс күні – 9-мамыр. Талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.

Жеңіс күні – 9-мамыр. Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.

Жеңіс күні – 9-мамыр. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.

Жеңіс күні – 9-мамыр. Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні.

Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтардың аспандайтын күні.

Бұл күн – әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.

Бұл күн – бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.

Жанель:

Күн көзін бұлт баспасын,



Енді соғыс болмасын.

Қабаққа қайғы қонбасын,

Жер бетін өрт шалмасын.

Әр күні бейбіт таң оятып,

Әр күні көкке күн шықсын.

Күрсінбесін аналар,

Күле берсін балалар!


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет