Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің каллустық культураларын жасушалар суспензиясынан алуды үйрену. Суспензия культурасын борпылдақ типті каллус тінінен бастау әдісін игеру және жасуша суспензиясын жаңа қоректік ортаға субкультурациялау. Материалдар мен жабдықтар:темекінің борпылдақ тіндері, өсудің стационарлық кезеңіндегі суспензиялық темекі культурасы, ламинар-бокс, MC ортасы бар стерильді колбалар-ИУК (3 мг / л), 2,4-D (0,04 мг/ л) және кинетин (0,008 мг / л) бар сұйық,скальпель, пинцет, көлемі 50-100 мл стерильді стакан, воронка, елек диаметрі 500 микрон.
Тапсырмалар: 1. Каллустық ұлпасынан суспензия культурасын алу 2. Жасушаның өміршеңдігін және суспензия культураларының агрегация дәрежесін анықтау.
3. Фитогормондардың темекі клеткалары культурасындағы морфогенез бағытына әсері
Сұйық қоректік ортада өсірілген өсімдік клеткаларының культуралары әдетте суспензия культуралары деп аталады. Жеке жасушалар, шағын топтар немесе жеткілікті үлкен агрегаттар (50-ден астам жасушалар) сұйық орта суспензияда өсіріледі