422-бап. Тауардың сапасы
1. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
2. Шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті. Егер сатушы шарт жасасу кезінде сатып алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса, сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар беруге міндетті.
3. Тауарды үлгiсi бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда сатушы сатып алушыға үлгіге және (немесе) сипаттамасына сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
4. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актiлерiнде белгiленген тәртiпке сәйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
Сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша, заң актілерінде көзделген тәртіппен белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келетiн тауар берiлуi мүмкiн.
5. Сатушы сатып алушыға беруге мiндеттi тауар оны сатып алушыға берер кезде, егер тауардың бұл талаптарға сәйкестiгiн айқындаудың өзгеше жағдайы шартта көзделмесе, осы бапта көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс және қисынды мерзiм шегінде әдетте осы тектес тауар пайдаланылатын мақсаттар үшін жарамды болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |