431-бап. Тауардың жиынтықтылығы
1. Сатушы сатып алушыға тауарды шарттың талаптарына сәйкес жиынтықта беруге мiндеттi.
2. Шартта тауардың жиынтықтылығы белгiленбеген жағдайда сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы iскерлiк айналым дағдыларымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен белгiленетiн тауар беруге мiндеттi.
432-бап. Тауарлар жиынтығы
1. Егер шартта сатушының сатып алушыға белгiлi бiр жиынтықтағы тауарлар жинағын (тауарлар жиынтығын) беру мiндетi көзделсе, жиынтыққа енгiзiлген барлық тауарлар берiлген кезден бастап мiндеттеме орындалған болып есептеледi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетiн барлық тауарды бiр мезгiлде беруге мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |