48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет132/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   295
Байланысты:
3-книга

Түйін сөздер: цифрлендіру, ақпарттық ресурс, ақпараттық қор.
 
Быйылғы Жолдауда қойылған мәселе, басқару жүйесіне, сонымен қатар, барлық бағытта: 
экономиканы реттеуде, ауылшаруашылықты дамытуда, білім беруде, әлеуметтік мәселелерде, қандай 
жағынан болсын жаңа технологияларды және сандық кеңістікті Қазақстанда одан әрі қарай дамытып, 
орнықтыруды қолға алу өзектілігі айқындалған.
Осы мәселелерді тыянақты іске асыру, қандай жағдайда болсын жалаң ұрандатудан кету, тек қана 
тапсырманы – шұғыл да тез, шолақ белсенділік принциптерімен әйтеуір орындап, оның орындалғаны 
туралы жыл көлемінде есеп беріп, тағы алда қандай мақсат бар, деп қарастыру емес.
Тақырып аясында, қойылған мәселені екі жақты қарастыру жөн. Адами құндылықты дамыту, адами 
капиталды пайдаланудың кепілі ретінде, сонымен қатар, сандық біліммен жаңа технологиялар 
жағдайында, мамандандырылған білім берудің кейбір мәселелері бойынша. 
Ең бастысы, осы мақсатты мәселелерді іске асырудың мүмкіншілігі, ол, елдің әр-бір саналы 
мүшесін, жастайынан, орта буында, тіпті қартайған шақта оқу, білім беру және біліктілікті арттыру 
кеңістігін, білім берудің әр-сатысында, дұрыс қалыптастыру арқылы алға басатын қадамды қолға алу. 
Яғни, қоғамның әр – бір мүшесінің жеке басын дамытуға мүмкіншілік жасау, дамуын жетелеу. Мысалы 
кейбір дамыған мемлекеттіерде, жасы ұлғайып, зейнеркер шақтан асса дағы, негізгі білімі бойынша, 
өмір бойы жинаған тәжірбиесін, мамандығының мүмкінішілігіне орайластырып, бүгінгі заман 
қажеттілігіне қарай дамытып отырып, жаңа технологияға бейімдеп, сонымен қатар, осы уақытта жүріп 
жатқан процесс, цифрлендірудің қырымен-сырын игеріп, пайдалы болудың арқасында, қоғамның алға 
басуына үлкен күш болып отыр. Сондықтан осы елдер, мысалы балтық жағалауындағы, батыстың
елдері, біздің ел үшін үлгі.
Бүгінгі күннің талабының жүгін, тек қана жастарға арттыру, әлі де болса халық саны елдің 
көлемімен сәйкес болмағандықтан, ал азия елдерінде халық саны тығыз болғандықтан, еңбек күшін 
пайдалану оларға өзекті мәселе емес, сондықтан біз үшін, сол бағытқа жүгіну, өзін ақтамаған болар еді 
келешекте.


154
Аса маңыздысы, біздің елде, әр-бір адамның бойындағы қандай болмасын жеке өнерлі 
шығармашылық қабылетін ашып, сонымен қатар, саналық құндылықты арттыру. Оған бірнеше 
мүмкіншілікті негізге алу, біріншіден, ойлау қабілетін дамытудың жолы, ол – шынайы зайырлы 
мемлекеттердей, жаппай оқымысты қоғам қалыптастыру, көркем-өнерлік қабылетімен бірге, 
шығармашылық мүмкіншілігінің потенциалын ашу. Екіншіден, жаңа ғасырда, әлемнің ғылыми-
техникалық жетістігі, жаңа технологияларды және сандық кеңістікті кіргізу, орнықтыру барысында, 
ұлттың рухани жаңғыруын, саналық құндылықтың қайнар көзі – ұлтымыздың сан-ғасырлар бойы, 
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген, әлеуметтік-этикалық нормаларын, қоғамдық ұстаным қылып, 
саналы түрде тәрбиелеу. Бүгінгі күні жайлап алған, адамды таза пайда көретін еңбек күші деп қана 
қарастырмай, себебі, ол аз ғана уақытқа жететін қоғамдық өндірісінің қуаты, егерде айтылған 
қағидаларды дұрыс жолға қойса, ертеңге жетерлік шексіз күш ретінде әр-дайым, табиғатына тән 
адамның қабілетін дамытып отырса, тек сонда ғана адами капиталды елдің қандай мақсатта болсын 
дамуына дұрыс пайдалануға жол ашылады.
Қоғамдық ағартушылық білімінің мәдениеті сонау кезде кеңестік білімді жетілдіруде жүргізіліп, 
қоғамның көкірегі ояу болатын. Тіпті еске алсақ, ауыл-шаруашылықтың бір тармағы ретінде, жеке 
шаруашылықты, бау-бақшаның сол кездегі қалыптасқан технологияны ауыл-селоға жеткізіп 
отырудың құралы, қаншама пайдалы білімді кеңес беретін мықты баспа арқылы таралатын кітаптар 
болатын. Мысалы, «Қайнар» , «Өнер» баспалары қоғамның жеке тұрмыс-тіршілік мәдениетін 
қалыптастыруға қызметі шексіз болатын. Бұл жағдай бүгінгі қойылып отырған талап, яғни «...барлық 
қазақстандықтарға, оның ішінде, шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық біліммен құзыреттілікке 
қол жеткізуге жол ашады» [1]. 
Осы тұста, біліммен еңбекті ұштастыратын, сол үзілген мәдениетін жалғастыратын мүмкінішілікті 
пайдалауға болар. Кейбір жағдайда, жоғарғы оқу орындарының өз баспасы болмаса дағы, айталық, 
ауылшаруашылық, құрылыс академиясының ғалымдары елге ұсынар білімін, осы аталған баспалардың 
үлгісі негізінде, қоғамға қажетті білім кеістігін қайта жандандырып, мысалы, ҚазақҰУ «Қазақ 
университеті» баспасымен келісімі арқылы, жеке тұрмыс-тіршілікке пайдалы білімді кеңес беретін 
негіздегі кітаптарды қолға алса, бұл да рухани жаңғыртудың бір көрінісі және мемлекеттік мақсаттың 
іс жүзінде іске асуы. Кітап ауылдың еңбек мәдениетін қалыптастыратын құрал. Әрине, бүгінгі 
интернеттің қол жетімділігіне сәйкес, әлемнен барлық мәліметті алуға болады, бірақ, біздің климаттық 
және тұрмыс - тіршіліктегі ерекшелікке сәйкес, тұрмыс-тіршіліктегі ағартушылық білім, цифрлік 
негізде жеткізу жоладырымен бірге дәстүрлі түрді де пайдалану арқылы, қойылған мақсаттарды 
орындауға көмек және жаппай біліми кеңістікті орнату тәсілі деуге болады. Екінші мәселе, ол, жаңа 
технологияларды және сандық кеңістікті қалыптастыру жағдайында, жоғарғы квалификациялы 
ақпараттық ресурсті қалыптастырушы мамандарды дайындап, олардың еңбегінің күш- жігерін 
мемлекеттің өркендеуіне және басқа бағыттармен қоса, ғылыми-техникалық мағыналы ақпаратпен 
қалыптастыруда үлес салмағын арттыруға талап бар.
Жаңа технологиялардың және сандық кеңістіктің қайнар көзі, оның ақпараттық ресурстың 
болуында. Жаңа технология және сандық жүйе өндіріс күшіннің, еңбек өнімін арттыратын құрал – 
жабдық болса, ал, ақпараттық ресурс – мазмұны. Адам – сол ақпараттық ресурсты қалыптастырушы, 
өңдеуші, тұтынушы. Осы үш фактор бір – бірімен тығыз байланысты.
Ақпараттық ресурс болған жағдайда ғана, жаңа технологиялардың және сандық кеңістіктің 
мүмкіншілігін толық пайдаланып, оны негізінде, мемлекеттің қойып отырған мақсатына қол жеткізіп, 
барлық саланы дамыту мүмкіншілігіне ие болуға жағдай туады. Ал ақпаратық ресурстің қайнар көзі – 
кұжаттар, құжаттау процессі, бір құжаттың өмірге келуінен бастап, сақтауға алуына дейінгі кезеңі.
Цифрлендіру – ол ақпаратты символдық жүйеге келтіру. Яғни, құжаттау процессінің адамзат 
дамуында орын алып отырған, өркениетінің бір көрінісі, жаңа деңгейі, қағазға айналдырмаса дағы, 
ақпаратты жазудың заманауи тәсілі.
Адамзат өзінің өркенитінде, ақпаратты құжаттауда бірнеше сатыдан өтіп, мысалы, тасқа қашап 
жазу, қауырсынды пайдалану, қаламсапты қолдану, бертін келе, ғылыммен –техниканың дамуына 
сәйкес, басу машинкаларды пайдалану, дыбыс-бейне жазу, ал бүгін солардың жетілген түрлеріне 
қосылғаны, осы цифрлеу негізінде ақпаратты пайдалануды жетілдіру. Жылдам және тез. Ақпаратты 
жылдам және тез пайдалану үшін, сол ақпараттық кеңістіктің өзі түзу қалыптасуы қажет емес, пе?
Осы тұста, әр-бір мекемеде және корпорацияларда, жеке кәсіпкерлікте, қандай салада болмасын, 
білікті маманның ақпараттық ресурсты дұрыс қалыптастырушы, ақпараттық өнімді туғызатын, 
реттеуші, өңделуін қадағалаушы, әр кезеңде, жылдар, ғасырларға арнап, сақтау процессін жетік 
білетін, оның нормативтік негізін қадағалаушы, әдіс-тәсілдерін қалыптастырып, жұмыс барысында 
дұрыс құжаттау процессін қолға алушы мамандардың болуы заңдылық. Себебі, елдің дамуының титігі, 


155
тек қана, қаржы, шикізат, не болмаса адами ресурс қана емес, сол мемлекеттік ақпараттық ресурстың 
болуында.
Ақпараттық ресурс, осы бір құжаттан бастап, әр бір мекемелердегі кітапханалардағы, 
мұрағаттардағы кешегі қорлар, бүгінгі мәліметтер базасы, басқа да адамзаттың интеллектуалдық 
қорын айтпағанда.
Кәсіби маманды дайындап, қоғамға ұсынуда жіберіліп жатқан кемшіліктен баршамыз хабардар, 
десек те, кейбір мәселелерге осы тұста, мән берген жөн сыяқты.
Бүгінгі кәсіптік бәсекелестік ортада, әр-бір мамандықтың өзіндік орны бар. Осы жағдайда дұрыс 
акцент жасау аса маңызды. Ал егерде, бұл мәселеге осы бастан, толық түсінік қалыптаспай, тек қана, 
IT-мамандардың, программа жасаушылардың ғана аясы деп қарастырса, онда мемлекеттік ақпараттық 
ресурстың қалыптаспауы әбден мүмкін және әр-бір еңбек нәтижесін құжаттау процессі және құжаттық 
жүйені реттеу, пайдалану, сақтауға алуды қамту IT-мамандардың, программа жасаушылардың кәсіби 
бағыты деп қате жолға кетсек, онда мемлекеттік ақпараттық ресурсті сақтап қалу мүмкіншілігінен 
айырылып қаламыз.
Ақпарттық ресурс, ақпараттық қор (запас) – әр-дайым интеллектуалдық еңбектің нәтижесі, ғылыми-
техникалық білімнің жетістігі, елдің экономикасын дамытушы құралы. Сондықтан осы тұста, бұл 
мәселені қазір айқындап алмаса, еш уақытта шикізатқа байланған құрсаудан шыға алмаймыз. Кейбір 
елдердің, өз өндірісінің шикізат көзі ретінде, шикізаты бай елдерді, әр түрлі технологиялар арқылы, 
осы құрсаудан шығармау мүддесі бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бізде әлі де болса, кәсіби білім, 
іс жүзінде қолданып, іске асыру емес, тек қана ағартушылық, танымдық болып отыр. Себептері, кәсіби 
мамандарды дайындайтын оқытушылардың осы бағыттағы кәсіби білімі бойынша емес, салаға қатысы 
жоқ, кім болсын, әр түрлі жолдармен, әйтеуір сабақпен қамтылса болды, сабақ жүргізе береді. 
Оқытушының өзі толық игермесе, одан қандай нәтиже күтуге болады? – деген сұрақ ойландырады. Ал, 
шынайы нәтижесінде, бұлай кәсіби білім берудің технологиясы дұрыс емес, сапа жоқ. Және баллдық 
жүйеде, оқытушымен кереғар қарым-қатынас болуынан сескенетін, мінезі ұяң, ауыл жастары бәріне 
көнбіс таныта береді. Нәтижесінде, білімнің сапасы болмағандықтан, мемлекеттің қаржысы оқыту 
процессінде тиімсіз ретке пайдаланып, білім алушы да, елдің қажеттілігі де, ата-ананың, қоғамның 
сұранысы қамтылмай, кәсіпорын дұрыс маманды ала алмай ұтылады. Осы тұста, құжаттау 
процессіндегі құжаттармен жұмыс атқарудың өзіндік ролін айқындап көрсек.
Құжаттармен жұмыс жасауды бірнеше бағыттан қарастырсақ, онда мамандықтың өзін ретке келтіру 
мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл кешегі күнгі іс-жүргізуші емес, қағаздардың орындалуын атқарып, 
қадағалап, іске тігіп. Бүгінгі білімді жетілдіру қажеттілігінде, құжаттану, мұрағаттану, кітапхана ісі 
мамандарын пәнаралық байланыста, цифрлеуге бейімдеп жетілдіруді, ақпараттық технологиялар 
мамандығымен бірігіп, сонымен қатар, ақпраттық технологиялар мамандығының біліміне қосымша 
құжаттану, мұрағаттану, кітапхана ісі негіздеріне қатысты пәндерді арнайы бір бағыт ретінде оқу 
бағдарламасына кіргізсе, басқа мемлекеттер осы бағытта дамытып жатқан уақыт ағымының қатарына 
қосылар едік. Және цифрлендіру жағдайында, ақпараттық сауаттылықты арттыру маманның әр-түрлі 
сөздіктер, терминдер, стандарттарды кіргізіп, қадағалап отыруы осы мамандардың біліктілік 
еншісінде.
Ал, құжатталған ақпарат – ол кітап, ол мекеменің басқару-әкімшілік шешімдері тағысын тағы. Енді, 
цифрлендіруде құжаттың құдыретін түсіну үшін, ол қандай мәселелерді атқарады деп көрелік. Бүгінгі 
күні адам екі сауаттылықты басынан өткереді. Бірінші сауаттылық – әліпбилік, мектеп қабырғасында, 
екінші сауаттылық, өмір бойы – құжаттық.
Құжат – қоғамның дамуының кілті. Цифрленген құжаттың тілін игеру, жаңа технологиялар 
жағдайында құжаттық сауаттылық арқылы қоғамның дамуына кері әсерлерді, сауатты жеңу жолдары. 
Қоғам, цифрлеу дәуірінде компьютерлік жүйелерді, барлық тұрмыс тіршіліктегі жаңа 
технологияларды құжаттау процесінің нәтижесінде қабылдайды. Себеп жоқ емес, арнайы, 
цифрлендіру заманында, оған бейімделген салалық таза мамандарды дайындау бірнеше жылдың 
еншісінде, бұл уақыт күттірмейді. Бұл істі де осы бастан жүргізу керек.
Кезінде, кеңестік білім аясында, барлық республикаларға ортақ болған, кейін, еңбек күшінің қосқан 
салмағы болсан соң, заңды түрде, бір елдің еншісіне заңдастырылғаннан кейін, оқу орындарында 
қалыптасқан осы салалық мамандарды дайындау қайтадан қалыптасып, ал оның бүгінгі дамуының 
басы, сонау өткен ғасырдың 40-шы жылдары қолға алынып, заңнамалық, әдіс-тәсілдік реті 
қадағаланып, жоғарғы кәсіби білімнің бірнеше ұрпағы алмасып, оның ғылыми негізі қаланып, кейін, 
қалыптасқан цифрландыруға еш бір қыйындықсыз көшіп жатқан жағдай бар. Бізге де керегі осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет