13
Ақпараттық технологиялар қауымдастығы, АКТ саласындағы бизнес құрылымдары қатысып,
оқытушы-ғалымдар мен жоғары және қосымша білім беру үдерісінің жетекшілері тартылған болатын.
Жүзеге асырылған «PICTET – Ресей мен Қазақстан үшін европалық біліктілік шеңберіне
негізделген
кәсіби АКТ кәсіби білім беру» жобасының біздің елде де осы сала бойынша кәсіптік дайындау мен
мамандардың біліктілігін жетілдіру үшін маңызы аса зор. Себебі, ізденістер нәтижелерін пайдаланып,
осы бағыттағы білім беруді жетілдіруге, отандық ІТ-компаниялар мен осы саладағы бизнесті
сүйемелдеуші фирмалардың талаптарын толық қанағаттандыруға болады.
Қатысушы серіктес-жоғары оқу орындарында зор сұраныс тудырған «Программалық
жабдықтамалар құрушы», «Желілік кәсіби маман» сияқты европалық біліктілік шеңберіне
негізделген
жиырмадан аса АКТ-біліктілік құжаттары дайындалып шығарылған еді. Әрбір біліктілік бойынша
маман дайындау құжаттарының құрамына оқу жоспары, жұмысшы бағдарламалар, оқу-әдістемелік
нұсқаулықтар мен құралдар кіретін және Саратов қаласының IT-директорлар Одағы, «Новосибирск»
технопаркі, «Сателит Софтлабз» компаниясы (РФ), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркі, ALEM
Research компаниясы (ҚР) сияқты кәсіби ассоциациялар мен АКТ-компанияларында сараптамадан
өткен оқу-әдістемелік материалдар кешені жинақталған-ды. Жобаға қатысушы Ресей және Қазақстан
жоғары оқу орындарының әрқайсында АКТ-біліктіліктері бойынша мамандар дайындаумен
айналысатын оқыту орталықтары ашылып, оларда 500-ден аса оқушы-жастар білімдерін ұштаған. Осы
орталықтарды бітірген озат білімгерлер Бельгия, Болгария, Грекия, Испания және Италия сынды
елдерде тәлімдемеден өтіп, АКТ-біліктілікті қосымша жоғары сапалы кәсіби білім алғандарын
дәлелдеді.
Ресей мен Қазақстан сияқты екі елдің осы жобаны жүзеге асыруға ат салысқан серіктестері барлық
ЖОО оқыту орталықтарын біріктіріп, студенттерге жоғары білімнен кейін оқудың біртұтас кеңістігін
құруға мүмкіндік беретін және қосымша кәсіби АКТ-білім беру саласының арнайы веб-порталын
құрған. Европалық тәжірибеге негізделіп, оқыту орталықтарын тиімді басқаруға арналған сапа
менеджменті жүйесі де толықтай іске қосылды. Ендеше, Қазақстан, Ресей және Евроодаққа кіретін
елдер бірлесіп жүзеге асырған халықаралық жобаның толағай табыстары әрі қарай отандық жоғары
оқу орындарының білім беру үдерісінде жалғасын табуы тиіс.
Себебі, егер проблеманы жаһандық деңгейде алып қарасақ, бүгінде әлемдік біріңғай еңбек нарығы
құрылып отыр. Ол жұмыс күшіне қатысты сұраныс пен ұсыныс арасындағы сапа бойынша
алшақтықтан туындайтын мамандар құзырлылығына жаңа талаптар қоюда. Мұнсыз трансұлттық
компаниялардың табысты жұмыс атқаруы да, мамандарының ұшқырлығын қамтамасыз етуі де қиын.
Сондықтан, мақсаты жоғары оқу орындары түлектерін мамандыққа баулу олқылықтарын жою ғана
емес, нақты бизнес үшін білікті кадрлар дайындау болып табылатын қосымша инженерлік кәсіби білім
беру жүйесі – Елбасымыздың алдымызға қойып отырған білім берудің жаңа сапасын құру міндеттерін
жүзеге асыру жолындағы тез икемге келе бермейтін қалыптасқан жоғары білім жүйесін жетілдірудің
таптырмас құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: