5- желтоқсаннан 15- желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің апталығы туралы есебі



Дата22.03.2017
өлшемі27,84 Kb.
#12162
2016-2017 оқу жылының 5- желтоқсаннан 15- желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің апталығы туралы есебі

Әдістемелік бірлестік жетекшісі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 25 жылдық мерей тойына орай апталық жоспарын құрып, бекітілді. Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша апталық өтті. Осы апталық кезінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері көптеген іс-шаралар, тәрбие сағаттарын , сынып сағаттарын , ашық сабақтар өткізді.

06-желтоқсан күні 1-4 сыныптар арасында «Ұлттық ойындар» сайысын қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері өткізді. Сайыста өзге ұлт балалары да қазақтың ұлттық ойындарының бірнеше жаңа түрлерімен танысып, қызыға ойнады.

07-желтоқсан күні « 7Б» сыныпқа «Отаным бақытты-Тәуелсіз мемлекет» атты сыныптан тыс іс-шара қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тугельбаева А.Н. өткізді. Ол іс-шара зияткерлік ойын түрінде өтті. Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топ берілген тапсырмаларды қызыға орындады. Сыныптан тыс іс-шара қызықты өтті, көптеген ақпараттар берілді. Тәуелсіздік мерекесіне орай презентациялар , слайдтар,бейне роликтер көрсетілді.

8-желтоқсан күні 1-4 сыныптар арасында «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған суреттер байқауы , 5-11 сыныптар арасында плакаттар байқауы өтті.

09-желтоқсан күні «Менің Отаным –Қазақстан» атты 5Б-8Б сынып арасында қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Тыштыбаева К.Д. сыныптан тыс іс-шара өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар тақпақтар, өлеңдер айтып, би биледі, мақал-мәтел жарыстары болды, викторина сұрақтарға жауап берді. Іс-шара өте қызықты өтті.



12-желтоқсан күні « Тәуелсіздік Қазақстанның 25 жылдық » мерекесіне орай барлық қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері ашық сынып сағаттарын өткізді. 5Б-8Б сыныптар арасында Тыштыбаева К.Д. өткізді. 4Б-7Б сыныптар арасында Тугельбаева А.Н. 9Б -11 сыныптар арасында Аринова С.А. өткізді. 5А -9А сыныптар арасында Қуатхан Айнагуль өткізді. Барлық пән мұғалімдері ашық сынып сағатын әртүрлі тақырыпта , презентациялар жасап, слайдтар , бейне роликтер көрсетіп, қызықты викториналар өткізіп, еліміз егемендікке қалай қол жеткізгендері туралы көптеген ақпараттар берілді.

13-желтоқсан күні « Менің Қазақстаным» атты сыныптан тыс іс-шара 6Б сыныпқа қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Аринова С.А. өткізді. Бұл тәрбие сағаты «Зияткерлік ойын» түрінде өтті. Оқушылар топқа бөлініп, сайыс түрінде тапсырмаларды, викториналар, сұраққа –жауап, аудару, шығармашылық тапсырмаларды қызыға орындады. Сонынан тақпақтар айтылып, ән орындалды. Тәрбие сағаты жақсы өтті.

14-желтоқсанда «Менің Отаным» атты(нәтиже сабақ ) 4Б -сыныпта Тугельбаева А.Н. қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты қойылды ,қорытынды, қайталау сабағы болғандықтан , саяхат жасалып, көптеген тапсырмалар орындалды, кластер қүрды, ыстық орындық әдісін қолданды,тест тапсырмаларын орындады, топпен, жұппен жұмыс жасалды. Сабақ мақсатына жетті.

15-желтоқсан күні «Мен Қазақстанда тұрамын» атты 3-сыныпта қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Аринова С.А. өткізді. Сабақтың мақсаты қойылды. Жаңа сабақ болғандықтан көптеген ақпараттар берілді , АКТ-ны қолданды. Оқушылар жаңа сөздерді меңгерді, мәтінмен жұмыс жасады, лексикалық және грамматикалық тапсырмалар орындады, топпен, жұппен, жеке жұмыстар жасады. Критерийлер арқылы бірін-бірі бағалады. Сабақ мақсатына жетті, кері байланыс жасады.

15-желтоқсанда «Менің елім-Қазақстан» атты 8Б - сыныпта қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Тыштыбаева К.Д.өткізді.Сабақтың мақсаты айтылды.Сабақ екі тілде біріктірілген сайыс сабақ түрінде өтті. Коптеген тапсырмалар орындады.Сабақ мақсатына жетті. Сонымен қатар Тәуелсіздік атаулы мерекесіне қарсы акциялар «Өлкеңді құттықта», «Патриот» акциялары өтті. Апталық соңында «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай 1-11 сыныптар арасында мерекелік «Мәдениет үйінде» үлкен (концерт) өткізілді. Мерекеде көптеген ән шырқалып, тақпақтар айтылып, би биледі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің апталығы жақсы, қызықты өтті.

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі: Аринова С.А.
Каталог: A916ADC5BDD25CD1
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе. Мақсаты
A916ADC5BDD25CD1 -> Михайлов орта мектебінің 2015-2016 оқужылыбойынша
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ-өркеннің негізгі бөлігі Саңырауқұлақтар 8-билет Сабақтың көптүрлілігі және оның түрөзгерістері
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ: алгебра Сабақтың тақырыбы: Пысықтау Жалпы мақсаты
A916ADC5BDD25CD1 -> Дидактикалық ойындар
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ: информатика Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты қорғау»
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ: информатика Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпаратты өңдеу
A916ADC5BDD25CD1 -> Сабақ Тақырыбы: Терезелер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет