1. Антикалық философия
2.Ежелгі грек (антикалық) философиясының ерекшеліктері
3. Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері
Қорытынды
Философияның пайда болуы Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде, Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақта да философия – мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық даналық-дәстүрлі өмір салт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидалардың әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы философияға, содан соң философияға әкелді.
Басқа аймақтардағы философиялық ой кештеу пайда болды және олар осы үш елдің бірінің философиялық ілімінің негізінде дамыды.«Философия» ұғымы (грекше «филео»-құштарлық, махаббат; «софия»-даналық) «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. «Философия» атауын тарихта алғаш қолданған Пифагор болды.