Өмір бойы, қуанбақ жынды ісі ғой, Кейде асып, кейде қашып, кейде састым... «Мен де соққы жедім-деп-сұм дүниеден» Көп жазып ем, оныма өкіндім мен. Ойласам, көрген бейнет, тартқан қайғы Болыпты не біреуден, не өзімнен...Кімде-кім қайғы тартып, бейнет көрсе, Сұм жалғанның қылған бұл дей берсе, Әлбетте, бұл-тағдырға қарсылық ондайға ерсе. Кім үйретті дүниені жамандатып, Оны сөгіп, өзіңді амандатып? Мұны үйреткен- білімсіз шала молда, Қу қазыққа байлаған табандатып...Терісті дұрыс деп сендіретін Шешендердің келеді тілі ыңғайлы...Тумақ, өлмек, қартаймақ болмай қоймас, Қанша қызық көрсе де, пенде тоймас. Сол тоймастық-дүниені жамандатқан Сен сөкті деп тағдырды қайта жоймас. Бейнет көрме, біреуге бейнет берме, Дүние-алдамшы, өмір-қу деп елерме. Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе, Бәрін құдай қылады дегенге ерме. Қаза келсе, өзіңнен, иә біреуден, Немесе бір нәрсенің себебінен. Дауың дұрыс бола ма, ойласаңшы, Өмір-қу, дүние –алдамшы дегеніңнен? Дүние алдамшы, өмір қу есерлерге, Есерлікпен жолығар кеселдерге, Ол екеуі мінді емес, мін өзіңде, Сөзің бөлек өзгеден десеңдер де.» Қазіргі таңдағы масхаб имамдарының тағдыр туралы жалғандығын тек жаратқанан күні-түні кешірім сұрап, намаз оқи берсең жаннатық боласың деген насихтарының да қателігін, және де атамыз қазақтың: «Құдай сақтансаң ғана сақтайды», «Жаңбыр менен жер көгерер, батаменен ел көгер» деген құрбан шалып, Алла жолында дүние, мал жұмсап ақталу жол-жобаңды меңгеріп, тағдырыңды түзеу өз қолыңда деп ескертеді. Пайғамбарымызда: «Кісі істеген күнәсінің салдарынан ризықтан махрұм болады. Тағдырды тілек қана тоқтатады, өмірді ата-анаға істеген жақсылық қана ұзартады.» (29-өсиет. Сәубаннан) Қазақтың діни салт-дәстүрі; «Өлілер риза болмай, тірілер байымас» деген қағидасының ақиқатын растайды.
Тәңір сөзі-уахи: Батаменен ер көгерер!
«Рух дегенді жан дейді, Адасқан дінді пән дейді» деп Шәкәрім атамыздың ескерткеніндей, әлем діндерінің басты қателігі; жан, тән, рух заңдылықтарының, себептерінің білімін жоғалтып алып, дінді ертегіге айналдырып, бөлшектенуден, дін ғалымдарымыз әлемдегі апат, азғындықтардың, сынақтардың, рухани надандықтардың себепшісіне, жәрдемшісіне айналғанын және де ел билігінің ұстанған саясаты да, барлық халықты тек дүние байлығын жинатып «. Өмір бойы, қуанбақ жынды ісі ғой» дегендей ойын-сауық, той тойлаудан басқаны білмейтін елге айналып алғанымызды ақылы сау, есті адамның өзі де аңғарып, білуден қалды. Енді дін сынағы, әлемдер тарихынан, қандай да жер әлемдегі халықтың тыс қалуы да мүмкін емес екенін, әлем тағдырының рухани тұтастығын қалыптастыратын, ислам дінінің пайғамбарымыз көрсеткен, бірлену саясатын, теріске алғандарды, алысқа бармай-ақ, қазақ масһаб дін ғалымдарының шығарған кітаптарында Інжіл, Тәурат кітаптарын адасқан, өзгертілген деп түсіндіріп, сан ғылымына мән бермей қарапайым оқу тәсілінде меңгермегендеріне, өздері куәлік береді. Сондықтан рух, рухани сынақтар адамзаттың жындарын меңгере алмаудан пайда болатыны туралы да, мүлде сауатсыз екендіктеріне дәлел болатын: «Алайда тарихта осы дүниеде мәңгілікке қол жеткізген ешбір тұлға жоқ. Жеткізуі мүмкін емес. Өйткені тәнімізді басқарып тұрған жанымыз Ұлы Жаратушының әмірімен тәнен шыққаннан кейін оны қайта әкеліп қосуға ғылымның да, басқаныңда ( яғни жартқаның Құдайдың да?!) шамасы жетпек емес. Иә, денеде рухтың бар екендігіне қарсы дау айтар ешкім жоқ. Сондықтан оны дәлелдеп жатудың өзі артық Десек те, жан жоқ(рухты енді жан деп сипаттап отыр) дегендерге әрбір адамнан табылып жататын мынандай жауаптың мәнін жаза кетуді жөн көрдік..» (Имани гүл 147-бет) Бұл пәтуасымен дін ғалымыз; Шәкәрім атамыздың сөзін; «Мұны үйреткен- білімсіз шала молда, Қу қазыққа байлаған табандатып..» шынға шығарумен бірге, оған енді Абай атамызды куәлікке тұрғызып, сөзін мазаққа айналдырған да: «Ол денеден айрылғанан кейін өзінің мәгілік мекеніне, дененің отанына сапар шегеді» деп «тарихта осы дүниеде мәңгілікке қол жеткізген тұлға жоқ» деген тұжырымымен, Мұхаммед пайғамбарымыздың миғраждық оқиғасын. Яғни тірідей кездескен және мәңгі тірі тұлғалармен, пайғамбарлармен сөйлесіп, сұхбат құрғанын да өтірікке алумен және бүкіл әулиелер өсиетін еңбегін жоққа шығарумен бірге, Інжіл құндылығы мен Ғиса пайғамбардың мұғжизасын, рухтың жаннан бөлек болып денеге айналып, қайта адамға айналу дінің басты ғылымын, мүлде терістеп, Раббымызды да жалғанға айналдырыпты. Бұл масһаб ислам ғалымдарының, мемлекетіміздің қолдап, атақ шен беріп, ел алдында арқаларынан қағып, өз халқына, асыл дініне айдап салып отырған, ібілістің қолшоқпарына айналған, қазақтың дініне қастандық жасап отырған, кімдер екендігі болашақта әлемге де әшкере болатындығына уәде беріп, алдыңғы басылымдарда, құран арқылы ғылымын көрсетіп, дәлеледенетін Алланың хақиқаты деп біліңіз. Сондықтан құранда; сауап, артық хайыр жасап, Алла жолында соғысып, тағдырларыңды түзеу үшін, ақиретпен Раббыларыңмен саудаласыңдар, деген үкімін теріске шығарып, пайғамбарымыздың өсиетін бұрмалап, жалғаншы етіп көрсете білген: «Пайғамбарымыз тағдырға байланысты қажетсіз сөз таластыруды тиюының хикметін былай түсіндіруге болады. 1- Адамның өз қалауының тысында болатын тағдыры бар. Қалауынан тыс болатын тағдырдың себептері мен хикметтері бізге беймәлім(??)...ақылымыз қалауымыздан тыс болатын тағдырдың себептері мен хикметтерін және сырын толық шеше алмайды... Өйткені тағдыр кітабы-өте қиын әрі күрделі мәселе. Сондықтан әрбір мұсылман тағдырға байланысты мәселерді дін мамандарынан сұрап, осы тақырыпқа байланысты жазылған кітаптарды оқып түсіне алғанынша түсініп, ал түсінбей ақыл жеткізе алмаған мәселерін Алланың шексіз ілімі мен әділдігіне тапсырып, адамдармен бос дай-дамайға кірмеген жөн. Алла ең дұрысын біледі.» (И.г 195-бет) Пайғамбарымыз тағдыр туралы және тағдырдың да екі түрлі болуынмен бірге тағдырларыңды көріп түзетуге де болатынын: «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің (тағдырларың) туралы ескертеді» (994-өсиет) деген ескертумен, ата-аналарыңның аянмен көрсеткен ақылын алыңдар, ол үшін мал жұмсаңдар деген ескертуі, «серік қосу» деген бар дін ғалымдары да, ел басшылары да надандығын былай қойғанда, пайғамбарымызды мазақтағаны үшін де тозақтық және қабірдегілерден безген кәпірлер екенін, (60-13) аяттың үкімен де Раббымыз ескертіп кеткен. Ал, Шәкәрім атамыз бұндай пікірлерді, қарапайымдап қалай түсіндірген?; «Ойласам, көрген бейнет, тартқан қайғы Болыпты не біреуден, не өзімнен...Кімде-кім қайғы тартып, бейнет көрсе, Сұм жалғанның қылған бұл дей берсе, Әлбетте, бұл-тағдырға қарсылық ондайға ерсе» Адам қалуынан тыс болатын, себептің болмайтынын, не келсе де біреуден болғаны немесе өзіңнен ізде деп ескерткен. Ал «біреу» дегеніміз адамның сыңары болған, жын періштесі екенін кім мойындап түсінеді? Сонымен дін ғалымыз бұл пікірмен, Алламен адамзатың тілдесу ғылымын, құлшылықтардың басты мақсатын және жан, рух ғылымдарын жоққа жалғанға шығарумен бірге, Құрандағы сендерге шындық арқылы аяттарын оқиды, көрсетеді деген мыңдаған аяттарды терістеп, ислам дінін мазаққа айналдырған. Бір ғана мысал келтірсек: «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, ерекектерді ғана жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) Құранда 43-санымен адам баласына уахи оқушы періштелік дәрежені көрсетеді. Ал енді Мұхаммед пайғамбарымыздан да бұрын келген, мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген кітап иелерінен қалай сұрау керек? Бұл аяттың үгітін мешіт имамадары «білмесеңдер дін ғалымдарынан сұраңдар» деп түсіндірумен Құдайдың хикметті қолын, аруақтарының орнына өздерін қойып, құдайға айналып, яғни (16-43) (59) аятты ашық бұрмалап, өздерін 59- «Хашыр» перештелер дәрежесіне көтеріп алған, Масһаб ғалымдарының пәтуасына жүгініп қана, құлшылық қылмасаңдар, адасасыңдар деп түсіндіреді. Енді осы мәселерге нақты дәлелдермен, аз ғана түсініктеме жасап, осындай дінсіздіктен пайда болған, негізгі масһабшылардың, нұр мүббәрәк дін ошағының ғалымдарының, елімізге халқымыздың рухани қазынасына, қандай қастандықты, ел басшыларымыздың, жазушы, тілші мәдениет, ақпарат таратушы қызметшілерінің қолымен, жасап жатқан зұлымдықтарынан, хабар беріп көрейік. Пайғамбарымызға құран, пайғамбарлық, және бұрынғы пайғамбарлар істерін меңгеруші елшілік келіп, құран түспестен бұрын да, құлшылық істері мен намаздарды жасырын, Құрайыш тайпасының дін ұстанымынан бөлек орындағаны да, шежіреде баяндалады. Намаз оқудың да тәсілдері, исламға дейін болғанын растайды. Және оны сауаты жоқ адам баласы, қалай, қай құлшылық амалдың дұрыс, бұрысын анықтай алды? Бұл жағадай сол кездегі Тәурат, Інжіл құлшылық амалдарының бұзылмаған, таза құлшылық істерінің жоғала қоймағанын да білдіреді. Сондықтан пайғамбарымыз, ата-бабаларыңның әдет-ғұрпын орындаңдар, деп қатаң ескерткен. Егер тәурат, інжілді меңгеріп, Мұса,Ғиса пайғамбарлардан хабар алмаса, тәңірден уахи болып, бата оқылмаса, қалай құран және шариғат нұсқалары оқылады? Ал үнемі Жәбірейіл періште өзі ғана оқыды деген, құранға қарсы жала. Жәбірейіл періштемен пайғамбарымыз, 3-4 рет кездескені құранда баяндалған. Енді Жәбірейіл періште Алланың құдірет қолының бір мүшесі болып, бүкіл жер көк әлемін қамтитын бюолсы, онда адам балсынан қалай және кімдер арқылы бейнеленіп көрініу керек? Сондықтан да Жәбірейіл періште, құранды және негізгі үкімдерді жер мен көктің арасына алып түсірді де, оны бөліп оқушылар, баяндаушылар сол уақиғаларды, аяттарды меңгерген пайғамбарлар, елшілер рухтары (43-сандылар; Зұқрұф періштелік дәреже) болып есептеледі. Ал, негізнен біртұтас рух сипатты Жәбірейіл періште бұрын болмаған, енді болуға тиісті аяттарды ғана түсіріп, ал үш аятты пайғамбарымыздың өзі миғражға көтеріліп алып келсе, онда құранның қалғаны қалай оқылғанын, сондай пайғамбардың келетінін, алдын ала ескерткенін, інжіл жазбаларынан мысалдардан көреміз. Және әрбір жаратылысты жұп қылып жаратқанын, назардан шығармай, негізінен Ахмет екеу болып, аяқты сүннеттейтін, жынды мінезді, көркем мінезге айналдыру үлгісін көрсеткен Мәсіх, тазартушы- Мұхаммед пайғамбарымыз болып табылады. Ал, Ғиса пайғамбарымыз, күнәні яғни шайтанды өлтіріп, рух пен шайтан арасын ажыратып, рухани тазарып сүннетелуін, дарындылықты, ақыл-ойды меңгеру үлгісін көрсеткен; «ОҢ»- Мәсіх тазартушы, көктен келетін су ананың рухына байланысты, бірінші рухани өлімнің шапағатшысы болып табылады. Бұдан кейін келетін, рух пен жанның арасын ажыратумен бірге, сүнетелу бірлігін қамтамасыз етіп, толық кемел адамды қалыптастыру үшін тәнді де сүннетеп, жер ананың рухына байланысты екінші рухани өлімнен тірілудің рухты, жанды екі «жұлдызға» айналдыру үлгісін көрсететін Мұхаммед пайғамбарымыз туралы, Құдайдың екінші және бәрін біріктіретін соңғы рухани ұлын, барлық киелі кітаптарда «СОЛ» деп ескертеді. Сол- Масіх негізінен, жанмен жер анамен байланысты және шайтанды толық басқару, ал Оң- көк рухымен байланысты, жынды толық меңгеру, басқарумен ерекшеленеді. Сондықтан Құран түскенге дейін де, шомылу, ғұсыл, дәрет алу рәсімдері болып, аяқ жуу рәсімін (тазарту мәсіхті) Ғиса пайғамбарымыз елшілеріне көрсетіп, оның сырын «болашақта түсінесіңдер» деп астарлап ескерткен. Ал Мұхаммед пайғамбарымыздан қалған, сүнетелу шомылу, тазару негізі дәретпен, аяқпен аяқталып, аяқты қорғап, мәсіх тарту дінге келген жаңалық болды. Ал құдайдан уахи хабар келу Мұхаммед пайғамбарымызға дейін де болып, одан кейін енді хабар; уахи, аян, түспен түсірілу, аяттардың насихаты оқылуды тоқтады деп, ашық жазып, айту түгіл іштей ойлаудың өзі күпірлік! Інжілден: «Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ал соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын(адаммен бейнеленетін рух арқылы) жіберіп жеткізеді. Сол (Мұхаммед пайғамбар рухы) арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады. Одан Құдайдың салттанатты ұлылығы жарқырап көрінеді. Құдай адам баласына бәрін де бағындырып берген кезде оған бағындырмаған еш нәрсені қалдырған жоқ. Алайда біз бәрінің де адам баласына бағындырғанын қазір көре алмаймыз. (Болашақта болатын исламдық хикметтер) Тәңір көптеген адамдардың күнәдан құтқарып, Өзінің рухани балалары етіп, құрметке бөледі, ал құтқарылу жолын салған Мәсіхті азап шегуі арқылы кемелдікке жеткізді. Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді. Адамдарды Оған бағыштаған Мәсіх те, сол адамдар (құранды меңгеретіндер)да ( Мұхаммед пайғамбар және ислам әулиелері) Әкеден тарайды. Сондықтан да Мәсіх оларды бауырластарым деп атаудан ұялмайды. Сондықтан Ол(Ғиса) барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайрымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды. Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады. Бауырластарым, сақ болыңдар: ешқайсысың жүректеріңді қасарыстырып сенбей, мәңгі тірі Құдайдан безіп кетіп жүрмеңдер! Қайта, бірде-біреуің күнәнің кесіріне бола алданып, қасарысып кетпеу үшін әлі де «бүгін» деген мерзім бітпей тұрғанда, күн сайын өзара демберісіп отырыңдар! (Бір-біріңді тазалаңдар!) Шындықтың қайнар көзін (аян көру) аяғына дейін берік ұстанғанда ғана Мәсіхпен тығыз байланыста болып, бірге қызмет етеміз. Киелі жазбада осы туралы мынаған ұқсас жазылған ғой: «Ал бүгін Тәңірдің даусын естісеңдер, Бас көтергенде істегендерің іспетті Қасарыстырмаңдар жүректеріңді!» Ата-бабаларымыз сияқты біз де Құдайдың сыйлайтын тыныштығы туралы уәдесін (батасын) естідік. Олар бұл хабарды сеніммен қабылдамай, тек естіп қана қоя салғандықтан, оның пайдасын көрмеді. Ал сенімізді Мәсіхке артқан біздер уәде етілген тыныштықты иемденеміз. Сондықтан ешқайсымыз ата-бабаларымыз сияқты бағынбаушылыққа бола сол тыныштықтан құр қалмау үшін оны иемденуге жан сала ұмтылайық! Себебі Құдай сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір, бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткендей, ішкі дүниеміздегі ой-ниетімізді әшкерелеп бағалайды. Құдайдан жасырын жатқан ешбір жан иесі жоқ. Оның көз алдында барлығы ашық та айқын көрініп тұр. Біз Оның алдында есеп беруге тиіспіз. Сонымен көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз-Құдайдың рухани ұлы Иса бар. Бас діни қызметкер болу құрметін ешкім өз бетімен иемденбейді. Құдайдың Өзі Мәліксадықты (сақтың ұрпағы:Һұт елші-Мәді, Мағди) тағайындағандай, Мәсіхті де Бас діни қызметкері болуға белгіледі. Сол Мәліксадық Салим (Бұхара жері) қаласының патшасы, Алла Тағаланың діни қызметкері болатын. Ыбырайым әлденеше патшаларды жеңіп, ұрыстан оралып келе жатқанда Мәліксадық оған жолығып батасын берді. Сонда Ыбырайым қолындағы бар мал-мүліктің оннан бірін бөлігін құдайы садақа етіп оған тастап кетті. Мәліксадық есімінің мәнісі «әділдік патшасы» болса, «Салимның патшасы»-«Тыныштық пен амандық патшасы» дегенді білдіреді. Мәліксадықтың әке-шешесі, шыққан тегі және өмір сүрген уақытының бас-аяғы туралы ешбір мәләмет берілмеген. (Құранда шежіресі бар) Сол жағынан(Мұхаммед) ол мәңгі-бақи діни қызметкер болып қалатын Құдайдың рухани ұлына ұқсайды. Мәліксадықтың мәртебесінің қандай жоғары екенін ойлап көріңдер, тіптен түп атамыз Ыбырайым түскен олжасының оннан бір бөлігін оған берді. Мәліксадық Құдайдың уәдесін алған Ыбырайымның түсімінің оннан бір бөлігін иемденіп, оған батасын берді. Бата алғаннан бата бергеннің дәрежесі, сөзсіз, жоғары. Мәліксадықтың мәңгі тірі екендігі жайлы мәлімет берілген. Ыбырайымның Мәліксадыққа қолындағысының оннан бірін беруі арқылы кейінірек халықтан түсімінің оннан бірін жинайтын Леулі руы туралы да оған құдайы садақа берді деп айтуға болады. Ол-адам ретінде Тәурат заңында жазылған шығу тегіне қатысты ережеге сай болғандықтан емес, бойында сарқылмас құдіретті өмір болғандықтан діни қызметкер. Бізге де дәл сондай: қасиетті де кінәратсыз, кіршіксіз, күнәлардан аластатылып, аспанан да жоғары, Құдайдың қасына көтерілген Бас діни қызметкер қажет! Айтып жатқандарымыздың ең бастысы мынау: көкте біздің Бас діни қызметкеріміз бар; Ол тағына жайғасқан Ұлылық Иесінің оң жағындағы құрметті орында отыр. (Ал сол жағына кім бару тиіс еді!) Енді Ол барлық жауларының Өзінің табанының (топыраққа айналуын!) астына түсуін күтіп отыр. Киелі Рух та бізге осыны растайды. «Жаратқан Ие мыныны айтады: Бұл Менің кейінірек (Құран арқылы) олармен жасайтын келісімім- Мен тағлымымды жүректеріне құямын,(Ақ ұлға түскен жүрек ашу хикметі) Ой-саналарына жазып та қоямын». «Келуге тиісті Ол(Мұхаммед) сәлден кейін келіп, еш кешікпейді. Әділ адамым (Мұхаммед) Маған сеніп шынайы өмір сүреді. Ал кім қаймығып бағытынан(Исламнан) кері қайтса, Ризашылығымды бермеймін сондайға». Ал егер шынайы хабарды естіп-білгенен кейін де әдейі күнә жасай берсек, онда бізді күнәмыздан арылта алатын ешқандай құрбандық жоқ. Абай болыңдар, ешқайсың Құдайдың рақымынан құр қалып жүрмеңдер! Әйтпесе улы тамырды қазып алып тастамаса оның қайтадан көктеп, қаулап өсіп кететіні сияқты, мұндай адамдардың жаман көзқарастарына көптеген басқаларды да еліктіріп, арамдап, зор зиянын тигізетін болады. Ешқайсыларыңда да опасыз болып, азғын өмір сүрмеңдер! Яки Есау сияқты қасиетті атаулыға(елшілерге, әулие-әмбилерге, аруақтық тіл біліміне) немқұрайлы қарамаңдар! Ол бір ішер тамаққа бола өзінің тұңғыштық жолын сата салды. Кейінірек әкесінің ерекше батасын алғысы келгенімен өтініші қабылданбады. Есау жылап тұрып жалбарынса да, өзінің істеп қойғанын өзгерте алмады. Сендер ата-бабаларымыз сияқты көріп-естуге болатын мынандай жайтты бастарыңнан өткізбедіңдер: олар от болып лаулап жанып жатқан Синай тауына жақындады. Айнала қара түнек болып, сұрапыл дауыл соғып, кернейдің қатты дауысы шығып, сөздер айтылды. Соны естіген халық мұндай сөздерді енді қайтып естімесек екен деп жалбарынды. Олар Тәңірдің «Тауға аяқ-қолдарың тигізген әркімді, тіпті мал тұяғы тисе де, оны таспен атқылап өлтіру керек» деген бұйрығынан қорықты. Осы көрністің әсерінің үрей туғызатындай болғаны сонша, Мұса пайғамбардың өзі: «Мен қорыққаннан қалтырап тұрмын»,-деді. Абай болыңдар, енді өздеріңе сөйлеп тұрған Тәңірді тыңдаңдар! Оның тапсырмасымен жер бетінде сөйлеген Мұса пайғамбарды тыңдамай қойған Исраил халқы жазадан құтылмады. Ендеше бізге көктен сөйлеп тұрған Құдайдың Өзінен бас тартсақ, онда алатын жазамыздан одан бетер құтыла алмаймыз! Сол кезде Тәңірдің даусы жерді шайқалтты, ал қазіргі заман туралы Ол пайғамбар арқылы: «Мен тағы да жер түгіл аспанды да шайқалтамын» деп уәде берді. «Тағы да» сөздер мынаны білдіреді: Құдай Өзі жаратқанның барлығын шайқалтып, орнынан алып тастамақ. Сонда тек шайқалтуға болмайтындар ғана қалады. Сонымен, өзіміз шаңырағы ешқашан шайқалмайтын Патшалықтан үлес (бата, уәде) алғандықтан, сол үшін Құдайға шын жүректен шүкіршілік айтып, Оны риза қылатындай қызмет етіп, терең қастерлеп, Оған ұнамсыз істеуден шошынатын болайық! «Біздің сиынатын Құдайымыз жалмап қоятын от іспетті!» (Інжілден; Елшілер істерінен) Ал енді от мәселісіне келетін болсақ, жылына бір рет Ирусалим қаласындағы шіркеуден шырақ жанып және бұл хикметті Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатының көрнуі екенін, әлем түгіл ислам ғалымдары да мойындамайды. Бұл құдайлық сыйды меңгеруді, от арқылы күнәден тазарудың белгілері исламда тек қазақ елінде ғана сақталған. Келін түсіргенде отқа май салып, аласталу, және діншілердің «ырым, шерік қосу», деп қарсы болған, ата жолында шырақ жағып, аруақтардан бата алу дәстүріміз, сонау Інжіл нұсқауларынан бері қазақ халқының салт-дәстүрі болғанын көрсетеді. Енді бұл ата жолында тұрақты намаз амлына айналған хикметтер туралы құран арқылы расталып, аятта; «Алла жаққа, Оның нұсқауымен (аятармен, аяндарымен) шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік.» (33-46) Шырақ белгісі Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғануға арналған намаздың бір амалы болып және; «...Сондай аяттарымызға иман келтіріп, өздері мұсылман болған кісілерге (аруақтарына) ғана естірте аласың» (27-81) (109) . Егер саналы болған әрбір құранды зертеуші адам баласы бұл сандардың сыры арқылы қазақтың салт-дәстүрі және ата жолындағы аруақтардан бата алу үшін зияртау намаз орындауларының хақиқатын (11-109) аяттары арқылы білінетіні де даусыз.
Иманның хақиқаты-ғылым келу және білім берілу-шындық түсірілу!
«Ғылым Алланың бір сипаты, ол-хақиқат, оған ғашықтық та (құмарлық) хақылық (міндеттілік) һәм адамық дүр (қасиет). Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат-құрмет таппақ секілді нәрселердің (дүниелік) махаббатымен ғылым білімнің хақиқаты табылмайды...Көңіліңде өзге махаббат тұрғанда, хақылықты (құдайлық махаббатты) таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен табылады. Ол аланың ғылымы емес, һәмманы (барлығын тегіс) білетұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым біледі.» (38-сөз) Абай атамыз, Алланың ғылымын, яғни құранды меңгеру үшін аяттар насихатына, Алланың біліміне, сөзіне ғашық болып, махаббатың оянып, сөз астарына терең үңілмей, тек арапша оқысаң болды, рахметіне бөленесің, деген діншілер пайымдауын жалғанға шығарып, әрбір Алланың түсірген аятының, хикметіне яғни түбіне жету үшін, соған деген құмарлық талабы болу керек екен. «Әуелі дін исламның жолындағы пенделер, иманның хақиқаты не сөз екенін білсін. Иман дегеніміз бір ғана иланбақтық емес, сен Алла тағаланың бірлігіне, уә құранның оның сөзі екендігіне, уә пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның оның тарапынан елші екендігіне иландың. Жә не бітті! Сен Алла тағала үшін иман келтіресің я өзің үшін иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де, Алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Өзің үшін иман келтірсең, жә иландың..» Сонымен иман келтіру дегеніміз, құр сеніп қоя салу емес, сенің құр иман келтірдім, деп сенгеніңнен, иланғаныңнан келер, кетер пайда жоқ екенін ескертеді. Сондықтан құранды арапша Алла тағаланың солай түсіргені еді деп, сеніп, иланып, бірақ иман білімін ұғынып, түсінбей түгел жатап алсақ, онда Алла тағала үшін иман келтіргеніміз болады да, ал тек арап тілінде ғана түсінігін, үгітін білуге иман білімін меңгерсек, онда арап халқы үшін иман келтіреді екенбіз де иланғандық болып, Алланың сөзіне деген шала махаббатты ғана қалптастырады екен. Сонымен иман, нанымымыз жер бетіне түсіп, білім, құран, кітап болып келмей тұрып, Раббымызға алдын ала барлық білдірген біліміңді, хикметтеріңді меңгерміз деп, берген уәдеміз және аталарымыздың осындай хикметті білімдерді меңгергеннен қалыптасқан, діл-біліміміз, және оны біздерге өткізген, аталарымыздың аманаты (рухымыз) нәсілдік белгімізді, жүктерімізді меңгеруміз қайда қалады? Олай болса, құранды қазақша аудармасын оқып, аяттардың құпия сырын насихатын түсінуге, талаптанудан және парыз, сүннет етіп түсірілген, құлшылық істерін үзбей орындап, хикметін біліп, шешімін табуға тырысқан жағдайда ғана, кітаптарына иман келтірген болып есептеледі. «Егер де де сен өзің иман келтіруден пайда алмадың, пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек.» Құр сеніп, насихатын оқып түсініп, амалға айналдырып, пайдасын көрмесең және ол пайданы қалай алуды білімесең, иман келмейді, деп ескертеді атамыз. Ал, егер бұл үгітке мойынсұнсақ, амалға алсақ, онда масһаб діншілер пікірімен тағы қайшы келеміз. Сонымен егер масхаб пәтуасымен менің тұтқан оразам, берген зекетім, оқыған, орындаған намаздарымнан қалай пайдасын көремін деп сұрамасам, онда олар пайданы тек белгісіз жағдаймен немесе өлгенен кейін ақиретте ғана көресің деп түсіндіреді. Және бұл саладағы діншілер пәтуасы бойынша; Бұл дүниедегі тіршілік өміріңде, қалай жалбарынып сұрасаң да, Алла тағала пендесімен тілдеспейді, деген пәтуларының астарында, құдай берген ризығын, нығметін рахметін, жақсылығын алдын-ала да көрсетпейді деген ұғым шығады. Яғни егер бір жақсылықа кенеліп жатсаң, онда қалай берді не үшін берді, не мақсатта берді, әлде тағыда бере ме бермей ме, қандай аманат беріп сынады, оны білуге тырысып, шаруаң да болмау керек. Тек кешірім сұрап, намаз оқып, құлшылық жасай беруің керек. Ал негізінен мұсылмандықтың барлық шарттарын, шектерін мойындап, ислам дінінің құндылықтарына, барлығына дерлік жапай бой ұсынуға, адам баласының туғанан ақылы жете бермейді және көп жағдайда мұндай құлшылықтарға дүние ісімен, кейбіреулерімізге ерекше берген нығмет артықшылықтарымен алданып, сондықтан міндетті парыз қылған намаздарын орындауға қажеттілік те туындамайтынын да хақ. Сонымен, өмірдің сан алуан қызықтарын тамашалап, кейбір сәттерде, қиындықтарын, сынақтарынан өту барысында немесе кейде жол таба алмай тығырыққа тірелгенде, ескі күнәлі болмысыңның, рухыңның өліп, рухани қажеттіліктің жаңадан бастауын іздегенде ғана, парыздық құлшылықтарға қажетіліктің пайда болатын заңды құбылыс. Бірақ, Абай атамыз ескерткендей дүние махаббаты басым тұрғанда, бұндай рухан қажетілік және күнәлі болмысқа қарсы талаптың, қайшылық пайда болуы мүмкін емес. Ол үшін де, міндетті түрде құдайдан түсетін қайғы, сынақ, азап ауру болу керек. Ал тәрбиесі дұрыс, есі бар адам баласы, рухани ізгілікке өзі алдын ала талаптанса, онда бұндай жамандықсыз-ақ, қалыпты жағдайда өтуге болады. Ол үшін сонда жас кезден басап, шариғат білімін оқыту керек пе, әлде ұлтық негізде қалыптасқан әр пенденің қоғамдағы орны, жасы , қызмет, кәсіп ерекшелгі сияқты қимыл, іс әректерінен қарай тұрмыстық ұстазы, білімі қалыптасау керек пе? Ал, мұндай жағдайда, жеке –жеке әбір пендесіне тұрмыстық рухани қажетілікті кімдер қалай, өлшеп беріп үйрете алады? Және пенде өз рухын ұстазсыз, жол көрсетушісіз, өз кемшіліктерін байқап, кемісін толтырып, артығын тежеп, қалай өзін-өзі, рухын, жанын тәрбиелеп жолға сала алады? Енді шариғат, масһаб білімін жаттап алғанмен, қалай ондай білім бейнеленіп, амалға кісілікке айналып, өздігімен маған жәрдем беріп, күнәммен соғыса алады? Сонымен бірге жартушымыздың; «..Әрбір