өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады.» Бұл жағдайды да Раббымыз; «Сендерді ұлттарға, руларға бөлдім, бірі-біріңмен қарама-қайшылық жағдайда өз ара жақсылыққа жарысыңдар.» деп ескертіп, махаббатты, өз ара жақындықты меңгерудің, ұлттық яғни үметік ерекшелігі болатын қатаң тапсырған. Міне діннің де құпиясы және өз заманына, ұлттық, тілдік ерекшелігіне сай жетілдірудің қажеттілігі де осында тұр. Пайғамбарымызға құран 40-жастан бастап келіп, сонан кейін арап халқы жаңа діннің туының астына кіріп барып, исламдық шариғатты меңгере бастады емес пе? Онда да, есі толық білімді сахабалар үлгілері арқылы ғана. Олай болса, әуелі дінің тарихы, шежіре білімі де бұрынан тәжірибесін, пайда, зиянын анықтап меңгерген халықтардың үлгілері, тәжірибелері арқылы түсіндіріліп, ал жаңадан түскен ілімге байланысты ақылдың-ойдың тазаруымен, діннің білімін меңгеру арқылы және өзге халықтардың тәжірибесіндегі жіберген қателіктерді түзеу мен, сол заманына қарай жіберілген сынақтар мен, қиындықтарды жеңе білу арқылы ғана діннің тазасы қалыптасып, әлем өркениетін де өзге халықтардың да діндерінің өркендеуін қалыптастырғаны сөзсіз. Бұрын тарихта болмаған және тәжірибеден өтіп, пайдасы мен зияны ажыратылымаған дін ісін, шариғатты бірден араптан бастап қалыптасты деген надандықтың да үлкені екені сөзсіз. Олай болса дін қашанда, өткен замандарда ғұламалар, әулиелер меңгерген тарихаттан, яғни шежіре, ата-баба әдет-ғұрыптардың мәнін, құндылықтарын меңгеруден басталып, сосын заманға сай салт-дәстүр қалыптасты. Және әр халықтың дінді меңгеру барысында, өзіндік қолтаңбалары, діни салтық қағидалары қалыптасып, арасынан пайда болған данышпандары арқылы ұлттық білімі, ақыл-ойдың философиялық дүние танымы ұлттық адамгершілік бейнесінің құндылықтары «масһабы», мәдениет сарайының, алты жақты білім сарайы- қағбасының қалыптасуы діннің негізгі шарты еді. Шариғаттың негізгі адамзатқа ортақ парыздары болған рухани жағдайдағы «Төртеуді түгелдеу» қағидасымен, ортақ ұстаным болса, ал ұлттық және жеке пенделік жандық ерекшелігі; «Алтауды араздастырмау» үшін, әр ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихи құндылықтары болу шарт. Жалпы ислам және әлем дін ғылымында 5-ші қағиданы, кітабын табу барлық нәрсенің ортасын негізін анықтау болып, мұсылманның бесінші парызы дегеніміз осыны көрсетеді. Барлық түсінбестік те, тарихатты бөлек сопылық жол қылып алу да, өткен тарихтағы аталарымыздың тәжірибесін де сол қалпында ішкі сырына үңілмей көшіріп алып, намаздарын сол қалпында немесе өзгертулермен, қайталаудан пайда болады десек қате емес. Себебі, ол кездерде діннің өркендеуі ұлттар, үмметер арасында жалау сияқты көшіп алмасып отырған. Негізгі араптардан, бәдеуиліктерге, онан түркілерге және түркі халқының ішінде де, түріктерден, түркіменге, тәжіктен, өзбекке, өзбектен қазақтарға сияқты алмасу болғаныда хақ. Сондықтан тәжік әулилерінің қазақтың тарихына шежіресіне жалғану амалы, олар үшін тарихат, біздер үшін тек масһаб болып саналады. Ал қазіргі таңда, енді қазақ ұлтының ішінде тарихат деп, дінді бөлектеп алу да мүлде ақылға да дінге теріс. Тарихат намаздары қазақ ұлтының барлық тұрғындарына ортақ шежіресінде, әдет-ғұрпында, әулие бабалар шығармашылық өсиеттерімен, нахылдарымен біртұтас тарихи және масхабтық, шариғаттық дәстүрлік діни білімге айналып кеткені де хақ. Сондықтан тарихат, мағрипат ілімін, енді әрбір ұлттың адамгершілік ұстанымдары, мұсылмандық қарыздары болып, оны бесінші парыз деп атағанымыз да абзал. Демек, Абай атамыз ескерткен үш сүйюден тұратын бесіншіміздің негізі; ақыл-ойымыздың, дүниетанымдық құндылығымыз әулие-әмбилеріміздің, абыз, даналарымыздың біздерге қалдырған өмір тәжірибесі даналық сөздері яғни ділдік біліміміз болып табылады. Ал, қазақ ата салт-дәстүрлі дінің осы тарихат, мағрипат негіздерін біріктіріп, философиялық сөз білімін толық негіздеп кеткен, Абай атамыздың еңбегін, ұлты, ділі қазақ болған және тіл, сөз сауатынан білімі бар қазақ баласының келіспеуі де мүмкін емес. Бесінші мұсылмандық қарызды; «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!»-деп тілегенін өзім көрдім. Онысы-жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың әуелі... Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болғаны: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен...Бұларды жас баладан ақылынан несі артық? Бірақ жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге кіре жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, бізде өзіңдей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз(діліміз) сол ма?» Атамыздың насихатынша, мұсылмандық қарыздарды орындап, мүмін болып өмір сүру дегеніміз: Алланың азабынан шын қорқып ұяла білумен және елдің тыныштығы, әділеті жолында күресіп, білім, ғылымды меңгеріп, діліңді толықтырып, ел бағуды меңгеруді; бесінші мұсылмандық қарыз деп ескертеді. Бұрынғы ислам ғұламаларының осындай бес парызды және ішіндегі 40-парыздық амалмен жүйелеп көрсеткен білім жүйесін, кейінен келген дін ғалымдары қате түсініп Абай атамыз; «Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.» деген насихатын да толық түсінбеген масхаб ғалымдарымыз, қажылықты бесінші парызға айналдырып, қажылық жасап қана, Ыбрайым жолына жалғанып ғылымды меңгеруге болады деп, өз бағыттарынан қасарысып қайтар да емес. Бұл намаз орындау негізінен төртеуді түгелдеу болып, ал үш сүйюді бекіту амалын, тарихыңды, шежіре салтыңды меңгерумен және ел бағуды, ел халқыңды сүйюді меңгеру, яғни үйрену керек деп ескертіп кетіпті әулие атамыз. Сонымен ел бағуда екі нәрседен тұрып; бірі тілді түзеу үшін сөзді бағып үйренумен, екіншісі әйел затының ділін тазартып, бағуды меңгеру керек. Осы қасиетті дінде бақташылық деп ескерткен.Ал ой бағуды, рухты толық меңгергендерді шопан деп атайды. «Көк торғындай аспан-көк, Білемін жайнап ашылар. Түрленіп жерді жасырар. Қорқытпайды қар мен мұз, Өзге нәрсе қорқытты. Ойсыз, доссыз, бақытсыз, Жыбырлақпен өмір өтті. Сондықтан қайғы қат-қабат, Қарап тұрмын сендерге, Атасы басқа, өзі жат, Жалғыз жанша жат жерде...Өткен өмір-қу соқпақ, Қыдырады талайды. Кім алдады, кім тоқпақ Салды соны санайды. Нені тапсаң, оны тап, Жарамайды керекке. Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой Өкінді, жолың бекінді, әуре болма оны қой. Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенді уерд (құбылтпай, алдамай) Тыныш өлсеңші тегінде...Түңлікбайдың қатыны атың-Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен-шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.» Ел болу дегенді Абай атамыз; Ойлау қабілетін тазартып, қалыптастырумен байланысты, ақиреттік дос тауып, рухыңды тазартумен және әйел затының ділін, қанын тазартып, оған рухани егін өсірумен, неке жұбайлық өмірдің тазалығын қалыптастырумен қалыптасатынын және өткен өмір тарихына жалғанумен «аруақ» заңдылығымен атқарылатынын ескертеді. Ал ұлттық, қандық, гендік ділді жетілдіріп, рухани егінді өсіруді Құранда: «...Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді. (222) Өйткені әйелдерің егіндіктерің. (ұрық себетін жерлерің) Егіндіктеріңе қалай қаласаң келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамданыңдыр. (рухты, сөзді, жанды тазалау) Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындықтарыңды біліңдер. (Әулиелерді зиратап өлімді еске алу) Мұхаммед мүміндерді қуандыр. Алла деген антарыңды (иман келтірулерің,намаздарың, дін-ниетерің) жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. Алла (Т) әр нәрсені естуші, білуші». (2-223) Бұл аяттарда Алладан қорқуды; өлілерді қадірлеумен, аманат нахыл, мақалдардың білімін меңгеріп, намаз қылып орындаумен және неке жұбайлық өмірдің тазалығымен, әділетті өмір мен, өз-ара жарастық, жақындық- махаббатты, бауырмалдық, сүйіспеншілік қатынастарды ескертеді. Ал інжілде бұл аятты: « Иса халыққа астарлы әңгімелермен көп тәлім беріп былай деді.-Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндерінің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып жеп қояды. Басқа тұқымдар тастақ жерге түседі. Олар топырағы жұқа болғандықтан тез көктеп шығады. Алайда күн шықан соң күйіп, тамыр жая алмағандықтан қурап қалады. Тағы басқа дәндер тікен арасына түседі. Тікендер қаулап, оларды тұншықтырып өсірмей тастайды. Ал өзге тұқымдар құнарлы топыраққа түседі. Бұлардың біразы жүз, басқалары алпыс, бірқатары отыз еседен өнім береді. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын. Шәкіртері Исаның қасына келіп: -Жұртқа неге әңгімені астарлап тұрсыз?-деп сұрағанда. Оның жауабы мынандай болды:-Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді оларға емес, сендерге ғана бұйырды. Өйткені кімде (рухани байлық) бар болса, соған тағы беріліп, оныкі асып-тасып кетеді. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады. Мен бұларға астарлап айтамын, өйткені олар көріп тұрса да, шынымен көрмейді, естіп тұрса да, шынымен естімейді де, түсінбейді де. Осылайша Ишая пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздері олардың өмірінде жүзеге асады. Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар! Өйткені осы халықтың жүрегі қасарысқан сезімсіз, құлақтары керең, көздері жұмылған. Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен түсініп, теріс жолдан қайтар едің. Сонда Мен оларды сауықтырар едім!» Абай атамыздың ескеткен, амантқа қиянат жасап сөздің сырына мән бермеген және дүниенің қайғысына ғана түскен, Құдайдан қорқуды, адамнан ұялуды білмеген пенделердің жағдайларың Ғиса пайғамбарымыз рухани мешеулер деп көрсеткен. «Енді тұқым сепкен дихан туралы әңгіменің мағынасын тыңдаңдар: біреу Патшалық туралы хабарды (рухтың сөйлеуі,бата, аян, аруақ өмірі) естіп түсінбесе, лезде әзәзәл шайтан келіп, сол адамның жүрегіне себілген бұл сөздерді ұрлап алып кетеді. Жол бойына түскен тұқым-осы. Ал тастақ жерге себілгені мынаны көрсетеді: адам ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандақтан берік болмайды. Ізгі хабарға бола басына азап не қуғын түскенде дереу сенімінен безіп кетеді. Тікен арасына себілген дәндер болса, мынаны білдіреді; біреу ізгі хабарды естиді. Алайда бұ дүниелік тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып, өнім бермейді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқым болса, мынаны бейнелейді: адам Ізгі хабарды тыңдап, түсініп, өнімді болады. Ол жүз, алпыс немесе отыз еседен өнім береді.» Бұл астарлы әңгімемен Ғиса пайғамбарымыз еркектерге берілетін рухани қазынаны яғни білім-ғылым келуді аманаттың жағдайын және де рухтың қуаттық дәрежесін 100;60;30 сандармен көрсеткен. Ал, данагөй аталарымыз ескерткен, «Ілім мен білім ортасы» болға ақиретік, харіпсіз, үнсіз тіл білімнің негізін, Ғиса пайғамбарымыз: «Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар!» деген астарлы сөзбен, біздің ислам ғалымдарының мүлде жоғалтқан; Аян, уахи, бата сияқты түс көру, оны жору білімінің, көптеген халықтың болашақта жоғалтып алатынын ескертіпті. Ал енді осындай тіл білімін түсінде берілетін, шындықты, қазынаны алған ер азаматтың жаны тазарып, құпия білімі кітабы жазылуымен, ұрығы да жаңарып, жұбайлық өмірі неке төсегі арқылы Алла сөзін, рухын әйел затына егіп, өсіруді бұйырған жоғарыдығы аятта. Бірақ рухани егінді, тұқымды егу үшін, әуелі әйел затының жері, яғни жатыр тазалығын, аяғын тазартып, тәнін баптап күтіп, 40-үйден тыйым салып, қыз күнінен әдет-ғұрпын меңгеріп, мәпелеп өсірудің де бақташылық сырын да білу керек. Және әйел жатыры-«жеріндегі» 21-ошақтың, бастағы, жұлдыздық орындармен ьіл жолдарымен (натрий) тікелей байланысты болып, бас күтімін де ерекше меңгеру шарт. Болмаса, «Еңбегің еш тұзың сорға» айналуы даусыз. Және «Түс түзелмей іс түзелемес» деп, тәндегі рух сөзі егілетін үй жерді баптаумен, күтумен нәтижеленетінін ескертіпті аталарымыз. Енді оның жағдайын Ғиса пайғамбарымыз: «Құдай патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне (әйеліне) жақсы тұқым себеді. Жұрт ұйықтап жатқанда(түсінде) дұшпаны келіп, бидай арасына бидайықтың тұқымын шашып кетеді. Бидай көктеп шығып, дән жинай бастағанда, әлгі арам шөп те өсіп шығады. Сонда қызметшілері егін егесіне келіп: -Мырза, жеріңізге сепкеніңіз жақсы тұқым емес пе еді? Бидайық қайдан шықты?-деп сұрайды. Ол: -Мұны істеген дұшпан кісі,-деп түсіндіреді. –Ендеше біздің сонда барып, отап тастауымызды қалайсыз ба? –Жоқ,-деп жауап береді қожайын, -сендер бидайықты отаймыз деп бидайды бірге бірге жұлып тастайсыңдар. Орылғанша өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: Өртеп жіберу үшін алдымен арам шөптерді баулап, жиып алыңдар, ал бидайды жинап қамбама құйыңдар! –деп бұйырамын» Осындай жатыр-жері сорға айналған, басын күтпей, ойы бұзылған әйел затының, күйеулері еккен рухани ұрықтың өнім бермей, ал өнім берген жағдайда, жанына енген арамзаның, шайтанның тұқымы түс болып қоса егілгендіктен; аян-аятқа айналып, қанына, тағдырына жазылып, сонан ондай ойы бұзық әйел затынан кеміс, кемтар, туғанан ауру және рухани жетімсіз балардың өмірге келіп жатқанына осы насихат, аятқа дәлел бола алады. Сондықтан да әйел затының жүктілік алдында да, жүктілік кезіндегі де түс көріп, аян алуын, болашақ ұрпақ тағдырымен байланыстырған аталарымыз. Ал, осындай жағдайға байланысты, аталарымыздың қалдырған аманат діні; «Қызға қырық үйден тиым» деген жан ғылымыздың білімін, Абай атамыз : «Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой Өкінді, жолың бекінді, әуре болма оны қой. Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенді уерд (құбылтпай, алдамай) Тыныш өлсеңші тегінде..» деген астарлы өлеңмен, діл егінін өсірудің, жұбайлық өмірдің қағидасын, жүректердің тазалығымен, яғни қан тазалығы қазіргі еліміздің европалық салтынан алған, «гендірілік» саясатының қателіктерін көптеген өлеңмен өрнектеп, дін қағидасының мағрипатын ашып беріпті. Олай болса Құдай патшалығы дегеніміз иман гүлі-мағрипат. Аталарымыз Құдай патшалығын: «Ел боламын десең бесігіңді түзе!» деп Ғиса пайғамбарымыздың мына өсиетін де ескерткен екен: « Құдай патшалығы адамның егістігіне (еркектің беліне, нәсіл-ұрық) еккен қыша дәніне ұқсас: қыша дәні басқа тұқымдардан гөрі титей болса да, өскенде барлық дәнді дақылдардан биік болып шығып, ағашқа айналады. Сонда бұтақтарына құстар ұшып келіп паналайды.» Құранда: «Лұқман: «Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да бір жар тастың ішінде болса да көктерде не жерде болса да Алла оны келтіреді. Расында Алла өте мұлайым, толық білуші.» (31-16) «Иса оларға астарлап келесі бір әңгімені де айтып берді: «Құдай патшалығын ашытқымен де салыстыруға болады: әйелдер үш астау ұнға қосып, арластырғанда аздаған ашытқы барлық қамырды ашытып көтереді.» Әйел затының адамзатың үш түрлі ділі,наны, рухани азық- асы екенін, оның егінінің жетілуі, қамырының ащытқысы; еркектің сөзі мен уәдесінің яғни аманат пен уәдені орындауына, дін рухының, ұрығының, шауқатының тазалығына байланысты, және ер азаматарының ойлау қабілетінің тазарып жетілуінде екенін ескерткен Абай атамыз бұл жан сырын, қазақтың салтын өнермен өрнектеген тәпсірінен үзінді келтірсек; «Егінің ебін, Сауданың тегін Үйреніп ойлап мал ізде...Еріксіз малды ал(шерік қосу,зина жасау) Деген кім бар сендерге? Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөн дерге. Үш-төрт жылғы әдетің-Өзіңе болар жендетің... Ел аңдыр сені, Сен аңдып оны, Қып еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар?..Қара қатын дегенге, қара қатын, Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын. Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,(егін екпейді) Қазақтың не қыласың шариғатын...Ерге барған ер танымай, Ер қызығын кім көрер. Шығарына жол таба алмай, Қайғысымен босқа өлер. Айнығыш ер тартса салқын, Бал сұрасаң, береді у.(Ұрықтың ашуы, қуаттылығы) Қызымырлап сөздің артын...Қасиетен бетті жу...Бар денемнің бәрі-бір мұз, Қайрылуға жарамас. Мына дәулет, мына асыл қыз Болды маған арам ас.» Еркектің жақсылық-махаббатынсыз, әйелдің ғана жақсы көруімен, рухани егінің нәтиже бермейтінін, сондықтан әйел қылықты болып, ерін өзіне тарта білумен, қазақтың неке заңдылығыдағы дәстүріміз, ұсыныстың тек еркек жағынан ғана болып, ал әйел затының қазіргі замандағы гендірлік саясатынан туындаған, қыздармыздың еркеке өзі асылып, еркекті өзі ұнатып, жұбайлық өмірге азғыруынан «Байтал шауып бәйге алмас» деп рухани егіннің жетімсіз болатынын, ділдің жетілмейтінін де ескерткен.
Иман келтіру-намаздар мен амалдар және зейнет алу.
«Ислам, яғни мұсылманшылық көпке жария, шарият амалдары ашық түрде орындалады. Имандылық ділінде.» (321-өсиет) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті бойынша ислам діні дегеніміз, жалпы шарият амалдарын орындау арқылы мұсылман болуда деп ескертеді. Енді қазіргі таңдағы Ханафи масхабы ұсынып отырған дін амалы тек мұсылмандықты қалыптастыру екенін де осы өсиеттен-ақ белгілі болып тұр. Сондықтан, Ханфи масхабын меңгеріп, «Иман келтірдім» деген сөздің де жалғандығын және иманның тек ділмен яғни ұлттық ерекшеліке қарай әйелдер қанындағы ділдік, гендік белгімен ғана байланысты екенін де ескерткен. Сондықтан да енді ділге жалғану үшін пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәзжде жасауға бұйырылдым.» деген өсиетінен сәжденің яғни Аллаға міндетті болған құлшылықты 7-сипаты болып, ал бұл амалдарды орындау арқылы ғана «мүмін» болып аталатынын білген жөн. Енді шариғат, яғни дін ісі, намазда 4-еу; ораза, намаз оқу, зекет беру, хаж болып, ал бесіншісі ұлтық негіздегі мұсылмандық қарыздар болып; Абай атамыздың өсиетімен; имани гүл, үш сүю болып табылады. Олай болса қазақ халқы үшін алдымен мұсылмандық қарыздарды үш сүюді біртұтас бір намаз қылып орындап, сосын қалған «Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс» деген Абай атамыздың насихатының намазы орындалу керек. Сондықтан да негізінен бесінші парыз қажылық емес, туған жер кіндігімен жалғанатын хаж, кіші қажылық Түркістан болу керек. Ал, масхаб діншілердің ең басты қателігі де, дін ісіндегі білімдік сипатынан жаңылысып, қажылықты бесінші парызға айналдырумен, осындай біреуі негізсіз бес парызды орындағандар иман келтірген, яғни мүмін, момын деп атайды. Бірақ имандылықтықтың, яғни момын аталудың, «иман келтірудің» шамасына ғана байланысты болып, және пайғамбарымыз адам баласының ділімен ғана байланысты өлшенетінін ескетеді. Аятта: «Бәдеуилер: «Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейрімді» де» (49-14) Абай атамыздың: «Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлі тіріл, мейлің өл. Танымасың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел, Имансыздық намазда-Қызылбастың салған жол. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?» Осы аяттың құпиясын тәпсірлеп, ақылыңды пайғамбарға бағындырып, бесіншіңді кемел ақылыңды, өз жобаңды тауып, соның көрсетуімен 7-сүйекпен амал қылмаған, жүректе сәуле болмаса, яғни иман құпия білім болып, жақсылықты жақсы, жаманды жаман қылып уахи көрсетпесе ондай ақирет тылсым тіл білімін меңгермеген қандайда бір дінші, адам баласы иман келтірмеген болып есептелетінін ескерткен. Енді, жалпы исламдық көп жұрттың бекіген дін істерін ғана тура жол қылып алудан, немесе масхаб білімі тура жол деген ұғымның негізсіз және үш сүю амалын орындау арқылы ұлтының құпия даналықтарына, Алланың сүйікті құлдарына еліктеп, сондай болсам, ұқсасам екен деп табынатын, және көрсеткен, білдірген ақылын алып, соңына еретін, билігін жүргізетін, пірдің «Бір»-дің, ақиреттік достың нұсқауынсыз иман келтіру мүмкін еместігін тағы ескертеді. Осы жерден тағы енді өз ара, тіршіліктегі адам баласын пір сайлап, тақуалық қылып, иман келтіргендер тобының қағидасы да өзінен өзі сұранып тұр. Бірақ, осындай пірлеріне табынған, сопылық ағымдағылардың пірлерінің ілімділігі, білімділігі пайғамбарымыздың шапағатына жалғанған, кітабын алған рухани кемелділігі жеткілікті ме? Ал, олардың ілімді, білімділік шамасын қалай анықтап, немен өлшеу керек? Сондықтан тағы аталарымыздың; «Ілімен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деген ақиреттік жолдарға жалғанудың, тіл білімінің қағидасы тағы алдыңнан шығары хақ. Және мейлі қанадай сопылық топтағылардың да, егер тек жаңылысқан «қызылбастық намазбен» бес парызды ұран қылып, діннің рәсімін ғана құлшылық қылып алуды Шәкәрім атамыз: «Алдағанға кетің азып, Әпсін оқып үйреніп. Берді сайтан дұға жазып, Соны қылдың бой тұмар.» «Құлшылық қылдым деме құр Қобызға жаққан шайырды. Жазалы жаның сезіп тұр Жасырғанмен зайырды.» Құранды босқа жаттап, тек қырағатпен оқуды меңгеріп, мақамды жоғалтып, құр мүлгіп, дұға жасап, намаз оқумен құлшылық болмайтынын, керісінше сол жаттаған аяттар малдық қуатар болып бейнеленіп, ал үніңде шайырға айналып, бойыңды баурап, жаныңды өсірмейтінін және одан жан жарланып, жүректің де мазасызданатынын, тазармайтынын білдіреді. Ал, иман –зайыры яғни құпия сыры жүрегіңде білім болып жазылады, сондықтан қанша иман келтірдім деп ақталғанмен білімсіздігіңді, иманыңның әлсіздігін, бәрібір іштей өзіңде біліп, сезесің деп ескерткен. Және де пайғамбарымыздың; «Имандылық адам баласының ділінде.» деген өсиетін қайда жасырамыз? Егер діл білімі ананың қанына, әкенің сөзіне, және жер ана рухына тікелей тәуелді болған өлшемдік, рухани егіндік болып, оны тек жұбайлық өмірмен дәстүрін сақтаумен ғана зейнетелуге болатынын болса? «Қай халықтың болса да қоғамдық өсу-өркендеу жолында алған бигі мәңгілік болып ана тілнде сақталып отырады.» (Ғабит Мүсірепов) Ал дін құлшылығында болсын, ғылымда болсын, қазақ даналарының алған бигі яғни ділдік білімі, қандай да арап немесе европалық ғұламалардын әлде қайда биік екенін және сондай діл білімінен ғана, яғни ата баба аруағынан, жүректерінен біздің жартылғанымызды неге мойындай алмаймыз? Олай болса, дін жолындағы меңгерген тарихат, мағрипат және ақиқаттық қанымыздағы ділдік білімнен бас тартып, қызылбастық Ханафи масхабымен ғана, тек намаз оқып, зекет беріп, ораза тұтып, қанның толық тазарып, қуаттанбай және ақылың толып, ер жасынан келмей, құр саяхаттап қажылыққа барғаннан, немесе құранды арпаша оқып, жаттап алғанан қалай діл білімі зейнетеледі? Әрине мүлде мүмкін емес, және пайғамбарымыздың өсиетіне де қарсылық болып саналады. Енді Раббымыздың үкіміне жүгініп, жалпы иман қалай келеді? Аятта: «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден бір «Рұх» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.» (42-53) Иман қуаты, зейнеті тек рухпен, ата-аналарымыздың жандары арқылы бейнелетін уахи арқылы ғана келетінін ашық ескертеді. Олай болса иман келтіру дегеніміз; Құлшылық амалдарын меңгеру барысында әрбір мұсылманның жанына уахи болып, яғни «
Достарыңызбен бөлісу: |