құранды басынан аяғына дейін жатпап алып және қатым қылып оқуға да болмайды» деген пікіріме де қарсы, және жалпы жаратқанның үкімінен де қарсы, биылғы жылғы ораза айында бас имамымыз өзі ынталандырып, құранды жатқа білетін қариларды алдырып, қатым құранды таруих намазымен бірге оқытты. Сонан оларды намаздан кейін, үйіне алып бара жатқан көлік жол апатына ұшырап, қариларымыз бір жеті ауруханада жатып шығып, кейінен құранды басынан аяғына дейін өлеңдетіп оқуды қайта жалғастырғаны бар. Бірақ тағы да екінші рет осындай жағдаймен жол апатынан ұшырап, енді бұл жолы, жүргізушінің қайтып келе жатып, жолды мас күйінде кесіп өткен пендені қағып кетіп, арты өліммен аяқталып, құдайдың қарасумен және жамағаттың жабылып жәрдем берумен соталудан аман қалды. Сонымен енді бас имамымыз жұмадағы сұхбатында «...Осындай жағдайдан кейін қатым оқуды доғарсақ па деп ойладық, бірақ Алланың сынағы ғой ..» деген пәтуасынан, мен қарсы болғым келді, неге екенін қайдам үндей алмадым. Сонымен қош, қатым шығарылды, ораза аяқталды, бірақ белгісіз себептермен иммамның үйі құрбан мейрамында өртеніп, төбесі ортасына түсіп, бала-шағасы, жан ұясы аман қалды әйтеуір. Сонымен не ұқтыңыз оқушым? Бұл құрбан айында мұсыман пендесінен сынақтың түсуі және отпен ескерту де, бүкіл масхаб имамдарына және маған да жазып түсіндір, дегендей ірі белгі болып саналады. Сондықтан да, таруаих намазының да дұрыс оқылмағанын және құранды жаттап, қатым шығаруға да болмайтынын да білдірген, Раббымыздың үнсіз, харіпсіз қозғалыс себептермен көрсетілген аяты, бейнелі белгісі болғаны хақ. Бірақ оны жүрегімен қабылдап, ділімен түсінетін, Алладан азабынан қорқып дұрыс шешем шығарған имамдар тарапынан әрекетті бұл жағдайдан кейін көре алған емеспін. Онда енді бүкіл масһаб білімі мен имамдарына, дін ғалымдарынан да жеке-жеке сынқатардың басталатынын да білдіреді. Енді мұндай өрескел бұрмалаушылықтарды алдағы басылымдарда дәлелдермен көрсете жатарымыз, әзірге хижра уақытымен, заман, дәуірлік, айлық оқиғалар уақытымен күндік намаз бен пайғамбарымыздың туған күнін, айын мәулітін бұзып орындау сияқты жүздеген құран аятарына қайшы, ғылымында қате намаздарымызда жеткілікті. Бірақ бұндай ескертулер түгіл, жазған еңбектерімен, кітаптарынан жүздеген қатені көрсеткенмен қазіргі таңда арланып, ұялатын дін, ел, сөз басшыларын кездестіре алмайсың. Баяғы жартас, бір жартас, сол әңгіме, сол пәтуа, сол дұға арнаулы дін ісі мекемесі құрылса да ешқандай рухани өзгеріс қазақ елінде болған жоқ. Бірақ, мен өз басым мұндай дін қандас бауырларымыздың да, бұдан да әрі қарай «Жұт жеті ағайынды» болғандақтан да, енді жан құрбандығымен жан ұясымен де есептесіп, азапталғандарын да қаламаймын. Мүмкін осындай жағдайлармен адасқан діндес бауырларымыз тәубеге келер, деген оймен осы ашық белгіні жария қылып отырған жайым бар. Сондықтан да, ата жолына келіп, беріліп, көрсетіліп жатқан түрілі жағадайдағы хикметтерге көзін жеткізгісі келген оқырманға; ата-жолы салт-дәстүрлі дінін орындап, бірге сырын зерттеп, шындығына үңіліп, Раббымыздың көрсетіп жатқан хикметтеріне көңілдің сәулесімен, жүректің көзімен, бірге қарап көрейік, алдағы басылымдардан аз болса да рухыңызға, жаныңызға жарық нұр, иман болып келсе, демекпін. Ал иман жарығының негізігі белгісі де, сөздің астарын түсініп, өзің істемей-ақ өзгенің істеген, айтқан теріс сөздерінен, жындылық қылықтарынан ұялып, іштей бұл қалай, деген сұрақтың пайда болуымен, белгісін беріп, осындай ар қуатының пайда болуынан кейін ғана түсіңізде түзеліп, тылсымнан ерекше белгілер келе бастауы шарт. Иман мен ұят егіз ұғым болып, сөзден ұяла білуді меңгеру де иманға қарай басталатын саты болмақ. Ал, Раббымыздың берген белгісінен, аяндарынан, түстерінен, көрсеткен уахиларынан намазға, амалға алып ұялмақ түгіл, тітіркеніп қорқа білуді де меңгеру иманның өзі болып табылады. Сондықтан да, бұл ақпарттар; Раббымыздан келген белгілермен, көрсетілген шындық бойынша ғана жазылғанын, бұл жазбалардың менің ойымнан пайда болмағанына, қазақтың ата-бабамыздан келе жатқан, барлығымызға ортақ, біздерге сақталған мұрасы, аманаты екендігіне иман кетірейік те, яғни білімін, сырын ақылмен түсініп, ал енді құраның ғылымдық насихатына дін ғалымдарымыз түгіл, бүкіл ислам араптардың өзі де мешіттерде серік қосып, аяттарға ортақ қосатынына көзіңізді жеткізгіңіз келсе, құранның Халифа Алтай аудармасын үнемі қайталап оқып, Алланың түсірген хикметтеріне жете мән беріп, рухани денеңізді, мал және жан амандығын қалыптастыру үшін дін ісімен құдай ісінің ерекшелігін ажырата білу керектігін ескеріңіз! Егер құранан ана тілінде үгіт, насихат білімі болмаса, сандар тағлымын да меңгермесеңіз, онда құран, хадистерді басынан аяғына дейін жатқа білсеңізде, құран аятарына байқамай, күдіксіз серік қосып, Аллаға да ортақ қосумен айналысуға шайтанның азғыруына түсуіңізде хақ екенін жадыңызға тоқып алғаныңыз жөн.
Ашық дәлелдерге, хикметке серік қосу туралы.
«Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз.» (23-17) Бұл аятпен жеті жолдың барлық адамзатқа ортақ тағдырлары мен кітаптарының хабарларын жазылатынын ашық ескертеді. Ал бұл жолдардан хабарлардың түсуінін аятта; «Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерін көрсетеді. Сонда оларды танисыңдар. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңнен хабарсыз емес» де» (27-93) ескерткен. Енді аяттардың жеті жол және адамзат істерінің хабарлары болған, Құран аяттардың білімдерін жүйелесек; пайғамбарлар тарихынан өнеге; 1000-аят, Алла тағаланың пенделері жайында; 1000-аят, 1000-аят патшалар туралы, 1000-аят иман шарттары туралы, 200-аят сауда-саттық туралы, 300-аят мал мен зекет туралы, 600-ден астам аят неке, әйел,зинақорлық және діл туралы, 100-аят ораза туралы және 200-аят адамдар оқитын дұға ем-шипалық маңызын көрсеткен аятармен және осындай 9-түрлі бейнеленген істердің жаратқанның себептерінің белгілерін, арнаулы сандармен және дәлелдерінің көрнісін, құранның білімдік негізін қалайтыны да хақ. Ал енді мұндай аяттардың мақсат, бағытын, намаздық амалдарды орындау ерекшеліктерін дін ғалымдары ескермей, немесе мүлде жоққа шығарып, тек басынан аяғына дейін арапша оқысаң болды, рахат сезімге батып, жаннатқа кіріп кетесің деген ортақ қосу пәтуаларын былай қойғанда, еліміздегі болып жатқан хикметті көрністерді жын-шайтанан деп, халықты қаралай үркітіп, өздері серік қосқандарын білмейтін хазіреттеріміз, дін имамадарымыз да жеткілікті. Ал жаратушымыз: « сендерге негізінен шайтанның ықпалы жоқ» деп ескерткенін, яғни шайтаннан болған жаратылыс себептерінің, діні толық ақылы сау адам баласына хикмет көрсете алмайтынын, ондайлардың сиқыры, қара күштердің, түнектің әсері, амал-айласы тек дінсіз, есі кем, шерік қосушы жын қуаттары шайтанмен қосылып кеткен мастарға ғана ықпалды болуын, мүлде қаперге де алмайды. Сонымен бірге адамзатқа келетін, заманға қарай түсіп тұратын, өзгеріс хикметтердің хақтығын аталарымыз қияметтік ауыр жағдай, қиямет мезгілі де ескертіп; «Көктен Ғиса, жерден Мәді шығады» деп нақыл қалдырыпты. Ал, Раббымыз тосыннан адамзатқа келетін мұндай хикметті құбылыстарды аят арқылы ескертіп кетіпті; «Күдіксіз Ғиса қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол. (61) Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан. (62) Ғиса мұғжизаларымен келген заман, оларға; «Мен сендерге хикметті келтірдім. Алладан қорқыңдар, Маған бой ұсыныңдар» деді» (43-63) Сонымен қандай да бір Раббымыз тарапынан келген хикметтерге бой ұсыну «Маған құлшылық қылу» Яғни Алла тағаладан келетін рухани хабарларға бой ұсыну болып, ата жолындағы, жалпы қазақ еліндегі Ақ ұл арқылы атқарылған жүрек ашу мұғжизасы мен аруақтардың бата беруі, «Менен» және «Маған құлшылық қылу» екенін, Ғиса пайғамбардың аруағының, періштелік қуатының көктен түсуімен болған хақиқатын растайды. Бірақ, біздердің исламдық, дін білімінде, яғни масһаб «Фиқһ» білімінде, қандай нәрсенің, барлық себептердің, қуаттардың Алладан болатын хикмет екенін, және қандай себептердің қара түнек әскерлерінен, шеріктерінен пайда болатынын ғылымын меңгермеуден, яғни мұндай хикметті «Тіл білімі» түгіл, ата бабамыздан бері жалғасты келе жатқан аруақтық, ақирет білімі яғни діл білімінің де жоқтығын көрсетеді. Сонымен бұндай жағдайда, сөзіміз пәтуалы болу үшін, тіл білімінен, аталар меңгерген, ақирет аруақтық білімі болған, құпиялардан аз ғана мысалдар келтіре кетейік; Осыдан 5-6 жыл шамасында түнде 4-тер шамасында үйдің жанына көлік келіп тоқтап, дабыл қосып, шақырғасын көшеге шықсам, мешітіміздің бас имамы мен, қасында көмекшілерінің бірі бар; «Бір жігіт ағасы болған пенде егеуқұйрық тышқанды өлтіріп, шайтанның қаны деп көтеріліп ауырып, соған бар танитын қариларды шақырып, мешітте оқытсақ та әсер бермеді» деп өтініш айтқан соң, ертеңіне ол дерттенген жігітті ордаға әкелдіріп, бір жетіден аса емін алып, беті бері қарағасын, аз уақытқа дем алыс беріп, және тездетіп әулиелер басына түнетумен, Түркістан арқылы өткізуін ескерттік. Және ондай аурудың үй ішіндегі жан ұядағы мүшелерінің бірімен, теріс қуатты рухани күштердің бір-бірімен тығыз байланыста болып, екінші жартысы сау адамның ішінде өзін байқатпай отырып, ондай рухани байланыстағылар; алыстап кетсе бірін-бірі ерекше іздеп сағынып, ал жақындап кетсе, ұрыс-керіске жанжалдасуға сылтау іздеп, және ашуландыру арқылы әлсіз ауырған адамға ауысып қайта дертін көтеретінін ескертік. Және осындай іштегі жыландардың кеселі, көбіне ерлі-зайыптылар арасында жиі кездеседі де, от басылық ұрыс-керістің басты себебі мен, өз ара хайуандық, нәпсі құмарлықтың пайда болуымен де көрісін табады. Сондықтан бұндай кәпір жыннан аластатылғандарды жыныс қатынасынан да, және түрлі ойын-сауық дегендерден белгілі уақытармен шектеп, және ерекше күтімді қажет етеді. Осындай қағидаларды мүлде сақтай алмай, және «Түркістанға зияратап барған серік қосу, құраниарқылы Аллаға мадақ айтып, еске алып және әулиеге арнап құрбан шалу да жасырын серік қосу» деген ұғым муфтият дін ұстанымында; ақылдарына «жын-жүк» болып және жүректеріне кіріп алғандықтан ба, әлде аманаттар орындалмай, және де өздері артынан көптеген сынақтарға түсіп, әйтеуір қазіргі таңда бұрынғысынан жақсы адам қатарында өмір сүріп жатқан жайы бар. Бірақ, енді ислам құндылығына, хикметтерге де иман келтірдік деген діншілердің, құранды жатқа білген мешіт арқылы дем салынғаннан жазылмаған рухани кеселден, қазақтың қамшысынан сауыққанын, сиқыр емес екенін, айқын ашық дәлелдермен көре тұра; аруақ заңдылығының шариғаты мен масһаб білімі де жоғары тұрғанын мойындау орнына, қайта ұмытыла бастағаннан кейін; «ата-жолында орда ашып, шырақ жағып, халықты тазалыққа шақырушылар серік қосушылар» дегенін, осындай ашық хикмет дәлелді көргендердің ортасында да, қарсылық пәтуаларымен қайта жыл өткен сайын үдетпесе азайған жоқ. Және де біраз уақыт өте, сол мешіттің имамының көмекшісі болған, жас бала үйленіп, бір шаруамен үйіне іздеп бара қалсам, жақында түскен келіншегі қабырғаны тырналап жылап, ал өзі құшақтап алып, жалынып, жібермей жатқан үстінен түстім. Құранан арапша сабақ беріп жүреген молданың, қанша жатқа оқыған; «Ясин, Аятул күрсі» сүрелері әсер де бермеген екен. Сонан оны да ордаға әкеліп, бір ай емін алғаннан кейін, құлантаза жазылып, оған себеп әйтеуір Түркістан болмаса да, садақа бергізіп, Алматы маңындағы бес атамен әулиелерді зираттауға көндіре алдық. Және мұндай жағдайда рухына шерік те, серік те қосылмай керісінше; Алланың рахметі, нұры келіп, артынан бала көтеріп, жан ұясы сәбидің күлкісіне толып, бірақ өкініштісі сол дін қандасымыз артынан; «ол кісінің жасап жатқандары дұрыс емес»- деп, мешітке келген жастарға әңгіме таратып, ақыры өзі сынаққа түсіп, қызметінен айрылып тынды. Бір мешіттен екі ашық хикметке куә болса да, әлі кезге дейін әулиені аралап, шырақ жағып, халықты арамнан тиып, жақсылық істегеннен «ислам дініне зиян келіп, жаратқанды әлсіретіп жатыр»,- деген ойларынан, пікірлерінен мүлде қайтар емес. Тағы бірде, осындай обылыстарды аралап, сапарлап жүргенде; 23-жасынан бастап көтеріліп ауырып, сонан күйеуге де шықпай, масһабшылар жетелеуімен мешіттің тұрақты тұрғыны болып, 16-17 жылдай намаз оқумен емделмек болған, 40-келіп әлі күйеуге тие алмаған кәрі қыз баланы әулиелер аманатын алғасын, амал жоқ, екі жыл соңынан қаламай жүріп, ақырында Алматыға әкеліп, туғандарынан жасырын емдеуге тура келді. Оған себеп, қамшымен ет пен тері арасындағы ұясы, шайтанын өлтіргесін, тәнде « ашуы,көктігі-ашыған жыны» түрлі белгілермен бейнеленіп, оған шайтан адамдар, заң қызметтінде істейтін туғандары көрсе, арыз жазып, сотқа шағымдануға да тайынбайтын еді. Бұндай жағдай да, кейінен шайтан әскерлері қазақ елінде жаппай жеңіліс тауып, ата-жолы үстемдікке жете бастағанда, түрлі сылтаулармен, шайтан адамдары бір-бірмен хабарласып, өздерінің жамғаты, қолдаушысы болған ел басшыларын да мақұлдатумен, артынан заңдар шығарып, ордалардан қамшы, аса таяқ т,б аталар дәстүрлі құралдарды алдыртып, үкіметтен емшілікке арнаулы ауруларды ғана емдеуге ұлықсат қағаздарды алуды, яғни енді құдайға тәуекел етудің орнына, заңдастырылған қағаздарға сенім келтіргендіктен, құдай патшалығының иманың негізгі шарты да бұзылды. Ал иманын бұзбай, жұмысын жалғастырып, халықты арамнан тазалап, иманды өмірге шақырғандарға аралап жүріп, айып пұлдар салып, онан кейін шайтан адамдарға ата-жолын дүние арқылы жаулауға жол ашылып, үкімет, заң ел басқару орындарымен байланысы бар, жек кәсіпорындар арқылы заңдастырып, ойына келгенін істеп, енді қарапайым тән тазалығын сақтау түгіл, рухани тазаруда тоқтап, сондықтан да бата бұзылып, таза ақпараттардың жетімсіздігінен, енді ата-жолы адасқандардың, дісіздердің, жын-шайтандардың жолы деген халық арасында пікірдің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Сондықтан, қиямет мезгілінде жоғарыдағы аяттардың үкімі болып, Ғиса пайғамбар аруағы көктен, ал Мұхаммед пайғамбар аруағы жерден шығатын уақытты «Хақиқат келу» деп атаған. Сонымен аятта; «Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылады. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады» де (81) Құранан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым артыра түседі.» (17-82) Міне, осы аяттың үкімі қазақ жерінде рахметі-бата болып, ал ем-шипасы негізінен әулие бастарынан хикметпен көрнісін бере бастауы мұң екен, бүкіл исламдық діни сауатты аталағандар өре көтеріліп, өздерінің залымдықтарына, ел билігіндегілерді де куә қылумен және жәрдемші қылып қатарларынан тартып алғаны да хақ. Сонымен; «ата жолында жын-шайтан арқылы ем жасайды» деген пәтуамен, дін хазіретіміздің өзі бас болып, құранның мына аятына; «Шын Мен Мұсылмандарданмын» деп, Аллаға шақыра отырып ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан жақсы кім бола алады.?» (41-33) Тілді кәлимаға келтіруге және қандай да бір жақсылық сөздермен исламға шақырып, құран аяты арқылы іс қылған, қандайда бір адам баласының амалын дұрыс емес, жамандық, яғни «шерік, серік қосушы» деп айыптауға болмайтынын, керісінше ең жақсы мұсылман екенін ескерте отыра Раббымыз; «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық қылған біреу (ЖЫН), өте жақын достай болып кетеді.» (34) Бұл қасиет, сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.» (41-35) деген аятпен ата-жолындағы ем-шипа істерінің 41-санды «Ғайып ерен қырық шілтенмен» және 35-санды тылсымнан хабар алумен, жүрек мөрінің жағдайымен байланыстылығын сандар тағлымы арқылы да ескертіп тұр. Және 41+35=76 санның мәні де, Мұхаммед пайғамбарымыздың Ахметтік сипатын, Тәуратта берілген белгісімен қиямет мезгіліндегі есеп беру мен пайғамбарымыздың шапағатының көрінуін, «Інсан» сүресімен ғылымын да ескертеді. Сонымен; «Бұл қасиет, сабыр еткендерге ғана нәсіп болады» деген ескертудің өзі, Раббымыздан міндетті түрде өз қауымы ішде сыналатынын және бұндай қасиетті меңгеру жолында, ондайларға ашық жала мен қудалану болатынын, шайтан пенделердің зұлымдықтарын жеңе білуді де ескертіп кетіпті. Бұл аяттың үкімін теріске айналдырумен және осындай сабырлық қуатты меңгеру жындардан тазарту істерін меңгеруге аяқ басқан, ата жолдық қауымды қудалауда, алдына жан салмаған ел билігі мен «намазхан» аталған шайтандар жамағаты көмегінімен, еліміздегі шайтан адамдарының алғашқы жеңісін қолдаған, муфтият дін имамдарымыз, мешіттерде қалай жазаланып, мазақталып жатқандығымызды ашық мақтанға айнала бастағасын, амал жоқ, тілді тістеп, енді бұндай істерді, қасиеттерді меңгеріп, жетілдіруді жасырын көрсетпей пайдалануға және жетілдіруге тура келді. Сонымен, әйтеуір қамшымен емдеуді тоқтатпай, жалғастырудың нәтижесінде ,жаңағы қызымыз, жазылып жақсы болып жүріп, кейде кенеттен кәпір жыны неге қайта қозатынын таба алмай, бас қатып жүргенде, бір алыстан келген үлкен кісі аққуымыз: «Ана қыз не оқитынын білмеймін, арқамды теріс қаратып тұрғанда мұздай бір нәрсе келеді» деп ескертті. Осыдан кейін оны аңдып, кенеттен кіріп келіп, оқып отырған «Мұсылманда қорғаны» атты кітаптың бетін сол қалпында тартып алып қарасам, әр түрлі бәле-жаладан қорғайтын дұғаларды, яғни құранда ескерткен, Сүлеймен пайғамбарымыздың кезінде оқылған, жын-шайтанға қарсы пайдаланатын дуаларды жаттап жүр екен. Бұл дуалар, исламның араптарға келген кездерінде, мүмкін жүздеген жыл бойында дұрыс болып саналғанмен, оған қарсы дін білімнің, құран аяттарының емдік қасиеттері ашылумен де, күнәлі істерде көбейіп, өсуімен де түнек күштердің де осындай сөздерді қарсылық заңына айналдыра білетінен, ашық хикметке кездесу барысында, енді ұмытпайтындай сабақ алған болатынмын. Сондықтан сәл шегініс жасап түсінік бере кетейік; Бірде осындай кеселдерді емдеуші «қожамын» деген кісімен, әулиелер басында кездесіп, маған сен осыны меңгере алсың, ауруларды өсімдіктерге де малдарға көшіріп жіберуге болады, тек байқамасаң, оқу тәсілін сақтамасаң, өзіңе зияны тиеді деп ескертуімен, бір дұғаларды ақ шүберекке жазып беріп, оны бір көтерілген жас жігітке, түнде әр түрлі әрекетке барып, жұртың мазасын алып қоймағасын, пайдаланып көрдім. Үйде жарық жоқ еді, бірақ ай сәулесі есіктен қарап, үйдің іші жарық болып тұрды. Сонымен науқасты алдыма отырғызып қойып, әлгі үйренген дұғаммен дем салып отырған кезде, оқуды аяғына жеткізбей, әлгі жігітім тұрып шығып кетіп қалды. Сонан мен сол жерде қалып дем алып жатқанда, бір ерекше қозғалыс басталып, екі құлақтың тұсынан келіп бір алапат күш қыса бастады. Басты қозғалту да мүмкін болмай, арпалыс басталып та кетті. Сонан не керек, енді жеңілдім деген кезде, көкейге бір аятты аруақтың салуымен, әлгі қысып жатқан нәрсе босатып жіберді. Есік жаққан басымды қаратып жатқан едім, сонан есікке қарай басымды бұрып қарасам, ай сәулесі түсіп ашық тұрған есіктен, домалақ қара шар тәрізді нәрсе ұшып шығып кетіп барады екен. Сонан кейін ондай дұғаны тығып тастап, бұл оқиғаның қорқынышы сейіліп, әбден ұмтыла бастағанда, осы дұғамен тағы бір дертті кісіге ауруын басқа денеге көшіріп көрсем, жәрдем беріп, азабы да тез жеңілдер деген ізгі ниетпен, әлгі жұғалар жазылған кітап пен шүберекті де іздеп таба алмадым. Сонымен бір жеті өткенде Қарасай ата басына жол түсіп, Жақып атаның батасында; «Екі жолдың ортасында тұрсың, қара бақсылық пен, ақ бақсылық, ібілістің аңдып жүрген жайы бар» деген ескету алып, бұл батаның неге бұлай түскеніне түсінбей және шешімін де таппай үйге сапардан оралғанан кейін, кітаптар жазбалар салынған жәшікті ашып қалсам, алдында қайта-қайта ақтарып, екі-үш күн бойы іздеп таба алмаған дұға және сондай ем-шипасы тиеді, сауықтырады деген алуан түрлі арапша дұғалар жазылған кітабым көз алдымда тұр. Сонан кейін ғана, мұндай құпия дұғалар түгіл, арап танушы ғалымдардың, елімізде қаптатып шығарып жатқан, түрлі «мұсылмандар қорғаны», «шипала дұғалар» т,б арапаша мағынасы белгісіз, түрлі жағдайларда пайдаланатын дұғалардың жын-перлермен, шеріктермен келісім жасау, қара күштерді бір-бірінен қарсы қою мақсатында, мыңдаған жылдар бұрын тиімді болғанымен, енді адамзатқа қарсы зиянды күштерді ғана қалыптастыруға, яғни дін ғалымдарының «шерік қосу» амалын өздері насихатап қана қоймай, тұрақты амалдарға айналдырып алғанын да естен шығармаңыз. Сонымен бұндай дұғалар мен амалдар арқылы қара бақсылықтың жолына түсуге болады да, ал ондай нәрселердің ақ-қарасын пайда-зиянын меңгеріп, қара күштерге қарсы тұра алмағанда, немесе сәл ғана дүние, нәпсілік, пенделіктермен қателік жасаса, аяқ астынан жынданатын, арап елдерінде және ислам әлемінде болып жатқан рухани кеселдердің басты себебі екенін түсініп, өзім білетін шәкірттердің бәріне түсіндіріп, тиым салдым. Бірақ, өкінішке орай, бұндай рухани екі ұшты жағдай қазақтың қасиет егелерінің арасындағы ғана емес, жалпы діншілер арасына, сопылық жолдамыз дегендер мен «намазхан» аталған жастардың рухына келген, енетін жегі құрт болғанын, және бастарына тікелей келіп азапқа түспей, оған білімді, зиялы ел басқарушыларының да өзінің жан ұяларына, бастарына да келмей тиым болмайтыны сөзсіз. Еліміздегі болған жастардың бүлікшіл, «терорист» болып адасуларына осындай түсініксіз дұғаларды пайдалану, арапша дұға жасаудың да әсерлері болғаны хақ. Бұл исрайлдықтардың жүрегіне кірген бұзау сияқты, арап тіліне шексіз табынудан пайда болған, одан да зор ықпалды, кәпір жынмен жүктеліп, жүрек көздерін ашылмауына, және сананың ашылып, қанның тазармауына үлкен әсері бар. Осындай дұғалар әсеріне жүгіну және қолдан істелеген нәрсені Құдайдан келген хикмет деп түсіндіріп, шәкіртерді жіпсіз байлап, аю қақпанға түсірумен, барлық исламдық ағымдағы топтардың бәрі дерлік айналысады десек, өтірікші болмаймыз. Енді бастапқа мысалға, әңгімемізге қайта оралайық; Бұндай жағдайда, құранан тыс арап тіліндегі түсінігі беймәлім, өзге тілді үнде дуаға айналып шерікке қосылып, бейнеленіп, оңай денеге еніп, етпен терінің арасында еркін қозғалып, кейбіреулері құрт сияқты тәнде ет пен тері арасымен жыбырлап тез қозғалып, орындарын аусытыратынын да сезеді. Бұндай жынмен қосылған шайтандық белгілерді, енді қамшымен ұрып шығару қиының қиыны және ұзақ уақыт тәндегі тығылатын, әурет үйлерін, азықтанатын орындарын бұзып, көгертіп, дамыл бермей қудалап отырғанда ғана, әр түрлі өрістік, иістік бейнеде денеден қашып шығады. Ал ондай азаптауға, үнемі қамшымен емделеуге, екінің бірі шыдап, және көне де бермейді. Және мұндай емдік тәсілді шайтан жамағаттары естіп, біліп және мемелекетіміздің шығарған жынды заңымыздың қолына түсең, ит жеккенен бірақ шығарулары да сөзсіз. Сондықтан да мұндай сынақтан тек Алладан дұға қылып, аруақтың қолдау, жәрдемін сұрап, арнаулы дайындалған қамшының аруақтың жәрдемімен ғана оңай шығаруға болатыны да сөзсіз. Сонымен әлгі қызымызды осындай тәсілдермен емдеу барысында, қамшының ұшы іздеп барып, ерінге тиіп, артынан қара қанмен бірге, жаман сасық иіс болып шықанын көрдім. Жеңіс бар, бірақ енді жараның орны бірден жазылу да оңай емес. Әйтеуір Құдайдың қолдауымен ол кезде сыртан да, іштен де кенетен іздеп келетін шайтан пенделеріне келуіне де жол түспей, ол қызымыз жазылып, қазір жан ұясын құрып, бала сүйіп ана болды. Мүмкін, осы басылымды оқыса, Құдайдың құдіретіне, хикметіне иман келтіріп, тәубаға келіп, өзі сияқты адасқандарға ашық үлгі болар деген ниетіміз ғана бар. Ал, біздердің алдымыздан жүздеген адамдардың толық жазылғаны бар, шыдамай тастап кеткені бар және олардың ондай кеселді болғанын айтуға, атын да атап, дәлел ретінде көрсетуге, жария етуге мұсылмандық және адамгершілік құқымыз да жоқ. Осындай сауапты істі жасағандарды, діншілердің насихаты бойынша; «Алланың ризалығы үшін жасадым» деген тақуалықпен өлшенетін мақтаншылық сөз бар. Ол мүлде дұрыс емес. Жаратушымыз аятта; «Жамандықты жақсылықпен кетір...»(23-96) «Сүйгендеріңді Алла жолында жұмсамайынша әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» деп ескерткен. Әрбір пенде істеген жақсылық істерінен дүниемен де немесе тағдырын, болашақ өмірдегі келетін жамандықтарынан тазару үшін және тағдырындағы жамандық белгілерден тазармай, иман қуаты келмейтінін, сондықтан қандай да бір сауап істерді Алланы риза қылуға емес, өзі және аруақтық қауымының жақсылыққа жетуі үшін жасайтынын білген де жөн. Сондықтан бұндай істердің және садақа, құрбандық шалу, иман келтірудің 60-бұтағының ағашына саналып, негізінен адам баласының рухани иман қуатын қалыптастыру барысында, құлшылығы, намазы, зекеті, тұтқан орзасы және сауап жолындағы ізгілікті істеріне Алладан өзіне мал, дүние денсаулық және
Достарыңызбен бөлісу: |