5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі


Жын-бақсыларға келер сондықтан



бет25/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Жын-бақсыларға келер сондықтан, Жас жиналғандай тойға. Сарынға жастар салмасын, Арам жын келіп қалмасын. Таза ақыл табам деп жүріп, Абыройын жойып алмасын. Ол дайын болар қасыңда, Шақырма іштей мастарың. Байқа, ал, шақырам жынды, Ойла тереңнен, Нені ішемін, шақырам мен кімді? Ол адамдыққы мені жеткізер. Сол жояды шер мұңды...» Бақсылықтың құпиясын меңгеру үшін мастық пен, жастықтың әсерінен құтылып, 40-тан асып ақылың толып, ішкі рухани дүниең таза болғанда ғана жын қуатын, яғни бес түрлі қуатты шеріктерді меңгеру тәсілдерін, зікірін меңгеруге болады деп түсіндіреді. «Бақсымын жырлап сарнаған, Денем жоқ әсер бармаған. Мидағы жыным, түгел кел. Хақиқат іске арнаған! Басайын қобыз пернесін! Монтаны талай мұңдар бар. Нәпсіге ерген сұмдар бар. Адамды аңша аулатқан. Алдамшы арсыз, жындар бар. Ондайлар маған келмесін, Олар –жәдігөй шайтан, Ойды улатып, Көзді байлап жүрген қу сайтан. Сол хақиқатты айтам Шәкәрім атамыздың бұл насихатында болашақта іс жүзінде көрсететін ақ бақсылықтың хикметтері бар. «Сол хақиқат» деп, әуелі оң қол Ғиса пайғамбармен жалғанып, сосын сол қолдың ағарып барып, Мұхаммед пайғамбарымызбен (40-шілтен және Ғайып Ерен-7-Бір) 47-ге жалғануды ескерткен. Бұндай арам жындардан тазару және қосымша жындардан қуат алу, өте ыждағатты және тазалықты қажет ететін сопылық мақам. Бұл мақамды Қорқыт атамыздан қалған, түрлі күйлерді орындау арқылы және құран аяттары арқылы да іштегі сезімдік үнді меңгеріп, құран аяттарын оқығанда, мақамға айналып қобыз болып сарнап шығатын, сол арқылы рухани кеселдерді жеңілдетуге болатын сырлары меңгеріп, жетістіктерге жетіп жатқан шәкіртерімізде жеткілікті, ата –жолында. Бірақ бұл жағдай, тек арнаулы әулие бастарында және ордалардың тазалығына байланысты салатын мақам сарын болып, жаңадан дінді меңгеріп, бойы өрісі, зейнет киімі толық қалыптаспағандарға болмайтын және кері әсері де болатынын ескерген жөн. Еліміздегі парсы, арап елдерінен келген, өздерін тек сақал жіберіп, шапан жамылып, намаздарды көбейтіп оқи бергененен сопылық жолдамыз деген, сұхбат, насихат зікірлерімен және намаз оқу ішіндегі түрлі «Ху» сипатты зікірлермен ғана шектелген, түрлі діни топтармен және түркілік топтың бірі, «Нахшпандиліктердің» зікірлерінде де, қазақ аталарымыздың ұстанымынан көп айырмашылық пен біздің ділдік, үндік сипатымызға қабыспайтындары да және сопылық мақам табудағы іс шараларының намаз орындау мен, толық орындау шаралары да білімі де жетіспейді және белгілі нұрландырушы кітабы да жоқ. Көбіне түркілік қожа насырлық негіздегі «Тасаввуф» естелік жазбаларына ғана сүйенеді. Ал «Ясауи» тобының айқай зікірін жын мен шайтанды айыру тәсілі болып, бірақ оны тек есіріткі шегіп, арақтың соңына түсіп, кәпір жынмен бірге қу сайтанды жүктеліп алғандарға болмаса, жалпы ақылы сау адам баласына рухани жетілуге пайдасы аз және зияны да тиеді. Тек, оны орындауда, үнемі құлшылық, қосымша нәпіл намаздармен, сұхбат зікірлермен ғана теңеп отырмаса, сана жабылады және мейлі қандай кісілігі толық адам баласы бола берсін, мұндай жария, айқай зікірдің тәсілімен ақылдың жетілуі тоқтап, қасиеттілік те өспейді. Бұл негізінен бұрынғы замандардағы қара бақсылық сатыларын меңгеру үшін ғана қолданылған тәсілдер. Бірақ қазіргі адамзат баласының білімі жетілген заманда, ондай жындардың да білімі, бұрынғы заман жындарынан жоғары екенін ескерсек, онда бұл тәсілмен, тек өзіңе қосымша тазармаған жын қуатарын жүктелумен ғана аяқталатынын білген абзал. Сондықтан аятта; «Дауыстардың ең жаман есектің даусы» деп ескертуінен, мешіттердегі ораза кезіндегі айқай зікірден, кітап арқалаған есек жындармен жүктелу сөзсіз. Қазіргі дін муфтиятының ұсынған, тура жол бағыты деген діни ұстанымдары намаз оқу арқылы, құранды өлшемсіз жатап алып, арап тіліне, үніне байланысты тіл ғылымы «қырағатты» түркілік мақамға, сезім қуатының рухани сүннетелуге және ақыл-ойды шектеп, бес уақыт намаз оқуға, мешітке байлап қойуға бағыталған, «қызылбастық жол» масһабшылардың ұстанымы; заман біліміне, жын, шерік қуатарының 1000-жыл ішінде жүздеген есе жетіліп, құран аяттарының құпия сырының ашылуымен, күнәнің де жетілуіне байланысты, және сана қуатын қалыптастыру барысында, білімді адамдарға, кітап берілгендерге намаз оқып, шариғат заңын үйреткені ғана пайдалы да, ал онан жоғары рухани өсуге, ақталуға берілетін жеке-жеке сана жобасын алуды шектеп, керісінше мәгүттікке жетелеп, «тәкледи иманды»-бес сезімге табынушылықты ғана қалыптастырады. Абай атамыз сондықтан да; «Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас (бақталастық)-өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирсалану (беріліп, соңына түсу) жарамайды...» (32-сөз) деп Сәзжденің, иман келтірудің негізгі шартын ескертіпті. Ал мен өз басым; «Ясауи» тобындағылардың негізгі зікірлеріне, ұстанған кейбір дін салтына қарсылардың бірі бола тұра және жүздеген қисық жолдағыларды түзеткеніне куә болғандықтан, қазіргі таңдағы оларды жазалаған дін қандастарымызға және үкіметіміздің дінсіздік, надандық «әділдік» деп шығарған үкіміне, билігіне қарсы екенімді ашық білдіруден танбаймын және бұл жағдайды әлі зертеп, салыстырып, артынан Раббымның көрсетуімен қателіктерінде дәлелдеп, Құдайдың бұндай билік берген пенделеріне, алда уақыттарда қандай, азап, сынақ және қасірет беретінін, егер биліктегілер дұрыс шешім қабылдамаса, қателіктерін құран, інжіл арқылы көрсетіп, ашық халыққа да әлем жұртына да жариялайтынымыз да сөзсіз! Өз елінің ішіндегі дінде аяғын шалыс басқандар түгіл, тентегін де; «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген аталар аманатына да қиянат жасамаған дінге де, әділеттілікке де ата заңымызға да лайық болары сөзсіз. Сырттан келген залымдардың, бір қазақты, бір қазаққа діни сауатсыздығын пайдаланып, айдап салып, итше талатып отыруына жол берген, зиялы қауымның дін ғылымынан, жан сырынан мүлде сауатсыз екенін, болашақ жастарымызға да мүмкін сабақ болып, тариқаттан үлгі алып, мұндай есерлікті қайталамас деген үмітте бар. Құдайдың қандай әділ екендігіне, ал құрығы, әмірі; байлығына, лауазымының биік дәрежесіне де қарамай, бәріне де жететіне, сенімін бекіткен жастарымызға үлгі боларлық дәлелдермен, және жуық арада болашақ ел және дін басқарушыларына да сынақтармен жауап келіп, сабақ та болары хақ. Сонымен енді, Құран бойынша зікірдің 196-жерде түрлі сандармен көрсеткен белгілері бар. Яғни екілік жүйеде; 196=16 санымен тақуалықты, зікірді меңгеру 16-сүре «Нахылмен» «Лам+А»-лық (Амалдық) дәреже болып есептелді. Және бұл белгілердің басым бөлігі адам тәні де сыртқы әсерден, әулиелер аруағы арқылы берілетін 81+18=99 оң, сол белгілермен, және жандағы ұйқы кезіндегі алатын белгілермен де тікелей қатысы бар. Оны ата жолында, тылсымнан «белгі алу» деп те атайды. Бұл белгілерге,тәндік таңбалануға байланысты жұбы болған, жанға келетін тікелей зікір қуаты да болып, аян алу арқылы орындалып, және олардың қанша түрі бар екенін, бір Аллаға мәлім деп айтқанымызбен негізгі өлшемі болу керек, және 16-сүре 128 аятпен(144-санымен) белгіленіп, оны яғни иманның алғашқы 60- бұтақтық қуатық белгісін де толық меңгеруге ата-жолының ақ бақсылық дәрежесі де әлі жеткен жоқ. Енді сондай зікірдің хикметінен бір мысал келтіре кетейік; Сегіз жыл бұрын бір көтеріліп ауырған жігітті Қара молда Баянбай атамыздың басына тылсымнан дем салдыруға апарып, оның ол жереге үйренгенінше қаруылдап, күзетуге 5-күн менің де сол жерде болуыма тура келді. Сонан екінші күні түнегенімде, аян көріп, және түсімде таң атқанша ойнап, жүгіріп доп қуалаумен болдым. Таңғы намазға енді тұрайын десем денемнің бәрі ауырып, шынымен өңімде жүгіріп ойнағандай, қол аяғымды зорға меңгеріп, амал жоқ тұрып, сонымен 3-4 күн бұлшық еттерімнің бәрі ауырып, қолым да көтертпей жүріп, бірақ қайтар уақытқа дейін бойым керісінше жеңілдеп, бір ауырлық жүктің түскенін сездім. Сонан өзімді сап-сау деп есептейтін, неге әулие басына барып ауырдым, деген іштегі сауалмен, бұл құбылыстың сырын білуге Алматыдағы ордалардың біріне барып, бір аққудан Баянбай атамыздың батасын сұраттым. Сонда атамыз; «Екінші күні түнегеніңде 24-жасыңда бойыңа енген кірген суықты (шерік қуатын), зікірмен аластадым»деп ескертті. Ал, әрбір тәндегі теріс белгі қуатпен, сәуленің жан өріснде бейнлену арқылы, тән ошақтарына еніп орын алған суықтық, өсіп-өніп болашақ ауру, өлімге соқтыруыда сөзсіз. Осы хикметті істерден кейін, әулие бастарында талай адамдардың осындай зікір түстерін көру арқылы, жандарындағы жүктері түсіп, қаншама дерттерінен оңай жазылғанына жүздеп дәлелдер көрсетумен бірге, нақты істермен де қайталап дәлелдеуге де болады. Бұндай жағдайлар әулие аналар басында да болып, мысалға Қызылода обылысындағы Гүлнүр ана басынан түрлі қотыр, жаман жаралар және күрделі іш құрлыс аурулары да жазылып жатқанына, тұрақты зияраттап жүрген халық куә. Бірақ басына барып, ол жердегі киелі судың жағдайын, салған құрлыстарын көргенде қазақ ел басқарушыларының бақты бағалай білмейтін, жүрек көздері жабылып, ел болашағы түгіл, 3-жылдығын да болжай білмеген, рухани тұрғыдағы надандықтарының бейнесін анық байқайсыз. Осындай түрлі аурулармен, нақты ем жүріп жатқанына дәлел; Алматыдағы, Әлмерек ата үш бұлағының хикметтері туралы да алдағы басылымдарда арнаулы тоқталамыз. Сол сияқты кейбір жағдайларда, жүрек ауруының сырқаттарына ота жасамай-ақ, үш жүзге пір болған Мүсірәлі сопының басында да болып жатқан хикметтерге, көрші Росия елінен де келіп, емделіп жазылып жатқандарына куәлік беруге болады. Қордай асуындағы, Қордай ата басындағы «Тізгін» бұлақтан 3-күн түнеп, ем алу арқылы, тізе, аяқ буындарынан құлан таза жазылуға болатынын да біле бермейміз. Сол сияқты Укаша сахаба басындағы құдықтан көрсетілетін ем шипа хикметтері мен, Ғайып Ерен Қырық шілтен тасынан болып жатқан хикметті жағдайлар туралы да, және қазақ жеріндегі осындай әулие бастарындағы хикмет ерекшеліктері туралы да нақты дәлелдермен талай кітаптар жазып, әлемге мақтанып, сауықтыру орындарына айналдыруға, ел экономикасына келер ұшан теңіз пайданы, көкірегі соқыр, жүрек көздері кереңдер ғана мойындай алмайды. Және пайғамбарымыздың ақирет сапары алдында, Укаша сахабаның пайғамбарымыздың арқасындағы мөрін сүйгенінен кейін; «Кім менің жаннаттағы көршімді көргісі келсе мына қартқа қарасын!» деген өсиеті қалғанын неге мойындай алмаймыз? Бұндай пайғамбар шапағатын жалғанып, ақирет өмірінде жаннатағы көршісі болу, ақ бақсы болған әулие-әмбилер емес, бүкіл өмірін Алланың жолында ізгілік, жақсылық жасауға жұмсаған, Алланың сүйікті құлы болған, қандай да бір адам баласының, мейлі әйел затының, аналарымыздың зияраттарынан белгілі бір тербелістегі, адамға шипа беретін зікір жарығының шығатынын білдіреді. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Науқасты емдеу-Алла Тағаланың әмірі. Емнің шипалы болуы-Алланың шапағатынан.» (445-өсиет) Енді ауруларды емдеу тек қана Алла тағаланың әмірі болып, ата жолындағы емшілік істерін жын-шайтанан дегендер де, өздерінің де серік қосушы екендігін осы өсиет ашықтайды. Және; «Азаптың ажалымен өлген адам (шейт болу т,б) ақирет күні өз тегінен шыққан 70-адамға жәрдемдесе алады.»(999-өсиет) деген ескетумен дін имадарымыздың, дін ғалымдарымыздың «Зияраттағанан пендеге шерік қосылады, немесе шіріген сүйектерден, аруақтардан да ешқандай адам баласына жәрдем болмайды» дегендей пәтуаларының жалғандығын, және өздерінің пайғамбарымызды мазаққа алған, өтірікші тажалдар екенін растайды. Бұл өсиетпен Алланның сүйген құлдары, әулие –әмбилер емес, жай ғана дін жолында ажалмен өлгендердің өзі, шапағат ету мүмкіншілгі барын ескертіп тұрғаны хақ. Сонымен әулие-әмбилер арқылы шапағат берілудің еркешелігі де, негізінен тағдырға берілген сынақтарды қалай түзеуге болатынын, ескерткен аяндармен, уахиларға байланысты болса, онда пайғамбарымыздан; «Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-өсиет) деген ескертумен тағдырларыңды яғни болшақ өмірлеріңді зияратау арқылы түзеп, аян алу арқылы жолдарыңды ашуға болады, деген өсиет қалдырып, ата-жолының ақиқатын шынға шығарған. Тарихта қалған бір мысалдарға тоқтала кетсек; әулие басынан шығатын зікір хикметін пайдаланудың бір үлгісін, Бекет атамыздың екі елдің дауласқан жанжалын соғысқа апармай–ақ, Қараман ата басында хикметпен дәлелдегені шежіреде баяндалған. Ал, қазіргі таңда да қазақ елінде осындай хикметті белгілер мен, көрністері де қайталанып жатқандығына және әулие-әмбилердің көрсеткен хикметерін меңгеретіндердің белгілері де көптеген қазақтың қара домалақ баларына көрсетіліп жатқаны да, сөзсіз шындық қана емес хақиқат. Бірақ жастарға жол көрсетін, үлкендердің, білімділердің арасынан ұстаздар дайындап, жетілдіруге үкімет, дін білімділердің хикметті істердің, иманың хақиқатына нанбай, шеттен келген індет, қағаз- кітапқа жазылған адасқан білімнің соңына түскен, шындығын көріп ілімнің ортасын, негізгі көмес кітабын таба алмаған, ой жорушы шайтаннан болған, діншілердің азғыруына түскенінен қазақ елінің рухани көші; 10-15 жылға кейін шегінгені даусыз. Енді, оның орнына қара түнек күштері үстемдік құрып; азап, өлім,ауру, от, су апаты сияқты хикметтерге айырбастап алдық. Бұған дәлел араққа құмарлық, түрлі азғындыққа құмарлыққа жынмен жүктелген жастарымыз, сарайының діңгегін күмістен салып, төбесін алтынмен жапқан әкім, ғалым, ел басшы, партия басшы, саясатшы, ақшасына шоқынған байлардың және арсыз «жұлдыздардың» бастарына, жан ұяларына болашақта көктен көрінбейтін тас, жүк болып жауатыны хақ. Көріңдер енді, берген нығметімді, рухани байлықты дүние қызығымен айырбастаған қандай екен!- деген құдайдың үкім ата-жолын сотаған кезден басталып, бұндай сатып алған қиямет мезгілі қазақ елі үшін 2017 жылға дейін үдей берері де сөзсіз. Мұндай жағдайда, қызыл ағаш оқиғасы алдағы түсетін сынақтармен салыстырғанда, әшейін тәнге шыққан жара сияқты ғана болар. Сондықтан «Мал-жаның» аман болсын десеңіз; «Бір күндігін ойлаған, екі күн бұрын қамданар», «Есің бар да, жоғалған еліңді ізде!» де «Өлі риза болмай тірі байымас!» деген аталарын аманатын орындап, бес күніңе, сыртағы бес қуатыңа жалған да өзіңдегі алтауыңды түгелде ағайын! Сапарда жүрген кездерде; дін, хикмет туралы пікір талас болып, көптеген жылдар «Нахшпанди» тобында «пірлік, халифалық дәрежеге жеттім» деген дінқандасымызға хикметті істер арқылы әулие басында қандай топтың тура жолда екенін хикметті іспен дәлелдейік. Мен, екі-үш шәкіртіммен ғана сендерге жақын жердегі Сыпатай батыр зікірінің, қылышының хикметіне жүгінейік, сендер бір-бірлеріңмен хабарласып, бір күнді белгілеп, барлығың келіңдер де, мен мына жақтан шәкіртерімен жетемін дегенде, меңгерген құранының, тапқан тура жолының хақиқатына, хикмет білімінің көрніс беруіне көзі жетпей, қорқып бірден бас тартты. Ал, бұндай қарапайым ашық ақ бақсылық хикметтермен, құран аяттары арқылы дем салып, темекіден, арақтан тию әдістерін қазіргі таңда, арамызда меңгеріп жатқан шәкіртеріміз жеткілікті. Ата-жолының және соған ұқсас көптеген зияратшы топтардың арқасында, еліміздегі имандылықтың қуаттарын меңгерудің үлгілері де қалыптасып, көптеген халықтың құдайдың хикметін көріп, тәубеге келіп, намазға, сәзждеге жығылып, бала туу санының артқаны және аурулардың азайуы да, (мемелекетіміздің ізгілікті іс шараларының да, қамқорлықтарының да себебін жоққа шығаруға да болмайды), бірақ негізінен халықтың рухани тазаруының, күнәлі рухани болмыстарының өліп, тәубеге келуі нәтижесінен, халқымыздың жапай түрлі індеттерге ұшырауының да азайуына құдай тарапынан жағдай жасалғаны хақ. Енді қияметтік мезгілдің, белгілі бір күні туып, ол күннің «Хаж-22» сүресімен, Алла жолында күресумен, Ыбырайым жолының үкіміне тәуелді болып, ал ұлттық әдет-ғұрпымыз болған, өз еліміздегі әулие-әмбилерге зияраттау «хаж»-дан ашық бас тартып, «шерік қосу», деп халықты бас тартуға азғырған, имамдардың, дін ғалымдарының қауымдық тазара алмаған «шеріктері», жындары өздері іздеп келумен, ондай пенделердің жан ұяларына да келіп, түрлі індеттің халық ішінде пайда болып, азаптала басталуы да сөзсіз. Мұндай жағдайдағы еліміздегі айқын көрнісін берген, хикметтерге сенумен, ел басшылары құдайдан кешірім сұрап, қайта заң қабылдап, күнәсін мойындап, тәубеге келсе, онда бұл хикметтердің құдайдан дәрежеленумен, еліміз әлемнің рухани көш бастаушысына айналып және дін имамдары да, ел билеушілері де ата-жолының сарбазына айналып, біздерге шәкірт болып, жобасын алып, күнәләрін жуға, ақталуға септігіміз тиіп, бақыты өмір сүрсе деген ізгі ниетіміз ғана бар. Бұндай кіндіктес ағайындарымыздың, мазаққа ұшырап, азапталуын біздерде қаламайтынымызды естен шығармаңыздар. Құдай өзінің сипатын толық білдірумен, адамзатқа құпия білдірілген белгілердің хақиқаты шындық арқылы шынға айналса, және оны меңгеріп, адам баласының игілігіне жарата біліп, осы өмірдегі дүние тіршілігінде де ұжмақтың дәмін таттыруға, дінің хақтығын көрсете білмеген, құр сәлде орап, шапан жамылып, құранды жатқа біліп, діннің білімін ғана көп білгенге мәз болып, ілімін құпия белгілерін, хикметті істерін меңгермей, тек қағаз жүзіндегі және тұрақты дін ісінен айналған біліммен ғана өлшеп, ғалым, теолог, хазірет, жазушы, философ, әкім атанудан артық дінді бөлшектеудің, рухани азғындаудың, өзімен бірге халықтың да көңілін жалғандыққа бұрудың және қазақ еліндегідей барды, растықты, хақиқат болып арамызға келген елшінің жүрек ашып көрсеткен, ашық мұғжиза хикмет зікірін бағалаудан, өлшеуден тиған зұлымдықтың жетілген әдіс-айласы жоқ болар, ислам әлемінде әзірге.

Заман-намаз және биғаттар туралы.

Пайғамбарымыздан: «Алла тағала былай деді: Адам баласы заманға налып мені ренжітеді. Ешқайсыңыз заманды сөкпеңіздер себебі сол заман менмін. Күн мен түнді ауыстырып тұратын тұрған мен. Егер қаласам тоқтатып қоямын.» (587-өсиет) Заман деген әлемдік қозғалыстың білімі. За-даналық, ман-бастапқы екі негізді қозғалыс басы болып, Алланың ғылымдық сипаты Алла тағала, яғни Алланың құдірет қолы-заман болып саналатынын пайғамбарымыз ескерткен. Және заманың қолқабыстық сипаты- әрбір адам баласына жазылған тағдыр, уақыт екенін де, күн мен түннің ауысуымен қатыстылығын ескертеді. Шәкәрім атамыз; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс» деген өлең жолымен, пайғамбарымыздың осы өсиетін көрсетіп кеткен. Ал, енді әлемдердің ұлы қозғалысының, заманның 9-сипаты себебін туындататын, адамзат жанының негізін; «Мен» деп аталады. Мен- бастапқы нұр, қозғалыс басы, Құдайлық сипат және Мұхаммед пайғамбарымыздың аруағының да негізі болып, қасиетті басқарылатын қуаттардың түп негізі болып саналады. Және «Мен» адамзатқа берілген сый, аманат болып, өзін-өзі сыртқы себептерге тәуелсіз қозғалысын қамтамасыз ете алатын себептік, қарсылық, періштелік, құдайлық қасиет негізі болып табылады. Сондықтан бұл періштені, Абай атамыз мәңгі өлмейтін, және өлетін «мендерден» тұрып; «Менікі екі» деп сипаттаған. Бір «Менің» құдайдан берілген иман-тағдыры болып, оны өзі қайтып алса, адамзат өмірі тоқтайтын, жан негізі болса, екінші «Мен» түрленуге түсіп, қайта-қайта өліп, түрілетін рух негізі болып саналады. Енді бұл «Мендердің» әр адам баласына тән уақыттық өлшемімен қауымына, яғни рухтық«Алтауына» және жандық «Мен» негізінен жеті сабақтық шежіре ағашына, ата-анасына байланысты, сапасы мен өзектің қасиеті бар. Платон; «Адамның жанының тұтастығы жан мен тән қарама қарсылықта. Бірақ жан ғана адамды адам ететін жаратылыс иесі болып табылады. Сондықтан адамның жалпы сипатамасы, оның мақсаты және әлеуметтік орны жанның сапасына байланысты.» Адам дегеніміз «ЖАН» деп түсіндіреді дана ойшыл. Сондықтан адагершілік дегеніміз «жанның сапасын» белгілейтін ұғым. Адам баласына жаның түрлі жағдайында, заманды тағдыр қылып жазып, енді осы жанның сапасын артыруға жетілдіруге, несібесін бүкіл адамзатқа тең қылып, нұрын намаз орындау арқылы зейнетелуге аманат етіп, парыз қылған. Абай атамыз мұндай негізгі жанның сапасын «Мен»-ді; «Сөз сатып алып не керек, Тәңір сені екі сөзбен атқан» деген астарлы ұғымен, жан негізі аманат пен уәдеден тұратынын, ұлтық негізге байланғанын ескертіп кеткен. Және адамзат тағдырын 3-түрлі тіл арқылы (оттың, судың, ағаштың) қозғалыстық басқарылуын міндеттеп, бүкіл нәсілдерден ақылға бағынуға, адам болып жаратылмай тұрып уәдесін алған. Ол үштік бірліктерден сана қуаты болып, бұл сипатарды аталарымыз діл білімі деп ескерткен, ал пайғамбарымыз; «Әуелі анаңа, сосын тағы анаңа, сосын тағы анаңа жақсылық жасап, сосын әкеңе жақсылық жаса!» деген астарлы өсиет қалдырған екен. Бұл өсиетті тәпсірлесек, Ана тілін, рухтың тілін, жанның тілін меңгер, яғни тіл білімін меңгеру ең жоғарғы құлшылықтың негізі деп ескерткен. Ал жанның тілі көктік су тілі, рухтың тілі отттың тілі, ана тілің жер суының тілі болып, көрнісін бертінін естен шығармаңыз. Сонымен, Құран философиясы бойынша, заман-ғылым болып, барлық өлшемдердің негізі мизан болып, барлық қозғалыстық себептер заманға байланысты әрекет етіп және бұл қуаттарды шамасына қарай жүктеліп, тазартып, түрлендіріп адамзаттың аз, көп өлшеп алу, өлшеп беру таразысы намаз болып, есептің яғни иман қуатының негізін қалайды. Заман –дегеніміздің, ендігі бір сипаты, бүкіл әлемдік, шежіре тарихтың дәуірлердің қозғалыстық шамасының көрсеткіші. Заман әлемдік уақытты белгілеумен, негізінен 9-дәуірлерден тұрып, және ішкі уақыттық қозғалысымен; күнмен түн қозғалыстық шамасымен, жұп болып 18-бен нәтижеленіп, қайта төртеумен түгелденіп; 36-санымен толық бір шеңберге айналып отырады. Және олардың ішінде төрт мезгілдік ыстық, суықтық сипаты, 30-күндіз-түндік, қараңғылық, жарық сипатынан тұрып, оның іші тағы 6-уақтық мезгілден, осылай 18-санымен қайталануын ғылымда «сараос» деп атайды. Тозақ, жаннат, ұжмақ және ақирет заңдылықтарының бәрі заманға тәуелді қозғалыста болып, ал адам баласына берілген нұсқауларды, аманттарды орындау намазы арқылы, замандық қозғалыс себептерін меңгерумен, өз қажетіне қарай пайдаланып, адам баласының бақытты, бақытсыздығын адамзаттың өз қолына яғни жанына «Мендік» ерекшелігіне беріп қойған. Сондықтан заманды, яғни Алланың құдіретті қолын кінәлап, жазғыру немесе оған «өзіне» міндетсу, жаратушыға қарсылық болып, үлкен күнә болып табылады. Құранда заман намазының өлшемін; 17 және 12 санымен белгілеп және 111-сүре заманың ішкі себептік Алланың құдіретті қолының қозғалыс кітабы болып табылады. Сондықтан 17-«Ісра»-ны,»Мен»-дік тағдырлық себебін меңгеру арқылы пайғамбарымыз миғражға көтеріліп, өзі өмір сүрген қоғамда және сол заманда, адамзаттың жаңа бір даму сатысына көтерілуге себепші болып, енді заманың тағы жаңа өлшемін қалыптастыратын, намаздың «үш-жұлдыздың» үкімін жерге алып түсті. Енді, негізгі заман ағашы көкпен жерді жалғап тұрған 12-бұтағы бар, әр бұтағы 12-ай, әр бұтағындағы жапырағы 30-күн, бір жағы қара-түн, екінші жағы ақ-күн болып, оған тұрақты жалғануды қажылық намаз деп атаймыз. Бұл ағаш негізінен Адам-ата Хау анамыздың алғашқы тіршілік басы заманымен байланысты болып, оған дейін 8-түрлі заманның намаздарын, хаждарын орындап қана толық жалғана аламыз. Бұл дәстүр намазы, әр адамның өзінің менімен 4-сөз жазылған тағдырының, қарсылығымен және Алланың жаратқан Тәңірлік болмысы, барлығының растығы себептік, 8-сипатын намаз қылып алумен байланысты болмақ. Бұл себептерді Абай атамыз; «Алла мықты жартқан 8-батыр, Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.» деген астарлы жұмбақпен және бұл сегіздің де бастапқы негізі тіл білімі арқылы басқарылатын; «Сегіз аяқ» деген өлеңмен; «Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл» деп бүкіл діл, тіл білімнің негізін сипаттап; «Ұятсыз, арсыз, салтынан, Қалғып кетер артынан.» деген ұлтық рухани мәңгүтікке айналу себебін де, ұлтық салтымызбен, замандық білімізге тәуелді болатынын ескетіп те кетіпті. Сондықтан да, аманатақа қиянат жасамай, ұлттық, нәсілдік, әлмисақтық уәдесін ұмытпай, өз заманының білімін, себебін меңгеріп, билеген еркек; 8-қырлы бір сырлы болса, ал әйелзаты көркем қылықты және кемпір мінезді болып қалыптасу намазын меңгеру шарт. Аятта: «Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді; Раббыларының кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын;

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет