Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген әркімнің жоба алу кітабымен аяқтап, келесі басылым «Алтау араз болмасын» деген 6-санымен, 106-шы кітап, құраның жүрегі, інжіл, рух арқылы берілетін намаздар қағидасын, яғни аруақтық білімін көрсетеміз.
Үмметік кітабымыздың оқылу құпиясы.
Негізінен әрбір заманның уақыты, ішкі мезгілдік қозғалыстан тұрып, ал заманның толық сипаты 4-мезгілден тұру керек. Ал, әрбір төрт мезгілдің өз ара ерекшеліктері болып, ішкі қозғалыстық себептері 3-түрлі себептен тұру шарт. Жалпы бүкіл құлшылық есебі аятта; «..Үш кісі сыбыласа; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла...» (58-7) деген аятпен 3;4-және 5;6 сандарымен ғана анықтау керек екенін қатаң ескертумен қатар тек хижра жыл санғымен құлшылық істерін қалыптастырған масһаб білімнің жалғандығын да ашық білдіреді. Сондықтан үшінші қозғалыстың сандық мәнін табу үшін, хижра және григорян арасындағы сандарды өз ара қосу арқылы және бұл сандардың жұп, тақ және апта күнімен байланысты, үш түрлі төрт кітаптың күнделікті адамзатқа оқылатын аяндардың несібе, нығметің саны пайда болады. Мысалы бүгінгі күн Хижрамен-7, Григорянмен-30 болса; 30+7=37; 1-дүйсенбі және қосындысы 38-санымен құран сүресі және аяттарының бізге жасырын жұбына, негізгі кітабынан аяндар, уахилар оқылып, соның қарсылығы болып, түстер де осындай сандық мәндермен адамзатқа көрсетіледі. Сондықтан сынақтардың, соғыстардың, адамдардың бір мезгілде індет ауруларға, тымау дерттеріне немесе жынданып, түрлі әрекеттерге, оқыс оқиғалардың туындауына да осындай сандардың үкімінің Рабыларымыздан бір мезетте адам баласына оқылумен байланысты. Ал кейде бұндай өлшемдердің, сандар мәндерінің апта күнімен ұқсастығының жылына қайта-қайта қайталанумен немесе мүлде 2-3 жылда бірақ келумен құпия сырлары да бар. Бұл сандар жер бетіндегі болатын оқиға, мезгілдік аусымдарға да әсер береді. Енді бұл жұлдыз санауға яғни үркер жұлдызымен айдың тоғысы тұрақты 11-санды мезгілдік сағатың нәтижесін зертеп қоссаңыз, астрономияда біз білмейтін, әлі де талай құпиялар заманына қарай ашыла берері сөзсіз. Және барлық ислам құлшылығын негізгі саны, яғни апта ішндегі күндердің белгісі 1-7; сандарымен және айдың сандық белгілерінің, күннің белгілі дәрежедегі сандық мәндерімен кездесуінен ғана оқиғалардың себептік қозғалысы пайда болмақ. Сондықтан заман мезгілінің ішкі себептеріне, яғни «Уақ»-тың негізгі қозғалыс, қолғабысының шамасына мән бермей, тек хижра жыл санау есептік жүйесімен, яғни заман мен дәуірдің, өткен тарихи оқиғалардың кездесу мәнімен ғана құлшылық істерін қазыққа байлап қойудан өткен, әлем ғылымында надандық та, дінді бұрмалаушылықтың үлкені жоқ. Мысалға жыл ішіндегі қыстың қандай болуы, қалған үш мезгілге де тәуелді. Сол сияқты көктем қыстың қалай аяқталуымен, жаздың қалай басталуына және қарама-қарсы күздің қандай болғандығына тәуелді. Сол сияқты хижра да екі түрлі мезгілдік, дәуірлік қозғалыс өлшемін туындатады. Қазақтың жыл санауындағы үркер жұлдызымен 11-рет айдың кездесуінен, жылдық ықылым пайда боласа, ал 11-жұлдыздың Хижра жасап, аймен кезекті жүздесуінен дәуірлік қозғалыс негізі пайда болады. Күн де осындай екі қозғалыстық 12-аймен және ішкі 13 сайрандардың орнынына тәуелді ықылымдық замандық уақыт пайда болады. Енді осындай аймен, күнің жүрістерінен туындайтын замандық белгі де айлық яғни хижралық; 11+12= 23-санымен, яғни сәзждемен көрнісін берсе, ал күнтізбелік; 12+13=25 санымен қозғалыстық, құлшылық істерін, тіршілік бойынша намаз орындаумен ерекшеленеді. Сонымен бірге негізгі күндік, жарықтық уақыт негізінен 4-түрлі қозғалыстардың және жер мен көктің тербелісі мен 6-уақтан тұру шарт. Және 7-ші апталық өлшем осылардың бәріне кезек –кезек қонаққа барып, дәм татумен, әлемнің үндік негізгі кітабы 7-мен, яғни жеті үнмен оқылып отырады. Ал енді бұндай тұрақты кітап алуға жалғану үшін, ислам әлемінің бар діни топтары ұсынып жатқан, тек хижра замандық санауға негізделген сопылық түрлі ұстанымдар жарамсыз және жетімсіз де. Сондықтан осы жазбадан кейін де, алдағы кітаптың қалай жазылуы да, күнделікті өзгеріп тұратын Рабымыздың нұсқауынан, қандай насихат беріліп және оны қанша күнде бітіру де құдайдың қалауында болмақ. Және күнделікті болатын, алдағы күтіп тұрған, жаратқанның түрлі халықтың «биғаттығына», яғни уәделерін орындау ниеттеріне байланысты болатын оқиғаларға да тәуелді болатыны хақ. Кейбір сыналуға тиісті азаматтардың, ел басқарушы және ғалымдардың егер тәубеге келіп, қателігін мойындап; ата-жолына, дәстүрлі дініне тәубе, шүкірлік сәзждесін жасап жатқан болса, онда неге әрі қарай халық алдында берген теріс пәтуасын, күнәсін әшкерелеуіміз керек? Ал оны да танымай, білмей, көрмей-ақ қазақ елінің тұрғындарының жазылып жатқан тағдыр кітабын оқу арқылы ескертетін Раббымыз емес пе? Бұл мысалдарды мақтану үшін жазып отырғаным жоқ, осыған дейінгі басылымдағы негізгі ақпараттарды ойымнан шығарып, мансаптыларды партияға бөлініп қудалау мақсатында; атақ, дәреже іздеп жазбағанымды білдіру үшін ғана. Ал дін жолында ізденген адам баласына, дүниелік дәрежені құдайдың берген, көрсеткен нығметінен жоғары бағалаудан кітаптың, «жіптің» үзілумен бірге, жүрек көзінің жабылуына әкеліп соқтырады. Және әрбір дін жолында, Алланың нығметін, көрсеткенін, алған әрбір адам баласы, өзінен биік шәкірт тәрбилей алмаса, онда ақирет несібесінің сыйынан да құр қалады. Енді мансап қуып, «мені десін» дегендей; хазірет, шейх ғұлама, философ, теолог, психолог атанып, ертең шәкіртің немесе қарапайым дін адамдары, білімді жастарымыз, дәрежеңе сай келмейтін қателігіңді тауып, және ол дін ісіне де теріс келіп, түзетіп жатса, онан тез өлім сұраған әлде қайда ақылға жөн болар. Бұл мысалмен егер кітабымды оқыған лауазым, шенділер болса, сіздерді сынаудағы мақсатым биліктен, дәрежеден түсіру үшін емес, керісінше сол дәрежелеріңізді орнымен пайдаланып, әділдік жолында қол ұшын созып, сауап жасап, оған жаратқанан жауабын молынан болсын, деген ізгі ниетпен, бұл өмірден жақсы атпен, екі өмірдің де қызығының нығметіне бөленуге септігім тисе, онда еңбегімнің қайтқаны. Ал менің ризығым да, жалақым да Бір Алладан деп күтемін де солай табынып, сиынамын да.
Ата-жолы, әулиелеріміздің жолы және інжіл құндылықтанына жалғану.
Жоғарыдағы келтірген әркімнің жаратқан берген несібесі, тағдыр кітабының оқылуын негізінен бірінші басылымдағы (1-ші кітап) баяндалған, Мәшһүр Жүсіп Көпей ұлы атамыздың шайтаның 10-қашыр, бес есекке жүк артып, базарға апара жатқандағы Ғиса пайғамбарымызға кездесіп, оның 15-түрлі адамзатқа, діншілерге ортақ қылықтардың хикметті баянын құран арқылы 15-сандық үкімдер арқылы жүректің зейнетелуін білдіретін сырды, Абай атамызда; аян, уахи алу арқылы болатын тағдырдың жазуын, адам баласының істеген ісіне, адал еңбегіне, пиғылына тәуелді екенін ашып көрсетіп, бұл жағдайдың тәпсірін өлеңмен өрнектеп кетіпті. Рас сөз-Алладан келетін аян деп ескертеді: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың-ашыған у, ойың кермек. Мұңдасқа кісі жоқ сөз ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек? Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ. Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Ер-ісі ақылға (аян, уахи) ермек, бойды (жынды) жеңбек, Өнерсіздің қылығы-өле көрмек. Шыға ойламай шығындап (Алла жолында мал жұмсап) қылық қылмай, Еріншек өздігінен көпке көнбек...Арамдықтан жамандық (жын-шайтан) көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек(мінез)...Наданға арам ақылды құлаққа (уахи) ілмек, Бұл сөзден ертегіні (түрлі тәпсір, теріс пәтуа) тез үйренбек. Рас сөздің (аян, уахи) кім білер қасиетін, Ақылсыз шынға (хикметке) сенбей, жоққа сенбек. Қызыл арай (кемпір қосақ-нұр), ақ күміс (ай), Алтын бергек (жұлдыз сәулесі) Қызықты ертегіге (жолдар, жіп) көтерілмек. Ақсақалдың, әкенің, білімдінің Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек(кітап алу, даналық). Ақылды қара қылды (тағдыр кітабын) 40-қа бөлмек (қырық кітап) Әр нәрсеге (аян жору) өзіндей баға бермек, Таразы да, қазы да өз бойында (елшілік, дарын-кісі) өз бойында, Наданның сүйенгені-көппен дүрмек (масһаб білімі). Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тірі де аңдып, өлсе өкірмек. Бір-екі жолы болған кісі көрсе, Құдай сүйіп жаратқан осы демек (Пірім деп табыну). Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек. Сыртансынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырмен топ жасап бөлек-бөлек(дінді бөлшектеп). Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен-өзі бір күн болмай ма әлек?(жын кіру,шерік қосылу) Қолдан келе ме жұр меңгермек (дін ғалымы, хазірет, сопы болып) Адалдық, арамдықты кім теңгермек? Мақтан үшін қайратсыз (кітабын көрмей, бойын,жынын жеңбей) болыс болмақ, Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.» Қазіргі таңдағы қазақ еліндегі белең алған діни алауыздықтың қайдан пайда болып, және оның негізгі пайда болу себебін де атамыз нақты көрсетіп, және бұндай жағдайдағы сынақтардан шығар жолын да түсіндірген. Бірақ қазақта зиялы қауым өкілдері ұлтық, дәстүрлі жол-жобасын алмай, Абай танушы, Шәкәрім танушы, дін танушы, философ аталып, дінді мемлекет ісінен бөлумен айналысып, ал осындай жағдайдағы надан ел басқарушыларының « ұлтымыздың, халқымыздың дін-амандығы мемлекеттен бөлек» деген заңдарының кесірінен, халықтың «Адалдық пен арамдықтың» арасын ажырата алмай, қазақ елінің рухани дағдарысқа ұшырауына ғана себепші болғаны да хақ. Әзірге бұндай қауымдықтарымыз өз зұлымдықтарын мойындап, тәубеге келуге дүние қызығынан қолдары әзірге сірә босай қоймас. Ондайлар, дәрежелі ел басқару орындарына біреуге ақыл айту үшін барып, енді өзімнің ақылым барлығына да жетеді деген тәкәпарлық болмысын тауып, сондықтан да тылсымнан келетін таза ақылды тыңдауға қолдары да тимейді деп ескерткен Абай атамыз. Енді бұндай жағдайда, рухани күйзеліске түскен, күнәсін мойындап, ескі рухы өліп, бейтараптық жағдайға немесе қыспаққа түсіп, одан шығар жол іздегенде, Раббымыздан жәрдем келетінін, барлық киелі кітаптарда, пайғамбарымыз да; «Ғиса пайғамбар аруағы іштеріңнен өткенде не болар екенсіңдер?» деп уайым да жепті. Яғни киелі рух, әр адам баласының оң істеріне, қайрымдылық шараларына, ата салт дәстүрін, намаздарын азды-көпті орындауына байланысты інжілден 18-саны арқылы рухтан хабар келіп жетекке ала бастайды. Бұл жағдайды інжілде; «Алуан түрлі дарындар бар, бірақ Киелі Рух Біреу-ақ. Түрлі қызметтер бар, ал Иеміз Біреу. Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңа әрекет ететін Құдай Біреу.(Құдайсыз қурайда сыбайды!) Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді. Кейбіреулерге Киелі Рухтан даналық сөз(1), ал басқасына дәл сол Рухтан білімге толы сөз(2) беріледі. Киелі Рух кейбіреуге ерекше сенім дарытса(3), сол Рух тағы біреуге сауықтыру дарынын(4) береді. Ол біреуге кереметтер жасауды(5), өзгесіне Құдайдың хабарын жеткізуді(бата, аққу, сұңқар)(6), ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін ажырата білуді(7), келесіге түрлі бөтен тілдерде сөйлеуді(8), ал тағы біреулерге соларды түсіндіруді сыйлайды(9). Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынан әркімге жекелеп үлестіріп береді.» (Інжіл-корын. Хат-1 12-тарау) Енді рухтың да түрлі сипаттары болып, ал киелі Рух дегеніміз жаратқаннан берілетін таза ақыл болып, оның жолында құлшылық етіп, сынақтардан өтіп, сенім қуаттарын меңгерген жағдайда ғана иман қуатын алып, өсіріп баптау үшін жоғарыдағыдай дарындарға қол жеткізу діннің негізгі қағидасы болу екен. Бұл сапаны негізгі тіл білімін меңгеру, және иманның алғашқы 60-бұтақты шарты екенін де, Мұхаммед пайғамбарымыз өз өсиеттермен насихаттап кеткен. Ал біздер ислам дініндеміз деп, сондықтан біздерге ислам діни сауатыларының ұсынатын, иманды келтіруге арналған тіл білімінің жолы; Аллаға сеніп, намаз оқу және одан жоғарысы арап тілін меңгеріп, құранда өзінше жүргізіп оқи білу, діни жолдың жоғарғы сатылары дарындылықты меңгеру болып есептеледі. Бірақ, бұл намаз амалдары иман қуатын меңгеру емес, тек сенімді бекіту үшін және жоғарыда Ғиса пайғамбарымыздан келген, сүйінші хабардың, дарындылықтың 9-дан бірін ғана, бойды меңгеру қазақ халқының қазіргі дін танымының негізі болып есептеледі. «Алла кімге жақсылық қаласа дінді терең түсіндіреді. Расында, мен тек үлестірушімін, ал Алла береді. Қашан бұл үммет Алланың әмірін орындауда мықты тұрса, Аланың әмірі келгенге дейін оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» ( 63/71) Пайғамбарымыз бұл өсиетімен сендерге дінді түсіндіруші, Алланың әмірлерін оқушы, рухтың негізі болған інжіл арқылы Ғиса пайғамбарымызға берілген шапағатынан болып, сондықтан; «Тәурат, інжілді білмесеңдеп түк емессіңдер» (5-68) деген Раббымыздың ескеруі осы өсиеттің насихатын ашып көрсетеді. «оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» деген уәденің жоғарыдағы; «Ол дарындарды Өзінің қалауынан әркімге жекелеп үлестіріп береді.» деген өсиетті Мұхаммед пайғамбарымызға жалғану арқылы ғана; «Расында, мен тек үлестірушімін» деп өзінің шапағатшылық сипатын ескертеді. Данагөй аталарымыз; «Жел тұрмаса шөптің де басы қозғалмайды» деп әрбір аңыз болып жеткен қисалардың артында, жаратушының себептік заңдылығын ескерткен. Бұндай тәураттық намаз орындау нұсқаулары арқылы құлшылық жасау, жоғарыдағы Мұхаммед пайғамбарымыздың ескерткен, мұсылмандық құлшылықтың қолы ашық ел билеушілерінің, жаннатық болуының және жаратушы сыйының, сауаптардың жауабы өлімді тоқтатып, өмір жасын ұзартуымен есептелетінін білдіреді. Қорқыт атамыздың кришналық дін ұстанушыларының; «үн құдіреті» деген бақсылық ұстанымын, қобыздың сарынымен, өнермен өлімді кешіктіруге, өмір жасын ұзартуға болатынын хикметін көрсетіп, сонан; «Өлімнен қашқан Қорқыт» деген аңыз қалып, оның философиялық мәнін дұрыс түсінбегендіктен, осындай дін сектасына, өзіміздің ділімізде тұрған құндылықтарды, өнер құдіретін, жалған ағымның пәтуасына айырбастап, төрден орын бергенімізді білмейміз. Енді қазіргі таңдағы дін ғалымдарының үлкен қателігі де, бұрынғы заманда өткен әулие ғұламалардың пайғамбар өсиетерін зертеп, және белгілі сандық таңбамен белгілеуін мүлде назардан тыс қалдырған. Пайғамбарымыз сахабаларын; «Сендер 70-ші үммет болсыңдар» деп ескерткен екен. Ал жоғарыдағы өсиетте; «... Қашан бұл үммет Алланың әмірін орындауда мықты тұрса, Аланың әмірі келгенге дейін оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» ( 63/71) деген ескертумен 71-ші үммет туралы ескертіп өтіпті. Олай болса үмметердің сандық мәні қарай дін ғылымнда меңгеретін сатылары да болып, ал қазіргі замандағы діни үкімдерге байланысты да қазақ халқының өз үмметік ерекшелік саны бар.
Ата-жолы намаздарының пәтуасы мен масһаб білімінің биғат ерекшелігі.
Сонымен енді масхаб біліміндегі намаздар орындаулары мен Ата жолындағы намаз орындаулардың қандай ерекшеліктері бар?- деген сауалдың туындауы да сөзсіз. Сонымен біздің, қазіргі таңдағы орындап жатқан нақты намаз амалдарымыз бен, дін муфтияты ұсынған мазһабымыздың, пайғамбар намаздарына 50-сауапқа көз қарасымен яғни нанымымен, биғат-пәтуларымен салыстыра кетейік: «Жүрекпен, ыстық ықыласпен намаз оқу үшін жасалатын барлық дайындықтар да дәл намаз оқу секілді сауап әкеледі. Сол үшін адам әуелі барлық нәрселерді (??) тастап, намазда өзін алаңдатын барлық нәрселерден бойын аулақ ұстап, намазға ықыласпен тұруы тиіс. Намазға тұру сәтіне дейін болған барлық сатылар сол адамға сауап ретінде жазылады. Оның ниеті-алаңсыз беріліп намаз оқу. Ал мұсылманның ниеті-жасаған ісінен жақсы. (??)» (Ислам ғалымхалы. 97-бет) Бұл біздің муфтияттың яғни мазһабымыздың ғаламдарының дәлелдеуімен, жалпы имамдарымыздың, жамағат «намазхандардың» ұстанған философиялық бағыты. Яғни намаз оқумен оған дейінгі дайындықтан құнды еш нәрсе болмайды, ата-анаға жасаған қайырлы істерің, шүкірлігің, тәубеге келіп, күнәңнан ақталу істері де, пайғамбарымыз өсиеті, сүнеті 50-намаздың, сауаптық негіздері де, бес уақыт намаз оқудың ішіне ендіріп жіберген. Ал құлшылықтың үш негізін, игілігін рухани жетілдіріп, намаздарын орындап, дін дәстүріне айналдырған аталарымыздың аманаты, ұлттық құндылықтардың, адамгершілік парыздардың салмағы, дәрежесі намаз оқуға қарағанда түк емес. Тек намаз оқу жолында барлық кедергі болатын нәрселерден бас тартып және сол сатылардың бәрі «намазхан» үшін сауап болып табылады екен. Сонымен бірге пайғамбарымыздың; «Бір кешті Алланың жолы үшін халықтың игілігіне арнау мың күн ораза ұстап, мың кеш намаз оқығанан артық.»(386-өсиет) Үмметімнің машайықтары жаннатқа намаздың, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мәрхаметі, нәпсінің жомартығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді.» (ибн Әбидүниеден) деген аят-өсиеттерін жалғанға, теріске айналдырған пәтуаларын өздерінің діни саутылығына санайды. Бұны жазған мемлекетіміздің басшыларының қолдау көрсеткен Нұр мүбәрәк дін универиситетінің және муяфтияттың бекітілген атақты ғалымдары. Сондықтан жастарымыз пайғамбарымыздың өсиетінен, әулиеріміздің аманатынан көрі, бүгінгі таңда осындай арап тілін меңгеріп керемет білімді аталған ағайындарымызға күдіксіз құдайға сенгендей «тәкледи иман келтіруі» де даусыз. «..Екіншіден, аятқа толықтай үңілетін болсақ, ..Елді Алланың жолынан адастыру үшін бос сөздерді сатып алатын әрі Хақ жолын келекеге айналдыратын адамдар бар..» делінген. Яғни, бос сөздерді жай сатып алатын адамдар емес, Аланың жолына елді адастыру мақсатында сатып алатын және хақ жолын, Құран аяттарын келекеге айналдыратын адамдар деп тұр. Ал хақтың көңілін Құраннан алшақтатып, хақ діннен адастыру мақсатында атқарылатын қандай да бір істің, тіпті пиғылдың күпірлік екені айтпаса да түсінікті.» (Дін мен Діл. 98-бет) Дін ғалымыздың бұл береген биғат-пәтуасы өз-өздеріне берген жауабы болып, Құдай адастырғанды түзеуші болмайды деген, Раббымыздың ескерту аяттарының бейнеленуін көрсетеді. Және жалпы біздердің ұлтық рухани қазынамыздың жетекшілері яғни «сенімнің батырлары» болып табылатын масһабтық, «Ханафилік» ұлтық діни сауатылығымыздың және біздің ата заңымыздың да, заңгерлеріміздің де, ел билеушілеріміздің де ақылдылық, ойшылдық, естілік (зайырлық) бейнесін осындай ашық пайымдаулардан көруге болады. Құдайдың құдіретінің өзі сонда, бұлар өздерінің бір кітапта берген пәтуа әрекеттерінің; «хақтың көңілін Құраннан алшақтатып» яғни ар-ұжданды, аруақ білімізді, дәстүрімізді, Құраннан тыс деген, күпірлік екенін өздері растап отырғанын да білмейді. Бұл жағдайдың Абай атамыздың; «Оймен тілдің арасын қоса білген дана керек.» деген ойшылдықтың негізгі шартын меңгермегенін де білдіреді. Енді дін ғалымдарымыздың: «Ал хақтың көңілін Құранан алшақтатып, хақ діннен адастыру мақсатында атқарылатын қандай да бір істің..», деген пәтуасынан «хақтың көңілін» іздеп көрсек. Аятта: «Мұхаммед сондай саған уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны (інжілді, Ғисаны, елшілерін) растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы.» (35-31) Пайғамбарымызға жеке берілген нұсқаулар, хадистердің бұрынғы пайғамбарларға берілген нұсқаулардың растаушысы екенін ескертіп тұр. Ал, аяттың сандық мәнінің өзі, пайғамбарымыздың інжілді және құранға дейін келген нұсқауларды толық алғанын ескертеді. «Анық хабар алу» деп сүйікті құлдарымен, әулие-пайғамбарлармен тікелей уахи арқылы сөйлесуді ескерткен. Сонымен енді; «хақтың көңілі» Алланың достары, сүйген құлдары болған, әулие-әмбилерінің жанында, жаннатында жазылып тұрмай қайда тұру керек? Жалпы масһаб биғатына Абай атамыздың көз қарысымен және құран аяттарымен пәтуа берсек; Егер тура жол Имам Ағзам әулие ұстанған, Масһабтан басталатын болса, онда пайғамбарымыз бізге жол басшылықтан шығып қалады. Екіншіден; пайғамбарымызды тура жолдың басшысы деп иман келтіріп, тағы Масһаб тура жол көрсетуші деп пайымдасақ, онда тағы Аллаға ортақ қосып, пайғамбар енді біздерге шапағат үлестіруші болмай, орнына Имам Ағзамды тағайындаған болып шығады. Үшіншіден; «...Шын мәнінде сен ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (13-7) деген жаратқанның ескертуіне қарсы шығып, бүкіл құранды теріске алып, өзге ұлттан жолбасшы тағайындап алып, «хақтың жолын келекеге айналдырған» болып шығамыз. Төртіншіден; дінің жартысы діл болып, діл жерге, өмір сүрген ортаға тәуелді қалыптасатын отанымыз, үмметік белгімізді, ерекшелігімізді, ана тіліміздің үндік ерекшелігін және қанымыздағы імүндік түр қарсылығын қалыптастырып, ал Масһаб діл қағидамыз болса, онда біз Имам Ағзам тұрған елдің үмметімен, тарихи шежіреміз, діліміз бір болып, бұл тіптен адамзат даму заңына, жартылыс заңына да қайшы. Бесіншіден; Имам Ағзам дін жолымыздың тұрақты белгіленген ұстазы деген пәтуға сүйенсек, онда енді бізге өлімізде де, қиямет мезгілінің есебі де және пайғамбарымыз ісін алға жетелеуші жетекшіміз болып, тағдырымыздың кітабын оқушы, аян көрсетуші болып, бүкіл қазақ еліндегі әулиелер де, түсірілген кітаптары да, түрлі жағдайда құлдарына қасиет болып түсірген сыйлаған кітаптарымен, хикметті істері де; Алланың бізбен ойыны, әзілі болып, жарамсыз болып қалады. Алтыншыдан; Масһаб дін ұстанымының жеке нұрландырушы кітабы, құран насихатының кейінен ашылған құпиясы, түсіндірмесі санмен белгіленген, құран аяттары, пайғамбар өсиеттері оны растайтын әулиенің еңбегі де болу шарт. Және ол, жартушымызбен алдын –ала сендер төрт масһабқа бөлініп, тура жолды табасыңдар деген үкімі мен аяты болып, құранмен міндетті түрде бекіген болу шарт. Осындай хақтан аманат берілген, діл-көңілде жүрген, жанымызда түркілеп жүрген сансыз сауалдарға жауап беруден бас тартқан, қандай да бір дін ғалымы күпірлік жасап, дінді келекеге айналдырған болады. Жетіншіден; Жоғарыдағы берілген антымыз, шариғат-дәстүрлік еркшелігімізді сақтаудың, Алла жібінің ұлтық, үмметік сипатын шатыстырмау туралы түсірлген «16-92» аятқа серік қосып және діни жолдың негізгі шарты болған «42-13» аяттың үкімдерін, терістеп, жалғанға айналдырумен Аллаға ортақ қосу болып, кәпір аталу керек. Әрбір діншінің «Ханафи масһабы» тура жол емес, жол деп айтқаныңы өзінде, осы аяттар арқылы бүкіл құранның насихатын мазақа айналдырып; « Ал хақтың көңілін Құраннан алшақтатып» ортақ қосушы болып табылтының да хақ. Енді берген пәтуалардың, «биғаттардың» бағасын оқушы өзіңіз ақыл таразысына салыңыз, ал бұл пайымдаудың елдің ішіне бүлік, рухани аздыруға ғана себеп болатын және жаратқанның барлық түсірген дініне серік қосып, ортақ қосушы болғанын пайғамбарымыздың өсиетін де жалғанға шығарғандығынан ғана хабар беріп, нақты дәлелдермен, аяттармен көрсетуге ата-жолының рухани сенімнің батырлары атынан, Раббымыздың көрсеткен, білдірген хикметті істерін де халыққа ашық көрсетуге; «Біз дайынбыз!». Сенім іспен, амалдармен бекітілмесе, оқыған намаздың амалдары да болмаса, тек өз басыңа дұға тілек жасап, бес уақыт намаз оқумен «намахзан» атану да дінде күпірлік! Әзірше бір ғана мысал беріп кетейін; «Ал сенім дегеніміз-үміттенгенің жүзеге асатынына күмәнденбау, әлі де көрінбей тұрған уәденің орындалуына шүбәсіз илану. Тәңірге осындай сенім артқандары үшін ата-бабаларымыз Оның ризашылығына риза болды... Бауырластарым менің, біреу сенемін дей тұра, игі істер жасамаса, онысынан не пайда?
Достарыңызбен бөлісу: |