5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі


Сондай сенімі оны Тәңірінің қаһарынан құтқара ала ма?



бет29/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Сондай сенімі оны Тәңірінің қаһарынан құтқара ала ма? Айталық сенуші бауырластарың не еркек не әйел заты болдсын,киер киім мен ішер тамаққа зәру жүр дейік. Ал араларыңдағы біреу оларға; «Аман –сау болыңдар! Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп, ал өзі солардың тәндік қажетін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?! Ендеше, сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол-өлі сенім. Мүмкін кейбіреу: «Сенің сенімің бар (намаз оқуың), ал мен жасаған игі істерім арқылы сенімімді дәлелдеймін. Сен «жалғыз Құдай бар» деп сенесің. Мұның дұрыс, алайда жындар да соған сеніп, Оның каһарынан қорқып дірілдейді (сәзжде жасайды) Ал сен түйсіксіз адам, игі іс-әрекетсіз сенімнің өлі екенін ұқпайсың ба?.. Киелі жазбада берілген «асыл заң» мынау: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы кісіні де солай сүй! Осыны тек іс жүзінде орындасаң ғана дұрыс істегендерің. Егер адамды сыртынан қарап аласаңдар (намазхан, намаз оқушы емес) күнә жасап, Құдайдың заңын бұзушы болып әшкереленесіндер. Бүкіл Тәурат (құран) заңын орындай тұра, бір жерінде сүрінген адам оны түгел бұзғандай айыпты.» (Жоқан хаты; 2-тарау) Інжіл жазбаларындағы рухтан берілген, Ғиса пайғамбарға, елшілеріне оқылған кітаптың, Мұхаммед пайғамбарымзға уахи болып берілген ашық аяттарды, ислам ғалымдарының мойындамау себебі; «олар құлшылығынан адасты» деп елді үркітеді де, жүздеген пайғамбарымыздың осы тұрғыдағы қалдырған өсиеттерін де жалғанға шығарады. Ал, соңдарынан ерген білімді халық, бұл өтіріктерін анықтай аламас үшін, пайғамбар өсиеттерін күмәнді, «сахих», әлсіз деп тек өздері ғана шешім беруге ыңғайластырып алған. Аллаға құлшылық дегеніміз, ізгі істер жасау мен, білім арқылы әділетті заңдар шығарып және от басын құрып, өсіп-өніп, адал еңбекпен тіршілік ету, дін-ділін тазартып, рухани егінін де өсіріп, түрлі жағдайдағы жартылыс себептерінің тілін меңгеру деген қағиданы, тек дін рәсімі болған; Сәзжделік оқу сипатымен, жалбарынып, сиынумен айырбастап, ислам діншілері бүгінгі таңда енді намаз оқымайтын адам баласын мұсылман емес, яғни Аллаға құлшылық жасамайды деп, құдай заңын бұзып, өздеріне күнә артушылар және серік қосушылар болып табылады. Жер бетіндегі барлық адамзат баласы өмірге мұсылман болып келетінін және «Ар», «Уақ», «Ман» қуттарының жалпы адамзатқа ортақ несібе екенін мойындайтын заман келді. Сонымен бірге християн, тәураттық, забурлік ұстанымдар да құраннан тарайтынын да әлем халқына жариялап, ислам діні барлық діндердің, кітаптардың, 7-түрлі үнге жинақталған «құрандысы», жинағы, бірлігі екенін дәлелдеуге ғалымдардың құранды зертейтін уақыты өтіп те кетіп, осыдан барып түрлі сауатсыз, тек ілімнің жолына түскен шайтан адамдардың ғана береген пәтуасына иланудан әлемге қайғының, қасіретті бұлты елмізге қасірет болып төнген деп біліңіз. Ақиқатқа жүгініп, хикметтерге мойынсұнумен ғана әлем халқы құтқарыла алатынын түсінетін мезгіл де жетті! Ал енді жоғарыдығы «хақтың көңілі» деген ұғымды түсіндіре кетейік.

Хақтың көрнісі -хақиқат. Ақталса ақиқат.

Әрбір уахи болып айтылған, түсірілген аяттардың, бата болып бір перденің артқы жағынан (уақыттың төменгі жиігінен) көкейге салынып оқылған батаның, сөздің де мұғжизасы, хикметтердің де түбінде құпиясы белгілі болып, білімі өлшемі негізделіп, адамзаттың игілігіне айналып және соған қарсы күнәлардың да қарсы кері әсері, түнектік күштердің де жетіліп отыруы даусыз тарихы шындық. Енді, ислам әлемі бірлену заңдылығын және үнсіз, харіпсіз жаралыстың қозғалыс себебі болған, тіл білімін теріске шығарып, құранды теріске алумен ғана көрнісін беруде. Ал, бірақ көптеген әлем елдері негізгі наным-сеніміне айналған, киелі күштердің бар екенін және солар арқылы ғана адамзаттың жаратқанға қосылатынына сеніп, амалдық намаздарын білмегендіктен, түрлі діндердің рәсімдердің пайда болуына себепші болып және оны да дұрыс меңгере алмағандықтан, көптеген халық өкілдерінің адасып, жындануға, мастыққа түсуіне ғана себепші болып жатыр. Қазақ елінде қашаннан, «Лә иллаһа, илла Алла», яғни «Алладан басқа Тәңір жоқ» деген, бір тәңірге ғана құлшылық қылуға негізделген, жаратылыс басынан бастап адамзатпен бірге түскен исламдық дін жоралғыларын, тәңірлік бастауларды Адам-ата қауымынан бастап, жаратылысты тек бір көк тәңірі басқарып тұрған түп негіз, таза ақылға ғана табынып, өмір сүруді дініміздің негізгі шартына алып, оны кейінен келген елшілер, пайғамбарлар істеріне, сол арқылы түсірілген кітаптарға да біріктіріп, Тәңірдің қолғабысы, құдіретті жаратқан себепшісі; «аруақ қолда» деген ұранымыз бен; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген жалауымызды күні кешеге дейін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізгені ақиқат. Тек арамыздан шыққан, қолмен жазылған кітапқа ғана табынып, ескі ізгілік бастауы болғанымен замандар өте, білімі тозып, түрленген дін ұстанымына қайта келіп, елдің есінен аруақ ұғымын шығарып тастауға жан беріп, жан алысқан рухани дәрежедегі соғыстардың, нәтижесінде азғана қазақтың бөлшек-бөлшек дін ұстанымдарына жүгінуге әкеліп тіреді. Ал дін ғылымы да, онан нәр алған, іргелі ғылымдарда бір орнында тұрған жоқ, керісінше түп негізі түсініксіз, ал іс жүзінде айқын болатын талай жаңалықтардың ашылуымен, соған байланысты әлем философтарының да өмір заңдылығын қайта пайымдауына әкеле жатқаны сөзсіз. Соның бірі орыс ғалымы Гуляев есімді азамат; адам «днк»-сын зертеумен, көптеген жылдар айналысып, канада елінде тәжірибелерін жасап, соңында егеу құйрық тышқандарға бауыр, бүйрек ауруларының қоздырғышын егіп, оны 50-шақырым жерден сау «днк» ақпарат сәулесін жіберу арқылы жазылатынын дәлелдеді. Енді оның себебін, білімін философия ғылымы түсіндіре алмай отыр. Бірақ, ол қазақтың зираттап, құрбан шалып, жер көк есігі, жер тесігі арқылы, алтын бағандарға, көктегі жұлдыздарға жалғанып, емделу тәсілін, құран аяттарынан ем-шипа рахметтің; әулие зираттары, Алла достары арқылы келетінін, тіптен бағзы заманда оба, обыр аурулары мен малдарды да солай емдегенін, дін ғалымдары, ғалымдар да білмегенімен, қазақ жадынан әлі шыққан жоқ, керісінше соңғы 10-15 жыл ішінде неше түрлі аурулардың кілтін, емделу жолдарын аруақтар арқылы берілгенін мойындау, тек надандардың ойына ғана кіріп те шығар емес. Қарапайым ғана мысалмен; Аусыл ауруын, аталарымыз тәндегі түскен белгі, ауру ошағын тазартып, орнына дәрі жасап сеуіп емдеп алғанын да ұмытып енді, қаншама малды босқа қырумен айналысатын европалық тозған білімнен, халық тек жапа шегуде. Бұрынғы замандарда әулие бабаларымыз меңгерген ілімнің құпия сырлары түгіл, білімге және нақты амалға дәлелдерге айналған істер мен, ата жолында игілік жолындағы ашық көрініп жатқан Құдайлық хикметтерді сөз тұрғысынан сипаттап түсіндіре алмаған елде философия білімінде, даналықтары, абыздық, сәугейліктері бар деп айта аламыз ба? Әрине жоқ! Сондықтан шала сауатты діншілер мен, сөз даналығын меңгермеген жалған ғалымдардың, саясаткерлердің және дінсіз залымдардың ел билігіне, іс бастарына келіп, бұқара халықты осындай азғындыққа, қайғы қасіртерге душар қылуға басты себепші сөз, тіл ғалымдығының, даналықтың өлгендігінен деп қана түсінуге болады. Мұндай қарапайым ғана ұлттық білімнен, дәстүрімізден ажыратып жатқан, қазақтың ғалымдарының да дін басшы, ел басшыларының, имам, «намазхандардың» да құлақтары созылып, жүректерінің мөрленгеніне айқын дәлел болады. Бұндай жағдайда не істеу керек? Әрине жүректері мөрленген қандай да бір пенденің мейлі қандай дәрежеде, биік лауазымда отыра берсін, ұлттық санасы жетілмей, ар қуаты әлсіз болғандықтан, ұят деген қасиетте кем болады. Оған себеп 3-жылдығы түгіл 3-күндігін де ойлап болжауға қауқарсыз, ұлтық ділге байланысты ар білімінің жетімсіздігі себеп болғаны даусыз. Ар білімінің шамасына қарай ғана, ұяттық сезімдердің қалыптасатынын жадыңызға тоқып алған абзал. Мысалға орыс ағайындарымыз өз елдерінен шыққан Кашпировский, Чумак деген емшілеріне шарт қойып; Егер ғалымдардың қадағалауынмен берілген 40-ауруды емдеп жазсаңдар, онда акедемик атақтарымен құрметі орынға отырғызып мойындаймыз деген. Бірақ, олар өздеріне сенбеді, әйтпесе жалғандықтары әшкере болады деді ме келіспеген. Бұл мақала кезінде «Простор» басылымында жарияланған болатын. Енді мен қазақтың ата-жолдық бауырластарды біргуге шақыра отыра, осы шартты керісінше әлем ғалымдарына 10-есе күрделі түрде қойып, қазақта адамның емес, Алланың құдірет қолы; аруақтың көмегімен қандай хикметті істердің бар екенін дәлелдеп, аталарымыздың ақ шапанын қайта жабуға шақыра отырып, және 40-аурудың орнына 80-ауруды алып және әлемдегі спид, қан азуы, қан (диабеті) сусамыры, жын ауруларымен қоса құран арқылы ем-шипасын көрсетіп және емі табылмай арнаулы сыйлыққа ұсынылған аурулардың да Құдайдан емі бар екенін дәлелдеп, сол алған сыйлықтарды қараусыз, азып-тозып жатқан әулие бастарымен, баратын жолдарына жұмсауға және әлемге осындай киелі орындарымызды жарнамалап, жібек жолын, енді хаж жолына айналдыруға болатынына үлгілер көрсету керек. Және де ата жол жүрек ашу хикметі арқылы, қазақ елінің әулиелер батасымен жетеленіп, пайғамбар намаздарын орындау арқылы тәрбиелеген ғылым жолында іздеген адам балаларының болашақта ғылым саласында өзгерістер әкелетін, және де өндірсте, шаруашылық істерінде де мыңдаған жаңалықтар ашуға болатынын дәлелдеуге шақырамын. Ал, кезінде тіл білімнің жетістігі саналған құранды жатап алған қарилық қасиет, ислам дінінің ең бигіне жету болғанымен, бірақ ілім-білімнің жетілуімен бұл қасиетің қазіргі білімді заманда өз маңызын жойғаны да хақ. Сондықтан, қазақ діншілерінің растыққа, аруаққа сенбейтін ғұламаларын, хазіреттерін, құран жатап алған қариларын да біздің дайындаған шәкіртерімізбен, құран арқылы ашық Алланың хикметін көрсетуге халық алдында бәсекеге, таразыға түсіп, құран аяттарының құдіретін көрсетуге дайындалуға шақырамын. Қазіргі таңда да, егер қажет болса, жүздеген арапша құранды жетік білген қарилар мен, хазірет, дін ғалымдарымен 3-4 қана ата-жолдық қарапайым аққу сұңқарлар мұндай рухани таразыға түсуге дайынбыз. Ендігі қоятын шартымыз, бұндай жағдайды бүкіл еліміз куә болып, көгілдір терезе арқылы көріп отыруы тиіс. Сонымен бірге, 3-4 көтеріліп, жынданған пендені бүкіл мазһабшылар алып иманға келтіріп, есін қалпына келтіріп, адам қатарына қосуға жабылып өз намазадарымен мешіттерде отырып алып, Аллаға жалбарынсын, емдесін, дем салсын, ал одан екі есе саны көп ауруларды біздерге берілсін! Және үнемі бұл істер дәрігерлердің, психологтардың бақылауында болып, белгілі мерзімдерде тексеріліп бағасы да беріліп отыру шарт. Сол сияқты ең жоғары лауазымды, яғни жан сырын меңгерген хазіретті, сөз емес құран аяттарын амалға айналдыру арқылы, біздің қарапайым шәкіртімізбен таразыға түсуге, ондаған пендені арағынан, темекісінен жаман әдеттерінен еріксіз тиып, Құран аяттарының ем-шипалық қасиетін, күшін көрсетуі тиіс халық алдында. Бұл тек бүгінгі ата-жолының әлі хикметтерінің, хақиқатының шындық арқылы ақиқатқа толық айналмаған кезеңдегі ғана ұсынған пәтуамыз яғни «хақтың көңілін» таба білгенімізден деп білген жөн.

Мұсылмандық қарыздар мен құлшылықтан ғибратты әңгіме.

Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман заманында, бір патша өзінің ұлын ғалымдардың тәрбиесіне беріп, жасы он алтыға келгенінде еліндегі игі жақсыларды шақырып, әр түрлі ғылымнан хабары бар ғалымдардың алдында шаһзадаға әртүрлі сұрау беріңдер деп бұйрық береді. Осы жасының ішінде көп ғылымды үйренген баласы, сарайға кіріп келіп әкесінің қолын сүйіп, айналасындағыларға иліп сәлем беріпті. Соны көрген патша: -*Арыстанның баласы өзінен кіші жыртқыштарға бас имейді. Сіз қалай ғана менің қолымды сүйіп, көпке иліп тағзым еттіңіз?-деді. – *Мен сол арыстандығымнан қолдарыңды сүйіп тұрмын. Арыстан жыртқыштар арасында өзін емін еркін ұстаса да, ақылды адамның тұтқыны болады. Сіз мына көптің арқасында патша болып отырсыз, олар болмаса сіздің патша болғаныңыз іске сапас еді. –*Дүниеде тұрақты не бар? –*Дүниенің тұрақтысы-өлім, тозу, солу. Осылардан басқа тұрақты нәрсе жоқ.- *Дүниеде адам не үшін келдім деуі керек? - *Өлгенше тыным таппай еңбек етуі үшін келдім деуі керек. Сол міндетін атқармаса оның аты- өлік. – *Біз, ол дүние, бұл дүние дейміз, соны немен дәлелдер едіңіз? – *Ол дүние туралы ешқандай дерек жоқ, сондықтан ол дүние деген өмір біткен соңғы екінші белес. – *Сіз осы жасыңыз ішінде қанша білім алғаныңызды айта аласыз ба? - *Әбден айта аламын,-ұлы теңізден бір шелек су алғандай болдым. Мені ғалымдар дүниеден асқан білім алды деп мақтап отыр. Ол өлшеусіз айтылған сөз. Дүние тым үлкен, мен сол қаланың адамдары білетін білімнің тамшысындай ғана білім алдым. Мендегі білім орылмаған көп бидайдың ішінен бір бумасын орып алғандай. –*Ғылым адамға не үшін керек? – *Оның пайдасының хисабы жоқ, өйткені өткенді, растықты білу үшін, алдыңғыны көріп болжау үшін (ілім), өмірсізді (шайтан) өлтіру үшін, ескіні жаңарту үшін керек-ақ. Бірақ бұл мақсатты орындау үшін бірдің білімі аз, әр адамға болса ауыр жүкті көтеретін жәрдемшілер келіп тұрғандай болады. Мұхаммед пайғамбарымыз; « Мың күнгі оқыған намаздан бір күнгі үйренген ғылым артық»-деп бекер айтпаған шығар. Хазіреті Әли; -*Ғылымды үйренген де арманда, үйренбеген де арманда –деген екен. Біріміз өзінің қысқа өмірінде, оның түбіне жете алмадым армандаса, екіншісі, ең болмаса есігін ашып көрмедім-ау деп арманда болып кетер-депті. –*Мемлекет дәулеті-деген не? –*Мемлекет дене болса, дәулет соның жаны. Дәулетсіз мемлекет –жаны жоқ дүние. –*Мемлекет байлығы, халық байлығы деген не? –*Бұл екеуі айрылмайтын дене. Мемлекеттің құрамы халықтан тұрады. Егер халықсыз мемлекет болса-денесі жоқ бас болар еді. Егер халқы бар, мемлекет болып, байлығы болмаса, бейнебір ішіне салатын асы жоқ құрулы тұрған қазанның кейпін көрсетер еді. – *Сонда көп болуға тиісті мемлекет байлығы ма? Халық байлығы ма? –*Егер мемлекет бай болып, халық кедей болса, құятын өзені жоқ көл болар еді. Халық бай болса, мемлекеттің суы сарқылмайтын теңіз болады. –Патша мен уәзірлердің міндеті қандай? – *Екеуіне де жүктелетін міндет біреу. Бірақ сол міндетті кімдер үшін атқаратыны сол адамның өзіне байланысты. – *Сіздің сөзіңізден патшаның уәзірден айырмашылығы не артықшылығы болмағаны ма? – *Көп кездерде уәзірдің уәзірдің патшасының көлеңкесі болатыны кездеседі. Осындайда мынаны білу керек. Патша біреу, ал уәзір болса көп. Қалың тоғайдың ортасында бойлап өскен шынар болады. Ол айналасындағылардың демеуімен апатқа ұшырамай түзу өседі. Сол айтқандай уәзірлер әділ шыншыл болмаса жалғыз патшаның аты шықпас еді. – *Патшалық орданы неге бейнелер едіңіз? – *Орданы шахмат тақтасының бетіне бейнелеймін. Оның мақсаты, өмірі үшін табысқа жету. Алуан түрлі қиындықтармен шытырмандардан жеңіске жету жолын таба білгенде ғана, көздеген мақсатына жетпек. Патша орданың-жүрегі. – *Қанағат деген не?*Қанағат адамның өмірге керегінің мөлшері. Міне, мысал үшін дастархан үстінде кесе тұр. Оған толғанша құйса көтереді, артық құйылса төгіледі. Артық артқан жүк не арбаны сындырады не өгізді өлтіреді. -*Әділет дегенді не деп түсінесіз? -*Әділет деген сөздің өзі патшадан шыққан. Патшадан әділеттілік болмағаннан шыққан. Адамға аяныш етпес тас жүректілерден шыққан. Әрбір адам еңбегіңе қарай үлесін алып, артығын қоғамның орталығына үйе берсе, айналасындағы адамдарға керек нәрсесі сол орталықтан табылар еді. Еңбек істеп күнін көреген адамнан ешқашанда әділетсіздік шықпайды. Ел деген сөз-көп деген сөз. Осыдан мынаны аңғаруға болады. Сол көптің бәрі құл екен, ал оларды басқарып отырған қожалары аз мөлшерде. Негізінде еңбек істемеген адам өмір сүре алмауы керек. Сонда олар алтын сарайда қалай отырады, сонша дүние-малды кімнің көмегімен тапты, отырған адам рахатын көріп, соны тапқан, баққан адам азабын көрсе әділеттілік болады ма? – *Оларды құлдар істемей ме? – *Ендеше ешнәрсе істемеген қожаның үстіне, патшаны ел құдайдан тағы сұрап алды дейсің бе? Ол дұрыс емес патшаны құдайдан ел сұрамаған, қожалар сұраған. Құдай сондай әділетсіздікке барады ма? Патшаны Құдай жіберген деген сөз өтірік. Оны сол қожалар көп адамдарды өзінің ырықтарына көндіру үшін қолдан қойған. Адам құдайдан жалғыз-ақ нәрсе сұрайды. Ол-денсаулық. Туғанда он екі мүшесі түгел туылса, ол адам керегіне пайдаланса дені де сау болады. Ал патшаларды адам құдайдан сұрамайды. Әрбір дені сау адам сол патшалардың арқасында тыныш өмір сүргісі келеді, теңдік пен еркіндікті көксейді. Әркім өз еңбегімен өзі пайдаланар болса, онда патшаның керегі жоқ, бар болмысымен жақсы тұрмысын кешіп жүре берер еді. –*Ұжмақ пен тозақ дегенді қалай түсінесіз? – *Біз көрмеген ұжмақ пен тозақты әңгіме қылмай-ақ осы өмірімізді мысалға алып көрейік. Алуан түрлі тәтті жеміс-жидегіміз бар. Сәулетті сарайлар салынған қаламыз бар. Қойдың, сиырдың, жылқының семіз еті, қаймағы мен сүті, алуа-шекер, шараптар..т.б-ларды адам тауысыпайта ала ма? Бейіш, ұжмақ деген осы жерде емес пе? Осы сарайды ұжмақ деп есептесек, сол бейіштің ішінде патша бар емес пе? Патша бар жерде зындан, қылыш, найза, дар ағашы, құлдар бар. Оларды патша басқа елді өзіне бағындыру үшін, жазықтыларды өлтіріп, зынданға қамау үшін пайдаланады. –*Жазықтылар не себепті жазықты болады? – *Олар ұрлық қылады, біреулердің дүниесін тартып алады, әлділері әлсіздерді өлтіреді. Дін тәртібі бұзылады. –*Олар неге үйтеді, тамақтарын ішіп жүре бермейді ме? –*Олардың иесі даладағы жүрген адамға бере ме, ол бермесе ақшасы жоқ адам аштан өлмей ме? Ақша болса сол аз адамдарда бар да, көптің қолында жоқ екенін білесіздер, сіздердің айтып отырған ұжмақ қожалардың үйінде екен де, ал тозақ көпшіліктің басында болғаны да. –*Үкімет туралы не айтар едіңіз? –*Үкімет туралы әңгімені, саясат деп бастаған дұрыс сияқты. Саясат пен әкімшілікті айыруға болмайды, ал дін мәселесі деген-саясаттың бір тармағы. Барлық адамға белгілі болғанмен, аш адамға Алланың атын айтып түсіндіру қиын. Саясат жұмысын басқарушыларды- әкім деп атайды. Әкім деген сөздің түп мағынасы-уәкіл деген сөз. Әкімнің лауазымы үлкен болсын, кіші болсын, ол өзінің айналасына қолайлы адамдарды жинап, сарайлар салып, егін ектіріп, мал бақтыруға басшылық қылып қоғамдықты қалыптастырады. Мемлекет ғимаратын басқару үшін ақыл мен парасат ауадай қажет. Саясат жүргізген әкім, өмір тәжірибесімен халықты басқармаса, істеген ісі баянды болмақ емес. Әкім-елдің бірқалыпты жақсы тұрмысын қалыптастырып, дүниенің гүлденуі үшін, халықтың көңілінен шығатындай саясат қолдануы керек. Өмір-адамның ас жайған дастарханы. Дастарханнан ас табылмаса, халыққа оның керегі жоқ. Ондай әкімдер бар жерде күші жеткендер өзінен әлсіздерді жәбірлей береді. Сондықтан ақылды әкімді қою, сол елдің патшасы мен мемлекеттің міндеті. Омар бин Китаб (сахаба) адамдарды әкімдік қызметке алғанда мынандай төрт шарт қояды екен. – *«Атқа мінбейсің, айрықша киім кимейсің, қазына мүлікке тимейсің, қызмет бабын пайдаланып ешкімге қиянат етпейсің, халқың әділдігіңді көрмейінше ешқайда кетпейсің, әлсіздерді сөкпейсің, артық дүние-мүлікті ретсіз төкпейсің, әйелің мен бала-шағаңды өзіңнің адал еңбегің мен бағып ептейсің»- дейді екен. Омар ибн Китаб өзінің патшалық құрған заманында қасына Зайд бин Аслам деген уәзірін ертіп, елінің хал-жағдайын білу мақсатында түн ішінде қаланың шеткі көшелерімен келе жатса, алыстан таудың бір жырасындағы жылтыраған отты көзі шалады. Қасына келсе бір әйел қазанына толтырып суды құйып, астына от жағып қасындағы жүрген төр-бес баласымен отқа жылынып отыр екен. Қазанның ішіне үңілсе судан басқа ештеңе жоқ. Омар әйелден: -*Не қылып отырған жандарсыз?-деп сұрайды. –*Тоңып отырған жандармыз-дейді әйел, оған бұрылмастан. –*Балалар неге жүдеу? – *Олар аш. – *Қазанда қайнап жатқан не нәрсе? - *Су. –*Оны неге қайнатып отырсың? – *Баларды жұбату үшін. Бұлардың осы көрген бейнеті үшін Құдай алдында патшамыз Омар жауапты –депті көзіне жас алған әйел. – *Омардың қандай байланысы бар- өзін танымай отырған әйелге. –*Ол әкім, халықтың хал-жағдайын білуге міндетті, сондықтан Құдай алдында менің балаларымның аштан өлетіндігіне сол жауап бермегенде кім жауап береді-депті. Омар оған басқа сөз айтпай үйіне келіп, бір қапшық ұн, май, ет, жуа,..т.б қосып бір ыдысқа салып өзі арқалап тауға қарай жүре береді. Қасындағы Зайд; -*Ұнды мен көтерейін деп қолқа салғанда, хазіреті Омар: -* Өз жүгімді өзім ғана көтеруге тиіспін, маған тиіс жұмысты Алла Тағала тек менен сұрайды - деп таудағы әйелге жеткізеді. Жолшыбай үйіне қайтып келе жатып: Аслам көрдің бе, қараңғыда жарық керек. Сол жарық жанбаса мен олардың хал- жағдайын қайдан білемін. Адам баласының көкірегіндегі сәуле болмаса әлемдегі адам баласының жәбір-жапасы арылмақ емес-депті. Сол Омар халифаның патшалық құрған заманында қасындағы бір жолдасымен келе жатса, бір қора қоймен бір топ ит бірге жүр екен. Олар таңырқап қойшыдан: -*Итің не деген көп еді, мұның бәрін неге қойға қосып жүрсің?-дегенде, қойшы күліп: -*Осындай ит бола ма, оның бәрі қасқыр ғой-депті. – *Е, қасқыр болса қойларды жеп қоймайды ма? Сонда қойшы: -*Әкім елді жемесе, қасқырлар да қойларды жемейді-деп жауап беріпті. Омар ибн Китаб халқына әр намаздың соңында мынандай уағыз айтады екен: - *Уа, Халқым! Көңілдерің таза болса, таудың тасына да кір тұрмайды. Ісің таза болса қараушының көзіне кіреуке (шел) тұрмайды-дейді екен. Осындай қасиеті үшін халық Омарды «Әділ Омар» деп атаған. – *Сізден бір сұрақ сұрауға болады ма? - *Әрине болады. – *Адам баласы өлетінін біледі, сонда патшалар өмірінің мәңілік еместігін мойындай ма? – *«Патшада қырық кісінің ақылы бар» -дейді. Сондай ақылы бола тұра өлмейтіндей болып жүре береді. Халықтың аладында, артында жақсы аты қалған жақсыларды мәңгі өлмеген деп айтсаңыз болады. Осындай сұрақтарға дәлелді жауап берген шаһзада халқының әділ патшасы болыпты. Қош оқушым бұл әңгімеден қандай нәр алдыңыз? Болашақта бұл әңгіменің астарлы сырына жан ғылымына қайта ораламыз да 16-саның құпия сырына тоқталамыз. Сондықтан мұқият қайта оқып түсініп алуға тырысу керек. Аятта; «Қиямет күні әр үмметтің ішінде, өздерінен бір айғақ әкелеміз. Мұхаммед сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік» (16-89) (105) Енді бұл үмметің белгісі; 16; (89)-17 сандарымен ерекшеленеді де және 105-ші кітапты меңгерушілер, құдайдың хикметіне иман келтіріп, нығметін алғандар тобына жатады. Және бұл үмметер 98-ші сүре «Бәййіна» сүресін меңгерушілер болып табылады. 16-санды жұлдыздың мәнін жоғарыдағы әңгімеден; білім, ғылымды меңгеріп ел басқару, әділетті заң шығарушы, билік, абыздық берілген төрелік айтушы «Лама» дәрежесін меңгерушілер болып есептеледі. Ол үшін 17-ші сүре «Ісраны» меңгеру арқылы, 16-шы сүре сонан кейін 15-санды «жұлдызды» меңгеру шарт. Енді қазақтың ұғымындағы «Қожалық», «Төрелік» деген кітап берлген құлдарын руға немесе араптан ғана келгендер тұқымына айналдырып алудың қателігін осы тақырыптағы мысалдан хақиқатын көруге болады.

Мұсылмандық қарыздар және момынның намаздары.

«Бір күні бір дін ғұламасы хазіретті шейхқа бір күнәкар пенде келіп; -О, шайхы тахсыр! Мен бұл жалғанда күнәға белшеден батқан адаммын... Енді менің күнәмды жууыма көмектесіп, кешіруге жартқанға дұға жаса,-дейді салған жерден. Ол; -Сенің жүрегің суы арам-лайсаң бес арық келіп құятын тоған сияқты. Сол арықтар тоған суын әлден бүлдіріп, лайланған, енді оның арам суын ағызып жіберіп қана тазартуға болады. Олар; жамандық пен жауыздық әкелетін күнәнің көзі. Бірінші арық-ол сенің жанарың. Сен зинақор көзіңмен мұсылман әйелдеріне сұқтана қарама. Екінші арық-сенің аузың. Ораза тұтып, намаз оқысаң, сен Алла жанына жағасың. Тыйым салынған нәрсені ішпе де жеме. Үшінші арық-сенің ақыл-санаң, соның айтуымен әділетсіз де озбыр, менмен де өзімшіл боллып барасың.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет