5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі



бет7/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Зейнет- шындықтың шынға айналып бейнелуін көрсетеді. Зейнет- жаратқанның пендесіне және сүйген құлдарына берген несібесі, нығметі ақылдың құдайлық белгісі, дәлелі. Сондықтан аятта: «Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер (8) Шындықтан бұрылған бұрылады (9) Ой жорушылар құрысын (10) Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылысуда» (51-11) Дінің негізгі ірге болған тылсымнан, ақирет өмірінен берлетін уахи, аян, бата атты шындыққа жүгінбей, құр біліммен, ой жоруға жүгінбей, аманатқа қиянат етпей, ортасын, тіл білімін тауып, және ата-бабадан қалған асыл сөздерді тірілтумен, жаннаттан орын алуына себепші болу ғана имандылыққа лайық болар. «Бір адам пайғамбарымыздан: «Әке-шешенің баларындағы хақтары не?»-деп сұрады. Пайғамбар: «Олар сенің жанаттық не тозақтығың, яғни олардың ықласын (батасын) алсаң жаннатқа кіресің, қарғысын алсаң тозаққа түсесің». (Әбумаден; 3-өсиет)

Иман келтіру- нұрдың зейнетін көру.

Енді маған, арап тілінен құранды тәпсірлеп, түсіндіруші және өзін діни сауатты атайтын қандайда бір дін танытушы, ғалым, тек өздерінің тәпсірлеген ақылымен ғана жүруің керек деп маған пәтуа берген болса, онда оның құранды меңгердім, дінде тура жолдамын, Алланың қалауына жетіп, пайғамбар шапағатына жалғандым, уахи алдым, әулиелік дәрежеге көтерілдім деген ойынан шығып, маған да «биғат»-уәде беріп отырғаны даусыз. Олай болса, яғни кім тура жолда болса, ондай таза ақыл егесі аталып, пайғамбарлық қасиеттердің белгілі бір шамасына, өзінің замандық білімділік сапасына қарай меңгерген болып, және елшілік істерді де меңгеруші, тақуалықтың әйтеуір жоғарғы сатыларында болу керек. Себебі құранның ғылымын меңгеріп, насихатын түсіндірген адам баласы, Алланың сүйікті құлы және сұрағына жауап, хабар алушы досы. Олай болса, әулиелікті де әмбилікті де меңгерген адам. Аятта: «Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар (уахи) келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.(6)...Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңе зейнетеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.» (49-7) Жаратқан иеміз, иманды адамның сипатын; жақсылықтарды аянмен, уахимен көруші болып, сол арқылы ғана, жанға қуаныш, шабыт болып иман жүрегіне зейнетелген және түстерді жорып, және бұзықтықтарды, сынақтарды алдын-ала анықтап, және берілген нұсқаулардан, ақылдардан бас тартпайтын сүйген құлдарына иманды уахи түрінде көрсетіп, жүректеріңе ендіремін деп уәде береді. Бұл аятпен масһаб діншілерінің көріпкелдікті мазаққа айналдырып, жын-шайтанан деп атауын жалғандыққа да шығарып, әшекере насихаттап тұрғаны да хақ. Олай болса иман келтіруші; түсті меңгеріп, аян-аят алушы, тура жолды табушы, көріпкелдік әулиелік сатыға көтерілуші, Алла жолында жамандықпен соғысушы, пайғамбарлық қасиетің 7-ші дәрежесін меңгеруші құлы болып табылады. Иман, нұр-зейнет; Алланың сөзі, жанға рухани азық, құранның пара қуаты, кітап болып, ондай нұсқауларды орындай білген құлдың рухы және тәні де тазарып, жаны да нұрланып, жан жағыңа шам болып жарығың түсіп, қиналған, қыспаққа түскен бауырластарыңа құраннан ем-шипа беріп, жүгін жеңілдететін дарындылыққа, қасиетке жеткізеді. Сондықтан, ондай жамандықтарды көріп, және құран аяттарымен ем-шипа жасап, жамандықпен соғысушы, жақсылыққа жол ашушы құлдары туралы аятта: «Жақсылықпен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңдағы дұшпандық болған біреу (жын, пері), өте жақын достай болып кетеді. (Иман келтіреді) (34) Бұл қасиет; сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.» (41-35) Бұндай аяттарға жалпы муфтият ғалымдары мен масһаб ұстанушылары мүлде қарсы келіп, ондай жамандықтан тосып, жақсылыққа жол ашушы, елшілік істерін атқарушыларды жын-шайтанан деп те мазаққа алады. Қандай да бір пенде өз туысқанын, мейлі бір қыспаққа, қиындыққа түскен дін қандасын жақсылық, ізгілік арқылы ақталуға шақырып бағыт, бағдар берсе, онда ол дінге жақсылыққа қарай жол ашушы болып саналмай ма? Егер олар, жол ашушы емес, жолды тек Алла ғана ашады деген ұғымға жүгінсек, онда имам яғни пайғамбар ізбасары, дінде жол көрсетіп, жол ашушы деген ұғымда жалған болып шығады. Және «Бір» деген ұғымның тікелей адамзаттың тылсымдық жандарына, жүректеріне, көздеріне байланысты екенін де білген абазал. Енді менің білетін, танитын дін имамдарым, діншілерім; өздерін тақуа, тура жолдамыз деп және құранды жатқа білетін қариларымыз да, өздерін тура жолдамыз, яғни халыққа жол көрсетушіміз дегендерімен, шындығында ежелгі қазақ аталарымыздың, құранның тек намаз оқитын аяттарымен, шариғатты толық меңгерген, өзі ділмар, сәуегей әрі жынды байлаған бақсы қара шалдардың кебісін алып беруге де жарамайтындар. Себебі жолға салып, тәніндегі бітеліп қалған, тіл жолдарын, (натрий жолы) сөз жолдарын ашу үшін тазарту амалдарын, қаралықтан, жандағы қаңғылықтар мен рухани күнәлардан арашалауды яғни аятағы; «...Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңдағы дұшпандық болған біреу (жын, пері), өте жақын достай болып кетеді...» дегендей емшілік, бақсылық намаз орындауды, яғни жамандықты қалай жолға салуды білмек түгіл, керісінше халықты жамандықтардан тығылып, қашып, қорқып жындарға табынуға ашық үгітейді. Сондықтан олардың діни саутылығы түгіл, ұлтық салт-дәстүр білімдері, философиялық танымдары туралы әңгіме етуге де тұрмайды. Абайын, Шәкәрімдей сопыларын түсінбеген, қандай дінші, дін ғалымы, теолог, абыздық? Ұлттық ділімізге жалғанбайтын осындай діни сауатылар еңбегін оқыған сайын, Абай атамыздың қайғысын түсінгендей сезімде боламын.Ұлттық ерекшелік діліміз бен, дін-жанмызға, рухани азық алып, жүректерге қуаныш әкелмейтін, иман, қуаныш, жақсылық яғни маххаббат болып түсімізде көрінбейтін, қандай діннің тура жолы? Олай болса, діншілеріміздің ұсынған масһаб білімдерін де бұзықтық, дінсіздік бар, себебі жүрегімді тыңдасам, қазақ даналарының еңбегін оқығандағыдай, олардың берген шала ұғымды аралас тәпсір үгіттерінен, насихат сөздерінен шаттанып, жігерім қуатанып, қайратым тасып, қаным қызып, шабыт пайда болмайды. Олай болса, олардың білімдерінде нұр-зейнеті жоқ. Керісінше; «алексалам, ғалейкисалам, ықтипатта болып, тәуесил жасап, радиолаху әнхуды, ыстықпар еттім ...» деген сияқты түрлі ұғымы белгіз сөздермен және мақтан үшін ғана арап емлесімен әшекейлеген кітаптарды бас ауырып, жиркеніп, жүрегің түршікпей оқу мүмкін емес. Амал жоқ, мұндай діншідердің кім екенін және қай жағынан ұлтымызға қауіп төндіріп жүргенін білу үшін де, мұндай жазбалар иманыңды әлсіретсе де оқуға тура келеді. Мүмкін, менің жаратушы сөздеріне жүрек көздерім жабық шығар деген күмәнмен, және бұл сұрағымды құдайдың қалауына ұсыну үшін, қазақша аударылған бүкіл құранның аударма тәпсірлерін жинап алып, салыстырып көрдім. Сонымен менің ойыма салмақ түсіріп, әлі көп нәрсені білмейтінімді, құдай сөзін түсіну дегеніміз, күнделікті ақын, жазушылардың еңбегін оқу емес екенін білдірген; Халифа Алтай атамыздың еңбегін, әрі қарай шамам жеткенше зерттеуді, және шамам келгенінше түсінгенімді елмен бөлісуді жөн көрдім. Менің ақылымның білдіріп, және иманымының көрсеткені, құранның көп аудармалары тәпсірлеген кітаптары басқа елден келген тәпсірлерге аяттың аударма түсінігін қарапайымдап, ұғымдарын, насихатын жақындатуға тырысқан екен де, ал Халифа Алтай атамыздың аудармасында көпшілік жағдайда тәпсір ұғымы бөлек, және аяттардың тікелей аударма мағынасы бөлек тұр. Демек аудару барысында тәпсірлерге, ой жоруға жүгінбей, және Құран аяттарының сөздерін өз орнын ауыстырмай, шындығын бұзбай, сөзбе-сөз аударғандықтан, түсінігін бірден ұғу түгіл, оқылуға да ауыр екені хақ. Олай болса сөз ғылымы, философиясы қашанда қиын жағында болу керек. Сонымен менің бұл жағдайда қателеспегенімді, және осындай қазақ еліне жаратқанның сыйға берген құнды кітабының түсірілгеніне де көп ұзамай көзім де жетті. Шындықты тек Алланың кеңшілігінен аян, түс, уахи болып берілетін мойындап, Аллаға иман келтірсек; Осы уақытқа заманға дейін Құранның заманына қарай сөз ақиқатын ашатын, түркі әлемінде 3-ақ кітап аударма түсіндірмесі болыпты. Олар; Сағди, Хафиз және Халифа Алтай. Болашақта тағы да екі рет аударылып жетілдірілетінін, олардың да қазақ аттас есімдердің «ов»-пен аяқталғанын көрсемде, тек есімде ұстай алмай қалғанымды, халыққа жариялап жеткізгенімді жөн көрдім. Және енді мұндай кітаптарға иман келтіру үшін, ақылын жұмсағандарға аятта: «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр (зейнет, жіп, жол көрсетуші кісі-кие) жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла тағала тым жарылқаушы, ерекше мейрімді. (28) Кітап иелері Алланың кеңшілігінен еш нәрсе ие бола алмайтынын білсін. Шәксіз, мәрхамет Алланың қолында. Қалаған құлына береді. Алла тағала зор кеңшілік иесі.» (57-29) Бұл сүре елшіліктер қағидасы болып, бұрынғы ерекше хикметерді меңгерген елшілерге және оның бәрінің басын біріктірген Мұххаммед пайғамбарымыздың елшілік істерін, сүннетерін, өсиетерін толық меңгерумен ғана жарылқануымызды ескертеді. Сондықтан да мұндай қасиеттердің де; 29-дәрежесі болып, және қандайда бір ғалым кітап-білім иесі, мейлі ишан, хазірет, шейх, сұлтан болса да, тек Алланың қалауымен кеңшілігінен елшілері, әулиелері арқылы көрсеткен нұрымен, жақсылығымен ғана, пайғамбар шапағатына жалғанып барып, ерекше мәрхаметке бөленетінін ескерткен. Сондықтан да арамызға, елімізге, өзімізге де түсімізде уахи оқушы болып келген елшілерімізге иман келтіруімізбен ғана, ақыл-біліміз екі еселеніп артады да, қазақша түсініп оқыған құран насихатынан нұрды алуымыз да сөзсіз.

Ілімен білім ортасы-тіл ғылымы, иманның-зейнеті.

Аталарымыз: «Ілімен білім, ортасын білмесең бүлін» деп астарлап, тура жолдың негізгі шартын ескерткен екен. Енді, ілімге-құдайдан келген сөздерді, жазылған киелі кітаптарды, пайғамбарлар арқылы берілген нұсқауларды жатқызамыз да, бірақ құранда негізгі кітап; «Лаухы Махфузда» сақтаулы, оны Алланың қалаған құлдарына түсіріледі деп ескерткен. Олай болса ілім екі бөліктен тұрады. Біріншісі; елшілеріміздің, пайғамбарларымыздың түстерінде көріп, жорып амалға айналдарып, уахиларын яғни ілімнен білімге айналдырып, үмметеріне аманатқа қалдырған нұсқаулары болады. Исламда осындай сүнеттерді, нұсқауларды құран насихатымен салыстыру арқылы, түрлі масһабтарға, топтарға бөлініп өз-ара бір діннің ішінде қырқысып жатқанымыз да, енді заманына қарай, армыздан шыққан елшілермізге оқылған екінші кітаппен, діни ілімдерге айналған дін дәстүрлерін, ендігі мұрагерлері болған біздердің, заманға қарай алған іліміздің білімін салыстырып көре алмауыздан, яғни тіл білімін меңгер алмауымыздан туындайды. Яғни «Лаухы Мағфуздан» алатын кітабымыз иман-кісі, нұр деп аталып, оны жүрекке зейнет-бейне қылып алып, жақсылықпен жамандықты тікелей Раббымыздан сұрап көре білуді, имандылық дегеніміз, немесе иман келтірдім деп атайды. Ал, мұндай хикметті таза білім имансыз, барлық адамзаттың меңгерген білімін, жазған кітаптарын оқып, немесе керекті деректі, аятты іздеп тауып оқып, меңгеріп білу және ақ қарысын, пайда зиянын да ажырату да мүмкін емес. Сондықтан да әрбір жаратылған білімнің де көрінбейтін жаратылыс кітабы яғни иманы, жарықтық кітабы, кісісі де бар. Демек, қандай да бір көркем сипатқа иман келтіру үшін де, белгілі шартарды орындау арқылы, қажетті мағлұматтарды көріп, естіп оқи аламыз. Бұл ақпараттардың жинағын, түп негізін, «Алла» деп белгілеп, енді ортасындағы екі «Л»-ды тануға, яғни ортасын табу үшін, әуелі сандар тізбегімен 1-2-3-4 деп белгілесек, онда ортасындағы белгі; 2,3 –ті немесе 23-ті яғни «Мүминұн» сүресін момын болуды меңгеру, осы бастапқы «Бір» мен соңғы «Т+өрт»тің екі ортасын табу болып, яғни Бақара мен Әли-Ғымран сүресіне жалғану болып есептеледі. 23-саны тағы оңнан солға қарай оқысақ 32-ші «Сәзжде» сүресін белгілеп, яғни сәзжде амалдарын, Мұхаммед пайғамбарымызға түсірілген кітаптарды меңгеру арқылы, ал момын болуды бүкіл діндердің негізгі құлшылықтарын бірлеу және жақсылықпен жаманшылықты кетіру арқылы иманмен, таза біліммен нәтижеленеді. Момын адам, құдайдың назарына түсіп, құдай патшалығына кірген, яғни сұрағына жауап алып, берген уахиын көретін, 46 санды пайғамбарлық қасиеттердің біріне яғни 45-ші кітапқа мизанға жалғанған адамды ескертеді. Кім өз үмметінің пайғамбарына жақын болса, яғни батасын-уахи алса, сол адам момын болып аталуға лайық деп есептегеніміз абзал. Пайғамбарымыз: «Мен Исаға жарық дүниеде және ақыретте кісілерден ең жақынымын. Менімен оның ортасында ешқандай пайғамбарлық жоқ. Пайғамбарлар әке бір, ана басқа туысқандар. Олардың пікірі бірдей» (277) Барлық пайғамбарлар пәтулары бірдей болса, онда шариғатты тек исламның араптарға келгенінен, немесе исламдық дінді тек араптардан басталды деген пайымдау, пікірлердің бәрі қате! Және енді қожалықта араптардан, немесе Мұхаммед пайғамбарымыздан басталады десек те, онда пайғамбарымыздың өсиетін теріске алып, Аллаға ортақ қосып, кәпір боламыз. Енді ақылды азат етіп ойлансақ, арадағы 6-ғасыр өткеннен кейі келген, Мұхаммед пайғамбарымыз және Ыбырайым, Дәуіт т,б пайғамбарлар арасында қандай бір ғана әке болуы мүмкін? Бұл жерде пайғамбарымыз «Рухани әкеміз», Раббымыз бір, тек анамыз басқа яғни тілдеріміз бөлек, бірақ пікіріміз-дініміз бір деп ескертеді. «Мен момындарға өздерінен жақындаумын. Момын дүние салып, егер мал мүлкін қалдырса, олар мұрагер болып қалады.» (278-өсиет) Бұл аятпен әрбір момын, пайғамбарға жақындаған құлдың, өз артында қалдырған мүліктеріне, (кітаптарына, істеріне) өлгенен кейін де, пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, шапағатшылыққа тұрып өзіне мирас болған қасиеттеріне иелік етуге мүмкіндік берілетінін ескертеді. Олай болса, құдай патшалығының тұрақты тұрғыны болып, нұрын, кітап-кісілігін өзі қалаған туысына көрсете алады, яғни рухани жетекшілік етеді деген ұғымды береді де, әулие бабаларымыздың шапағат етіп иман келтіруге, жол ашуға, түрлі жағдайларда азаптардан, аурулардан араша түсуге жәрдем беріп, құдай мен аралықта, ақирет өмірінде, елшілік істерін меңгеруші «қан+атты» періштелер екенін пайғамбарымыздың өсиетімен әшкере жариялап тұрғаны да хақ. Сондықтан да, осындай өмірден момын және әулие-әмби болып өткен, ата-аналарымыздың рухани мүлкінен үлес алуды, ғылым келу немесе кітап-нұрды алу деп, яғни ілім мен білім арасын, ортасын тауып, ұстану деп атаймыз. Сондықтан пайғамбарымыз. «Біреулерің өзіне ұнайтын түс көрсе, Ол Алладан, ол үшін Аллаға мадақ айтып, көрген түсін басқаларға айтып берсін, ал басқа өзіне ұнамайтын түс көрсе, ол-шайтаннан, оның жамандығынан Алладан пана сұрап, ешкімге айтпасын. Сонда ол оған зиян келтірмейді». (2082-өсиет) Осындай өсиеттердің орындалуын аталарымыз: «Әр елдің салты басақ, иттері ала-қасқа» деп, түс жорудың да ұлтық, елдік ерекшелігін астарлап ескерткен. Қазақтың сал-дәстүрлі дінінің өзі осындай жақсы түстерді ізгілікке айналдырып, ал жаман түстерді қалай тағдырдан аластауды, іске асырмауды жетік меңгерген де, ондай түстерді қу түлкінің боғы деп ырымдаған. «Пайғамбарлықтан қуанышты хабарлардан басқа ешнәрсе қалмайды»-деді. Адамдар: «Қуанышты хабарлар деген не?»-деп сұрағанда Пайғамбар: «Игі түстер»,-деп айтты» (2083-өсиет) Осындай болашақты көрсететін хабарларды меңгеруді, елшілік істері болып, оны қазақта әулие деп, ал пайғамбарлық қаситті меңгергендерді, керемет мұғжиза, хикметтерді көрсетушілерді әулие-әмби деп атаған. Әулие-әмбилер халқымыздың рухани ұстаздары, яғни құдай патшалығына кірген, Алланың сүйікті құлдары болып есептеледі. Інжілден; «Парызшылар (тәурат ғалымдары) арасында Нікөдем есімді басшысы бар еді. Ол Исаға түнде келіп: -Ұстаз, Сіздің Құдайдан келген мұғалім екендігіңізді білеміз, себебі Сіздің кереметеріңізді Құдайдың қолдауынсыз ешкім жасай алмайды-деді. Иса: -Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығына кіре алмайды,-деді. Нікөдем:-Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет дүниеге келуі мүмкін бе?-деп сұрады. Иса: -Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және киелі Рухтан туылмаса, Құдайдың Патшалығына кіре алмайды. Тәнен-тән. Рухтан-рух туады. Менің «қайтадан туылуға тиіссіңдер» дегеніме таңданба! Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас,-деді. Нікөдем: -Бұл қалай болады?-деп сұрағанда, Исаның жауабы мынау болды: -Исраилдің дін мұғалімі бола тұра, осыны білмейсің бе? Саған өте маңызды шындықты айтайын: біз білгеніміз туралы сөйлеп, көргеніміз туралы куәлік етеміз, алайда сендер куәлігімізді қабыл алмайсыңдар. Мен сендерге жерде болып жатқанды айтқанда сенбейсіңдер, ал егер көктегі рухани нәрсе туралы сөйлесем, қалай сенбексіңдер?...Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес; құтқаруға жіберді. Оған сенушілер қияметте сотталмайды, ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған. Ал соттың мәні мынандай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді. Жамандық істеген әркім Нұрды жек көріп, жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға (аян, батаға) жоламайды. Ал шындыққа сай өмір сүретін әркім өз істерінің Құдайдың көмегімен жасалғандығы көрініп тұрсын деп Нұрға шығады (Жоханнан 3-тарау) Ғиса пайғамбарымыз, рухани қайта туылуды көрсетіп, адамзаттың күнәдан құтқаруға келсе, Мұхаммед пайғамбарымыз судан қалай қайта туылуға болатынын (жанды дәрежелеу,шырақ) көрсетіп, жаннатпен сүйіншілеу және жаратқанның шапағатын жеткізуге келді. Рухани өлім сатысы да 99-таспихпен 3-ке бөлініп көрсетіліп, рухтан қайта туылып, 60-бұтақты иман қуатын меңгеруді көрстеді. Енді 33-санды, 11-мен бөлінген кіші таспих, сопылар таспихы аталып, үш рет судан туылудың ерекшелігін білдіреді. Бұл сырдың құпия жұмбақ болып, Ясауи бабамыздың ілімінің масхаб дін ғалымдарының түсініп, меңгере алмауынан және рухтан қайта туылып, өлім сатыларын бастарынан өткізе білмгендіктен Ханфи масһабы тура жол деп түсіну де дни саутсыздықты білдіреді. Ал рухтан қалай қайта туылуға болатынын, арыға үңілмей-ақ Абай-Шәкәрім аталарымыз насихатын өлеңмен өрнектеп, көрсетіп кеткенін дінші ғалымдар түгіл Абай- Шәкәрім танушы философ, теологтарымыз да біле білмейміз. Ол үшін әуелі сөзді түзеп жындылықты жеңу керек екенін; «...Ендігі жұртың сөзі-ұрлық қарлық, Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. Осы күнде осы елде дәнеме жоқ Мейір қанып, мәз болып қуанарлық... Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер, Кісі екен де ұлықтан ұялмай жүр. Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр, О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр. Қарсылық күнде қылған телі- тентек, Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр. Қарындас (иман күзетшің, ұждан) қара жерге тыға алмай жүр, бірінің бірі (түсін жорытып) сөзін құп алмай жүр. Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң, Олар да бір қалыпта бола алмай жүр. Бір күшті (кісі-аруақ) көп тентекті (жын-шайтан, нәпсі) жыға алмай жүр. Арақ ішкен, мас болған (шайтанға айналған) жұртың бәрі, Не пайда, не залалды біле алмай жүр...Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, Сұрамсақ нәпсісін тыя алмай жүр. Сәлем-борыш, сөз-қулық болғанан соң, Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?» «Таһа» сүресін меңгерудің заман тәрбиесімен, елдің салтына тәуелді болатынын ескертіп, тіл мен ойдың және санмен сөздің «Төртеудің түгел болуын», саналы болу үшін кіммен, немен қалай күресу керек, деген Алла жолында соғысудың шарттарын, тақуалықтың қалыптасуын, саналы адам бейнесін суреттеген. Кезінде құпия ілім болып, сопыларға, дін ғалымдарына, әулие-әмбилерге, өмір сүрген заманына қарай, түскен нұсқаулар мен құран аяттарының, пайғамбарларға, елшілерге уахимен оқылған, көрген, мұғжиза қылып көрсеткен, хикметті істер және кітаптарға өсиеттерге айналмаған құпия ақпараттар да, ешқашан жоғалмайды, оны жаратқан иенің таңдауымен, араларымыздан Абай-Шәкәрім аталарымыз сияқты, білімді елшілер таңдап, кітабын оқытып, ұрпақтарына мұра етіп, қайтадан рухани егінге, ділге айналып, өсіп-өніп білімге айналып отыру дінің негізгі шарты. Бұл жағдай «пайғамбарлардан қалатын қуанышты хабарлар» және «Мен момындарға өздерінен жақындаумын. Момын дүние салып, егер мал мүлкін қалдырса, олар мұрагер болып қалады.» деп мұрагерлік туралы ескерткен 2-ші,4-ші сүредегі құпиялар осы рухани аманаттарды өтеу туралы астарлы және ата-бабадан қалатын рухани мұраның кімге қанашалықты туысқандық жолымен өсиет (аян,уахи) болып қонатынын, мұрагерлікті ескерте отыра, ниса сүресінде; «тек борыш өтелгеннен кейін», деп құдай патшалығының аталарымыздың «Өлі разы болмай тірі байымас» деген аманатын растайды. Аятта: «Әке-шеше және жақындарының қалдырған нәрселерінен еркектерге де үлес бар. Әке-шеше және жақындарының қалдырған нәрселерінен әйелдерге де үлес бар. Аз немесе көп болса да, одан өлшеулі несібе бар.» (4-7) Ал бұл аяттың сандық мәніне және ұғымынан мән бермейтін надан діншілер, өліктерден не аласың, деп жаратқанның үкіміне, өздері түгіл, артынан ерген, бүкіл халықты қарсы қойып, өздерін өздері асып, зұлымдыққа ұшырауына, ібіліске көмекке тұрғандығын аңғармайды да. Ал, жаратқаннан басқа кім өлшеп, несібені әділетті таратып бере алады? Бұл аяттың үкімі, насихаты 7-ші сүремен және ата-анаға шүкірлік 31-аятпен; «Әй адам балары! Әрбір құлшылық орындарында (зират, мазар, ойпаттарда) зейнеттеріңді (аманат, мирас үлестеріңді, аура киімдеріңді) алыңдар. Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді.» (7-31) Иманның негізгі зейнетіне жалғану, судан қайта туылу дегеніміз осыдан пайда болады. Құранда ескертілген ойпат дегеніміз, жер асты суынан шығатын, жер тесігінен бөлінетін нұрлы буды ескертеді. Оны ғылымда «гипрогендік зона» деп атаған. Сондықтан пайғамбарымыз. «Өлгенді жамандаушы адам лағнет қоршауында болады.» (470) «Қабірге (мазарларға) зиярат етіңдер, олар әлбетте сіздерге ақыретті естеріңізге салады.» (467) «Достарыңнан(әулие-әмбилерден) сиректе болса хабар (аян, уахи алу). Алла тағалаға ұнайды.» (466-өсиет) Сонымен қазақ еліне арамыздан елші келіп, жастардың, халықтың аруақтан келген батамен жақсылықтарын біліп, жамандықтарына ескерту алып естігендеріне, аянмен көргеніне, ата жолының құдайдан түскен куәлігіне, сөз астарын зерттеп, судан қалай туылуын меңгермеген, ана тілін судай сылдырата алмаған, ақынын түсінбеген ақындарымызға, әулие ғалымдарын түсінбейтін ғалымдарымызға, сопысын түсіне білмеген, жақынын жаттай жатырқайтын діншілерімізді кім деп атауға болады? Масһаб дін ғалымдары «Өліктер сендерге ештеме бере алмайды» деген пәтуасы енді қазақтың намаз оқушы әрбір тұрғынының жүрегіне жазылып үлгіргені да хақ. Сондықтан пайғамбарымыздың; «Қабір басына барып тұрыңыздар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді» (487-өсиет) яғни өліктер арқылы аян, уахи алып тағдырларыңды қайта дұрыстауға, көріпкелдік қасиетерді меңгере аласыңдар деген, пайғамбарымыздың осындай үлгі намазын орындау түгіл, өзін де жалғаншыға айналдырып алғанымыз сөзсіз. Осындай жер бетінен шыққан әулие бастарына бөлінетін ашық нұрдан зекет алмаған, рухани өліп, қайта туыла алмағандар әрине ондай нұрға (кемпірқосақақа) шығып, шындықты көре алмайды. Абай атамыз бұл іліммен, білімнің ортасын тауып, иман келтіруді 121-ші санмен белгілеп, өзіне берілген кітапты тағдырын оқу, рухтан қайта тірілу деп: «Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. Кім Кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.» (2-121) деген көптеген ұқсас аяттардың насихатын; «Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, көрдің бе? Кәрілікке көндің бе?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет