Кім біледі, сен кәпір, Баяндыдан (аян, түстен) сөндің бе, Баянсызға (жын-шайтан) төндің бе? Әлде, айналып кім білер, Боталы түйе секілді, Қорадан шықпай өлдің бе?» Ал Шәкәрім атамыз, кітап берілу мен кітаптың оқылуы, көңілдің күнәдан қайта өліп туымен, ниетің тазалығынан, деп түсіндіреді. «Басында жас бала едің сен. Ойың бұзылмаған көңіл! Періштеден таз едің сен. Қиянат қылмаған көңіл!.. Жігіттікке жетелеген Секунд, минут, сағат неген, Жаралыс бұл солай деген, Балалықты ұрлаған көңіл!.. Балалық-тазалық өлді, Жүректің ақ нұры сөнді. Амалсыз осыған көнді. Дұрыс деп таңдаған көңіл! Түзелмес мін емес бұлар, Әр өмір өз ісін қылар, Сынарлық тағы мезгіл бар, Ауыспай тұрмаған көңіл!..Қырық жылдан жас өткенде, Қызудың көбі кеткенде, Есептер кезі жеткенде, Не болар бұрмаған көңіл!...» деп тағдырдың сүрлеулерін, өткелдерін суреттей келе, рухани өліп қайта азат болуды; «...Бүгін менің ұлыс күнім, Бағымды ашқан қадір түнім. Жетіліп тұр қызыл гүлім (Діл бақшасы), Бұлбұлдай жырлаған көңіл! Көзім көрді дегендей іс, Табылды, кет, жоғал кейіс! Өлімнің шын түбі-бейіс. Анық деп ымдаған көңіл! Тазалыққа тағы кетім, Балалықты қуып жеттім, Жоғары ғаршыдан өттім, Осыны шындаған көңіл!..» деп көңілдің рухани азат болып қайта тірілетін, әр адамның өз қадір түні болып, денеңмен ғаршыдан өтуді сопылықты меңгеру деп түсіндіріп; «Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер., Өте алмайсыңдар! Бірақ бір-ақ қуатпен өте аласыңдар.» (55-33) деген аятты және «Рахман» сүресінің сопылықтың, тақуалықтың негізгі белгісі болып, ислам әлемінің ертегіге айналдырып алған, сопылық жолын қарапайым ғана Ясауи бабамыздың, бар адамзатқа ортақ қарапайым қазақша үлгісін, бірнеше өлең мысал тәпсір насихаттарымен көрсетіп баяндап кеткен.
Иман гүлі-ғылым келу, діл бақшасына кіру.
Алдыңғы басылымдарда діл бақшасы туралы көптеген мысалдармен, құран аяттарынан дәлелдер келтіріп өттік. Енді нақты іс жүзінде, адам өмірінде қандай белгілер белгілер бар?-деген сауалға жауап бере кетейік. Адам баласы тіршілікте, жақсы-жаманды түрлі оқиғаларды бастан өткізіп, отбасын құрып, бала өсіріп, шамасына қарай тәрбие беріп, шамасынан қарай дүние-мүлік жинап, әйтеуір дәм-тұзы таусылған күні, бұл өмірден өтері хақ. Өмір бар жерде өлімде бар. Ешқандай данышпан, болмаса асқан бай, патша өлімді, тура келген ажалын тоқтатып, мәңгілік өмір сүрді деген дерек жоқ жер бетінде. Бірақ адам баласын қандай бір жағдайда болмасын, бір мәңгілік жағдайға өтуге деген құштарлық пен, сезімнің үнемі көңілде түртіп тұратыны хақ. Бірақ, қаншама арғы өмірдің бар екенін ақылымен болжап білмесек те, жамандыққа тозақ деген өмірдің, жақсылыққа беретін жаратқанның сыйы, ұжмақ өмірі және жаннат дегеннің бар екенін, бір-бірімізге еріксіз түрде мойындатып, тіптен мойындамаған, көнбегендері кәпір атап, өлтіруге дейін барып жатамыз. Жаратушымыз осындай мағынасыз ой қуып, құр елеске түсіп адаспаңдар, деген мақсатпен, дін туралы кітаптардан бұрын, өлімнің нақты қағидасын көрсетіп қойғанын, сол арқылы керегіңді оқып, түсін деген адамзатқа берілген ортақ тағдыр кітабымыз түс көру ілімін бергенін аятта; «Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырысаң; сонда Оған жолығасың. Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе; (7) Сонда Ол, дереу жеңіл есепен есептеледі. (8) Ол, үй-ішіне қуанып қайтады. (9) Ал кіснің дәптері арт жағынан берілсе; (10) Сонда ол, дереу өлім шақырады. (84-11)(95-өлім үкімі саны) Бұл сүремен аян ғылымын көрсетіп, әрбір адам баласының өмірінде белгілі есеп беретін қиямет мезгілі, күні және сағаты болып, сол хикметрге жолығу арқылы ғана тағдыры ұзартылып, немесе түрлі өлімнің себептері ауру, қиыншылық, апат-азап сынақтарына ұшырайтынын ескертеді. Әрбір жаратылыс нәрсесінің жұппен және парымен ғана жаратылғаны хақ деп білсек, адам баласының өлімі де жұп болып, жанның өлімі, рухтың өлімі, тәннің өлімі болып; 3-түрлі өлімнің, парымен 6-түрлі негізгі өлімді және олардың 99-түрлі себепшісі болып, осындай сынақ кедергілерден, адам баласы дүние тірішілігінде және ақирет өміріндегі де тіршілігін де бастан өткізуі тиіс. Ал рухани өлім, күнәнің өліп, ақылдың нұрлануы, адам өмірінде үш кезеңнен тұратынын, Абай-Шәкәрім аталарымыз нақты дәлелмен, құран аяттарымен белгілеп, көрсетіп кеткен. Енді, тән өлімі де түрлі сынақтармен және аурулардан тұрып, ондай себеп өлімнің адам баласында; 100 негізгі бұлшық етермен, «малымен» байланысты болып пайғамбарымыз: «Адам баласына Алла тағала 99 себеп өлім жаратқан содан аман өтсе 100-ші өз ажалымен өледі» деп өсиет еткен. Осындай 99-малын сынақтардан аман алып өткен де ғана 100-ге қосып, рухани дәрежедегі өлім себептерін жеңіп, қуаттанған діншілерді «лама» деп атап, оны тибеттіктердің негізгі дін ұстанымынан көруге болады. Ал Ясауи бабамыз бұл қатерден қалай өтудің қарапайым және төте жолын көрсетіп рух, жан бірлестігін қоса қалыптастыруын,ілім негізін толық қалаған. Рухани өлімнің негізін көрсеткен Ғиса пайғамбарымыз болып, ал жан, тән, рух өлімінің яғни жоғарыдағы аяттағы бір жағдайдан келесі жағдайға өтудің, Шәкәрім атамыздың жырлаған «бүгін менің қадір түнім» деген пайғамбарымыздың үмметтеріне қалдырған бағалы сыйы болған, миғраж оқиғасының, әр адам баласының тақуалық, сопылық жолдарын меңгеру барысында, рухани денесі тәннен бөлініп, «ментальдық» жағдайда ғаршыдан өтіп, миғражға жетіп, жанаттарды аралап, жаратқанан өзіне жеке кітабын алуға болатынын, алғашқы хикмет сырын жария қылған Мұхаммед пайғамбарымыз болатын. Бірақ пайғамбарымзға дейін де бұл хикметтің болғанын, тек оған таңдаулы, санаулы адам баласы лайықты болып, ал пайғамбарымыздың бұл хикметті оқиғасы арқылы, енді әрбір тақулық жолында тер төккен адам баласына да ортақ іс болып, дінде ортасы болып қазығын бекітумен ерекшеленеді. Осы жағдайға байланысты пайғамбарымыз; «Дінде ортасын ұстаныңдар» деп астарлы ескерткен. Одан кейінгі нақты дәлелмен «Астана-миғражды» көрдім, деп ашық насихат қалдырған Ясауи бабамыз және Шәкәрім атамызда астарлы түрде көрсетіп кеткен. Болашақта жан сырын талқылау барысында аталарымыздың аманат сөзімен аралап көре жатармыз, әзірше Раббымыздың әрбір пендесіне ортақ хикметтеріне тоқталып көрейік. Жер бетінде тек қазақ ұғымында, ұйқыны-өлім деп, ал ұйқының ләзәтына беріліп кетуді арсыздық деп атап, және дұрыс ұйықтай білуді, түс көруді, жанның тазарып, өсіп, жетілумен қатыстылығын білдірген. Жаратушымыз, аятта: «Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ өлмегендердің (әзір ажал үкімі берілмегендердің, күнделікті) жанын ұйқыда алады. Сосын өлуіне үкім берілгендердікін тоқтатады да (жанынын ақиретен қайтармай алып қалады да) басқалардікін белгілі бір мерзімге дейін (тазартып, тапсырма амантарды көрсетіп, уахи, бата қылып естіртіп қайта)жібереді. Сөз жоқ, мұнда түсінген елге ғибраттар бар.» (39-42) (81-жан) Бұл аятпен тағдырымыз да, дүниелік несібе, алдағы тағдырымыз, көрер жарығымыз да, күнделікті ұйқы деген уақытша өліммен байланысты болады екен. Адам баласы дұрыс ұйықтауды меңгерген жағдайда ғана, өз өмірін ұзартуға да және тағдырын көріп, ғибадатын түзеуге де хақылы екен. Демек ғибадаттың ірге тасы болып қаланатын, ұйқы кезіндегі сөзсіз көретін, еститін және жанға жазылған тағдырлық ақпараттарды қайта тазартып, жаңадан жазылатын тылсым үніне байланысты болмақ. Сондықтан оны құранда жүздеген аяттарда «Алланың кеңшілігінен несібе іздейсіңдер, кеңшілігін көресіңдер» деп ескерткен. Ал негізінен бұл сырдың, Алла кеңшілігінің, рухқа қатыстылығын Ғиса пайғамбарымыз; «Мен сендерге нанмын, мен сендерге таспын» деп абай болыңдар маған сүрініп өліп кетпеңдер! деген ескерту қалдырыпты. Ислам әлеміндегі қазақтағы «масхаб» діншілерімен бүкіл, сопылық, тақуалық жолдамыз деген барлық діни топтардың қателігі де, құранды теріске алуы да, осы аяттардың насихатына мән бермеген және дәстүр болып бекіген, әулиелеріміз орындаған дін дәстүріне де қарсылықтардан пайда болып, біздің дін істерінің мекеме басшылырының да, дін топтарын тіркеудегі, жіберіп жатқан негізгі қателігі осы аяттан туындайды. «Мұхаммед расында саған Құранды адам баласы үшін шындық бойынша түсірдік. Сонда кім тура жолға түссе, өзі үшін. Ал кім адасса, ол өз зиянына. Сен оларға кепіл емессің.» (39-41) Бұл аят негізінен жоғарғы аяттың жұбы болып, қазақтың «Ғайып ерен қырық шілтен» деген жермен байланысты 40-әулиенің көкпен жалғануын көрсетіп, және құранды адамзатқа оқып, түсіндіруші «шындық»-деп атайды. Шындық адам баласының көріп, еститін аян, уахи-батасын айтады. Осындай діннің ақ бастауын, ақ батаны және түрлі сынақтарды адамдардың арасынан таңдап көрсеткен және хикметті істерімен түрлі жағдайда түс болып, ата-ана аруақтармен бейнеленген, немесе адамдар арасына құпия білімдерді түсіріп, оны меңгеруге араларымыздан белгілі бір адам баларына таңдау, қалау түсіп, рухани дарындылықтармен жіберген, қасиетті елшілерін, елшілік істерін де мазаққа алып, мұндай Раббымыздан түсіріліп тұратын шындық-аян, аяттарды теріске алғандар үшін; «Олардан бұрын Нұхтың елі одан кейінгі топтар да жасынға шығарған болатын. Әр үммет өз елшілерін қолға алуға бел байлады. Сондай-ақ хақиқатты бос нәрселер (тәпсір білімі) арқылы құлатуға тырысты. Сондықтан оларды қолға алдым. (5) Осылайша қарсы болушыларға байланысты Раббыңның сөзі шындыққа айналды. Сөз жоқ, олар тозақтық.» (40-6) Жақсылыққа бұйырылған сөзді уахи-батаны зерттеп, мойындамағандарға енді жорылмаған, намаздарға, амалдарға айналмаған шындықтардың, теріс қарай бейнеленумен; сөзсіз, ұйқы кезінде жандарына Рабымыздың қолына алынып, яғни түрлі ескерулер мен жанына азап жазылғанын және сонымен бірге қандай «сопы, хазірет, шейх, ғалым, әкім» болса да, тозаққа түсетінен ашық ескертеді. Енді осы аяттардың негізінде, пайғамбарымыздың жүздеген өсиеттерін былай қойғанда, құранның адам баласының сөздің пайда болуын, ғылымдық жүйесін, ислам діншілері және қазақ дін ғалымдары да өтірікке шығарып, жаратушымызға ашықтай жала қойып, ортақ қосады. Аятта: «Алла Тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші (періште) жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Құранда Раббымыз көкейге салудың екі түрлі болып; бірі жүрек арқылы-санда сөйлеу, екіншісі сезімдер қуатының бірлігі арқылы сөйлеу болатынын ескертеді. Ал елші-періште жіберіп, қалағанын уахи ету дегеніміздің де, үш түрлі белгісі болып; бірі ұйқы кезіндегі түс көруіміз, екіншісі намаз уақытында санаға яғни жүреке хабар келу, үшіншісі арнаулы адамдар арқылы, яғни қазіргі ата-жолының аққу, сұңқар бата беруін; «Көк пен жердің Раббына серт. Шүбасыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас.» (51-23) деген аяттармен ашық көрсетеді. Және Ыбрайым пайғамбарымыз, адам бейнесіндегі күрделі қанатты періште сипаты аруақтармен тікелей кездесіп, сұхбатас болғанын да құранда баяндалғанмен, біздердің дін ғалымдарымызбен, зиялы қауым өкілдері ғана Алла адам баласымен тілдеспейді, хабарласпайды деп, Құдайдың өзін, хикметті мұғжизасын және осындай аяттарын ашық мазаққа айналдырып алғаны да даусыз. Сол сияқты, перде артынан сөйлесудің де, үш түрлі сипаттары болып; негізінен жоғары елшіліктің, құпия хикметтердің белгісі болып; от, су, ағаш, жел т.б түрлі жаратылыс нәрселері арқылы да дәлел белгілер келіп отырады. Негізінен перде ар жағынан уахи алушыларға жан, тәнін тазалай білген ақындарға, жазушыларға, түрлі шабыт иелеріне тән құбылыс. Енді бұл құбылыстардың бәрі құран аяттары бойынша, «кісі» ұғымы арқылы атқарылады. Осы кісіліктің де белгілі бейнелену дәрежесіне, аяттық сандық мәндеріне байланысты ғана, «аруақ» ұғымы туындайды да, оған алдағы басылымдарда аруақ ұғымын талқылау арқылы ғана дәлелдер келтіруге мүмкіндік туады. Аятта: «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла тағала көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ (дауыс болмайды, тылысым үні-көрінеді), төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.» (58-13) (71-ші топ) Абай-Шәкәрім аталарымыз және әулие болып өмірден өткен, данышпан аталарымыздың бәрінің ескерткен; Алланың жер бетіндегі сегіз сипаты мен, тілдесу ғылымы да, бүкіл Тәурат, Інжіл, Зәбур және пайғамбар нұсқаларының да, жан сырының, рухани білімнің ғылымдар жүйесі, осы 4;6 сандарымен ғана жүйеленеді. Ал бұл сандардан басқа жағдайда «ОЛ» сипаты, яғни құдіретті «Қ»+ «ОЛ» бірге болатынын ескеретеді. Әлем халқының тозақтық пенделерінің ырым қылып, үрейленетін «мая» тайпасының есептеу жүйесінің негізі де осы сүре, аят мәнімен, 13-санымен, құдірет қолдың бейнелену сипатымен тығыз байланысты. Муфтият, масһаб ғалымдарымыз да, осы аятты мүлде теріске шығарып, сондықтан да өтірікші тажалдың денесінің бір мүшесіне айналғанын өздері аңғармайды. Бұндай хикметті сырларды, Шәкәрім атамыз; «..Ерінбей тамам гүлін аралаңыз, Болса да кейі ұсақтау кейі, кесек. Тікенсіз гүл, жылансыз кен болмайды, Тікенен жиреніп жеміс жесек. Жақсы мінез, жаман ой айқындалар, Осыны ұғайық деп ентелесек. Тәтті жеміс, нұрлы гүл керек қылмас Боққа төккен саламға тойған есек.» деп діл бақшасының жемісін, құдай нұрын қалай жеуді, түсіндіре отыра, тәпсірмен, құр кітаптың біліміне мәз болғандарды, есекке теңесе, Абай атамыз алтын арқалаған есек-жапарқұл мырза деп суреттеген. Ал түспен аянды қалай ажыратуды, нәпсімен шайтанмен соғысуды: «..Өмір деген-ұйқы ғой, Түс көргізбей қоя ма? Қиын-қызық, әр түрлі ой Іс көргізбей қоя ма? Түстегіні шын ғой деп, Шынды ұмытқан жарай ма. Әл жеткенің бәрін жеп, Арды жұтқан жарай ма? Таза емес деп шекпенің, Сыртын көріп сын тақпа. Әркім орар екенін, Өз ішіңді салмақта... Сопылар да күтіп жүр Бейістің тәті шарабын. Маскүнем дет жұтып жүр Мас қылатын арағын. Шымылдық артын кім білер, Шын иесі болмаса, Соның жолы жөнделер, Кімді сынап оңдаса.» Шәкәрім атамыз «не ексең соны орасың» деп түс көруді, өзіңнің рухани егінің, ішіңдегі дүниең сыртыңдағы «ментальді» рухани бойың, шекпенің деп ескертеді. Және Раббымыздың «бір перде артынан сөйлесемін» деген аятын «Шымылдық» деп, оның да иесі, аруағы болатынын ашық ескертеді. Және жалпы мұндай хикметтерге жетуге тек әйел затының, неке адалдығына, ардың тазалығына тәуелді екенін де білдіреді. Сонымен түс сынағынан өтіп барып; аян, уахи арқылы бейістің шарабынан іше алатыныңды, құр түс жоруын меңгермей, арақ ішкен маскүнемге, жалған сопыға айналма деп ескертеді. Абай атамыз, бұндай ілім-білім ортасын тауып, тылсым, ақирет тіл білімін меңгеру арқылы дін сынағынан өтіп, тыныштыққа жетуді; 94, 13 сандарымен белгілеп, көңілдің көзінің, яғни жүрек көзінің ашылумен байланыстырып көрсеткен: «Күлімсіреп аспан тұр, Жерге ойлантып әрнені. Бір себепсіз қайғы құр Баса ма екен пендені? Қапамын мен, қапамын, Қуаныш жоқ көңілде. Қайғырамын, жатамын, Нені іздеймін өмірде? Қайтты ма көңіл бетімнен, Яки бір қапыл қалдым ба? Өткен күнге өкінбен, Әм үміт жоқ алдымда. Іздегенім тәтті ұйқы, Дүниені ұмытып. Өлімнің суық тым сиқы, Тұрсын өмір жылытып. Көз ұйқыда, ой тыншып, Дем алып жатсын көкірек, Кім таласса, кім ұрсып, Көрсем оны-сол керек. Өзім аулақ бетінен, Бір орында оңаша, Дүние деген не деген-Қыла жатсам тамаша. Мансап іздер, мал қуар, Бәрі мақтан іздеген. Мақтаныш не туар, Ыза қалап өзгеден?» Қазіргі таңдағы, жастарымыздың да, көптеген үлкендеріміздің де, осы «дем алысты» «алыстан емес», жер бетін кезіп, саяхат, хаж сапарына шықпай-ақ, жақыннан іздеп, отырушыға айналған «намазхандық» әдеттерінен; ата-ана туған жер рухына жалғана алмай, үміттері кесіліп, түрлі сопылық, зікіршілдік ағымдарға түсуге жағдайын жасап жатса, ал мұндай құлшылығы жоқтардың ескілік күнәсі өле алмай, рухы да тазармағандықтан, көкірегі жаман ойлармен әр түрлі шеріктерге, қайғыға толып, зұлымдыққа ұшырап, кейбіреулерінің өмірден безіп, өздерінен қол жұмсау, түрлі қиянаттарға түсуі осындай; жаппай халықты діл білімінен айыруға, жан таласып жатқан дін, үкімет басындағы тажалдардың жәрдемімен де атқарылып жатыр. Сондай өмірдің мәнін 40-тан кейін жанталасып, өзімен арапалысып іздегеннің бірі де едім. Дүние соңына түсіп, тіршілік қамын ған ойлаумен, ақирет жібінен айрылып, жолдардың бәрі тұйыққа тіреліп, қалай жүру керек деген сансыз сауалдардың құрсауында қалғанымда хақ. Мұндай жағдайда, тіршілік барысында үйренген, 9-түрлі кәсіптік өнерлерім де, жинаған ақшам да, дүние қызықтарың да ешқандай көмегі болмады. Тек осындай, өз ішкі жан дүниемнің өз қалауын табуына, сауатсыз атаған, Ақ ұлдың бастаған қарапайым жастары ақу, сұңқарлар болды. Және олардың діншілер айдар тақандай, сауатсыз бола тұра, осындай Алланың хикметіне жолықандық себептерін анықтауға қызығушылықтың пайда болумен ғана арларына кіріп, мұндай ашық хикметтерді терең зертеп, ішкі сырына үңілуге жәрдем берген, Раббымызға мың да бір шүкірлік етеуден жалықпаймын да. Ал енді үкімет басшылары мен, муфтият діншілері даулаған, халықтан алдап алды деген қаражаттың, бір пенденің болса да, тағдыры орта жолдан қиылмай, өз жолын тапқанына, бір жан ұясының шаңырағының түтінінің түзелгеніне, зұлымдыққа түскен, алдымыздан өткен мыңдаған тағдырдың өмірден өз орнын тапқанына, немесе Алладан берген, елімізге несібе болып түскен, бір аяттың ғана құнына тең келер ме еді? Әй, қайдам, аяттардың құны, рухани салмағы, жандық өлшем бірлігі түгіл, қарапайым соқырға да, жас балаларға да түсінікті болған қайыр, жақсылықтарды көрмегендердің, және көрсе де бағалай алмағандардың, жүректері тас болып та қатып қалған шығар. Осындай жағдайда, мүфтият хазіреттері мен үкімет басшыларына, егер ата-жолын соттауға себеп қылған қаржыны, ақ ұлымыздың аруағын халық алдында ақтап алуға, тұратын болса, бүкіл әулетімнің дүниесін жинап, ұлттық рухани байлығын дүниемен өлшеп, көңіл көзі соқырға айналған, дінші мен әкім қараларға үлестіріп бер бер десе, қазір төлеп, бала-шағаммен аш-жалаңаш қалып, Аллаға тәуекел етуге дайынмын! Әттең, төрелік міндетін атқарып, ел шаруасын түзеп, халықтың абыройына бөленген, ел басшымыздың да осындай қарапайым дін қағидасына мән бермей, халықтың рухани егініне, аш қасқырлардың түсіп, жер емшегін де, шал емшегін де бере алмаған, ел басшы аталып, жаратқанның нағыз шапағаты, рахметінен құр қалып, түркмендердің «алтын киімді басшысына» ұқсап, орта жолдан үзіліп кетпей, әлде де жаратқаннан өмір беріп, абыройын толық ақтаса екен, сыртқы жауларымызға таба болмасақ екен деп тілейік ағайын! Сондықтан әрбір тақырыпты терең талқылап көрсетуге уақыт та, шама да жетпейді, алда үкіметтің, дін басшыларының, ғалымдарымыздың надандығымен сатып алған сынақтың қара бұлты да төніп келеді елімізге. Дін надандығы өз нәтижесін беріп, халықтың, көкірек көздері жабылып, сөз ұғыну түсінігі жабық болғандықтан, іштегі жындары қозып, қырсығып, ұстанған масһабын, жалған тақуалық жолдарын мақтап, өре түргелмеу үшін ғана, осындай жан сырына терең үңіле алмай, аз ғана ақпарлармен тек оқырманың көңіліне хақтың сәулесі түссе екен деген міндетпен ғана осындай қысқа мағлұматармен тоқталып отырамыз.
Құс ілімі-Түс ілімі. Атадан қалған аманат -ақ бата.
Түс ілімін аса жақсы білген жан Сонан соң бәрін жорып, сезіп жүрген жөн Түс жорудың түрлі-түрлі түрі бар, Ей, ақылды ер, ұғып түгел біліп ал.Біліксізге түсіңді айтпа, тіс жарма, Біліктіге айт, ескіреді кем қалма. Кешегі, ескі, түс жоруы бір бөлек, Жаңа күндіз көрсең – жөні өзгерек! Түс ілімі шарттары көп ілім бір, Ақылға сап, жөн-жосығын, жігін біл. Көрген түсті жорыма өзің өзің ше, Және де айтпа көрінгеннің көзінше! Деп жүрмегін, түстің бәрі түс қой деп, Түстің жөні, жоруы аса көп қой, бек! Түс жорыма, біліп жоры - жорысаң, Түсініп ал мәні, астары, жолы сан. Түс көрсе адам, жорытуға асығар, Жорытпаған – түстің құтын қашырар! Ойы теңіз ер сөзіне қанғайсың, Жүзің жарық болар, ұғып алғайсың: Жақсылыққа жоры ойлап түсін де, Жоруына қарай бағар түсін де. Солай болар түсті қалай жорысаң, Қор қылады сұмдықты есіңе түсірме ...Талай түс, бірі түске ас кірер Жарамсыз ас – жамандық, нас қас біл ер! Жыл мезгілі түсіңе енсе егер де, Түрлі сөл дің алмасқаны денеңе. Жас жігіттің түсіне енсе нұр көктем, Қар жер мен қып-қызыл түс гүл бөккен. Тасып, қаны күшейгені сол болар, Айтып оған, қан алғызған оң болар. Түсіне енсе жасыл жаз жас жігіттің, Сары-жасыл түрлі нәрсе үгіткен. Ей, бек, оны запыраны артқаны, Азайтудың жөн амалын тапқаны. Күзді көрсе адам орта жастағы, Тау құдықты, жерді қара аспаны. Көз қарайтып өршігені құмарлық, Дәрі ішкені жөн оны азайтып, қуарлық. Қарт түсінде қарды көрсе, қыс көрсе, Ағынды су, аяз бен сыз, мұз көрсе. Суық буып тастағаны денені, Ыстық ішіп қыздырынсын керегі. Тағы бір түсініксіз құр елес, Жоруы жоқ, жоруды ешкім тілемес. Нені ойласаң – соны көрсең түсіңде, Оны жорып қасиетіңді түсірме. Бір түстердің сайтан білсін, іс істеп, Жорыма оны, қиын жорып біліспек. Мұның бәрін талғап, талдап, тануға, Білім керек жорып, айырып алуға. Не дегенін тыңда ақылды адамның, Түс жорушы, жөнін білген ғаламның; «Жөнін білмей түс жорыма, сүрінбе, Не жорысаң – сол болады, түбінде, Қуанып жүрсең, қайғырасың өңіңде Реніш көрсең қуанарсың, түңілме!» Түс жорудың түрлі-түрлі өзегі, Ей, дана ер, зерделі өзі сезеді! Қара халық түсін жору бір басқа, Бек пен ұлық түсін жору бір басқа Ойын-тойда жүрсең жайнап, шаттанып, Қайғы-мұңның қақпасын сен қаққаның. Түсте жапа шексең, жылап суалып, Уанарсың өзің де мың қуанып, Енді бірі кіріп сенің түсіңе, Жақсылығы тиер басқа кісіге. Кісіне қарай түсті жоруды, Неге лайық келсе, адамға сол игі. Біреуге түс ұлылықты меңзейді, Басқаға ол түс қайғы-мұңды теңдейді. Мұның бәрін білу керек туысқан, Түс жоруы шықпас сонда уыстан. Түс көрсең сен аққу менен сұңқарға бар көңіл көзі ашылған Жорып берер қалтарысын жасырмай!
Масһабшылар «ақидасы»-на, қазақша жауап.
Дін мен Діл атты кітабында муфтият ғалымы «Ақидаң дұрыс па?» деген тақырыпен сөздер ұғымының «хабари сипаттары» деген мағынада «сәләфиттер» т.б діни топтардың құранды түсіндіру пікірі, тәпсірі, білімділігі деген мағынада түсіндіріп, «масһаб» ғалымдарының артықшылығын, тура сөзділігін, ғылымдағы жетістіктерінің артықшылығын дәлелдеген екен. Іліммен білімнің ортасын тауып, кемелденуді дін ғалымдарымыз; «
Достарыңызбен бөлісу: |