5-сыныбына арналған оқу құралы



бет13/25
Дата15.09.2017
өлшемі3,98 Mb.
#33270
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

3- тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.


4- тапсырма. Өлеңнен етістіктерді теріп жазып алыңдар, шақтарын анықтаңдар.

Жаңа жыл кешінде



Сөздік

біздің елімізде – в нашей стране

қар жамылады – покрывается снегом

шыршалар орнатылады – устанавливаются елки

бір-біріне – друг-другу

қарсы алу – встречать



1-тапсырма. Сөздікте берілген сөз тіркестер мен сөйлемдерді пайдаланып шағын әңгіме құрастырыңдар.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әрі қарай жалғастырыңдар.

Жаңа жылды біздің елімізде 31 желтоқсанда қарсы алады. Яғни қыста тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады.

Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, саябақтарға, спорт кешендеріне шыршалар орнатылады. Оларға түрлі-түсті ойыншықтар іледі. Жаңа жылда адамдар бір-біріне жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді.
3-тапсырма. Берілген етістіктерді жіктеңдер: ілу, жамылу, алу
4-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңдар.
Қонаққа барамын; жақсылық тілеймін; мейрамдарыңды тойлаңдар; құт, береке болсын, құттықтағым келеді.

5-тапсырма. Өлеңді мұқият оқып, жаттаңдар.
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда – жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

6-тапсырма. Жұмбақты оқыңдар, естеріңде сақтаңдар.


Қыста үйге кірмейді,
Көктемде шықса жүрмейді

(Шана)
Қанаты жоқ, ұшады.


Аяғы жоқ, желеді.
Аузы жоқ, ұлиды

(Боран)


7-тапсырма. Өлең жолдарын оқып, жаттап алыңдар.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері, сықырлап келіп қалды.


8-тапсырма. Мақал- мәтелдерді оқып, мағынасын ашыңдар.

1. Қыс-арбаңды, жаз шанаңды сайла.


2. Қар – қара жердің көрпесі.
3. Қыстың қамын жаз ойла.

Жаңа жылдық киім



Сөздік

әрқайсымыз – каждый

ерекше – особенно

таңғажайып – чудесный, великолепный

сенесің – веришь

орындалады – исполнится

мерекелік киімдер – праздничная одежда


1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

Әрқайсымыз үшін бала кезде қарсы алған Жаңа Жыл мерекесі ерекше. Себебі, бала кезде тәтті қиялға беріліп, таңғажайып сиқыр күшіне сенесің, бұл күні армандар орындалады. Жаңа Жылда Аяз Ата көптен күткен сыйлықтарды табыстап іште жатқан тілектердің орындалуына ықпал етеді. Жаңа жыл мерекесіне қыз балалар әдемі бүрмелі көйлектерін кисе, ер балалар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киетін. Әсіресе, қоянның киімі көп кездесетін.

Өз басым, есте ерекше қаларлықтай киімдерді көп киетінмін, мерекелік киімдерім есімде көп. Жасыл шырша жанында өткізілген мерекелік ертеңгіліктер мерекелік киімдерде өтеді.



2-тапсырма. Мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастырыңдар.
3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығыңдар.
Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Өлең айтқан балаға,

Сыйлық әкеп беріп тұр. 



4-тапсырма. Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлемдер құраңдар.

Сыйлады, әпкем, ойыншық, маған, жұмсақ.

Шырша, жанында, жасыл, мен, Ақшақар, тұр, Аяз Ата.

5-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып алып, түрлерін ажыратыңдар.

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Шыршаны қай айда құрады?

2. Шырша қалай безендіріледі?

3. Шыршаға балалар қалай киініп келеді?

4. Жаңа жыл қалай өтті?

Нәтиже сабақ

1. Өлеңді аяқтаңдар.


Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

2. Мемлекеттiк мерекелерді атаңдар.



3. Көп нүктенің орнына керекті есімдікті жазыңдар.

... айтасың ... жүрмін

... келесіздер ... құттықтаймын

...қызықтаймын ... тойлайды


4. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

1) Елбасы- 1) смотры

2) ойын-сауық орталығы – 2) персонажи

3) шыршаның айналасында – 3) президент

4) кейіпкерлер- 4)вокруг елки

5) байқаулар- 5)развлекательный центр


5. «Жаңа жыл» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңдар.

6. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Етістік деген не?

2) Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

3) Етістік сөйлемде қандай мүше болады?

4) Әр сұраққа мысал келтір.


7. Өткен шақта тұрған етістікті табыңдар.

а) сатамын в) сатқым келеді с) сатты

8. II жақтың жіктік жалғауын анықтаңдар.

а) -мын, -мін в) -сыз, -сіз с) -сың, -сің.



9. Етістіктің неше шағы бар?

а) 4 в) 3 с) 2



10. Келер шақтың жұрнағын табыңдар.

а) -ды, -ді в) -а, -е, -й с) -мын, -мін.



Спорт қашан пайда болды?

Сөздік

жеңіл атлетика – легкая атлетика найза – копье

әуесқой – любительский жарыс- соревнование

секіру – прыжки кәсіпқой - профессионал

қатыстырылған – здесь: дайындық – подготовка

допускались лақтыру – метание

қосу – здесь: включать
4 мың жыл бұрын египеттіктер спорттың бірнеше түрін білген. Бірақ спорт жеңіл атлетика түрінде алғаш рет Грецияда пайда болыпты. 776 жылы Грецияда алғашқы олимпиадалық ойындар өткізілген.

Грецияда әр түрлі спорттық мерекелер өте көп болған. Соның ішінде ең ежелгісі олимпиадалық ойындар. Жарыстарға он ай дайындалған. Оған грек ұлтының жас жігіттері ғана қатыстырылған. Алғашқы кезде жарыстар жүгіру мен секіруден ғана өткізілген. Қазір күрес, бокс, найза мен диск лақтыру сияқты спорт түрлері қосылған.

Бүгінде спорт әуесқой және кәсіпқой спорт болып екіге бөлінеді.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Спортпен шұғылданасың ба?

2. Спорттың қай түріне жанкүйер?

3. Спорт қалай пайда болыпты?

4. Грецияда спорттың қандай түрлеріне мән берілген?
2-тапсырма. Мына сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

Олимпиадалық, жарыстардың, египеттіктер.


3-тапсырма. Ойды жалғастырыңдар.

- Ұлттық спорт ойындарына ... .

- Мектебімізде мынадай спорт секциялары ... .

- Менің сүйікті спортшыларым ... .


4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар.

Дене шынықтыру сабағында



Сөздік

дене тәрбие сабағы – урок физкультуры шынығамын – закаляюсь

спорт шеберлері – мастер спорта жеңімпаз – победитель
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, аударма сөздікті пайдаланып аударыңдар.

Мектептің спорт залы үлкен. Дене шынықтыру сабақтарын Әбдірахман, Асқар ағайлар өткізеді. Олар – күрестен, жеңіл атлетикадан спорт шеберлері.

Мектепте көптеген спорт секциялары жұмыс істейді. Біздің сынып оқушылары қазақша күрес, бокс, баскетбол секцияларына қатысады. Олар мектептегі спорт жарыстарының жеңімпаздары.

Жазғы спорт түрлері:                                               Қысқы спорт түрлері:

1.  Велоспорт                                                         1. Биатлон

2.  Ат спорты                                                         2. Тау шаңғысы спорты

3.  Жеңіл атлетика                                                3. Шаңғы жарыстары

4.  Гольф                                                                4. Мәнерлеп сырғанау

5.  Теннис                                                              5. Фристайл

6.  Футбол                                                              6. Хоккей

7.  Суда жүзу                                                        7. Шорт-трек

 2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

ІІІ деңгей

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестер құрастыр.

2. Етістіктерді көшіріп жазып, шақтарын анықта.

ІІ деңгей

1. «Жазғы спорт түрлері» тақырыбы бойынша әңгіме құрастырыңдар.

2. «Қысқы спорт түрлері» тақырыбы бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар.

І деңгей

1. «Дене шынықтыру сабағында» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.



Баскетбол

Сөздік

ұтылыс – поражение есеп тең – равный счет

қосымша – дополнительно кезең – часть, определенный промежуток
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептеленеді. Баскетбол – командалық спорт ойыны. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады.

Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай.
III деңгей

1. Мәтінді аударып, сұрақтар құрастырыңдар.

2. Мәтіннен сын есімдерді көшіріп жазып алыңдар.

3. Мәтіннен жалқы зат есімдерді табыңдар.



II деңгей

1. Мәтінді мазмұндап беріңдер.



I деңгей

1. «Спорт ойындары» туралы шағын шығарма жазыңдар.

2. Мақал-мәтелдерді түсініп, есте сақтаңдар.

1. Түсіңе сеңбе, күшіңе сен. (На сон не надейся, на силу свою надейся).

2. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді жазып алыңдар.
1. Атланта (в городе) өткен XXVI олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет жеке команда болып шықты.

2. Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медальға ие болды.

3. Сөздердің аудармасын табыңдар.

1) дене тәрбиесі 1) борец

2) палуан 2) приз

3) сыйлық 3) бойкий



4) шымыр 4) физическое воспитание

Денсаулық зор байлық



Сөздік

денсаулық кепілі - залог здоровья

салауатты өмір - здоровый образ жизни

қалыптасқан өмір тіршілігі - сформированный образ жизни

  1. тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, қысқаша мазмұнын айтыңдар.

Денсаулық зор байлық.

Денсаулық адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы – зиянды жат қылықтарға үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлде қайда тиімдірек.

Салауатты өмір денсаулық кепілі. Салауатты деген сездің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.

Өмір салты дегеніміз әрбір жеке адамнан бастап бүкіл қоғамның калай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі.

2-тапсырма. Денсаулық туралы мақал-мәтелдермен танысыңдар.

1. Денсаулық – зор байлық.

2. Жарлының байлығы – дененің саулығы

3. Ауру атанды да шөктірер.

4. Ауру кірді – әлек кірді.

5.Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

3-тапсырма. Қазақ тілінде берілген мақал-мәтелдерге орыс баламасын табыңдар.

  1. Чистота – основа здоровья,

Здоровье – основа богатства.

2. Здоровье – клад бесценный.

3. Богаство бедняка его здоровье.

4. Болезнь пришла – беда в дом вошла

5. Болезнь и верблюда с ног валит.

Спорт үйірмелері



Сөздік

жетістіктер – достижения ие болу - обладать

Біздің мектеп оқушылары спорт өнерінен жақсы жетістіктерге жетті. Мектебімізде волейбол, еркін күрес, баскетбол, каратэ үйірмелері жұмыс атқарады. Мектеп оқушылары қалалық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.
Тапсырмалар:

1. Спорт ойындарының атауларын теріп жазып, әрқайсысы бойынша білетін мәліметтеріңді дәптерге жазыңдар.

2. Бір-біріне қатысы бар сөздерді ілік септігі жалғауы арқылы байланыстырыңдар.

1.Қазақстан 1.спорт шеберлері

2.Алматы 2.әйелдер волейбол командасы

3.Қызылорда 3.тұрғындары

4.Волейболшылар 4.халықаралық одағы

3.Өздеріңе ұнайтын спорт ойыны туралы бір-біріңмен сөйлесіңдер.

4. Суретте қай ойын түрі көрсетілген? Бұл спорт ойыны сендерге ұнайды ма?

Жекпе – жекте сүрінбеген

Сөздік

белгілеу – здесь: распределить кенелу – наслаждаться

көзге түскен – был замечен сәт – здесь: момент, миг

желбіреу – развеваться үміттену – надеяться

1-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңдар.

Қазбек Павлодар қаласындағы №39 мектеп – гимназиясының 5 – сынып оқушысы. Сабағы, тәртібі өте жақсы, спорттан басқа компьютер класына да қатысады. Сабақтан кейінгі бос уақытының барлығын белгілеп қойған. Ол 2007 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық жарыста да екінші орын алған болатын. 2006 жылы Шымкент қаласындағы республикалық жарыста көзге түскен ол, бүгінде каратэ спорт клубының белді мүшесі. «Жарыста ұтқан кезімізде Қазақстанның көк байрағы желбіреді, Қазақстанның әнұраны ойнайды, сол уақытта көңіл-күйім қуанышқа кенеледі, мен осы сәтті жақсы көремін. Жарысқа барған кезде соған жетсем деп үміттенемін», - дейді Қазбек. Бұл спорт түріне қатысқан, орын алған спортшыларға «Будо – паспорт» деп аталатын кітапша беріледі. Онда барған елдерден алған орындары жазылады.



2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

3-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тауып түрлерін ажыратыңдар.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті есімдікті қойыңдар.
... спорт үйірмесіне барамын. ... спортты жақсы көреміз. ... бүгін барады.

Спортты ... оқушылар ұнатады. ... жақсы жүгіресің. ... қайдан келдіңіз?



Ұлттық ойындар

Қыз қуу


Сөздік

қатысу – участвовать қуып жету – догнать қашып кету – здесь: ускакать қамшы – плетка

Ойынға жас жігіттер мен қыздар қатысады. Қыз атымен жігіттен қашып кетуге тырысады, ал жігіт қуып жетіп, қызды сүюі керек. Жігіт қуып жеткенде, қыз қамшымен ұруы керек. Егер келісілген жерге дейін жігіт қуып жете алмаса, қыз жігітті қамшымен ұруы тиіс.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқыңдар.Мазмұнын орысша айтып беріңдер.

2. Мәтінге сұрақтар қойыңдар.

3. Етістіктерді теріп жазып, шағын, жағын анықтаңдар.



4. Қатысу етістігін нақ осы шақта жіктеңдер.

Көкпар

Сөздік
тараған – распространенный құрбандық – жертвоприношение

пәле-жала – зло, беда жуық – около

серке – козел жазық – равнина, ровный

Көкпар – халықта ең кең тараған ойын. Оның негізінде ескі дәстүр жатыр.

Пәле-жаладан арылу үшін серкені құрбандыққа шалу керек. Ойынға кейде 1000-ға жуық атты адам қатысады. Ойынды ауылдың сыртында үлкен жазық жерде өткізеді. Ойыншылар екі топқа бөлініп, серкенің денесін белгілі орынға апарып

тастауы керек.



Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, орысшаға аударыңдар.

2. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

3. Суретті, мәтінді пайдаланып, тірек сызба жасаңдар, сол арқылы мазмұнын айтып беріңдер.


Қазақша күрес

Сөздік
төзімділік – выносливость ептілік – ловкость

машықтандыру – тренироваться батылдық – смелость

Қазақша күрес қазақ халқының ежелгі спорт ойыны: бұл адамның денесін жаттықтырып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт, сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері.

Тапсырмалар:


  1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер:

- Қазақша күрес қай халықтың спорт ойыны?

- Бұл ойын адамның денесін қалай машықтандырады?

- Қазақша күрес қандай спорт ойыны?


  1. Есімдіктерді қазақ тіліне аударып, мәтінді көшіріп жазыңдар.

Үлгі: Мені мұғалім шақырды.


1. (Меня) мұғалім шақырды. 2. (У меня) көп кітап бар. 3. Қызық кітапты (тебе) беремін. 4. Мен бүгін (с тобой) бірге мектепке барамын. 5. (Моя) дәптерім үстелде жатыр. 6. Мен кеше (от него) хат алдым. 7. Сіз қаламыңызды (мне) беріңіз. 8. (Его) кітабын Сара алды. 9. Асқар (со мной) партада қатар отырады. 10. Мен (с ним) мұражайға бардым.
3. Денсаулық туралы мақал –мәтел жазыңдар.

Футбол – әйгілі спорт

Сөздік

жетекші – ведущий қарсылық – возрожение, сопротивление

қауіпті – опасный ұйымдастыру – организовать
Футбол туралы өздерің де көп білесіңдер. Өйткені, футболды барлық елде ойнайды әрі қызықтайды. Өздерің де футболдан бас алмайтындарың рас. Әлем елдерінен тек АҚШ-та ғана кәсіби футбол жетекші командалық спорт түріне жатпайды екен. Бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын болып саналады.
Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Бірақ, ХІХ ғасырда ережелерімен, лигалар мен кәсіби командалармен қайта ұйымдастырылған.

Әлем кубогы жолындағы үлкен халықаралық жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.

ФИФА халықаралық жетекші ұйымы 1904 жылы құрылған.
Тапсырмалар:

1. Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар.

2. Мағынасы ұқсас сөздерді жұптастырыңдар.

1) жекпе-жек удар

2) кәсіпқой первенство

3) біріншілік нокаут

4) естен тану профессионал

5) соққы победитель

6) жеңімпаз поединок

3. Төменде берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.

Барлық ойыншы, танымал ойын, ұстауға болмайды, ойыншылардың саны, өткізіліп тұрады.

4. «Футбол» мәтінінің мазмұнын айтып беріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет