5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


ДӘРІС № 8 Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының шығармашылық өмірбаяны. Ақылбай Абайұлы,Мағауия Абайұлы шығармашылықтары.Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев



бет6/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,54 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ДӘРІС № 8

Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының шығармашылық өмірбаяны. Ақылбай Абайұлы,Мағауия Абайұлы шығармашылықтары.Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев

Мақсаты: Абайдың шығармаларына тоқталу.Балаларының шығармашылықтарының көркемдігі мен тереңдігіне үңілу.

Тірек сөздер: Күз, жастық, махаббат, білім бай мен кедей, адамгершілік

Жоспар:

  1. өмірлері туралы мәлімет.

  2. Абайдың заман, өмір, табиғат, ғылым,өнер жайлы толғаныстары.

  3. Абайдың поэмалары

  4. Абайдың қара сөздері.

  5. Ақылбайдың,Мағауияның поэмалары

Абай 1845 жылы тамыз айында Абай ауданында Шыңғыстауда туған.Абай ауыл молдасынан оқып,кейін Ахмет -Риза медресесінде білім алады.

Абай өмірдің сан қырына қалам сілтеген ақын.Бай мен кедей арасындағы теңсіздікті "Күз" "Қараша мен желтоқсан сол бір екі ай" деген өлеңдерінде қазақ кедейлері мен байларының өмірін салыстыра келіп, кедейлердің аянышты халін суреттейді.

Кедейдің өзі жүрер малын бағып

Отыруға отын жоқ үзбей жағып

Тоңған иін жылытып тонын илеп

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып

Махаббат, әйел теңдігі тақырыбы Абай өлеңдерінде кең камтылып, жалпы адамгершілік идеясымен қабысып келеді.Ол қазақ қыздарының теңсіздікке езіліп сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді.Абай үйлену ерлі зайыпты болу ісіне немқұрайлы қарауға,мал беріп алғанның бәрі жар болып, дос өмір сүре алады мыс деген ескі түсініктерге қарсы шықты:

Кәрі жас дәурені өткен тату емес

Епке көнер ет жүрек сату емес

Кімде кім үлкен болса екі мүшел

Мал беріп алғанымен қатын емес

дейді.


Абай шығармашылығынан орын алар тақырып ағартушылық білім жайлы.Абай оқыған білімді жастардың мақсаты айқын болу керек, ол халқы үшін еңбек етерлік азамат болсын деп талап қояды."Я тілмаш, я адвокат болсам деген бәрінде ой ", деп бас қамынан аспайтын тар мақсаттың мұрат бола алмайтынын айтып ел үшін оқитын жаста түбегейлі мақсат болуы керек деп ескертіп, жастардың алдына дана адамдарды үлгі етеді.Абай поэмалары "Ескендір" "Масғұт және Әзім әңгімесі".Абай поэмаларында әлеуметтік , адамгершілік идеяларын көрсетеді.

Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең

Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең

дейді.Мұндай адамның көзі, нәпсісі тек топырақтан ғана тояды деп Абай соғысқұмар патшаға көз сүйегін тартып Аристотельдің ұтымды сөзімен аяқтайды.Абайдың "Масғұт" поэмасы жаңа идеяға құрылған.Ақын өз поэмасының негізгі кейіпкері Масғұтты адамгершілік үшін күрескер етіп көрсетеді.Абай поэмаларының ерекшеліктері ақынның өзіндік түр іздеу жолындағы сол кездегі әдебиеттегі тосын жаналығы деуге болады.

Әлеуметтік идеясы мен композициялық тұтастығы жағынан Ақылбайдың "Дағыстаны" мен Мағауияның "Медғат Қасымы " жаңа туындылары.

Абай қара сөздері әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза.Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы.Кейбір тарихи не философиялық пікірлерін жеткізе айту үшін поэзиядан гөрі қарасөздің мүмкіншілігі мол сияқты көрінді.Абай дүние, табиғат, дін, өмір туралы ойлары ретінде трактат формасында эсселер жазған.Абай өз қоғамының маңызды мәселерін толғап сын айта білген алысты болжай білген ойшыл дана.

Абай Құнанбаев қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл ойы мен мәдениетін, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері, өз ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы қазақ поэзиясын кезінің ең озық деңгейіне көтеріліп, қоғамдық дамудың шындығын бейнелеп дұрыс қорытынды шығара білген ақын.Ол халқының болашағы үшін аянбай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді.Белгілі тарихи кезеңнің алға қойған сұрақтарына жауап беріп, ел көшін зор мақсатқа меңзеді.Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи маңызын түсініп өз халқы үшін оның ізгі әсерінен мол үміт күтті.

Абай өзі айтқандай соқтықпалы , соқпақсыз жерде өсті, үстем тап билеген ауыр заманда өмір сүрді.Сол қоғамның езілген халыққа істеп отырған тағылық, айуандық қылмыстарын көзімен көрді.Ол халық игілігін болашақ қамын көздеді.Ел дертіне ем болар түскен еңсесіне дем болар қуат оқу, өнер деп тың жол ұсынды.

Ақын өзінің жастық шағы мен ер жеткен кезін, кездескен соқтықпаларын, етек басты кедергілерін:

Жасымда албырт өстім ойдан жырақ

Айлаға ашуға да жақтым жырақ

Ерте ояндым, ойландым жете алмадыа

Етек басты көп көрдім елден бірақ

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме

Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме

Өзі ермей ерік бермей жұрт қор етті

Сен есірке тыныш ұйықтат бақ сөзіме

деп түйді.Абай қазақ халқын қараңғылықтан алып шығатын жол тек мәдениет деп білді.Абай мәдениеттің маңызын оның қоғам өмірінен алатын орнын дұрыс түсінді.Ол өлеңге жеңіл желпі қарап, байларды мақтап тілін безеп мал үшін сатылып өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды қатты сынға алды:

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап

Мақалдап айтады екен сөз қостап

Ақындары ақылсыз надан келіп

Көк жерді өлең қыпты жоқтан қармап

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап

әр елден өлеңменен қайыр сұрап

Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап

Абай өлеңдері еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін зор идеялы шығармалар.Абай дүниеде өмір сүру, оны білу де тану да бәрі еңбекпен келетінін түсіндірді.Адам өмірі үшін де ол еңбектің шешуші роль атқаратынын еңбексіз өмірдің адамды аздыратынын ескертті.

Тамағы тоқтық

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын

Абайдың көптеген өлеңі ақынның өз еліне халқына деген сүйіспеншілігін бейнеледі,Абай қазақ қызының шынайы бейнесін жасады.Абайдың қаламынан туған қыз бейнесі Пушкин жырлаған орыс қызы да Гете суреттеген неміс қызыда емес,ақының өзі көрсеткендей қазақтың ақ жарқын, үяң жүзді ай бейнелі піскен алма секілді сұлуындай суреттейді.

Махаббатты өте жоғары бағалай ақын ғашық болу тек жа сезіммен сүйгендік емес адамшылық пен шын көңілдің тоғысқандығы деп суреттейді.Ол жастардың сүйген жарына деген нағыз адал көңілдерін ашып жыр ете білді.Жүрекпен сыйласқан сырласқан екі жастың кездесуі олардың арасындағы іштей бірін бірі ұғынулары шебер бейнеленеді.

Аядап ақырын

Жүрекпен алысып

Сыбдырын,тықырын

Көңілмен танысып

Иығы тиісіп

Төмендеп көздері

Үндемей сүйісіп

Мас болып өздері

Бірін бірі шынайы ынтық екі ғашықтың кездесу суреттері, жүректерімен алысқан сырлары үнсіз ұғыну, құмарлық құштарлық.Абай прозасы ішінде ғақлия, нақыл сөздер де ғылыми мақалалар ойшылық трактат өткір сын мысқыл ретінде келетін сатиралық әңгіме адамгершілік өсиеттерде публистикалық насихат түрлері де шешендік әңгіме кеңестері де бар.Тек көлемді проза жазбаған.


  1. Өсиет ғақлия.Бұған Абайдың адамгершілік мораль мінез туралы мысал жөнімен келетін өсиет мазмұнды эссе ретіндегі сөздері және діни ғибадат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады.Олар "Он үшінші" "Жиырмасыншы" "Жиырма сегізінші" "өтыз сегізінші" сөздері деуге болады.

  2. Тастих немесе философиялық трактат.Бұған Абайдың философиялық ойларын дүниеге көзқарастарын білдіретін, ғылыми пікірлер айтқан эсселері жатады.Мысалы: "Жетінші сөз" "Он жетінші сөз" "Қырық бесінші сөз".

  3. Нақыл тұспал сөз Абайдың өлеңдерінде қарасөздерінде тауып айтқан тұжырымды афоризм.Мысалы: Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық

Абай музыкалық шығарма жазған композитор.Оның бізге жеткен әсем әндері бар.Ақынның музыка саласындағы өнерін А.Жұбанов өзінің "Замана бұлбұлдарында " кең талдап танытқан болатын.Қазір Абайды екі күйі де табылып отыр: "Май " "Тор жорға" күйлері.

Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылым болып қалыптасты.Бұл ғылымды негіздеуде аса көрнекті ғалымымыз М.О.Әуезовтің еңбегін ерекше атап көрсету қажет.Ол қазақтың классик ақыны Абайдың көркем образдарын жасаумен қатар терең ғылыми зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін салды.Ақын шығармаларын жинап зерттеп оның танылуына үлес қосты.Абай өз елінің мәдениетіне өнеріне үлес қосқан ұлы дана ойшыл.Абай бұқарашыл ой сананың жемісі.Абай шығармаларында қазақ тіліне тән белгілер сақталған.



ДӘРІС 9

Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

Дәріс жоспары:

1. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай

2. Оқу-ағарту мәселесі. Қазақ баспасөзінің дамуы

3. Әдеби жанрлардың дамуы

4. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетіне көзқарас

Тірек сөздер: идеология,отарлау саясаты, көтеріліс, оқу-ағарту, баспасөз,шыншыл лирика, проза, роман, драматургия, аударма, көсемсөз, әдеби сын

Мақсаты: ХХ ғасыр басындағы тарихи жағдайға шолу, оқу-ағарту жайы мен баспасөз ісінің дамуын, жанрлардың дамуын түсіндіру.

Дәрістің жалпы мазмұны

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының күрделі сипаты. Тарихи өзгерістерге сай идеологияның қалыптасуы. Заманның жаңғыруына сай қалыптасқан бұрынғы көзқарастар мен тұжырымдарға жаңаша тұрғыдан қарау.

Бұл кезеңдегі қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік жағдайы және ұлттық мәдениеттің даму бағыттары. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас. Орыс патшасының отарлау саясатының орныға түсуі. Ресейдегі 1905 жылғы оқиғалардың Қазақстандағы дүмпуі. 1916 жылғы оқиғалар. Наразылықтың халықтық қозғалысқа ұласуы. Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы көтерілістердің ұлт санасын оятудағы маңызы.

Қазақстан оқу-ағарту ісінің жедел өрістеуі. Қазақ мектептері мен оның түрлері. Ескі үлгідегі мектептер. Өмір талаптарына жауап беру дәрежесі. Ауылдық мектептердің пайда болуы. Жаңа сипаттағы оқу жүйесі. Жәдитше оқытудың артықшылықтары.

Қазақстанда баспасөз ісінің қанат жаюы. Газет-журналдар санының көбеюі. Қазақ баспасөзінің тарихы туралы мәлімет. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. Кітап шығару ісінің жандануы.

Ауыз әдебиеті үлгілерінің жиналып, кітап болып шығуы. Шығыс хисса-дастандарының көптеп аударылып, кітап болып шығуы.

Әдебиеттің дамуы. ХХ ғасыр басындағы саяси, әлеуметтік өзгерістер, мәдени жаңарулардың ұлттық әдебиетке тікелей қозғау салуы. Қазақ әдебиетінің тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағынан өркендеуі. Поэзияда жалаң насихаттық сарынның азайып, Абай үлгісіндегі шыншыл лириканың орнығуы. Лирика тілінің өткір сипат алуы, тақырып ауқымының кеңейюі, әлеуметтік мәселелерді қозғаудағы батылдығы. өмір құбылыстарын шынайы бейнелейтін оқиғалы, күрделі шығармалардың пайда болуы.

Проза жанрының өркендеуі. Тұңғыш қазақ романының дүниеге келуі. Күрделі проза үлгісінде жазылған алғашқы романдардың тақырыптық бағыттары. Оларда дәуір мәселелерінің көтерілгені. Шағын проза үлгісіндегі шығармалардың жазылғаны. М.Дулатов, С.Көбеев, Т.Жомартбаев, Ш.Құдайбердіұлының т.б. жазушылардың қазақ прозасын өркендетужолында ерекше еңбек атқарғаны.

Алғашқы драматургиялық шығармалардың дүниеге келуі. /Б.Серкебаев «Бақсы», «Ғазиза», 1912; К.Төгісов «Надандық құрбаны», 1915; Б.Майлин «Шаншар молда», 1916; Ж.Аймауытов «Рабиға», «Мансапқорлар», «Қанапия-Шарбану», 1916-1917; М.Әуезов «Еңлік-Кебек», 1917/.

Аударма жанрының өрістеуі. Заман талабынан туған рухани қажеттілікті түсіне отырып, қазақ қаламгерлерінің өзге елдер әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына жеткізуі. Абай, Ыбырай дәстүрлерінің жалғасуы.

Көсемсөз дамуының жайы. Көсемсөз жанрының қуатты күшке айналуы. Қазақ баспасөзінде тарихи кезең тақырыбы көтерген ойлы да батыл мақалалардың көптеп жариялануы. А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, Шәкәрімнің, Сұлтанмахмұттың, М.Сералыұлының, Ә.Бөкейханұлының мақалалары. Бұл еңбектердің дәуір мәселелерін көтерудегі, халықтын санасын оятудағы және ұлттық көсемсөз өнерін дамытудағы маңызының айырықша екендігі.

Әдеби сынның ілгерлеуіндегі Шоқан, Ыбырай, Абай дәстүрінің жалғасуы. Бұл кезеңнің толғақты мәселелерін қозғалған көркем әдебиет пен әдеби сынның өзара байланыста дамуы. Проблемалық сыңдардың көріне бастау. «Айқапта» басылған С.Торайғырұлы, М.Сералыұлының, С.Сейфулиннің, «Қазақ» газетіндегі А.Байтұрсының, М.Дулатұлының әдебиет туралы сың еңбектері.

Олардың қаламгер машығы, көркем шығармаларының табиғаты туралы тұжырымдар жазылғаны. Сын жанрында әдебиеттің көркемдік, эстетикалық мәселелерін көтеруге талпыну. Кейбір сын әдебиеттерінде сыңаржақ идеологияға, таптық көзқарасқа бой ұрушылық. Сынның жалпы деңгейі туралы мәлімет. Алғашқы қадамға тән ерекшелік.

Әдебиет мәселелері, жекелеген қаламгерлердің шығармашылығы, Абайдың әдеби мұрасы, халықтың ауыз әдебиеті жөнінде ойлы мақалалардың жарық көруі. Нұржан Наушабайұлы (1859-1919).



Мақсаты: Нұржан Наушабайұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:жақсылық,жамандық,Назым,жұмбақ айтыс,

Шығармашылық өмірбаян. Өзі өмір сүрген заман жайындағы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі жазуы. Жастарға бағыт бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойларының айқындығы. Өлеңдерінде ел ішіндегі келеңсіздіктерді сынау. «Заман азды» деген ой білдіруі. Бірқатар «Назымдарының» көркемдік деңгейінің биіктігі. Араб, парсы, шағатай тілдерінің әсерінде жазылуы. Үш кітап шығарғаны. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстағаны. Адамның жаратылуы, қазақтың шығу жайындағы пікірлер. Жалпы өмір құбылыстарына деген көзқарас, түсінігіндегі ерекшеліктері. Тақырыбы: Шәді Жәңгірұлы (1865-1933).



Мақсаты: Шәді Жәңгірұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:дастан,ағартушы,діни аңыз,еңбек

Шығармашылық өмірбаяны. Шығыс әдебиетінен мол хабардар болғаны. 18 дастан жазғаны. Халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі. Имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазғандығы. Діни аңыздарды мол пайдалануы. Ресей тарихынан жазғаны. Бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек ету тақырыбына «Атымтай жомарт» жазылған туындылары.

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6.Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғ 2-жартысы мен ХХ ғ басы)А-1999,256 б

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2.Шәдінің 18 дастаны ,Ресей тарихынан жазғаны туралы

3. «Атымтай жомарт» туындысы

Тақырыбы: Мақыш Қалтайұлы (1868-1916).

Мақсаты: Мақыш Қалтайұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:діни,теңсіздік,адамгершілік,мысал жанры,көсемсөз

Шығармашылық өмірбаяны. Діни білімдарлығы. Қоғам құбылыстарына қатысты көзқарастың күрделілігі. Дегенмен заман талабына лайық пікір айта білгендігі. Айналадаға өзгерістердің мәнін дұрыс пайымдалуы. Әлеумет ортасындағы теңсіздік, кемшіліктерді сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлер. Өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттап отыруы.

Мысал жанрында еңбек еткендігі. Белгілі сюжеттерді пайдалана отырып, өзіндік түйіні бар мысалдар жазғаны. Көсемсөз саласында заман тақырыбына мақалалар жазғаны. Жазған дүниелерін жинақтап 1907-1913 жылдар аралығында сегіз кітап бастырғаны.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері

3. Көсемсөз саласында заман тақырыбына мақалалары,жинақтары

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6.Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғ 2-жартысы мен ХХ ғ басы)А-1999,256 б



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі жазуы,үш кітап шығаруы

3. « Назымдарының» көркемдік деңгейінің биіктігі.

4. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай

2. Оқу-ағарту мәселесі. Қазақ баспасөзінің дамуы

3. Әдеби жанрлардың дамуы

4. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетіне көзқарас

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. С.Қирабаев «Октябрь және қазақ әдебиеті»Алматы, «Жазушы»,1968жыл,99-бет.

7. Т.Әбдірахманов «Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Октябрь алдындағы кезең,Алматы,1983-7-20

10 Дәріс.

Тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931).

Мақсаты: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:Шығыс әдебиеті,мақала, жинақ,сатира,халық ауыз әдебиеті,ағартущылық сарын,жаңару идеялары,қолжазба

Шығармашылық өмірбаяны. Білімдар, парасатты адам болғандығы. Мәшһүр атануының себебі. Шығыс әдебиетіне жетіктігі. Қазақ тұрмысының жайына қанықтығы. Қазақ даласын, сырт жерлерді көп аралағаны. Заман мәселелері тақырыбына түрлі мақалалар жазып, «Дала уәлаятының газетінде», «Қазақ» газетінде жариялауы. Қазақтың тұрмыс тіршілігі, шаруашылығы, ел ішіндегі оқу-ағарту ісі жайындағы ой-пікірінің мәнділігі. Қоғамдағы өзгерістерге сергек қарауы. Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары. «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сараыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнелеуі. «Сарыарқаның кімдікі екендікі» жинағының ұлт болашағы және отаршылдық саясатқа қарсы пікірлердің батылдығы. Патша өкіметінің тиым салуы. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлуметтік теңсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипатының күштілігі.

Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған. Мұралардың молдығы әрі сан-салалығы. «Қара мес» атты қолжазба мұрасының сақталуы және оның мәні.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны .Мәшһүр атануының себебі

2. Заман мәселелері тақырыбына түрлі мақалалар жазып, «Дала уәлаятының газетінде», «Қазақ» газетінде жариялауы

3. Оқу-ағарту ісі жайындағы ой-пікірінің мәнділігі. Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары. «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сараыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі.

4. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі.

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3том. Павлодар қ.: “ЭКО” ҒӨФ, 2003.

11 Дәріс.

Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931).



Мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер: Абай тәрбиесі,реалистік әдебиет,шет елдер әдебиеті,әлем әдебиеті,шежіре, Мекке,философия,лирика,поэма,көркем проза,аударма

Шығармашылық өмірбаяны. Абай аулында туып, Абайдың тікелей тәрбиесінде болуы. Азамат ретінде, ақын ретінде қалыптасуына ұлы ақынның әсер еткені. Абайдың реалистік әдебиет дәстүрін ілгері апарғандығы. Оны өзіндік өрнек-бояулармен байытқаны. өз бетімен біліп жинап, Батыс пен Шығыс тілдерін меңгергендігі, шет елдер әдебиеті мен ғылымынан мол хабардар болғандығы. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерімен Л.Толстой хат алысып, шығармашылық байланыста болуы. Меккеге бару сапары. Абайдың ақыл-кеңесімен қазақ шежіресін жинауы. Дүние жүзі ғылымдарының әр дәуірде айтылған ой-пікірлерін сараптап пайымдалуы, өз көзқарасын білдіріп отыруы. Орта жастан асқан шағында оңаша тіршілікке бой ұруы. Философиялық толғаныстарға ден қоюы. 1917 жылғы төңкерістерден кейінгі кезеңде заман тақырыбына қалам тербеуі.

Лирика жанрында зор еңбек еткені.реалистік лириканы дамытудағы үлесі. Шыңдықты жырлауда қуатты шабыт танытуы. Адам бойындағы ұсақ-түйек міндеттерден бастап, қоғам қайшылықтарына дейін сынға алуы «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтын жаманы болмас», т.б. Шәкәрім өлеңдеріндегі ағартушылық идеяның қуаттылығы.

Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Ел басынан ертеректе өткен оқиғалар желісімен реалистік дастандар жазылуы. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы. Шығармадағы тарихи фон.

«Еңлік-Кебек» дастаны. Екі жастың трагедиялық тағдыры. «Қалқаман-Мамырдағы» тарихи фонның жалғасуы.

«Нартайлақ-Айсұлу» дастанның тақырыбы. Шығарма табиғатына кемшілік. Шәкәрім шеберлігінің анық байқалатыны.

«Әділ-Мария» романы Шәкәрімнің көркем проза саласындағы ең күрделі шығармасы екендігі.

Көркем прозаның үлгісінде жазылған «Шын бақтың айнасы», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер» атты шығармалары. Олардың қысқа әңгіме, толғаныс түрінде жазылған. Өмірлік тәжірибеден түйген философиялық тұжырымдардың молдылығы.

Аударма саласындағы еңбегі. Батыс, Шығыс классикасына үңілуі. Өз халқына ол әдебиеттердің асыл туындыларын таныстырып отыруы. «Ләйлә-Мәжнүн» дастанын аударуы. Оның таза аудармадан гөрі нәзира үлгісінде туған төл шығармаға жақындығы. А.С.Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын аударудағы ақын қолтаңбасының ерекшеліктері. Аударма мен түпнұсқа оқиғаларының арасында айырманың жоқтығы. Қазақ оқырманының ұғымына лайықтап, кейбір адам есімдері мен жер аттарының өзгерткені. Шәкәрімнің бұлардан өзге Л.Толстой әңгімелерін, Хафиздің сұлу жырларын, американ жазушысы Бичер Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын аударуы.

Тарихшы, философ ретінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық, шарты», «Үш анық» атты еңбектер жазуы.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны.

2.Азамат ретінде, ақын ретінде қалыптасуына Абайдың әсері.

3. Меккеге бару сапары. Абайдың ақыл-кеңесімен қазақ шежіресін жинауы

4. Орта жастан асқан шағында оңаша тіршілікке бой ұруы.

5. Лирика жанрындағы еңбегі.Реалистік лириканы дамытудағы үлесі.

6. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы

7. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы. Шығармадағы тарихи фон.

«Еңлік-Кебек» дастаны, «Нартайлақ-Айсұлу»


  1. «Әділ-Мария» романы Көркем прозаның үлгісінде жазылған «Шын бақтың айнасы», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер» атты шығармалары

  2. Аударма саласындағы еңбегі

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. Әбдіғазиев Б.Асыл арна.-Алматы: Ғылым, 1990. 128б.

7.Ш.Құдайбердиев. Шығармалары. Алматы, 1991. 560б.

8.Базарбаев М.Заман тудырған әдебиет.-А.,Ғылым.1997.-504б.

9.Ахметов З.Ойшыл,суреткер ақын.//Абай тағылымы.-Алматы. Жалын.1988. - 256 б.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет