5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


ДӘРІС12. Сұлтанмахмұт Торайғырұлы (1893-1920)



бет7/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,54 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ДӘРІС12.

Сұлтанмахмұт Торайғырұлы (1893-1920).

Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғырұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:демократиялық бағыт,төңкеріс,зиялы,Алашорда,лирика,романтика,роман,қара сөз,көркемдік жаңалықтары, стиль,мазмұн, түр, пішін

Шығармашылық өмірбаяны. Сауат ашу, білім алу қайнарлары. «Айқапта» қызмет атқаруы. Демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларымен қызметтес болуы. Тарихи өзгерістердің, төңкерістердің заманының ақын санасына ықпалы. әлеумет ісіне, қоғамдық қызметтерге белсене араласуы. Заман тақырыбына түрлі мақалалар жазып, баспасөзде жариялануы. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Алашорда қатысы. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әралуандылығы.

Лирикасы. Ақын назарына қоғамдағы жаңғыру нышандарының ілінуі. Өзіне өзі серт беріп ұмтылуы. Өлеңдердегі әршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет етуге ұмтылуы. Өлеңдердегі осы сипаттың көрінісі. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаттың жырлауындағы шеберлігі. Лирикалық кейіпкері.

«Қамар сұлу» романы. Қара сөз бен өлең аралас шығарма екендігі. Өз дәуірінің көкейкесті мәселесін көтеруде, шынайы образдар жасауда және көркемдік құралдарды пайдалануда жаңашыл шығарма болғандығы. Қоғамдағы жағымсыз салт, жат мінез-құлықтың зияндылығын әшкерелеуі. Қазақ өмірінің шындығы мен қоғам дамуының барысы ұсынып отырған шындықтың өзара астасқан тұсындағы адамдар тағдырының, образдардың шебер бейнеленуі. Романның композициясы, тіл шұрайы мен көркемдік өрнектері.

«Кім жазықты?» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. Тарихи кезеңнің шындығына орай олардың көзқарастары мен түсініктеріндегі, өмірлік бағыттарындағы айырманың айқындығы. Әжібай образының типтік сипаты. Оның өз заманының туындысы, бүтіндей бір құбылыстың белгісі ретінде көрінуі. Аппақай, Жүсіп, фельдшер т.б. образдары. Шығарманың көркемдік дәрежесі. Лирикалық шегіністің мол кездесетіндігі.

«Адасқан өмір» поэмасында бастан-аяқ ақын өмір сүрген дәуір суреттерінің бейнеленетіндігі. Түрлі адамдар мен мінез-құлықтың, мың құбылған психологияның молдығы. Автордың сыншылдық көзқарасы.

«Кедей» поэмасында қарапайым еңбек адамының заман диірменіне түсіп кеткен ауыр өмірінің суреттелетіндігі. Тарихи кезең сипатының айқындығы. Әлеуметтік теңсіздік үстемдік үстемдік еткен ортадағы хал-ахуал. Лирикалық кейіпкердің образы.Сұлтанмахмұттың поэзиядағы көркемдік жаңалықтары. Мазмұн мен пішін, түр бірлігін шебер ұстана білуі. Ақынның стильдік ерекшеліктері.

Көсемсөз саласындағы бірқатар мақалалары.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны .«Айқапта» қызмет атқаруы

2. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Алашорда қатысы.

3. Лирикасы, «Қамар сұлу»,«Кім жазықты?» романдары,поэмалары

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. С.Қирабаев «Октябрь және қазақ әдебиеті»Алматы, «Жазушы»,1968жыл,99-бет.

7. Ы.Дүйсенбаев. С.Торайғыров. Алматы, – 1967ж.

8. С.Торайғыров. Таңдамалы шығармалар. Алматы, – 1957ж.

9. А. Еспенбетов. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Алматы, – 1992ж.



ДӘРІС №13. А.Байтұрсынов,

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы (1873 – 1937)



Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:қоғам қайраткері,газет,уытты сатира, түпнұсқа,жинақ, халықты ояту идеясы,ағартушылығы,көсемсөз,ғылыми зерттеу еңбектер

Шығармашылық өмірбаяны.Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Жас кезінен әлеуметтік теңсіздіктің сырын пайымдауы, оған қарсы үн қатуы. «Қазақ» газетін шығаруы. Газеттің басты мақсаты халық жүрегіндегі сыр мен мұңды қорғау болғандығы. Ұлттық мәдениеттің дамуына, адамдар санасының оянуына көп көмегін тигізуі.

«Қырық мысал» жинағы. И.Крылов мысалдарындағы уытты сатираны қазақ оқырмандарына жеткізудегі мақсатының ең алдымен елді түзеу болғандығы. Түпнұсқаға өзіндік өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырғаны. Сол арқылы оқиғаны қазақ оқырманына жақын, ұғымына лайық етіп баяндауы. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Көпшілік мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қоюы.

Көсемсөз шебері ретіңдегі еңбегі. «Қазақ» газетінде сан алуан тақырыпта мақалалар жариялағаны / «Бұ заманның соғысы», «Закон жобасының баяндамасы», т.б. / . Әдебиетке қатысты мақалалар / «Қазақтың бас ақыны, т.б. /. Мақалаларында тарихи шындықты батыл бейнелеуі , елдің тәуелсіздігін армандауы, отарлық саясаттың құйтырқыларын әшкерелеуі. Негізгі жол оқу мен білім жолы, ғылым үйрену мен еңбек ету жолы екенін баса айту.

Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі тұңғыш теориялық еңбек екендігі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалық болып саналатыны. А.Байтұрсынұлының ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, кітап етіп бастыруы /«Ер Сайын», «23 жоқтау»./.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Шығармашылық өмірбаяны.

  2. «Қазақ» газетін шығаруы

  3. «Қырық мысал» жинағы,«Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы

  4. Көсемсөз шебері ретіңдегі еңбегі.

  5. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. А.Байтұрсынов. Ақ жол. – Алматы: Жалын. 1991.-460 б.

7. С.Қирабаев «Октябрь және қазақ әдебиеті»Алматы, «Жазушы»,1968жыл,99-бет.



ДӘРІС №13Тақырыбы: Міржақып Дулатұлы /1885-1935/.

Мақсаты: Міржақып Дулатұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:саяси қызмет, газет,қайраткер,жинақ,лирик,гуманист,публицист,роман, реализм

Шығармашылық өмірбаяны. Батыс пен Шығыс әдебиеттерін жетік меңгергендігі . Ел ісіне, саяси қызметтерге ерте араласқандығы. Әр тұста жазғандарының / «Жұмбақ», «Біздің мақсатымыз»,т.б. / патша тыңшыларының назарына ілінуі . Қазақтың белгілі зиялыларымен, қайраткерлерімен тізе қосып іс атқарғаны. «Серке» газетінің ұйымдастырыуына көмегі . «Қазақ» газетінде А.Байтұрсынұлымен бірге қызмет атқаруы. Қайраткерлік еңбегі .

Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашық та батыл көтеруі . Кітаптың тұтқындалуы. Еркіндік аңсаған халықтың ой-армандарын тұжырымдаған сүйікті кітапқа айналғандығы. Мыржақып өлеңдерінде отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылық идеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылы Мыржақыптың шын мәніндегі ақындық қуатының танылуы. Онда ақынның тамаша лирик, сезімтал гуманист, сергек публицист ретінде көрінуі . Жастарға үлгі-өнеге ұсынуы.

«Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман екендігі .Тақырыбының әз заманының көкейкесті мәселесіне арналуы.Онда Жамал мен Ғали арасындағы махаббат трагедиясының суреттелуі . Заманынан да, айналасындағы адамдардан да мейірім таппаған екі мұңлықтың қайғылы тағдырын қысқа әрі көркем етіп баяндап шыққандығы. Жамал мен Ғали образдары. Олардың бойындағы өзгелерге үлгі боларлық жарық пен жылудың, адалдық пен әділдік сөзімдерінің молдығы. Романдағы өзге кейіпкерлер образдары. Мыржақыптың қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдарға, бейнелі тіркестерге бай келетіні . Тілінің шұрайлылығы. Композициялық құрылымы. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Шығармашылық өмірбаяны.

  2. Саяси қызметтері, «Серке» газетінің ұйымдастыруы . «Қазақ» газетінде А.Байтұрсынұлымен бірге қызмет атқаруы. Қайраткерлік еңбегі .

  3. Ақындығы. «Оян, қазақ», «Азамат» жинақтары

  4. «Бақытсыз Жамал» романы

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6.Шаяхметұлы Қ.Шартарап .Ғылыми жинақ.(филология-контактология)-Семей-Новосибирск.Талер-Пресс,2006-350 б.

ДӘРІС №14Тақырыбы

ДӘРІС №15Тақырыбы

Практикалық сабақтар , семинарлар СЕМИНАРЛАР

Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау: Семинарлар, олардың жоспарларында көрсетілген тақырыптың қамтитын мәселелері пәннің оқу бағдарламасындағы әдеби мәтіндік, теориялық және практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерулерін мақсат етеді. Ол үшін студент ең алдымен семинар тақыры бойынша пайдаланылатын әдебиеттерді алып, мұқият оқып шығып, тақырып жоспарларындағы әр сұрақтың мәнін ашатындай конспект жазуы керек. Одан соң сол пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, дәріс материалдарын басшылыққа ала отырып, түйінді ой тұжырымдарды қағаз бетіне түсіріп, осы мәселе төңірегіндегі көркем мәтіндер, әдеби-ғылыми материалдар , дәрісте оқылған және баспасөздерде жарияланған тың деректерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу керек. Әрбір семинарда алдыңғы өткен сабақтарда қарастырылған материалдарды репродуктивтік, зерттеушілік сипатта жаңа тақырыппен байланыстыру және семинар тақырыбының әдеби-теориялық мәселелерімен қатар, шығарма мәтінін білу талап етіледі.

1 семинар. Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы және әлебиеті. ХІХ ғасырдағы ұлттық сөз өнері дамуының тарихи-әдеби сипаты.



Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдағы қазақ жеріндегі тарихи-әлеуметтік мәселелермен үндес келетін қазақ әдебиеті жайын студенттердің қандай дәрежеде меңгергендігін талдап, бағалау.

Сабақ жоспары:

  1. ХІХ ғасырдағы патша үкіметі жүргізген отарлық езгі тарихы мен оған қарсы туған азаттық бағытындағы жаңа дәуір әдебиетінің мәні мен ел өмірінің саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік жағдайы.

  2. Қазақ әдебиеті қоғамдық құбылыстар туралы. Зар заман ақындарының шығармашылығы

  3. ХІХ ғасыр әдебиетінің зеттелуі мен жариялануы.

  4. ХІХ ғасырдағы сөз өнерінің даму тарихы.


Әдістемелік нұсқау: әдебиеттің дәуірлерге бөлінетіндігі. ХІХ ғасырдағы отарлық езгінің ел өміріне әкелген кесір-кесапаттары. Оның сөз өнеріндегі азаттық бағытындағы тұтас дәуір әдебиетінің тууына себеп болғандығы. Отарлық езгінің жүргізілу саясатына орай әдебиетте жаңа әдеби ағымның дүниеге келуі. Әдебиеттің жыраулық кең толғаулы дәстүрінен нақты ақындық өең өлшеміндегі саяси-әлеуметтік лирикаға көшуі. Әдбиеттегі дәстүр жалғастығы және тың әдеби жаңашылдық үлгілердің тууы. ХІХ ғасыр әдебиеті мұраларының жиналуы, жүйеленуі, басылу, зерттелу тарихы. Ғасыр әдебиетін көркемдік-теориялық тұрғыда саралап, бағалаудағы әдебиеттану ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар тарихы. ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеп, танудағы, жүйелеп оқытудағы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар.

Әдебиеттер:Н. ә: 1,2,3,4. Қ. ә: 1,3, 5.

2 Семинар. Тақырыбы: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы.



Сабақтың мақсаты: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру, ақын өлеңдері мен дастандары туралы білімді одан ары кеңейту.

Сабақтың жоспары:

  1. Дулат Бабатайұлы шығармаларының зерттелуі, жариялануы.

  2. Ақын өлеңдеріндегі туған жерге, атамекенге деген құрмет. Зар замандық сарын.

  3. Шығармаларындағы фольклор мен әдебиет сипаты.

Әдістемелік нұсқау: Дулат Бабатайұлының өмірі. Шығармашылығы. Дулат ақын мұраларының жиналу, жариялану, зерттелу, оқытылу тарихы. Өлеңдеріндегі зар замандық сарын. Тәуелсіз Қазақстан және Дулаттың өмірі мен шығармашылығының бүгінгі азат таным тұрғысынан зерттелуі. Ақын шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.

Әдебиеттер: Н.ә: 1, 2, 5, 7. Қ.ә: 4, 6, 7.
3 семинар. Тақырыбы: М.Өтемісұлының әдеби мұралары.

Сабақтың мақсаты: Махамбет поэзиясын ұлт азаттық күрес тарихымен байланыста талдап түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі

  2. Махамбет жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, сарын

  3. Махамбет өлеңдерінің философиялық дүниетанымдық тереңдігі

  4. Ақын шығармаларындағы Исатай бейнесі

Әдістемелік нұсқау: Патша үкіметінің отарлау саясатының жүргізілу тарихы. Соған орай Ішкі Бөкей Ордасында қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдай. Жер отары. Екі жақты қанау. Азаттық жолындағы Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Жорықты жылдар мен күреспен өткен күндер шежіресінің Махамбет жырларындағы суреттелуі. Көтерілістен соңғы ақын өмірі мен іс-әрекеттері, оның Махамбет поэзиясындағы көрінісі. Махамбет жырларындағы ұлт-азаттық танымдар мен олардың әдебиет тарихындағы жалғастығы. Көтеріліс тарихы мен Махамбет поэзиясының тарих пен әдебиеттегі алар орнының филологиядағы бағалану тарихы. Тәуелсіз Қазақстан және Махамбет өмірі мен шығармашылығының бүгінгі азат таным тұрғысынан зерттелуі.

Әдебиеттер:Н. ә: 3, 7, 19 . Қ. ә: 5, 7, 8.

4 семинар. Тақырыбы: Ш.Жарылғасұлының өмірі мен туындылары.



Сабақтың мақсаты: Өмірі мен туындыларын оқыта отырып, дүниетанымдарын кеңейту, ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алдыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Ақынның өмірбаяны

  2. Исатаймын жолығуы

  3. Қудалауға түсуі

  4. Туындылары

Әдістемелік нұсқау: Ұлт азаттық көтерілісінің қарулы күшпен басылуы және Шернияз ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Шернияз шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай шартты түрде екіге бөлінетіндігі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық. «Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі, оның нұсқалары мен басты образдары, ақын қолданған юмор, сатира, т.б. да әдеби-көркемдеу құралдары. Шернияз ақын мұраларының жиналу, жариялану, зерттелу, оқытылу тарихы.

Әдебиеттер: тізімі: Н. ә: 1, 2, 5, 6. Қ. ә: 2, 3, 5.

5 Семинар. Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының әдеби туындылары.



Сабақтың мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен мәлімет беру. Өмірі мен туындыларын оқыта отырып, дүниетанымдарын кеңейту, ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алдыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Өмірі жайлы мәлімет

  2. Мұрасының жариялануы, зерттелуі.

  3. Шығармашылық тұлғасының қалыптасу кезеңдері.

Әдістемелік нұсқау: Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы. Зар заман сарыны. Адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері.

Әдебиеттер: Н.ә: 5, 7, 11. Қ. ә: 4, 6, 7.

6 Семинар. Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы.



Сабақтың мақсаты: Ақын Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, толғауларының тәрбиелік мәнін, әлеуметтік маңызын ашу.

Сабақтың жоспары:

  1. Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі, өмір жолы.

  2. Толғауларының тақырыптық – идеялық мазмұны.

  3. Ел тарихы, ел қорғаған батырлар туралы толғаныстары.

  4. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы өлеңі.

  5. Кәрілік, жастық туралы өлеңдері.

  6. Сүйінбайдың айтыстары.

Әдістемелік нұсқау: Сүйінбай ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Сүйінбай шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай келуі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.

Әдебиеттер: Н.ә: 12, 13, 14, 15. Қ.ә: 2, 6.

7 Семинар. Тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлының әдеби мұрасы.



Сабақтың мақсаты: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі, шығармашылығымен студенттерді таныстыра отырып, толғауларынан ғибрат алуға шақыру.

Сабақтың жоспары:

  1. М.Сұлтанқожаұлының өмірі,шығармашылығы

  2. «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған»

  3. Майлықожаның әдеби мұрасы.

  4. Майлықожаның айтысқан айтыстары

Әдістемелік нұсқау: Майлықожа ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Майлықожа шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай түрде болуы. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.

Әдебиеттер: Н.ә: 16, 17, 18. Қ.ә: 6, 7.
8 Семинар. Тақырыбы: Базар Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Базар Оңдасұлының өмірі,шығармашылығымен студенттерді таныстыра отырып,толғауларынан ғибрат алуға шақыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Өмірінен мәлімет.

  2. Мұрасының зерттелуі, жариялануы.

  3. Базардың толғау- термелері.

  4. Базардың дастандары

Әдістемелік нұсқау: Базар ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Базар шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне сәйкес келуі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.

Әдебиеттер: Н.ә: 2, 7, 9, 16. Қ.ә: 6, 7, 8.
9 Семинар. Тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының әдеби туындылары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының өмірімен танстыру. Шығармаларын оқыту арқылы ақынның жаңа қырларын ашу. Мұраттың шығармалары арқылы балалардың сезіміне әсер ету, рахын ояту. Зар заман кезінде Мұраттай ақын жыраудың болғандығын балалар жадында жаңғырту. Балаларды ақын шығармаларымен таныстыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Мұрат Мөңкеұлының әдеби туындылары.

  2. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының зерттелуі.

  3. Мұрат толғаулары "Үш қиян", "Қарасай-Қази", "Қазтуған"

  4. Мұраттың айтыс өнері

  5. Мұрат жайында айтылған жазушылар пікірі

Әдістемелік нұсқау: Мұрат ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай келуі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.

Әдебиеттер: Н.ә: 7, 12, 13, 15. Қ.ә: 2, 6 9.
10 Семинар. Тақырыбы: Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясы (Біржан сал, Сара ақын)

Сабақтың мақсаты: Сара Тастанбекқызы мен Біржан Қожағұлұлы туралы түсінік беру. Ақындар поэзиясы, сал – серілер жайлы білімді одан әрі жетілдіру, өздігінен ойлауға үйрету, ой – өрісін одан әрі дамыту.

Сабақтың жоспары:

  1. Біржан сал Қожағұлұлы

  2. Сара Тастанбекқызы


Әдістемелік нұсқау: Аңызға айналған айтыс. Біржан мен Сара ақынның өнегеге айналған өмірлері. Біржан мен Сара айтысының тарихи маңызы. Әлеуметтік мәселелердің көтерілуі. Теңсіздік тақырыбы.

Әдебиеттер: Н.ә: 20, 21, 22. Қ.ә: 6, 7, 9

Бақылау жұмысы, курстық жұмыс

16. Білім бақылауы. Курс бойынша емтихан сұрақтары:

1.19 ғасырдағы қазақ әдебиеті және қоғамдық-әлеуметтік жағдай.

2. Ұлттық-азаттық көтерілістері және тарихи өлеңдер, дастандар.

3. Дулат өлеңдеріндегі ұлттық-отаншылдық сарындар.

4. Дулаттың дастандары.

5. Махамбеттің философиялық өлеңдері.

6. Махамбет өлеңдеріндегі авторлық және тарихи тұлға, адресаттық нысан.

7. Шортанбайдың зар замандық толғаулары.

8. Шортанбайдың айтыстары, дастаны.

9. Сүйінбайдың толғаулары

10. Сүйінбайдың айтыстары.

11. Майлықожаның толғаулары, мысалдары.

12. Майлықожаның айтыстары.

13. Базардың толғау термелері.

14. Базардың дастандары.

15. Мұраттың зар замандық толғаулары.

16. Мұраттың жыршы-ақындығы, айтыстары.

17. Әбубәкірдің өлеңдері, айтыстары.

18. Біржан салдың лирикалық өлеңдері, айтыстары.

19. Ақан серінің лирикалық өлеңдері, айтыстары.

20. Сегізсерінің әдеби мұрасы.

21. Сараның әдеби мұрасы.

22. Әсеттің әдеби мұрасы.

23. Шоқанның әдеби шығармашылығы.

24. Ыбырайдың өлеңдері.

25. Ыбырайдың әңгімелері.

26. Хакім Абайдың лирикасы.

27. Хакім Абайдың поэмалары.

28. Хакім Абайдың қарасоздері, көркем аудармалары

29. Хакім Абайдың ақындық айналасы (Ақылбай, Мағауия, Щәкәрім, Көкбай).

30. Абайтанудың қалыптасуы, дамуы.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихынан сұрақтар:

1 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму сипаты

2 Поэзия, проза, драматур-гиялық шығармалардың дүниеге келуі. Аударма, көсемсөз жанрының өркендеуі. Қазақ әдебиетінің тақырыптық аясының кеңеюі.

3 Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны

4 Шәді Жәңгірұлының шығармашылық өмірбаяны, дастандары.

Т.Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығы, ақындығы.

М.Байзақұлының шығармашылық өмірбаяны,өлеңдері.

5 М.Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы өлеңде-ріндегі ауыз әдебиеті үлгілері. Заман мәселесіне арналған түрлі мақала-лары. Сатиралық үлгідегі өлеңдері.

6 С.Торайғырұлының шығармашылық өмірбаяны. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Шығармаларының жанр-лық, тақырыптық жағынан әр алуандағы поэмалары, көсемсөз саласындағы еңбегі.

7 Ш.Құдайбердіұлының шығармашылық өмір-баяны, Лирика жанрына дамуындағы үлесі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер» атты шығармалары.

8 М.Сералиннің шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі екендігі. «Айқап» арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Ондағы мақалалар тақырыбының сюжетті поэмалар жазғандығы.

9 Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы. Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. «Қырық мысал» жинағы «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі «Қазақ» газетінде сан алуан тақырыптағы мақалалары. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы. Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, кітап етіп бастыруы «Ерсайын», «23 толғау».

10 М.Дулатұлының шығармашылық өмірбаяны, ақындығы «Оян, қазақ», «Азамат» жинағы. «Бақытсыз Жамал» романы. Тілінің шұрайлығы. Композициялық құрылымы. Көркем прозаға қосқан үлесі.

11 С.Дөнентайұлының шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық демократтық бағытта шығарма жазғандығы, мысал өлеңдері.

12 Ғ.Қарашұлының шығармашылық өмірбаяны

13 .М.Дулатұлының шығармашылығы

14 Ж.Аймауытовтың шығармашылығы.

15 М.Жұмабаевтың шығармашылығы.

16. Б.Майлиннің шығармашылығы. Заман мәселесіне арналған түрлі мақалалары. Сатиралық үлгідегі өлеңдері.

17 С.Сейфуллиннің шығармашылығы

18 І.Жансүгіровтің шығармашылығы. қазақ әдебиетінің ұлттық сөз өнерінің даму процесіндегі мәні, халықтың мәдени тарихында алатын орны.

19.1916 жылғы Ұлт- азаттық көтерілісіне байланысты әдебиет. Көтерілістің шығу себептері. Халық ақындары жырларының тақырыптары.



20. Қазан төңкерісі және әдебиет.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет