5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


Модуль – сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне



бет2/12
Дата30.01.2017
өлшемі0,92 Mb.
#8397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Модуль – сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне.
Модель – үлгі (эталон, стандарт).
Мотив – ынта-ықыластың аууы.
Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу.
Нысан – субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы.
Объект – адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағыты, әрекет құбылысы, зерттеу нысаны.
Өлшем – бір нәрсені бағалауда, анықтауда немесе жіктеуде негізге алынатын белгілер, бағалау өлшеуіштері. Бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсыну жөніндегі қызметін бағалау.
Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білім және оны меңгеру үрдісі туралы ілім. Олар: бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар сияқты әдіснамалық мәні бар ілімдер.
Парадигма – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы, олар ғылыми таным барысында пайда болатын болжамдар мен мәселелерді шешуші ғылым тұрғысында түйсіну үшін үлгі, нұсқа, стандарт ретінде қолданылады.
Педагогика пәні – тұлға тәрбиесі, оқуы, білімденуі, дамуы, қалыптасуы.
Педагогикалық үдеріс – оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет, ілгері қозғалыс.
Субъект – сыртқы ортаны нысанды танып білетін және өзінің мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы. Оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Технология – қандай да қызмет, іс-әрекеттерді (үдерістерді) жүзеге келтірудің жолдары мен шаралары (средства) жөніндегі білімдер жиынтығы.
Түйін – сөз мәнінің қысқа баянды, сөздің қорытынды түйіні, міндеттердің, әрекет аясының, өкілеттік қызметтің ықшам айтылуы.
Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі.
Эксперименттік алаң – жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
Элиталық білім дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.


2 ДӘРІСТЕР
1 модуль 1Модуль. Сауат ашу әдісі туралы ұғым.

2.1. 1-дәріс тақырыбы: Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері. (2сағат)

Дәрістің жоспары:

1. Cауат ашу әдістемесі пәні туралы түсінік беру.

2. Cауат ашу әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері.

3. Cауат ашу әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.



Дәрістің қысқаша мазмұны: Бастауыш мектептерде сауат ашу әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс – тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді.Ондай дағды мен білік, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі » – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, яғни, сөз және ұғым, мағына, сөз мағынасы, оның даму жолдары, құрылымдық түрлері, сөздік құрамның толығу жолдары, кірме сөздер, олардың алатын орны, шығу тегі, семантикалық сипаты, жалпы тіл білімінде тілдік категориялардың зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. Студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу.

Пәннің міндеті – студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу жолдарын меңгерту. Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерте отырып, оның ішкі құрылыс жүйесін, өзгерістерін талдауға жетілдіру. Лексиканың актив және пассив қоры туралы түсініктерін молайтып, қазақ тілінің сөздіктерімен жұмыс жасатудың ең оңай әдіс – тәсілдерін меңгерту.

Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы, тәсілі деген тұрғыда анықтама берілген./под ред. проф. Д.Н.Ушаков. «Толковый словарь русского языка» том 2,стр 199./ Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.Метод – халықаралық термин болып орныққан сөз.Метод – сөзбе – сөз алғанда жол, прием т.б.

«Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі» ғылымның бір салﴃЀде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс – тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Бастауышта сауат ашу әдістемесі лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты.

Дәрісті қорытындылау: Бастауыш сыныпта сауат ашу пәні, мақсаты мен міндеттері. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы. Бастауыш мектептерде сауат ашудың оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы. Бастауыш мектептерде сауат ашуға қойылатын ғылыми - әдістемелік талаптар. Сауат ашу әдістемесі – ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым екендігі. Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал;

2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жататындығы туралы түсіндіру.

Бақылау сұрақтары:

1.Cауат ашу әдістемесі пәнінің маңызы неде?

2. Cауат ашу әдістемесін түсіндір

3. Ана тілін ұғыну заңдылықтарының білім беру жолдары мен құралдары



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений-

Семипалатинск, 2006

2 . Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.

3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

5.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

6. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002

7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары.-А., 1984

8. Қ.Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985

9. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959

10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991

11. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004

12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-« Ұлт тағылымы» журналы №2/2006, 59-б


2.1 2-дәріс тақырыбы: Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар. (2сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет