5 в 050117 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет4/8
Дата14.11.2016
өлшемі1,47 Mb.
#1690
1   2   3   4   5   6   7   8

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.

Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.

Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:


              1. Тақырыпты толық аша білу;

              2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;

              3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;

              4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;

              5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;

              6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;

              7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.

Дәрісті қорытындылау: Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық – құрылымдық жүйесі, тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту – оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша түрлері

  2. Тіл мәдениеті және оны оқыту

Әдебиеттер:

  1. Оразбаева Ф., Жанабілова. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары. (6-7сынып) А., 2004

  2. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. А., санат, 1994

14 Дәріс. Диктант жүргізу. Диктантты жүргізу әдістемесі



Мақсаты: Диктант жүргізу, оған қойылатын талаптар, жаздыру техникасы жайлы және диктант түрлері туралы мағлұмат беру. Диктанттың оқушы сауаттылығын арттыруда, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде алатын орнын көрсету

Жоспар:



  1. Диктант жүргізуге қойылатын талаптар

  2. Диктантты жаздыру техникасы

  3. Диктант түрлері


Диктантты жаздыруға қойылатын талаптар

Мұғалімнің тексті үйде алдын-ала тағы бір қарап шығуы, әсіресе, сабақ жоспарын жасау кезінде аса қажет деп есептеледі. Сабақ жоспары демекші, диктантқа жоспар жасамайтын мұғалімдер де кездеседі. Жасағандары болса, диктанттың атын, өтетін күнін, айын, сыныпты жазумен ғана шектеледі. Ең алдымен, мәтінді оқу кезеңінде көлденең сөз, сұрақ болмауға тиіс. Жазу кезінде бірлі – жарым қалып қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан кезекті сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. Диктант мәтінін жаздыру үстінде, диктант мәтінінен сыртқары кездесуі ықтимал көлденең сөздердің көлемі, мазмұны, шамасы оқушыларға алдын ала белгілі болуға тиіс. Мәтінді жаздыру үстінде мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын ескертпе түріндегі сөздерді жиі пайдалануға болмайды. Ерекше бір күрделі, қиын сөйлемдерді жаздыру ретінде ғана емес, бар ынта, зейіні диктант мәтінін жазуда болып отырғанда, қапелімде мәтін арасына көлденең сөздің кіруі оқушыларды аз да болса, алаңдатады, зейінін бөледі. Екіншіден, өзі жазып үлгіре алмай отырған кейбір балалар жаңағыдай сөздерді (көлденең) ажырата алмай, мәтінмен бірге жазып қояды. Мәтінді оқуда басты талап – тілдің орфографиялық заңдылығын сақтау болып табылады.



Үйрету диктанттарының маңызы

Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі – оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.

Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізеді.

Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Әріп диктантын жаздыру мақсаты – ана тілін жеткілкті білмейтіндер мен басқа ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы фонемалық, орфографиялық ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын және оларды жаза білуді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы.

Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Әріп диктантын жазып, әрбір дыбыс пен әріптің орфоэпиялық, орфографиялық өзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру әдісімен саналы түрде түсініп, талдауға төселген оқушылар үшін буын диктантын жазу онша қиындық келтірмейді.



Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Сөз диктантының жеңіл болатын себебі – ол оқушылар меңгеріп болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат – сөздердің бір, екі, үш, төрт, одан да көп буыннан құралып, белгілі бір ұғымды білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып түсіндіру. Сөз диктантын жаздырар алдында оқушыға берілген сөздің қандай ұғымды білдіріп, неше буыннан, неше дыбыстан құралғанын, бірінші буындағы дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, ондағы бір дыбыстың әріпке айналғандағы жазылу емлесін айтып өтеді. Бұл, мысалы, былайша баяндалуға тиіс: көз, құлақ, құлақшын, көзілдірік сөздері бір, екі, үш, төрт буыннан құралған. Көз сөзінде 3, көзілдірік сөзінде 10 дыбыс (әріп) бар. Төрт сөз төрт түрлі мағына білдіріп тұр. Бұл сөздерде қазақ алфавитіне тән ә, ұ, ғ, ң, һ әріптері жоқ.



Сөйлем диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Диктанттың бұл түрі алғашқылардың бәрінен де күрделі. Өйткені бұл бір, екі, үш, төрт, бес, одан да көп сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіреді.

Сөйлем диктантын жаздырудағы мақсат – оқушыларға сөйлемнің сыртқы құрылымын таныту және оны құрай білуге машықтандыру. Мұғалім сөйлем диктантын өткізуге кірісер алдында басқаларға түсіндіретін сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып, сөздер бір-бірінен бөлек жазылатынын, мағынасына қарай сөйлем соңына нүкте, леп немесе сұрау белгілерінің бірі қойылатынын, сондай-ақ қазақ тіліне тән дыбыстардың (әріптердің) бар-жоғын айтады.

Әріп, буын, сөз және сөйлем диктанттарын жаздыру үшін төмендегідей әдістер пайдаланылады.

Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар екі топқа бөлінеді: мәтіні өзгертілмеген диктанттар және мәтіні өзгертілген диктанттар.

Есту диктанты

Емле ережелерінің шегін ажырата отырып, оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту диктантының орындалу тәсілі екі түрлі. Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады. Екінші түрі: мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін болады.

Көру диктанты

Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.

Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.

Өздік диктанты

Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.

Шығармашылық диктант

Диктанттың бұл түрі – үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктантттарына сенімді даярлықпен келеді.

Сөздік диктанты

Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.

Терме диктанты

Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.



Ескерту диктанты

Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді.Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.



Бақылау диктанты

Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.

Диктант үшін ІІ сыныпта 18-20 сөзден, ІІІ сыныпта 20-30 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:

а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;

ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;

б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.



Дәрісті қорытындылау: Диктант жүргізу, оған қойылатын талаптар, жаздыру техникасы жайлы және диктант түрлері туралы мағлұмат беру. Диктанттың оқушы сауаттылығын арттыруда, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде алатын орнын көрсету

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:



  1. Диктант және тіл ұстарту

  2. Диктантты бағалау нормалары

Әдебиеттер:

    1. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., «Мектеп» баспасы. 1998.

    2. Е. Исабаев. Дыбыс жүйесінің негіздері. А., «Мектеп». 1992.

    3. Диктанттар жинағы. А., «Мектеп». 2004.

    4. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. А., «Мектеп» , 2002.

    5. «Қазақ тілі мен әдебиет» пєнінің бағдарламасы. А., «Мектеп». 2005.

    6. С.Омаров, Н.Бәйділдаев. Мазмұндама текстерінің жинағы. А., «Мектеп», 1981.

    7. С.Тілешова. Әдебиет сабағында жүргізілетін жазба жұмыстары. А., «Мектеп», 1978

    8. С.Рахметова. Мазмұндамалар жинағы. А., «Мектеп», 1989.

15 Дәріс. Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар



Мақсаты: Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Оқушы білімін бақылау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар туралы білімдерін толықтыру

Жоспар:



  1. Қайталау сабығының мақсаты

  2. Қайталау түрлері

  3. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қайталау сабағының мақсаты – оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту. Қолданылатын әдістері. Түсіндіру, әңгіме, теңестіру, салыстыру, дәлелдеу, бағалау. Тәсілдері: бақылау жұмыстарын жаздыру, қорыту.

Оқытуды ұйымдастырудың қосымша  түрлері 

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болғанымен оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Мысалы, сабақта көп жағдайда оқушының дербес ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіншіліктің болмауы оқытуды ұйымдастырудың басқа формаларын іздестіруге себеп болады.

Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, толықтыру, шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін дамыту мақсатында оқу жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолоданылаады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлеріне семинар, эскурсия, факультатив, үйірме, конференция, сынақ, үй жұмысы , қосымша сабақ, тәжірибелік зертханалық және пәндік үйірме, олимпиада, өзіндік жұмыстар жатады.                        

Семинар - оқыған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатымен жүргізілетін  оқыту формасы.

Экскурсия - оушылардың сабақта алған  теориялық білімдерін практикамен жалғастыру, бекіту мақстында жүргізіледі. Бұл әсіресе, физика, химия, биология, тарих, еңбек сабақтарында қолданылады. Экскурсия саьбақтары мектептің оқу алаңында, ауыл шаруашылығында, өндірісте, мұрадайда, көрмелерде ұйымдастырылады. Тиімді ұйымдастырылған эксурсия нақтылы фактілерді, құбылысытарды жақсы оқып, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Факультатив - оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әр түрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Факультативтің атқаратын қызметі: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, дүниетанымын кеңейтеді. Белгілі пәнеге қатысты танымдық қызығушылығын арттырады.

Конференция - кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру үшін, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын оқыту формасы.

Пәндік үйірме - мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшелігі бар, оқушылардың қызығушылығы мен пәндік бейімділігін дамытуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формасы.

Сынақ - бағдарламыдағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың  жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру мақсатында жүргізілетін оқыту формасы.

Үй жұмысы - сыныптағы өткен сабақтың үйдегі жалғасы, оқушылардың өз бетінше орындайтын оқыту формасы. Оқушылардың үй жұмысы сыныптағы оқу жұмысымен жалғасып, толықтырылып отыруы керек, бұл оқушылардың білімдерінің терең және берік болуын қамтамасыз етеді. Үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушының дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен жүйелі білім алуға дағдыланады. Сабақта алған білімдерін өзіндік еңбекте қодана білуге, өзін- өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді.

Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі

 

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың ,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше, Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.



  Бақылау -  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

  Бағалау -  оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

  Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқтаймыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

  - Бақылаудың білім беру - қызметі оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.

  - Тәрбиелік қызметі - оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.

  Дамыту - қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламар жасайды.

  Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (влспитывающие).

Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Күделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.



Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді,  іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.

Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылау әдістеріне бөлінеді.

Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.

Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, біріне бірі сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады.  Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.

Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.

Дәрісті қорытындылау: Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Қайталау сабақтарында қолданылатын әдістер

  2. Қайталау сабағының тәсілдері

  3. Қазақ тілін оқытудың қосымша түрлері

Әдебиеттер:

  1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995

  2. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – А. 1965

  3. Әдбікәрімова Т. Әбдіғалиева Т. Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар – А. Ана тілі, 1999

  4. Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту –А. Мектеп, 1982

  5. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001

  6. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А. Қазақ университеті, 1993

  7. Ломизов А. Выразиельное чтение при изучении синтаксиса и пунктуации М.1986

  8. Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері –А. Мектеп, 1959

  9. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001


3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы

1 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы. Пәнінің жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет