Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертуде жүзеге асырылатын құзыреттіліктер. Қазіргі нарық заманы студенттердің құзыреттілігін қалыптастыруды, олардың дара тұлғалық сапасын дамытуды талап етіп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, «құзырет» адамның жұмысының аспектісі ретінде танылса, «құзыреттілік» осы аспектіні орындай алу деңгейімен анықталады. Құзырет студенттің білуі қажет нәрсе болса, құзыреттілік осы нәрсені жақсы істеуі, өзін-өзі танытуы, білімі, білігі, өзін-өзі бағалауы т.б. мәселелерді қамтиды. Жұмыста студенттің білімі мен білігін өз қажетіне қарай ұштастыруға, сөйлеу қабілетін жетілдіруге, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, студенттің шығармашылық қабілетін дамытуға т.б. көмектесетін төмендегідей құзыреттіліктердің рөлі айқындалды.
Қатысымдық құзыреттілік дегеніміз – студенттің түрлі жағдаятта тең дәрежеде қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі және әлеуметтік-мәдени нормаларды сақтай отырып, ұйымдастыру біліктілігі. Студенттің қатысымдық құзыреттілігі ауызша және жазбаша коммуникацияны меңгеруі мен әлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді игеруінен көрінеді. Тілдік бірліктерді дискурс пен пікір білдіруде шығармашылықпен қолдана білуі және дара тұлға ретінде кез келген жағдаятта ойын еркін, жүйелі жеткізуінен байқалады.
Қазіргі кредиттік оқу жүйесінде студент өзінің оқуын жоспарлап, өзіне қажетті пәндерді таңдап, өз жұмысын бағалап үйренуі шарт. Синтаксисті оқытуда студенттің алған білімін өз бетінше дамытып, жетілдіріп, жаңа формада жүзеге асырып, сынап, үнемі ізденіп, кез келген жағдаятта қолдана білуін қамтамасыз ететін танымдық құзыреттілік.
Танымдық құзыреттілік – студенттің хабарды өздігінен өңдей білуі, өз бетінше оқуы, үйренген материалдарын жаңа жағдайда қолдануы, хабардың шығу көзін таба алуы, өз қабілеті мен білімін бағалауы, өзіне қажетті білімді екшеп, сұрыптап ала білуі, оны қолданудың жолын меңгеруі.
Лингвомәдени құзыреттілік студенттің әлеуметтік және қоғамдық ортада
өз орнын таба білуіне, өзгелермен тіл табысу арқылы белгілі бір мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне қажетті дағдыларды дамыту нәтижесінде қалыптасады.
Лингвомәдени құзыреттілік дегеніміз студенттің тілдік және мәдени бірліктерді контексте орынды қолдануы, мәдени-тарихи және ерекше ұлттық ақпараттарды тілдік қарым-қатынаста пайдалануы, лингвоелтанушылық білімдер жүйесін меңгеруі, ұлт тарихы, дәстүрі, мәдениеті туралы білімін сөйлеуде ұтымды пайдалануы, сөйлеу мәдениетін игеруі.
Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі заман сұранысынан туындап отыр. Әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілік студенттің әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуі және белгілі бір әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің сапалық деңгейін көрсетеді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгерту студенттің өзін-өзі дамытуына, қоршаған ортаны шынайы түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге ықпал етуді көздейді. Студенттің топ алдында рефератын қорғауы, баяндама жасауы, пікірталас, ойталқы, ойбөлісте өз ойын еркін жеткізе білуі оның әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін жетілдіруге игі әсерін тигізді. Студент ертеңгі маман ретінде тілді, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші тұлға ретінде қызмет етеді.
Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігі дегеніміз – оның қоғамда, көпшілік алдында сөйлей білу дағдысы; тұлғаның қоғамда өз мәдени деңгейін, адами сапалық қасиеттерін таныта алуы; қарым-қатынастың ұлттық және жалпы адамзаттық әдеп нормаларын ұштастыра білуі; интеллектісі мен парасатын үйлесімде таныта алуы; өзгермелі дүние жағдайына бейімделе білуі, өмір бойы білім алу парадигмасына сай өз әлеуетін жетілдіре алуы; көпшілік алдында сөйлеу мен пікірталас мәдениетін жетік меңгеруі; өзіндік көзқарасын шешендік сөздің тектеріне сәйкес ұтымды жеткізе алу шеберлігі; қоғамдық қарым-қатынаста тұлғаның өзіндік көзқарасын мен позициясын ұстануы; қоғамдық пікірталаста өз пікірін қорғай алуы, топ алдында сөйлей алуы.
Сөз тіркесін оқыту
Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.
5-9 сыныптарда сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнын іріктеуде бұл сынып оқушыларының орфографиялық машық- дағдылары белгілі бірдей дәрежеде қалыптасқаны назарда ұсталынады. Сондықтан да орфографиялық принциптер бұл сынып оқушылары үшін ғылыми жаңа мәлімет болуы көрінбеуі ықтимал.Осындай мәселе біздің алдымызға 5-9 сынып оқушылары үшін сөз тіркесін дамыта оқытуда негізгі теориялық тірек іздеу керектігін танытты. Ондай теориялық тірек ретінде біз мынадай жолды таңдадық:
- сөз тіркесін оқытуда логика элементтерін қолдану және оқушыларға логика элементтерін тілмен байланыстар отырып меңгерту;
- сөз тіркесін лексикамен, морфологиямен байланыстыра оқыту;
- жаңа синтаксистік ұғымдардың енгізілуі;
- қазақ тілінің жүйелі ғылыми курсы салалы фонетика, лексика, морфологияның синтаксистік негізде оқытылуы;
- сөздің синтаксистік қызметіне сөз тіркесін құруға қатысуын да енгізу;
- сөйлем құрылуындағы сөзбен қатар сөз тіркесінің қызметін де алдыңғы қатарға шығару;
- сөз тіркесі мен сөйлем (жай сөйлем, құрмалас сөйлем) жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар табиғатына терең синтаксистік талдаулар жасату;
- орфоэпия заңдылықтарының жаңа ұғымдарын енгізу;
- пунктуация теориясының ұғымдарын меңгерту;
- сөз тіркесінің текст құраушылық қызметіне байланысты ұғымдар жүесін енгізу.
Жаңа ғылыми ұғымдарды сөз тіркесін оқытумен байланысты енгізудің өзінде оқушының белгілі бір дәрежедегі даярлығы болуы керектігі естен шығармау қажет. Жаңа лингвистикалық ұғымдар енгізілгенде, оқушының олармен қалай танысатыны, қандай оқу мақсаттарын қоятыны, қандай міндеттерді шешу арқылы жаңа мазмұндық топтастырулар жасауға жете алатыны анықталады. Мұндай мәселе оқушыны орындайтын оқу әрекеттерінің барынша нақтылауын, жүйеленуін міндеттейді. Оқушы теориялық ұғымды анықтауға, талдауға кіріспес бұрын, мұғалім негізгі оқыту нысаны - сөз тіркесінің табиғаты туралы білім мазмұнын есіне түсіріп, оқушының сөз тіркесі туралы білетін білімдік мазмұнын жаңа аспектіден қарауына басшылық етіп, олардың сөз тіркесі туралы білімін жүйелеп алуына көмектеседі. Осы ретте оқушының теориялық ойлауын дамыту мақсатымен бірге оқушының тілін дамыту мақсаты да бірігіп, сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының толыққандығы айқындала бастайды. Яғни оқушының теориялық ойлауын дамыту міндеті оқушының тілін дамыту міндетімен біріктіріліп, оқушының жан- жақты дамуына жаңа, үлкен арна жасалады. Бұл жерде сөз тіркесінің өзі тектес басқа тіркес түрлерімен салыстыруы, құрмалас сөйлеммен салыстыруы, сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің байланыстығы, текст туралы ұғымдар берілуі туралы айтып отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы, түптеп келгенде, негізгі обьект- сөз тіркесі синтаксисінің табиғатын неғұрлым терең, неғұрлым айқын танытуға бағытталады.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда эмпирикалық және теориялық таным деңгейлерінің ерекшеліктері осы 5-9 сыныпта аса ескеріліп, эмпирикалық және теориялық деңгейлерде берілетін білім мазмұндары іріктеледі. Өйткені алдымызға қойылған мақсат- оқушылар сөз тіркесін эмпирикалық және теориялық деңгейлерде бірізділікпен талдай отырып, осы тіл бірлігінің грамматикалық тіл бірлігін айқындауға, тіркес түрлерін ажырата білуге, жай және күрделі сөз тіркестерін тануға, сөздердің байланысу тәсілдеріне, байланыс түрлеріне, құрамына, түрлеріне және синтаксистік байланыстармен синтаксистік қатынастар табиғатына терең назар аударулары керек. Сөз тіркесін тілдің барлық ішкі жүйелерімен (фонетика, лексика, морфология, сөйлем, текст) байланыстара оқыту арқылы пунктуациялық, орфоэпиялық талдаулар жасату арқылы мұғалім оқушының сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық табиғатына мазмұндық талдау жасау дағдыларын қалыптастырады /2, 44/.
5-сыныптан бастап, оқушылардың синтаксистік ұғымдарды терең тануы мен синтаксистік ұғымдарды жүйелеуге дағдылануы дамыта оқыту технологиясының міндеті болып саналады. Өйткені, 5-сыныптан бастап оқушылар қазақ тілінің жүйелі курсын оқып- үйрене бастайды. Енді оқушы тілдің ерекше қызметіне ден қойып, бастауыш сыныптарда меңгерген жазудың заңдылықтары мен тілдің заңдылықтарына теориялық тұрғыдан қарауды үйренеді. «Дыбыс және оның мағынасы», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз тіркесі және оның мағынасы», «Сөйлем, сөйлем түрлері, олардың мағыналары» деген тақырыптар енді оқушыға тіл бірліктерінің семантикалық тұрғыдан танылуы қажеттігін айқын көрсетеді. 5-сыныпта фонетиканы оқытудағы басты мақсат – фонеманың сөзбен морфемнің мағынасын ажырататын қызметін таныту. Фонема туралы ұғым қалыптасқан оқушыда жазудың фонематикалық, морфологиялық принциптері туралы түсінік қалыптасуға дайын болады. Жазба жұмыстар мен синтаксистік талдауларды дәстүрлі әдістемеден басқаша етіп түрлендіру және олармен көп жұмыс жасау арқылы оқушыларда жаңа, бұрынғы оқытуда айтылмайтын, тіл жүйесіндегі барлық дерлік бірліктердің, фонемадан бастап, морфема, сөз, сөз тіркесіне шейінгі тіл бірліктерінің, түпкі қызметі- сөйлем құрылымына қатысу екендігі туралы ұғым қалыптасады. Сөйтіп, «Тіл – жүйелердің жүйесі» екендігіне ғылыми талдаулар арқылы көз жеткізеді /3, 79/. Мұндай ұғым жасауда оқушылар жаңа біліміне бұрынғы эмпирикалық білімін тірек етуі үйретіледі.
5-сыныпта фонетика, лексика жүйелерінің сөз тіркесімен байланыстырыла оқытылуына қажетті лингвистикалық және практикалық материалдар дидактикалық қажеттілікпен іріктелінеді. Фонетика тақырыптарын сөз тіркесімен байланыстыруда, дыбыстардың бірізділікпен орналасу арқылы сөз, сөз тіркесі, сөйлем құралуы туралы теориялық топтастырылған ұғымдар жасалуымен бірге, орфоэпиялық нормалардың үйретілуі де дамыта оқытуда үлкен тірек бола алатын жол деп саналады. Лексиканы оқытуда сөз тіркесін байланыстырудың тиімді жолы ретінде біз лексиканың «Сөз мағынасы», «Синонимдер», «Терминдер», «Көп мағыналы сөздер», «Тұрақты тіркестер» тақырыптарына баса назар аудардық. Осы бағытта жасалған жұмыстардың көлемі, негізінен, синонимдерге байланысты болды. Себебі, синоним сөздердің мағыналарының түрлі реңктері, экспрессивтік-эмоционалдық бояулары сан қырлы болып оқушылардың теориялық ұғымдар жасауы мен тіл дамуына мол мүмкіндік бере алады /4, 94/.
6-сыныпта морфология жүйесі оқылады. Бұл сыныпта сөз тіркесін морфологиямен байланыстыра оқытуға лингвистикалық материалдар бай әрі жеткілікті. Морфологияны сөз тіркесімен байланыстырыла оқытудың лингвистикалық негіздемесі сөз тіркесінің морфологияға тым жақын екендігі туралы қағидаға сүйенеді, өйткені, сөз тіркесінің жасалуының өзі сөз таптарының синтагмалық қасиеттеріне байланысты. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздердің барлығы бір- бірімен тіркесімдік қабілеттері жағынан, синтаксистік қызметтері болуы жағынан сөз тіркесін оқытуға үлкен тірек болады. Сөз тіркесін дамыта оқытуды морфологиямен байланыстыруда оқушылардың дәстүрлі білім алу барысына өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістер мынадай: дәстүрлі бағдарламада сөз таптарының синтаксистік қызметі тақырыптардың соңғы жағында ғана, сөйлем мүшесі болуы туралы анықтама және мысалдармен беріледі. Ал сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы жалпы сөз таптарының белгілері туралы жалпы анықтама беруді ұсынып, сол маңызды белгілердің бірі- сөз табының синтаксистік қызметі екндігіне назар аударылады. Сөздің лексикалық, морфологиялық табиғаты лингвистиканың ортақ мәселесі екені белгілі, ал сөзді синтаксема деп танушыларға /4, 84/ сүйенетін болсақ, сөздің белгілі бір сөз табына жатқызылуының өзінде оның (сөздің) синтаксистік табиғаты басты орын алып тұрғанына назар аударылмайды. Мысалы, зат есім болса, оның сыны, саны, сапасы болады. Дерексіз зат есімдер мен сын есімдердің (батыр, қорқақ т.б.), тұйық етіс пен зат есімдердің (жүгіру, айту т.б.) айырмашылықтары зат есімнің сын есім арқылы анықталатын синтаксистік қасиетіне сүйене отырып танытылды. Мұның өзі оқушылардың дәстүрлі жүйедегідей, морфология мен синтаксисті айырып танудан сақтандырып, тіл жүйесінің тұтастығын тануға жетелейтін жол деп санады. Зат есімнің ішкі семантикалық түрлерінің өзі олардың түрлі тіркесімдік мүмкіндіктері арқылы тануды қажет етеді (ұл бала, қыз бала т.б.).
Ал сөздердің тіркесімі арқылы ғана сын есімнің, сан есімнің табиғаты танытылатыны бағдарлама мен оқулықта айтылмайды (қызыл көйлек, жеті күн т.б.). Сөз таптарының синтаксис болмысы олардың сөз табы болу мүмкіншіліктерін айқындайтын маңызды факторлардың бірі екендігі сөз тіркесін дамыта оқыту бағдарламасында алдыңғы орынға қойылды.Сын есімдердің синкреттік ерекшеліктері, сан есімдердің сөз табы екендігі не еместігі туралы ғылыми көз қарастар оқушыларға ауызша материал түрінде таныстырылуы қажет деп танылды. Есімдіктің тек орынбасар сөз ғана еместігі де, есімдік тек белгілі бір есім сөзді ауыстырушы емес, тұтас абзацтарды да ауыстырып тұратыны тексті оқытумен байланысты түсіндірілді. Етістік сөз табының мүмкіншіліктері мен олардың сөз тіркесін жасау ерекшеліктері зерттеудің лингвистикалық бөлімінде кең талданды. Сол материалдардың дені сөз тіркесін дамыта оқытуда қолданылды.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
А.Байтұрсынов еңбегіндегі синтаксис және сөз тіркесін оқытуға байланысты мәселеге талдау жасау
Сөз тіркесін оқытуға қатысты еңбектерге сараптама жасау
Әдебиеттер:
1 Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 21-142 бб.
2 Жұбанов Қ. О формах сочетания слова на казахском языке. – Алматы:
Ғылым, 1966. – 50 б.
3 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. – 16 б.
4. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы: Мектеп, 1989. – 4 -68 -75 бб.
5 Ұйықбаев И.Қ және т.б. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 65 б.
6 Әлімжанов Д. Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1965. – 66 б.
7 Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. –Алматы: -1969. – 212-260 бб.
8 Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы, 2004. – 5 б.
9 Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы:Ан арыс, 2009. – 102- бб.
10 Манкееева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»: VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 90-93 бб.
11 Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий. – Москва, 2001. – 30 с.
12 Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ан Арыс, 2006. – 201-264 бб.
№10 Дәріс. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі
Мақсаты: Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемнің құрылымдық – мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі. Жай сөйлемнің мағыналық түрлері. Жай сөйлемді талдау.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А.Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем жасалымындағы сөлем мүшелерінің орын тәртібінің комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі туралы мағлұмат беру
Жоспар:
Жай сөйлемді оқыту әдістемесі.
Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі
Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған «Тіл тағылымы – қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері» атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған «Тіл-құрал» бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, «сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой, сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады» деп ереже берген [1,276]. Осы бөлімде Ахмет Байтұрсынов жалаң және жайылма сөйлемдерге анықтама берген.Бұл анықтама қазіргі мектепте оқытылып келе жатқан ережеге сәйкес, яғни бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп аталады деген. Одан кейін бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер деп айтып кетіп, одан басқа мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем деп түйген. Ахмет Байтұрсынов оларды 2 бөлімінің «сөйлем түрлері» атты тарауында жалпы түрлері деп тақырып қойып тоқталып кеткен. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне: болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма деп 6 типке бөлген [1, 296]. Болымды сөйлемді не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп атаған. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар, деген мысалда іс-әрекеттің іске асатының айтып отыр, ал қазіргі қазақ тілінде мұндай жай сөйлемнің түрлері жоқ, оны біз етістіктің болымсыз және болымды түріне қарай ажыратамыз. Ал болымсыз сөйлемді не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деп аталады деген.
Құдайберген Жұбанов жай сөйлемдер туралы зерттеген. «Қазақ тілі жөнінде зерттеулер» кітабында Құдайберген Жұбанов сағат санына бөліп ереже беріп кеткен. 7-сыныпқа арналған «Синтаксистік программы» деген бөлімге 84 сағат бөліп, соның ішінде 18 сағатын жай сөйлемге арнаған. Бұл зерттеуде ғалым жай сөйлемге берілген тақырыптарды бөліп, қарастырған [2,390]. ІІ бөлім «Сөйлем жүйесінің бастауыш білім» деп аталып параграфтармен тақырыптар берілген, соның ішінде сөйлемнің сазына ереже беріліп, сөйлем түрлі сазбен айтылады. Ахмет Байтұрсынұлы сөйлемдерді айтылу түрлеріне қарай 1) сұраулы сөйлем, 2) лепті сөйлем, 3) тілекті сөйлем, 4) жай сөйлем деп төртке бөлсе, Құдайберген Жұбанов қандай сазбен айтылатынына қарай сөйлемді үш түрге бөлген. 1) хабар сазды сөйлем. 2) сұрау сазды сөйлем, 3) леп сазды сөйлем деп. Соның ішінде хабар сазды сөйлем болған, болып жатқан, немесе болашақ оқиғалардың жайын хабарлай сөйленген болса, сөйлем хабар сазды болады.
Жай сөйлем түрлері Құдайберген Жұбановтың пікірінше, §7. Сөйлем мүшелері деген тақырыпта тек қана жалаң мен жайылма және толық сөйлем мен олқы сөйлем деп қарастырған [2,157]. Жалаң сөйлемге негізгі мүшелер ғана (бастауыш пен баяндауыш) бар, айқындауыш мүшелері жоқ сөйлем деп ереже берген.
Сонымен қатар С.Аманжолов жалаң және жайылма сөйлемдерді жай сөйлемнің құрылымдық типтері емес, осы сөйлемдерді ішінен хабарлы, сұраулы, лепті, атаулы деп қарастырған. Сөйлемдердің түрлерін 2 бөлген: 1. Жай, құрмалас, 2. Жалаң, жайылма. Ал үйретіп жүрген мектеп бағдарламасында жалаң және жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз және атаулы сөйлемдер жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне жатқызамыз. Соңғының өзі толымды, толымсыз болып әуелі екіге бөлінеді де, жақты, жақсыз деп тағы екіге бөлінеді. Бұлай бөлунішілік, жоғарыда біз айттық, таза формалды бөлу. Жалаң сөйлем ойды мейлінше, үнемі толық бере алмайды, біз оған толық қанағаттана қоймаймыз. Бұл қанағаттандырмағаннан кейін, жайылма сөйлемге, оннан кейін құрмаласқа көшіп отырмыз. Немесе, қатар бірнеше жалаң сөйлем қолданамыз. Кейбір пікірге, анықтамаға байланысты айтылған ойды жалаң сөйлем қанағаттандыра алады. Жалаң сөйлем қазіргі ұғымды екі сөзден құралады (бастауыш, баяндауыш). Бастауыш еңбек бөлінісі шыққанға дейін шықпаған, өте кеш шыққан. Олай болса, алғашқы жалаң сөйлем бір-ақ сөзден құралған. Егер бастауыш пен баяндауыштың үстіне басқа сөйлем мүшесі қосылса, жайылма сөйлем болып кетеді. Ал жалаң сөйлемге шылау қосылса, жайылма сөйлемге айналмайды, жалаң күйінде қалады [3, 163.]
Толымсыз сөйлем мен жақсыз сөйлемге тоқталғаннан кейін «Жай сөйлем түрлері» атты бөлімінде атаулы сөйлем туралы жазған. С.Аманжоловтың пікірінше, «атаулы сөйлем шығу (генетика) жағынан бірінші пайда болған» деп қарастырған.
Н.Сауранбаевтың 1954 жылы Алматы «Қазақ ССР Ғылым академиясы» баспасынан шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне тоқталып ереже беріп кеткен. Жақсы талданған, мысалдар нақты салыстырмалы түрде берілген. ІІІ. Сөйлем және оның тұрлаулы мүшелері атты бөлімнің ішінде жай сөйлемнің түрлерінен жалаң және жайылма сөйлемдерге жеке тоқталған. Ал VІІІ. бөлімді «Жай сөйлемнің түрлері» деп алып, ішінде жақты, жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы сөйлемдерге тоқталып кеткен.
Жалаң және жайылма сөйлемдерге берген ережелері қазірге оқытып жүрген ережемен сәйкес. С.Аманжоловпен салыстырсақ, Н.Сауранбаев жалаң және жайылма сөйлем түрлерін жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне жатқызып, «бастауыш пен баяндауыштан (не оның бірінен) құралған сөйлемді жалаң сөйлем» деп ереже берген [4, 410]. Ал «бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем» делінген.
Н.Сауранбаев толымды және толымсыз сөйлемдерге ереже берген. Зертеушінің пайымдауынша, толымды сөйлем «ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлемді толымды сөйлем» деп атайды [4,502]. Н.Сауранбаевтың ереже, мысалдары тура М.Балақаевтың ережелерімен сәйкес келеді. Ал толымсыз сөйлемге «ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдерді толымсыз сөйлем» деп ереже берген [4,503].
Н.Сауранбаев атаулы сөйлемге де ереже беріп, талдаған. Бірқатар сөйлемдер сараланған бастауыш пен баяндауыштан құралмай, тек бастауыш ыңғайындағы сөзден, сөз тіркестерінен құралады.
Ж.А.Жақыповтың Қарағанды ҚарМУ баспасынан шаққан «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» еңбегінде толымсыз сөйлемдер толығымен талданып зерттелген. Тіл білімінде толымды және толымсыз сөйлемдерді белгілі бір тиісті сөйлем мүшесінің я мүшелерінің қатысу-қатыспауына байланысты ажыратып жүр. Сондықтан Ж.А.Жақыповтың пікірінше, «мүшеленбейтін сөйлемдерді (сөз-сөйлем, атаулы сөйлем т.б) толымды-толымсыз деп бөлуге келмейді. Толымды және толымсыз болып келетін сөйлемдер – бірқұрамды және екіқұрамды сөйлемдер» [8, 60]
Сөйлемде ойға қатысты мүшенің қатысып тұрғанын, қатыспай тұрғанын айқындау қиын, бұл көбіне дерексіздікке әкеп соғады. Өйткені контекстен тыс тұрған сөйлем толымды, толымсыз екені белгісіз болады. Осы тұрғыдан алғанда, біз «толымды» сөйлем деген ұғымның өзін шартты, салыстырмалы деп санаймыз.
Ж.А.Жақыпов өз еңбегінде толымсыз сөйлемге толық талдау жасап, оның жасалу жолдарын көрсеткен. Ж.Жақыповтың пікірінше, «толымсыз сөйлемдердегі тиісті мүшенің я мүшелердің қатыспай тұруының екі себебі бар: контекст және ситуация. Басқаша айтқанда, түсіп қалған мүшені контекст немесе ситуация арқылы тауып қоя аламыз» [8,61].
М.Балақаевтың 2007 жылы Астана: «Ер-Дәулет» баспасынан жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» кітабында «Жай сөйлем синтаксисі» тақырыбында сөйлемнің құрамына өте жақсы тоқталған. Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Жай сөйлем синтаксисінің жеке сала болып қалыптасуына Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. еңбектері жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне байланысты практикалық және теориялық маңыздылығын көрсетіп берді. Бұл зерттеулер жай сөйлемнің құрылымдық типтерінің жасалуын, оқытылуын айқындады.
Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытқанда қайталау, жинақтау, салыстыру әдістерін қарастырдық
Жақты, жақсыз сөйлемдерге арналған тірек-сызбаларға сүйеніп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту болады.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларын меңгеруін қамтамасыз ету.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Мектеп оқулықтарындағы жай сөйлем синтаксисінің оқытылу барысына зерттеу жүргізіңіз
Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін оқыту
Әдебиеттер:
1 А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы – қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері. -Алматы: Ана тілі, 1992. 154-300бет.
2 Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғалым: 1999. 152- 390 бет.
3 С.Аманжолов. Қазақ әдеби жөніндегі синтаксисінің қысқаша курсы. -Алматы: Санат, 1994. 163-173бет.
4 Н.Сауранбаев. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы, 1954. 410-503бет.
5 Т.Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі. -Алматы: Санат. 1995. 6-8бет.
6Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.
7 М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.
8 Ж.А.Жақыпов. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. 60-91бет.
9 Р.С.Әміров.Жай сөйлем синтаксисі. -Алматы: Мектеп, 1983.82-95бет.
10 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Мектеп, 1965. 24-207бет.
11 Х.Арғынов. Қазақ тілі методикасының синтаксисі негіздері. -Алматы: 1969. 197-206бет.
12 И.Ұйықбаев. Қазақ тілі методикасының очерктері. -Алматы: Мектеп, 1969. 4-14бет.
13Б. Құлмағамбетованың . Қазақ тілін оқыту методикасы. -Мектеп, 1988. 36-38бет.
14 Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. –Астана: Елорда,- 2002.
15 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.-2007. №9. 30-31бет.
16 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №9. 11-15бет.
17 Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Ж.Дәулетбекова.–Алматы: Атамұра.- 2002ж. 18-19бет.
20 Жай сөйлемді ізгілендіру технологиясы арқылы оқыту әдістемесі (8 сынып) //Автореферат. Алматы: -2006. 16-20бет.
21 Жай сөйлемді оқыту мәселесінің зерттелу жайы. // Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №8. 20-22бет.
№11 Дәріс. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемсі. Мәтінді оқыту әдістемесі
Мақсаты: Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалс құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалс құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.
Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.
Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті құрмаластың ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері.
Мәтін туралы ұғымды қалыптастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілері анықтаудағы логикалық оператциялар және оларды оқушыларға меңгерту. Мәтінді талдау әдістемесі. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары көрсету.
Жоспар:
Құрмалас сөйлемнің құрылымдық - мағыналық жүйесі туралы түсінік
Салалас құрмалас сөйлемді оқыту
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту
Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.
Мәтінді талдау әдістемесі.
Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мн айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді. Салалас пен сабақтас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екендігін жай сөйлемді мысал ретігнде алып, салыстырған жөн. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет. Ол үщін мынандай сөйлемдерді мылалға келтіруге болады:
Дәл осы сәтте Мағаш пен Кәкітай Дәрменді көріп күле жөнелісті
Адамның іші қандай болса, іші де сондай.
Осындағы бірінші сөйлем жай сөйлем де, екіншісі сабақтас құрмалас сөйлем болып тұрғанын оқушыға жан-жақты түсіндірі қажет. «оқушылардың құрмалас сөйлем туралы қалай түсінгегін байқау үшін, төрт-бес жалғаулықты, үш-төрт жалғаулықсыз құрмалас сөйлем тауып жазып келуді тапсырған жөн» Құрмалас сөйлемді оқытқанда оның тыныс белгілерніе де назар аударылады.
Мектепте синтаксисті оқытқанда мынандай міндеттер қойылады:
Синтаксистік ережелер мен заңдылықтардың негізінде оқушыға тілдің синтаксистік құрлысы туралы жүйелі білім қалыптастыру;
Тілдің синтаксистік нормасы тұрғысынан оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру;
Оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;
Пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай игеруіне негіз жасау;
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Мәтінді оқыту
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыстың бір түрі – кітаппен жұмыс, яғни кітаптағы жаттығулармен және мәтінмен жұмыс. Мұғалім берілген ертек не әңгімені өте мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы керек. Өлеңді, не әңгімені оқығанда әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқталып, дұрыс оқу дағдысын бірінші күннен бастап сақтауға тиіс.
Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс.
2. Сөздіктермен жұмыс.
3. Сөздік қорларын жетілдіру.
4. Тіл дамыту.
5. Ережемен жұмыс
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі улкен.
1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау керек.
2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек.
3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен оқыту керек.
4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды уйрету керек.
5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек.
Мәтінді меңгертуде осындай амал тәсілдерді қолданған тиімді. Мәтін оқылып болған соң, ондағы әр сөзді оқушылардан қалай түсінгеніне көңіл бөлу керек. Түсінбеген сөздерін мұғалім өзі қосымша түсіндіріп, әр сөздің мағынасына тоқталу керек.
Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беру қажет.
Біз оқытып жүрген оқулықта тақырыпқа сай мәтіндер көп. Оқулықтары мәтіндердің күрделігі сол мәтінмен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне байланысты болу керек. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар:
1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.
2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін юайқатады. Осыған қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.
3) араласып немесе кезектеп оқу.
4) буынға бөліп оқу.
5) мәнерлеп оқу.
6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу. Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Сонымен бірге ол автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй табақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиокассеталар тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер, дидактикалық материалдар қолданамын. Мысалы: қазақ халқының ғұламаларына байланысты портреттер, «бес арысқа» арналған папкалар, қазақ батырлары т.б.
Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдау, оқушылық қызығушылығын есепке алу, жұмыста қазақша сөйлеуге, жаттығуға бағыттау, оны ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсідерді пайдалана білу керек. Ол негізгі әдістер: әңгімелесу, көрнекілік, техникалық құралдар қолдану, жұмысты қазақша сөйлесу түрінде жүргізу, оқушының танымдық мәніндегі тапсырмаларды орындауы арқылы білімқуушылығын, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай жасау, қазақша жазу, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақша білімін конкурстарда, конференцияларды, олимпиадаларда көрсетуге жағдай жасау керек.
Осындай жұмыс түрлерін жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисінің методикасының негіздері еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарға талдау жасаңыз
Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері.
Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары көрсету.
Әдебиеттер:
2 Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғалым: 1999. 152- 390 бет.
3 С.Аманжолов. Қазақ әдеби жөніндегі синтаксисінің қысқаша курсы. -Алматы: Санат, 1994. 163-173бет.
4 Н.Сауранбаев. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы, 1954. 410-503бет.
5 Т.Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі. -Алматы: Санат. 1995. 6-8бет.
6Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.
7 М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.
8 Ж.А.Жақыпов. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. 60-91бет.
9 Р.С.Әміров.Жай сөйлем синтаксисі. -Алматы: Мектеп, 1983.82-95бет.
10 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Мектеп, 1965. 24-207бет.
11 Х.Арғынов. Қазақ тілі методикасының синтаксисі негіздері. -Алматы: 1969. 197-206бет.
12 И.Ұйықбаев. Қазақ тілі методикасының очерктері. -Алматы: Мектеп, 1969. 4-14бет.
13Б. Құлмағамбетованың . Қазақ тілін оқыту методикасы. -Мектеп, 1988. 36-38бет.
14 Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. –Астана: Елорда,- 2002.
15 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.-2007. №9. 30-31бет.
16 Жалаң мен жайылма сөйлем //Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №9. 11-15бет
№12 Дәріс. Орфографияны оқыту әдістемесі. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі
Мақсаты: Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту, пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.
Жоспар:
Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндттері
Орфографиялық жұмыстың мазмұны.
Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі.
Орфографиялық талдау.
Пунктуация және синтаксис.
Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация.
Пунктуациялық ережелерді оқыту, пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері.
Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор.
Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы еситеріне түсіруге болады.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың классификациясын таблица түрінде жазып шығуларын талап ету арқылы, төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіріп бекітеді.
Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады.
Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді.
Қазақ орфографиясының принциптері
Фонетикалық принцип
|
Морфологиялық принцип
|
Дәстүрлі-тарихи принцип
|
Бүгін (бұл күн)
Белбеу (белдің бауы)
Жаздыгүні (жаздың күні)
|
Жұмысшы (жұмашшы)
Түнгі (түңгі)
|
Хал, хабар, халайық
бейкүнә
|
Орфография мен орфоэпиядан өткен білімдерін бекіту ретінде оқушыларға жеке өздік жұмыстарын жасатқызу оларды өз бетінше жұмыс жасауға төселдіреді
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері
Пунктуация оқытудың мазмұны, кезеңдерң, ұстанымдары
Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы орфографиялық сөздіктердің маңызы
Әдебиеттер:
Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А.Мектеп, 1959
Ұйықбаев И.Қ және т.б. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 65 б.
Әлімжанов Д. Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1965. – 66 б.
Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. –Алматы: -1969. – 212-260 бб.
№13 Дәріс. Тіл дамыту әдістемесі. Тіл мәдениеті және оны оқыту әдістемесі
Мақсаты: Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық – құрылымдық жүйесі, тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту – оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері.
Тіл мәдениеті бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. «Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөйлеу» ұғымдарын талдау. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері. Стил және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру жолдары.
Жоспар:
Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері.
Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері.
Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру
Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері.
Стиль және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру жолдары.
Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі максаты - дүрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалык жағынан дүрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізілген: бірі - мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жүмыстары жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем қүратып үйрету, сөйлемнің қүрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім бері. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі
Дидактикалық принциптер эр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде казак тілін әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жүмысы дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.
Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі принципі арқылы оқушы тіл мен ойлау бір-бірімен байланыста екенін үғады. Тілсіз ойлаудың болмайтынын, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетінің, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсіндіреді.
Бүл принцип арқьшы оқуышының ойлау әрекетін дамыта отырып түрлі ой қорытындыларын жасай білу дағдылары қалыптастырылады, яғни бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру, түрлі ойлау әрекеттерін үйрену нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді.
Мүгалім бүл принципті негізге ала отырып қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұкият қарастырып, эр тақырыпты оқытуға байланысты түрлі тапеырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан қандай қорытынды шығарды, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенеді, кандай ойлау әрекеттерін жасады деген мэселелерге көңіл бөледі. Сондай-ақ принципті іске асыруды екінші басты мәселе - оқушылардың орфографиялық ережелерін саналы меңгеруін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазу дағдысын беру. Мысалы, орфография мен орфоэпияга қатысты ережелер, дәлірек айтқанда айгылуы мен жазылуы түрліше келетін сөздер бар. Осы тәрізді сөздерден оқушылар жүмыстарында көп қате жібереді. Осындай сөздерді қатесіз жазу үшін түрлі ойлау әрекеттері іске асырылады. Тіл дамыту жүмысының бүл принципінің маңызы зор.
Тіл дамыту жүмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір- бірімен байланыстылық принципі де басты орын алады. Адам бір-бірімен сөйлеу арқылы тікелей қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу тілі аркылы адам екінші адамның сөзін естиді, тындайды, онымен пікір алысады. Адам осынадай сөйлесу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік күралдарын пайдаланады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ерекше үнмен, ырғақпен айту, ымдау, тагы басқа әрекеттер арқылы сөйлеу процесінде екінші адамға ойын жеткізеді. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланган мүшелерін, құрамалыс сөйлем түрлерін үнемі қолдана бермейді.
Жазбаша сөйлеу - графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, қүрмалас сөйлеммен де бере алады. Жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалгау, жүрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, тырнақша, леп белігісі, сүрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік кұралдары пайдаланады.
Ауызекі сөйлеу тілін жаксы меңгерген, оған жаттыққан окушы ойын жазбаша да дүрыс эрі жүйелі бере алады. Бүл екі процесс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралганда, жүргізілгенде гана дүрыс нэтиже бере алады.
Тіл дамыту жүмысын грамматика, орфография, пунктуация жэне әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі де ерекше орын алады.
Окушыньщ ауызша жэне жазбаша түрін дүрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерін дүрыс қоюдың, көркем әдебиетті коп оқудың үлкен мәні бар. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ережеге сай түрлі жаттыгу жүмыстарын орындатып, тыныс белгілерін дүрыс қоя білдірудің жолдарын көрсетіп, көркем эдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруды қажет етеді.
Тіл дамьггу жұмысын стилистикамен байланысты жүргізу принципі де басты орын алады. Стилистикамен жүмыс грамматиканы, лексиканы, фонетиканы оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі.
Стильдін түрлерін жақсы меңгерген оқушы тілдің морфологиялық қүрылысын, яғни сөздердің мағынасьгаа, түлгасына және синтаксистік қызметтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажыратып, күрделі сөз тіркесінің қүрамын негізгі және көмекші сөздер, олардың өзара байланысын ажырату, жазуы қиын орфографиялық ережелерді меңгертіп, дүрыс, сауатты жазуға дағдыланады
Тіл дамыту –ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай , оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді.
Дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысы да мынадай дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.
1.Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі принципі арқылы оқушы тілмен ойлау бір-бірімен байланыста екендігін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді. Бұл принцип арқылы оқушының ойлау әрекетін дамыта отырып, түрлі ой қортындыларын жасай білу дағдыларын қалыптастырылады. Яғни, бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру тағы да басқа түрлі ойлау әрекетін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді.
Мұғалім бұл принциптерді негізге ала отырып, қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият қарастырып, әр тақырыпты оқытумен байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан қандай қорынтынды шығарады, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенеді, қандай ойлау әрекеттерін жасады деген мәселерге көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ, бұл принципті іске асыруда екінші басты мәселе –оқушылардың орфографиялық ережелерді саналы меңгерудін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазуда дағды беру. Мысалы, орфография мен орфоэпияға қатысты ережелерді, дәлірек айқанда, айтылумен жазылуы түрліше келетін сөздер бар.
2. Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір- бірімен байланыстылық принципі де басты орын алады. Адам бірімен –бірі сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін есиді, тыңдайды, әрі оны –пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлесу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсіелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ерекше үнмен, ырғақпен айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу процесінде екінші бір адамға ойын жеткізеді.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады
Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру талап етіледі. Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуы тиіс:
оқушының өз ойы болуы;
өз жанынан қосымша оқиға қосуы
өздігінен қорытынды жасауы;
мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мєтінді, III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндауы;
қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқартуы;
кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз (цитата) және эпиграф келтіре отырып мазмұндауы;
берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасауы.
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда методистер Бегман Ысқақ және Эльмира Оразбаева мазмұндаманың мынандай түрлерін ұсынады:
1. Дайын мәтін бойынша мазмұндама;
2. Сурет бойынша мазмұндама;
3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама
Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады:
1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;
2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;
3. Қысқарта баяндау;
4. Толықтырып мазмұндау.
Достарыңызбен бөлісу: |