5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет8/10
Дата27.12.2016
өлшемі2,68 Mb.
#5917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.

Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.

Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.

Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:


        1. Оқушының ойлау қабілетін арттыру;

        2. Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;

        3. Ақын – жазушылардың шығармаларын білу;

        4. Оқыға – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;

        5. Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;

        6. Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;

        7. Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере білу;

        8. Цитаттарды (дәйектеме сөз) келтіре білу;

        9. Бөлімдердің арасындағы байланысты сақтау.

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:

              1. Тақырыпты толық аша білу;

              2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;

              3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;

              4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;

              5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;

              6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;

              7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша түрлері

  2. Тіл мәдениеті және оны оқыту

Әдебиеттер:

  1. Оразбаева Ф., Жанабілова. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары. (6-7сынып) А., 2004

  2. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. А., санат, 1994

14 Дәріс. Диктант жүргізу. Диктантты жүргізу әдістемесі



Мақсаты: Диктант жүргізу, оған қойылатын талаптар, жаздыру техникасы жайлы және диктант түрлері туралы мағлұмат беру. Диктанттың оқушы сауаттылығын арттыруда, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде алатын орнын көрсету

Жоспар:



  1. Диктант жүргізуге қойылатын талаптар

  2. Диктантты жаздыру техникасы

  3. Диктант түрлері


Диктантты жаздыруға қойылатын талаптар

Мұғалімнің тексті үйде алдын-ала тағы бір қарап шығуы, әсіресе, сабақ жоспарын жасау кезінде аса қажет деп есептеледі. Сабақ жоспары демекші, диктантқа жоспар жасамайтын мұғалімдер де кездеседі. Жасағандары болса, диктанттың атын, өтетін күнін, айын, сыныпты жазумен ғана шектеледі. Ең алдымен, мәтінді оқу кезеңінде көлденең сөз, сұрақ болмауға тиіс. Жазу кезінде бірлі – жарым қалып қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан кезекті сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. Диктант мәтінін жаздыру үстінде, диктант мәтінінен сыртқары кездесуі ықтимал көлденең сөздердің көлемі, мазмұны, шамасы оқушыларға алдын ала белгілі болуға тиіс. Мәтінді жаздыру үстінде мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын ескертпе түріндегі сөздерді жиі пайдалануға болмайды. Ерекше бір күрделі, қиын сөйлемдерді жаздыру ретінде ғана емес, бар ынта, зейіні диктант мәтінін жазуда болып отырғанда, қапелімде мәтін арасына көлденең сөздің кіруі оқушыларды аз да болса, алаңдатады, зейінін бөледі. Екіншіден, өзі жазып үлгіре алмай отырған кейбір балалар жаңағыдай сөздерді (көлденең) ажырата алмай, мәтінмен бірге жазып қояды. Мәтінді оқуда басты талап – тілдің орфографиялық заңдылығын сақтау болып табылады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, жазылуы қиын сөздерді, бейтаныс сөздерді анықтау керек. Егер мәтінде ондай сөздер кездессе, тақтаға жазып беруге болады. Әдетте ондай сөздерді көптеген ұстаздар о баста-ақ тақтаға жазып қояды. Егер сөйлем шұбалаңқы болмай, қысқа, тұжырымды, жай сөйлем түрінде болып келсе, оны екі рет оқу жеткілікті. Ал сөйлем күрделі, құрмалас сөйлем түрінде келсе, оны «сөз үзбелеріне» бөліп оқуға тура келеді.

Қайсібір мұғалімдер сөйлемді бір оқиды да, одан кейін оны бір – екі балаға қайталатады. Осыдан кейін барып жазуға рұқсат етеді. Оқушылар үн-түнсіз жаза бастайды, бірақ кімнің қалай жазып жатқанын білу қиын. Есте сақтау қабілеті дамымаған, әсіресе, мінез жағынан ұшқалақ балалардың дұрыс жазып шығуы екіталай.



Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар

  1. Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екендігі (қайталау, жаттау, т.б.) ескертіледі.

  1. Диктант үшін ұсынылатын текстер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер текст құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.

  2. Диктанттың қай түрі болсын текст орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.

  3. Тексті жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.

  4. Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін сұрап, кедергі жасауға тыйым салынады.

  5. Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.

  6. Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған сөз, әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырылады.

  7. Ең соңында оқушылар жазған текстерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.

Диктантты жаздыру техникасы былайша құрылады

Бір орында тұрып, диктант мәтіні мәнерлі, ашық дауыспен бір рет оқылады. Оқу кезінде оқушылардың басқа жаққа көңіл аудармай ұқыпты тыңдап отыруы ескертіледі. Сонан соң мәтінде кездескен түсініксіз, аз қолданылатын және таныс емес емлелер тақтаға жазып қойылады, түсіндіріледі. Бұдан кейін әрбір сөйлем жеке-жеке оқылады. Бестен сегіз сөзге дейін құралған сөйлем бір рет, он екіден он төрт сөзге дейінгі сөйлем екі рет, он бестен он сегіз сөзге дейінгі сөйлем үш рет оқылады. Оқушылар сөйлемді ұмытып қалмауы үшін, қайталап айтқызылады. Сөйлем аяқталарда «тыңдаңдар», басталарда «жазыңдар», сөйлем біткеннен кейін «тексеріп шығыңдар» деп ескертіп отырған жөн.

Диктант жазылып болғаннан кейін, оның мәтіні бастан-аяқ бір рет оқылады. Бұл кезде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Өтілген емлелік тақырыптарды тексере отырып, қалып қойған сөзді, түсіп қалған орфограммаларды орын-орнына қойып шығады. Осыдан кейін диктант жұмысы жинап алынады, одан соң оқушылардың диктантқа байланысты сұрақтарына жауап беріледі.

Үйрету диктанттарының маңызы

Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әр түрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту, үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету диктанттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер көбіне ыңғайлас, ұқсас болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілетін немесе екі-үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда мұғалім қай оқушыға қандай сұрақтар қоятынын алдын-ала ойланып, әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанда ғана еңбек нәтижелі болмақ, яғни сыныптағы оқушылардың білім олқылықтарын дәл танып жұмыс жүргізу мұғалімнің ізденгіштігі мен байқампаздығын көрсетеді.

Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі – оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.

Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізеді.

Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Әріп диктантын жаздыру мақсаты – ана тілін жеткілкті білмейтіндер мен басқа ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы фонемалық, орфографиялық ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын және оларды жаза білуді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы.

Әріп диктанттарына мынадай талаптар қойылады:


  1. әріп диктантын үйрету диктанттарының басқа түрлері сияқты сыныптағы ең жақсы оқитын оқушыға алдымен түсіндіріп алып, соңынан оларға тақтаға жаздыру әдісімен бастау керек;

  1. жазылатын әріп қай дыбыстың таңбасы екендігін, дауысты болса, себебін, жуан, жіңішке түрге бөлінуін, дауыссыз дыбыстардың дауыстылар сияқты буын құрамайтынын және жеке айтылмай, тек дауыстыға қосылып қана айтылатындығын таныту қажет;

  2. әріпті жазуға, көзбен көруге болатынын, олар оқылатынын және бас әріп, кіші әріп (жазылу емлесі) болатынын білдіру керек;

  3. өткен әріптерге жаңа әріптің ұқсастығы мен өзіне тән айтылу, естілу сияқты фонемалық өзгешелігін әрбір оқушы саналы түрде түсініп, жаттанды болған дәрежеде айта білгенге дейін сабақ сайын қайталату қажет;

  4. дәптерлеріндегі сурет, сызық, әріптердің бөліктері, әріп, буын, сөз, сөйлем, т. б.— бәрінің де әдемі, таза, ұқыпты, көркем жазылуын дағдыға айналдыру керек.

Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Әріп диктантын жазып, әрбір дыбыс пен әріптің орфоэпиялық, орфографиялық өзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру әдісімен саналы түрде түсініп, талдауға төселген оқушылар үшін буын диктантын жазу онша қиындық келтірмейді. Мәселе сол өздері үйренген, өздеріне таныс қазақ тіліне тән дауысты, дауыссыз дыбыстардың ауызекі сөйлегенде өздігінен буын құрап барып айтылатын заңдылығын және әріптердің бір-бірімен қосылып жазылуын саналы түсіндіру – буын диктантының шешуші мақсаты. Ол үшін оқушылар дауыссыз дыбыстардың дауыстылар тәрізді жеке айтылмай, қы, ғы, ме, кі, гі, не, ың, т.б. түрінде дауыстымен қосылып айтылатынына, ал ы, і, ұ, ү, ә, е дыбыстарын жеке айтумен бірге олар арқылы ыңылдап, ән салуға да болатынына (мысалы, а-а-а, о-о-о, е-е-е, т.б.) көздерін жеткізу керек. Бұл буын диктантын тез меңгеріп кетуге үлкен көмегін тигізеді.

Дауыстылардың жеке тұрып та буын құрайтыны, буындардың жуан, жіңішке болуы дауыстыларға қатысты екендігі сабақ сайын дыбыстық талдау барысында айтылып отыруы қажет.

Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Сөз диктантының жеңіл болатын себебі – ол оқушылар меңгеріп болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат – сөздердің бір, екі, үш, төрт, одан да көп буыннан құралып, белгілі бір ұғымды білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып түсіндіру. Сөз диктантын жаздырар алдында оқушыға берілген сөздің қандай ұғымды білдіріп, неше буыннан, неше дыбыстан құралғанын, бірінші буындағы дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, ондағы бір дыбыстың әріпке айналғандағы жазылу емлесін айтып өтеді. Бұл, мысалы, былайша баяндалуға тиіс: көз, құлақ, құлақшын, көзілдірік сөздері бір, екі, үш, төрт буыннан құралған. Көз сөзінде 3, көзілдірік сөзінде 10 дыбыс (әріп) бар. Төрт сөз төрт түрлі мағына білдіріп тұр. Бұл сөздерде қазақ алфавитіне тән ә, ұ, ғ, ң, һ әріптері жоқ.



Сөйлем диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар

Диктанттың бұл түрі алғашқылардың бәрінен де күрделі. Өйткені бұл бір, екі, үш, төрт, бес, одан да көп сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіреді.



Мысалы: Қыс. Таң атты. Мен төсектен тұрдым. Күндегі әдетімше төсегімді жинадым. Асықпай ертеңгі тамағымды ішуге отырдым.

Сөйлем диктантын жаздырудағы мақсат – оқушыларға сөйлемнің сыртқы құрылымын таныту және оны құрай білуге машықтандыру. Мұғалім сөйлем диктантын өткізуге кірісер алдында басқаларға түсіндіретін сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып, сөздер бір-бірінен бөлек жазылатынын, мағынасына қарай сөйлем соңына нүкте, леп немесе сұрау белгілерінің бірі қойылатынын, сондай-ақ қазақ тіліне тән дыбыстардың (әріптердің) бар-жоғын айтады.

Әріп, буын, сөз және сөйлем диктанттарын жаздыру үшін төмендегідей әдістер пайдаланылады.

Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар екі топқа бөлінеді: мәтіні өзгертілмеген диктанттар және мәтіні өзгертілген диктанттар.



Есту диктанты

Емле ережелерінің шегін ажырата отырып, оқушылардың есту қабілетін арттыруға байланысты орындалады. Есту диктантының орындалу тәсілі екі түрлі. Бірінші түрі: дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің, әріптер тіркесінің, тасымалдың, сөз құрамының және сөз таптарының жазылу ережесі ауызша түсіндіріледі де, осы мәліметке сай дайындалған мәтінге оқушылар көз жүгіртеді. Сонан соң бұл мәтін мұғалім тарапынан жаздырылады. Екінші түрі: мұғалім белгілі емлеге сай дайындалған мәтінді жаздырады. Жазу үстінде белгілі бір емлелердің астын сызып отыруды жүктейді. Сонан соң диктанттағы емлені оқушылардың өздері түсіндіріп, қатесін өздері түзетеді. Белгілі бір емлені түсіндіруге байланысты алынған диктанттың мәтіні 40-50 сөзге, ал арнайы жүргізілген диктант мәтінінің сөзі 90-210 сөзге дейін болады.

Көру диктанты

Емлені айыра отырып, оқушылардың көру қабілетін дамыту мақсатында жүргізіледі. Бұның да орындалу амалы екі түрлі. Бірінші түрі: емлеге сай дайындалған мәтін оқушыларға түгелдей оқытылады да, оны мұғалім дәптерге жаздырады. Содан кейін оқушылар жазылған диктантты емлеге сай түсіндіреді. Екінші түрі: мұғалім дайындаған мәтінді тақтаға жазады. Емлеге байланысты түсіндіру кезінде тақтадағы орфограммалардың асты сызылады. Сонан соң тақтадағы мәтін өшіріледі де, сол мәтінді мұғалім оқушыларға жаздырады.

Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.

Өздік диктанты

Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған өлеңдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.

Шығармашылық диктант

Диктанттың бұл түрі – үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктантттарына сенімді даярлықпен келеді.

Сөздік диктанты

Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздері, омоним, антоним сөздері және жазылуы қиын сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.

Терме диктанты

Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.



Ескерту диктанты

Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді.Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.



Бақылау диктанты

Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.

Диктант үшін ІІ сыныпта 18-20 сөзден, ІІІ сыныпта 20-30 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:

а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;

ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;

б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Диктант және тіл ұстарту

  2. Диктантты бағалау нормалары

Әдебиеттер:

    1. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., «Мектеп» баспасы. 1998.

    2. Е. Исабаев. Дыбыс жүйесінің негіздері. А., «Мектеп». 1992.

    3. Диктанттар жинағы. А., «Мектеп». 2004.

    4. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. А., «Мектеп» , 2002.

    5. «Қазақ тілі мен әдебиет» пєнінің бағдарламасы. А., «Мектеп». 2005.

    6. С.Омаров, Н.Бәйділдаев. Мазмұндама текстерінің жинағы. А., «Мектеп», 1981.

    7. С.Тілешова. Әдебиет сабағында жүргізілетін жазба жұмыстары. А., «Мектеп», 1978

    8. С.Рахметова. Мазмұндамалар жинағы. А., «Мектеп», 1989.

15 Дәріс. Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар



Мақсаты: Қайталау сабақтары. Жинақтай қайталау. Оқушы білімін бақылау. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар туралы білімдерін толықтыру

Жоспар:



  1. Қайталау сабығының мақсаты

  2. Қайталау түрлері

  3. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар

Қайталау сабағының мақсаты – оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту. Қолданылатын әдістері. Түсіндіру, әңгіме, теңестіру, салыстыру, дәлелдеу, бағалау. Тәсілдері: бақылау жұмыстарын жаздыру, қорыту.

Оқытуды ұйымдастырудың қосымша  түрлері 

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болғанымен оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Мысалы, сабақта көп жағдайда оқушының дербес ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіншіліктің болмауы оқытуды ұйымдастырудың басқа формаларын іздестіруге себеп болады.

Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, толықтыру, шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін дамыту мақсатында оқу жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолоданылаады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлеріне семинар, эскурсия, факультатив, үйірме, конференция, сынақ, үй жұмысы , қосымша сабақ, тәжірибелік зертханалық және пәндік үйірме, олимпиада, өзіндік жұмыстар жатады.                                      

Семинар - оқыған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатымен жүргізілетін  оқыту формасы.

Экскурсия - оушылардың сабақта алған  теориялық білімдерін практикамен жалғастыру, бекіту мақстында жүргізіледі. Бұл әсіресе, физика, химия, биология, тарих, еңбек сабақтарында қолданылады. Экскурсия саьбақтары мектептің оқу алаңында, ауыл шаруашылығында, өндірісте, мұрадайда, көрмелерде ұйымдастырылады. Тиімді ұйымдастырылған эксурсия нақтылы фактілерді, құбылысытарды жақсы оқып, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Оқытуды экскурсия түрінде ұйымдастырудың үш түрі бар:

1) кіріспе лекция- сабақта жаңа курс, күрделі тарау, тақырыпты өтер алдында ұйымдастырылады.

2) ілеспелі экскурсия- белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе оның өн бойында жүргізіледі.

3) қорытынды лекция- күрделі тарау немесе тақырып өтіліп болғаннан кейін алған теориялық білімдерді пысықтау, бекіту мақсатында жүргізіледі.

Факультатив - оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әр түрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Факультативтің атқаратын қызметі: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, дүниетанымын кеңейтеді. Белгілі пәнеге қатысты танымдық қызығушылығын арттырады.

Конференция - кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру үшін, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын оқыту формасы.

Пәндік үйірме - мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшелігі бар, оқушылардың қызығушылығы мен пәндік бейімділігін дамытуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формасы.

Сынақ - бағдарламыдағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың  жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру мақсатында жүргізілетін оқыту формасы.

Үй жұмысы - сыныптағы өткен сабақтың үйдегі жалғасы, оқушылардың өз бетінше орындайтын оқыту формасы. Оқушылардың үй жұмысы сыныптағы оқу жұмысымен жалғасып, толықтырылып отыруы керек, бұл оқушылардың білімдерінің терең және берік болуын қамтамасыз етеді. Үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушының дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен жүйелі білім алуға дағдыланады. Сабақта алған білімдерін өзіндік еңбекте қодана білуге, өзін- өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді.

Үй жұмысын дұрыс ұйымдастырудың шарттары:

1) тиімді орындау туралы нұсқау беру;

2) үй тапсырмасы оқушының  қызығушылығын оятуы тиіс, ол өмірмен, тәжірибемен байланысты болуы ьтиіс;

3) үй жұмысы шығармашылық сипатта болуы тиіс;

4) үй жұмысын орындау жолын түсіндіру керек;

 5) үй тапсырмалары оқушының жас және дербес ерекшеліктеріне, ойлау қабілетіне сәйкес болуы тиіс;

6) үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында оның жақсы жәәне нашар жақтарына назар аударту керек;

7) тапсырмаға әділетті баға қою керек;

8) мұғалімнің бағалауы мен өзін өзі бағалауды ұштастырып отыру қажет.

Үй жұмысын орындаудың ұзақтығы оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі болып келеді: 1,2 сыныптарда - 1 сағат;  3, 4 сыныптарда - 1,5 сағат; 5 - 8 сыныптарда - 2 сағат; 9 -11 сыныптарда 3 сағат болуы тиіс.



Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі

 

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың ,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше, Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.



Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухарский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.

Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пшкало, Т.Л.Коган және т.б теориялық талдау жасаған.

  Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі «есепке алу», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.

  Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауда, оның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.

  Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке  алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және прктикалық қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.

  Ғылыми-педагогогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.

  20-шы жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына «бригадалық-лабораториялық»  әдіс жүйесіне негізделген «өздігінен бақылаудың» түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершілікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.

  30-шы жылдары білім, білік пен дағды нәтижесінің есепке алуды бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П.Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла бастады.

40-60-шы жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстры қолға алынды. Оқушыларпды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды (Н.Т.Дайри).

  Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-ші жылдары Педагогика ғылымы Академикасының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің  зерттеулері кезінде бастама алды. Мұнда оқу тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.

  80-ші жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің диагностикалық-әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуда қатаң тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар күні бүгін де өз жалғасын табуда.

  Дегенмен, бүгінгі таңда оқыту теориясын да бақылау немесе бағаның мәні тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.

  Бақылау -  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

  Бағалау -  оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

  Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқтаймыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

  - Бақылаудың білім беру - қызметі оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.

  - Тәрбиелік қызметі - оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.

  Дамыту - қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламар жасайды.

  Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (влспитывающие).

 Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағралаушы (ориентирущая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.

 Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтижесінің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.

Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушық (стимулирующая)  болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.

Білімді бақылау және бағалаудың түрлері әдістері мен формалары. 

Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең таралған. Мысалы, ғалым–педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды күнделікті, аралық,  қорытынды деген түрлерін көрсетеді. Ал Г.И.Щукина – күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан көзқарастарын білдіреді. Е.А.Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды деп бөледі.

Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» оқулықтарында тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлген.



Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Күделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.



Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді,  іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.

Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалық бақылау әдістеріне бөлінеді.

Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.

 Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі деп ұғынылады. (жазбаша бақылау жұмысы, тестік жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант, т.б.).

Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданған принциптер негізінде жүргізіледі, олар: әділдік, жан-жақтылық,  жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.

Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) – бұл субъективтік факторларды болмауды көздейді.

Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстырыла қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерігнде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою.

Жеке-дара қатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.

Жан-жақтылықта – бақылау оқу бағдарламасыныбарлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білімдерін білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістердіқолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: - ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық, фронтальдық сұрақ).

- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру)

- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу)

машиналы бағдарламалап бақылау (перфокараталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).

- өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).

Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.

Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, біріне бірі сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады.  Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.

Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Қайталау сабақтарында қолданылатын әдістер

  2. Қайталау сабағының тәсілдері

  3. Қазақ тілін оқытудың қосымша түрлері

Әдебиеттер:

  1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995

  2. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – А. 1965

  3. Әдбікәрімова Т. Әбдіғалиева Т. Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар – А. Ана тілі, 1999

  4. Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту –А. Мектеп, 1982

  5. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001

  6. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А. Қазақ университеті, 1993

  7. Ломизов А. Выразиельное чтение при изучении синтаксиса и пунктуации М.1986

  8. Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері –А. Мектеп, 1959

  9. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001


3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы. Пәнінің жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы.

Мақсаты: Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары туралы білім жетілдру

Әдістемелік нұсқаулық: Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары, қазақ тілі – мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі ретінде, пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі неге сүйенеді, оның ғылым ретінде қандай негіздері бар.?

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушылар кімдер, олардың қандай еңбектерін білесіздер?

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі қалай дамыды, оның даму сатысына талдау жасаңыз.

  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуына тіл білімінің қандай әсері болды?

  5. Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы қандай?

Әдебиеттер:

1. Қазак тілі окулықтары мен бағдарламалары

2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992

3. Аймауытов Ж. Психология, Алматы, 1992

4. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы, 1965.
5. Исабаев У. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы, 1999.
6. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы, 1995.
7. Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. -Алматы,  1958.
8. Күлмағамбетова Б.К. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы, 1988.
9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2004. 

2 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Қазақ тілін оқыт әдістмесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысы.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары.

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология т.б. байланыстылығын анықтау. Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымын айқындау.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология т.б. байланыстылығы. Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыту оқыту ұстанымына негізделетіні. Қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық қызмет ретінде тану және оның жүйелік құрылымдық табиғатын тану. Дидактикалық ұстанымдар. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары және тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар. Олардың өзара байланыстылығы мен сабақтастығы.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде психологияның алатын орны мен маңызы қандай?

  3. Мұғалім қазақ тілін оқыту барысында қандай психологиялық ерекшеліктерді, талаптарды білуі қажет, оған талдау жасаңыз

  4. Дидактикалық ұстанымдар

  5. Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар

Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1991.


2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы. 1995.
3. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы. 1993.
4. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.
5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1965
3 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау

Мақсаты: Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы көзқарастаға талдау жүргізу. Қазақ тілін оқыту әдістерімен таныстыру

Әдістемелік нұсқаулық: Әдістердің жүйесіндегі танымдық әдістердің орталық орны (анализ, синтез, индукция, дедукция, эксперимент, модельдеу, бақылау мен салыстыру, жіктеу). Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы көзқарастар. Қазақ тілін оқыту әдістері. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамыту әдістерінің байланыстылығы. Оқушыларды грамматикалық ұғым жасауға үйрететін әдістер.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістерін атаңыз.

  2. Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын әдістер

  3. Әдіскер-ғалымдардың ұсынған әдістерін сұрыптап саралу

  4. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамыту әдістері

  5. Танымдық әдіс түрлері

  6. Оқыту әдістерінің түрлері

Әдебиеттер:

1. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

2. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

4. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

5. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

6. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

7. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

8. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956

4 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері. Қазақ тілі сабақтары Сабаққа дайындалу және оған қойылатын талаптар. Сабақты ұйымдастыру жолдары. Қазақ тілі бағдарламасы. Қазақ тілі оқулығы. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы.



Мақсаты: Қазақ тілі сабақтары және оның құылымы, қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктері, бағдарламаның түрлері, оқулықтың жасалу теориясы, Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері, оқу-әдістемелік қосымша құралдар туралы білімдерін жетілдіру.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілі сабақтары және оның құылымы, қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктері. Бағдарламаның мемлекеттік құжат екендігі. Оқулықтың жасалу теориясы мен жүйелік-құрылымдық сипаты. Оқулықтардағы теориялық материалдардың берілу логикасы. Жаттығу мен түрлері, олардың оқулықтарда орналастырылу желісі. Бағдарлама және соған негізделіп жасалған оқулықтан басқа оқу-әдістемелік қосымша құралдар: мұғалімге арналған әдістемелік құралдар, диктанттар мен мазмұндама жинағы, тест жинағы, түрлі сөздіктер, дидактикалық картиналар, кеспе қағаздар жинағы, қызықты грамматика материалдары, сынақ, емтихан сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар жинағы.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Орта мектепте оқылатын қазақ тідлі оқулығы қандай талаптар негізінде жазылуға тиіс: теориялық материалдардың берілуі, жатығулар жүйесі, оқу материалдары қандай әдістер мен жолдар арқылы беріледі?

  2. Қазақ тілінің бір оқулығына талдау жасаңыз (мазмұны мен құрлысына, оқушының жас ерекшелігіне, оқулықтағы көрнекілік пен пәнаралық байланыстың қалай берілгегіне көңіл аударыңыз)

  3. Сабақты ұйымдастыру жолдары

  4. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен. Осының ішінен кеспе қағаздар жинағын жасаңыз

Әдебиеттер:

1. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

2. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

4. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

5. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

6. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

7. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

8. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956

9. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Анатілі,1985.

10. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері-Алматы:Мектеп,1959
5 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Мектепте фонетиканы оқытудан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Оқушылардың орфоэпиялық және орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары, фонетикалық талдау т.б. туралы білім толықтыру

Әдістемелік нұсқаулық: Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығулар, оның негізгі түрлері. Фонетикалық диктанттар
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Мектепте фонетиканы оқытудың маңызы, міндеттері мен ұстанымдары

  2. Фонетиканы оқытуды кездесетін қиыншылықтар

  3. Фонетикалық жаттығулар, оның негізгі түрлері

  4. Фонетикалық талдау, оны өткізу әдістемесі

  5. Фонетика сабақтарында көрнекі құралдарды және техникалық құралдарды пайдалану

  6. Фонетикагн оқытумен байланысты орфографиялық, орфэпиялық дағдыларды қалыптастыру

  7. Орфоэпиялық сөздік

Әдебиеттер:

  1. Әлімжанов Д., Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы. 1965

  2. Жиенбаев С.Қазақ тілінің методикасы. 1941

  3. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

  4. 8. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956

  5. 9. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Анатілі,1985.

6 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі. Фразеологияны оқыту әдістемесі



Мақсаты: Лексика мен фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лексиканы оқытуда көренкілік пен сөздіктерді қолдану жолдары. Лексиканы меңгерту барысында оқушыда қалыптастырылуы тиіс машық – дағдылар.

Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту. Фразеологияны оқытуда көрнекі құралдарды, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдарын ұсыну.



Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілінің жүйесін құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей ретіндегі фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеті. Берілетін білім мазмұнының көлемі. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері. Оқушы тілінде кездесетін лексикалық қателер, оларды болдырмау жолдары. Лексиканы оқытуда көрнекілік пен сөздіктерді қолдану жолдары. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту. Фразеологияның жасалу жолдары. Фразеологияны оқытуда көрнекі құралдарды, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет